Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 07.08.2020 № 1280 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №1700 "Орал қаласы бойынша 2018 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5287 тіркелген, 2018 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Менеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Тоқжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №1490 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№ | Тасымалдаулардың атауы |
1 | Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы - "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |