Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 04.05.2020 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2- тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 164 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5540 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкім | С. Актанов |
Зайсан ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "21" қазандағы № 531 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1. | "СК-Зайсан" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі | 248 | 1 % | 2 |
2. | "СМУ-Шығыс" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі | 151 | 1 % | 2 |
Барлығы | 399 | 4 |