Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 18.06.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 30 ұсынысы негізінде Сарытерек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарытерек ауылдық округіне қарасты Алпар учаскесіндегі "Қанат" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарытерек ауылдық округінің әкімі | А. Орынбаев |