РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 - бабының 1 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 1 - тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген), ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | А. Нұрғожин |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 125 қаулысына 1 қосымша |
2019 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 1 | 1 |
2. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 460 | 1 | 5 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 226 | 1 | 2 |
4. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай ауданаралық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 236 | 1 | 2 |
5. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 125 қаулысына 2 қосымша |
2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 460 | 1 | 5 |
2. | "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 115 | 1 | 1 |
3. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 125 қаулысына 3 қосымша |
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірліктер) |
1. | "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі | 460 | 1 | 5 |
2. | "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 115 | 1 | 1 |
3. | "Алтай Комхоз Сервис" қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны | 106 | 1 | 1 |