"Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қаңтарда № 19933 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 1 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шарттың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда пайда болған бұзушылықтарды жойған кезде Тұтынушыны қосу жүргізіледі.

      Шарттың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін Тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі.";

      26-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) көрсетілетін қызметті ұсынуға Өнім берушімен шарт жасасу;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жылжымалы құрамның жүруі үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолдың ұзындығы _____ метрді құрайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған кезде маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолының ұзындығы ________ метрді құрайды.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 "Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2020 года № 19933

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 "Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18889, опубликован 1 июля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Типовом договоре на предоставление услуг водоснабжения и (или) водоотведения, утвержденном указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. В случаях, оговоренных подпунктами 1) и 2) пункта 8 Договора, подключение Потребителя производится при устранении и ликвидации возникших нарушений.

      В случае приостановления предоставления услуг Потребителю за нарушения, предусмотренные подпунктом 3) пункта 8 Договора, подключение производится после погашения долга. При неоднократном отключении подключение производится после погашения долга и внесения платы за подключение.";

      подпункт 9) пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "9) заключить с Поставщиком договор на предоставление услуг;";

      в Типовом договоре на оказание услуг по предоставлению подъездного пути для проезда подвижного состава при условии отсутствия конкурентного подъездного пути, утвержденном указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Протяженность подъездного пути, используемая ветвепользователем для проезда подвижного состава, составляет _______ метров.";

      в Типовом договоре на оказание услуг по предоставлению подъездного пути для маневровых работ, погрузки-выгрузки, других технологических операций перевозочного процесса, а также для стоянки подвижного состава, непредусмотренной технологическими операциями перевозочного процесса при условии отсутствия конкурентного подъездного пути, утвержденном указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Протяженность подъездного пути, используемая ветвепользователем для маневровых работ, погрузки-выгрузки, других технологических операций перевозочного процесса, а также для стоянки подвижного состава, непредусмотренной технологическими операциями перевозочного процесса при условии отсутствия конкурентного подъездного пути, составляет _____ метров.".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан