Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.04.2020 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда №11223 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы №38 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5551 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
10-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Калий сульфаты (күкірт қышқылды калий) | K2O-52%, SО4-53% | тонна | 135 000 |
";
12-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Азотты-фосфорлы-калийлі кешенді минералдық тыңайтқыш (NPK тыңайтқыш) 5:14:14 маркалы |
N-5%, P2O-14%, | тонна | 64 750 |
";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"
13-1 | Нитроаммофоска (азофоска), NPK 20:10:10+S маркасы |
N-20%, P2O-10%, K2O-10%, | килограмм | 71 |
";
20-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Тазартылған моноаммонийфосфат | N-12%, P2O-61% | тонна | 178 500 |
";
46-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Азотқышқылды калий (калий нитраты) | N-13,7%, K2O-46,3% | тонна | 214 500 |
";
мынадай мазмұндағы 309-317-тармақтармен толықтырылсын:
"
309 | YaraTera SUPER FK 30 | P2O-18,8%, K2O- 6,3%, Na2O-5,8% | литр | 495 |
310 | Yara Vita Mantrac Pro | N-3,8%, Mn-27,4% | литр | 1 944,5 |
311 | "HumiPro" органоминералды тыңайтқышы | гумин қышқылдары тұздары мен минералды тыңайтқыштардың сулы қоспасы. NPK = 0,08-0,05-0,8 органикалық заттар - 5,5% , оның ішінде гуматтар - 4,3%, фульваттар - 1,04%, кинеттер, амин қышқылдары | литр | 2 134,5 |
312 | "VitaePro" органоминералды тыңайтқышы | табиғи органикалық заттар мен минералды тыңайтқыштардың сулы қоспасы. NPK = 0,1-0,05-0,6 органикалық заттар-2,8%, оның ішінде цитокинин, ауксин элиситорлары, В1, В2, С, РР витаминдері, амин қышқылдары | литр | 4 269,5 |
313 | АМ маркалы лигногумат | гуминді заттар тұзы- 80,0-90,0%, K2O-9,0%, S-3,0%. Fe-0,01-0,20%, Mn-0,01-0,12%, Cu-0,01-0,12%, Zn-0,01-0,12%, Mo-0,005-0,015%, Se-0-0,005%, B-0,01-0,15%, Co-0,01-0,12% | килограмм | 3 300 |
314 | БМ маркалы лигногумат | гуминді заттар тұзы - 80,0-90,0%, K2O-5,0-19,0%, S-3,0%. Fe-0,01-0,20%, Mn-0,01-0,12%, Cu-0,01-0,12%, Zn-0,01-0,12%, Mo-0,005-0,015%, Se-0-0,005%, B-0,01-0,15%, Co-0,01-0,12% | литр | 792 |
315 | ВМ-NPK маркалы лигногумат | гуминді заттар тұзы – 40,0-45,0%, K2O-5,0-19,0%, S-1,5%, Fe-0,005-0,1%, Mn-0,005-0,06%, Cu-0,005-0,06%, Zn-0,005-0,06%, Mo-0,003-0,008%, Se-0-0,002%, B-0,005-0,07%, Co-0,005-0,06%, N-0,1-16,0%, P-0,1-24,0% | литр | 792 |
316 | Б СУПЕР БИО маркалы лигногумат |
гуминді заттар тұзы – 80,0-90,0%, K2O-9,0%, | литр | 792 |
317 | Суприлд тыңайтқышы | еркін аминқышқылдары-16,5, N-10,7, СаО-0,05, MgO-0,04, Zn-0,003, Fe-0,003 | литр | 2728 |
".
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Сатқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.