Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Янайкин ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Янайкин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі Янайкин ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Ленина" көшесін – "Достық" көшесі;
"Батурина" көшесін – "Бәйтерек" көшесі;
"Фурманова" көшесін – "Жеңіс" көшесі;
"Чапаева" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;
"Комсомольская" көшесін – "Еуразия" көшесі деп қайта аталсын.
2. Янайкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Ешайтова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ауылдық округ әкімі | А. Альмурзин |