ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 қазандағы № 1257 ұсынысы негізінде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiне қарасты "Ескі ауыл" учаскесінде шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 492 қаулысының "Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiне қарасты "Үштөбе" учаскесіне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-146 тіркелген, және 2018 жылғы 02 қазандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | С. Садвакасов |