Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округінің Сарыөзек ауылында атауы жоқ көшелеріне атауларын беру туралы.

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қазанда № 6219 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Алмасай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданы, Алмасай ауылдық округінің Сарыөзек ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атауларын беру:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Түсіпбаев Қасайын көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге – Шағиев Қанапия көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшеге – Достық көшесі.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      округ әкімі Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады