"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9677 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 23 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары дәрежелі спортшылармен шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерінде:
2-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы";
4-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары)";
реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар";
реттік нөмірі 6-жолда:
2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Спортшылары Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажистері";
4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"500 (бес жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Жоғары дәрежелі спортшылармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері
№ | Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы | Алған орын | Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары) | Ескертпе |
1 | Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
2 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшар-тының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
3 | Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Олимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
4 | Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан кейін жүзеге асырылатын болады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
5 | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
700 (жеті жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады |
2 орын |
500 (бес жүз) бастап | |||
3 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
6 | Азия ойындарының (жабық ғимараттардағы Азия ойындарын, Жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарын, Азия ойындарын қоспағанда) чемпиондары мен жүлдегерлері | 1 орын |
500 (бес жүз) бастап | Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия ойындарына дейін жүзеге асырылады |
2 орын |
300 (үш жүз) бастап | |||
3 орын |
200 (екі жүз) бастап |