Сарытерек ауылдық округіне қарасты Алпар учаскесіндегі "Қанат" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 5736 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімнің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 18.06.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 30 ұсынысы негізінде Сарытерек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарытерек ауылдық округіне қарасты Алпар учаскесіндегі "Қанат" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі А. Орынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады