Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі Янайкин ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 5868 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Янайкин ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Янайкин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі Янайкин ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Ленина" көшесін – "Достық" көшесі;

      "Батурина" көшесін – "Бәйтерек" көшесі;

      "Фурманова" көшесін – "Жеңіс" көшесі;

      "Чапаева" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Комсомольская" көшесін – "Еуразия" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Янайкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Ешайтова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Ауылдық округ әкімі А. Альмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады