ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Алмасай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы, Алмасай ауылдық округінің Сарыөзек ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атауларын беру:
№ 1 атауы жоқ көшеге – Түсіпбаев Қасайын көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшеге – Шағиев Қанапия көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшеге – Достық көшесі.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
округ әкімі | Т. Оспанов |