"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 490-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми технологиялық және техникалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 27 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________Р. Дәленов
2018 жылғы 28 ақпан
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 86 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.01.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.
2. Ветеринария қызметінің автомобильдері.
3. Автозообиологиялық зертханалар.
4. Автожемтасығыштар.
5. Автотиеуіштер.
6. Дән сепкiштерге автоқұйғыштар.
7. Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.
8. Ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.
9. Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.
10. Автотұзақжемшашқыш.
11. Пәлекжинағыш машиналар.
12. АН-2 ауыл шаруашылығы әуе кемесi.
13. Өздiгінен жүретiн дестелегiштер.
14. Астық жинағыш комбайндар.
15. Тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және мобильді энергетикалық құралдар.
16. Азық жинағыш комбайндар.
17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.
18. Өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар.
19. Маялағыштар.
20. Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған).