Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 наурыздағы №07-24/69 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі Абай ауылының, "Расул", "Ақниет" шаруа қожалықтарының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5548 тіркелген, 2019 жылы 5 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №27 "Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5786 тіркелген, 2019 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2020 жылғы 16 қаңтардағы №3 "Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6002 тіркелген, 2020 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.С.Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауылдық округінің әкімі | Б. Кадыралиев |