РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 349 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінің Көкжыра ауылының Күшікұлы Мұқыш көшесіндегі шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 4 "Дайыр ауылдық округінің Көкжыра ауылының Күшікұлы Мұқыш көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 26 маусымда № 5-11-159 болып тіркелген және 2018 жылғы 09 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б. Балғабаев |