РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Октябрьское ауылдық округі тұрғындарының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Октябрьское ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі Луговое ауылының келесідей көшесі:
1) Октябрьская көшесі Жастар көшесі болып қайта аталсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Октябрьское ауылдық округінің әкімі | Е. Драчев |