БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17379 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталған жағдайда жатақхана пайдалануға енгізіліп, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығы тіркелгеннен кейін толық айға жүзеге асырылады, бөліктерге бөлінбейді.
Төлемді жүзеге асыру үшін өнім беруші 15 желтоқсандағы жағдай бойынша берілетін желтоқсан айына реестрді қоспағанда, ай сайын Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдайға жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты орналасқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Егер оператор шарт жасалғанға дейін студенттердің, магистранттар мен докторанттардың нақты тұратынын растаған жағдайда студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 17-тармағы сақталу шартымен өткен кезеңге жүзеге асырылады.";
5) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) екінші деңгейлі банктерде және өзге қаржы институттарында кепілдікті қамтамасыз ету болып табылатын объектілерді қоспағанда, мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тыйым салған, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған иелік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға қойған өзге шектеулері (тыйым салулары) бар болып табылмайды.";
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартта:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұр-Сұлтан қ. | 20___жылғы "__"__________ |
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесі атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ бір тараптан, бұдан әрі "Әлеуетті өнім беруші" деп аталатын ___________________________атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Оператор" деп аталатын ____________________________ атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке дара "Тарап" деп, немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 2-2-тармағын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығымен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";
3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. Жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесіне (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17380 болып тіркелді) сәйкес анықталады.";
4.1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Мемлекеттік тапсырыс шарты жасалған күннен бастап мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі ішінде Операторға 15 желтоқсанға қалыптасқан жағдай бойынша ұсынылатын желтоқсан айына тізілімді қоспағанда, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты тұрып жатқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ай сайын беруге;";
2-қосымшаның 2.2-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын.
2) "Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17380 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы, мемлекеттік тапсырыстың ай сайынғы мөлшерін есептеу жатақхана салу және реконструкция жасау кезінде мынадай формулалар бойынша есептеледі:
мұнда:
ҚОС – Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айда қаржыландырылатын орындар саны, оның ең жоғарғы мөлшері жатақханадағы орындардың жалпы санынан аспайды;
ЖНОО – жатақханадағы нақты орналасқан орындар;
ТК – түзету коэффициенті, оның мөлшері екіге тең;
мұндағы:
АМТМ – Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айдағы ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
МТЖМ – жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері:
1) сейсмикалық қауіптілігі 9 және одан да көп балды құрайтын, сондай-ақ студенттерге, манистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан асатын республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшерін;
2) астананы қосқанда, өзге елді мекендерде құрылыс салынатын жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшерін;
3) реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерін құрайды;
АС – он екі айдан тұратын жылдағы айлар саны.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Б. Асылова |