БҰЙЫРАМЫН:
"Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16607 болып тіркелген, 2018 жылы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және мобильді энергетикалық құралдар.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі