Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қазанда № 6214 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 09.12.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 8 қазандағы № 100 ұсынысына сәйкес, Өрел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылындағы ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ауылдық округінің әкімі Е. Кобешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады