РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шемонаиха ауданы бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 82 қаулысының (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4993 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмi аппаратының басшысы Л.Е. Марченкоға жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |