ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 - тармағының2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 114 ұсынысына сәйкес, Өрел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылының аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 2 "Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6214 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Кобешев |