Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі Луговое ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 03 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 5885 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Октябрьское ауылдық округі тұрғындарының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Октябрьское ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі Луговое ауылының келесідей көшесі:

      1) Октябрьская көшесі Жастар көшесі болып қайта аталсын;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Октябрьское ауылдық округінің әкімі Е. Драчев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады