Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 14.04.2020 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 08 тамыздағы № 07-24/508 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5548 тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі Абай ауылының, "Адил", "Расул", "Ақниет", "Олжас", "Рыскалиев Жардем" шаруа қожалықтарының және "Масқар" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі "Жанбек", "Гаухар" шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
3. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.С.Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Кадыралиев |