Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 маусымда № 18889 болып тіркелді.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағындарын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Кеменің теңіз портына, кейіннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге де мақсаттарда кіргені үшін теңіз портының (кеме кірісі) қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 01.10.2024 № 82 (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11254 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
1-қосымша

Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20__ жылғы "__" __________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi ұсынатын

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бiр тараптан және бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (пайдаланушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      __________________________________________________________________ екінші тараптан

      (лауазымы, А.Ә.Т. (болған жағдайда)

      төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      авариялық бұзылыс – электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулар;

      есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне есеп айырысу жүргізілетін күнтізбелік бір айға тең айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);

      жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын және қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың құрылымдық бөлімшесі;

      коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;

      нақты көлем – желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсіне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тұтынушының желісіне (желiлеріне) Тұтынушы босатқан (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;

      өнім беруші – Тұтынушыға электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсететін жүйелік оператор;

      өңірлік диспетчерлік орталық – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына жедел бағынысты және жедел-диспетчерлік функцияларды жүзеге асыратын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;

      өтiнiм – Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Өнім берушіге жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты бойынша көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкін;

      тұтынушы – энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс электр энергиясын жеткізуді (импорттауды) жүзеге асыратын заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      электр желiлерi – Өнім берушіге де және/немесе Тұтынушыға да, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi электр энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған шағын станциялардың, таратушы құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр беру желiлерiнiң жиынтығы;

      электр энергиясының нормативтiк сапасы – Шартты орындау сәтiнде бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін электр энергиясының сапасы;

      электр энергиясының/электр энергияның шартты көлемi – техникалық диспетчерлендiруге жататын электр энергиясының көлемi;

      электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесі – электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарында көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттарға сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім беруші электр энергиясын желiге бepуді техникалық диспетчерлендіруді және Тұтынушының энергия қондырғыларының қосарлас жұмысын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі құрамында қамтамасыз етедi.

      3. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      _______________________________________________________________

      (осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес

      келуге тиiс Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi).

3-тарау. Техникалық диспетчерлендiрудi қамтамасыз ету талаптары

      4. Техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес көрсетiледі.

      5. Техникалық диспетчерлендiру режимiне энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын және/немесе Тұтынушы импорттайтын электр энергиясын берудің тәуліктік кестелері қабылданады.

      6. Жүйелік оператор бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін электр энергиясын сатуға арналған өтінімді және (немесе) сатып алуға арналған өтінімді, сондай-ақ оларды түзетуді Тұтынушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жасайды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Берілетін электр энергиясын есепке алу

      7. Электр қондырғылардың қосылу нүктесіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсiне (желiлерi арқылы) Тұтынушы берген (импорттайтын) электр энергиясының нақты көлемi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiн салыстырып тексеру актiсiне тараптардың есептi кезеңнен кейiнгі айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей қолдары қойылып, Тұтынушының энергия өндіруші ұйымдарының (электр станцияларының) шиналарында не Тұтынушы мен электр желiлерi иелерiнiң пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша есеп айырысу кезеңінің бiрiншi күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейiн (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) айқындалады.

      8. Электр энергиясын берудің шартты шамасының айлық көлемi бойынша түзетудi тараптар ай басталғанға дейiн кемінде күнтізбелік он күн бұрын келiседі. Айлық көлемді түзетуге техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетілетін қызметтердiң тоқсандық шартты көлемiнiң шегінде рұқсат етіледi.

      Электр энергиясын желiге берудің және тұтынудың шартты шамасының тоқсандық көлемi бойынша ұсыныстарды тараптар тоқсан басталғанға дейiн күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей келiседі.

      9. Коммерциялық есепке алу аспаптары тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Тараптар бiр-бiрiне тәулiктiң жұмыс сағаты iшiнде көрсеткiштердi алу, тексеру және сынап көру мақсатында коммерциялық есепке алу аспаптарына қолжетімділік ұсынады. Егер көрсеткiштердi алған кезде тараптардың бiреуi болмаса, онда екiншi тарап көрсеткiштердi дербес алады.

      10. Тараптар өздерінің балансында тұрған есептегіштерге және басқа да өлшегіш жабдыққа метрологиялық тексерулердi өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде жүргiзеді.

      Тараптар қосымша тексерулерді жүргiзудi талап ете алады, олар талап етушi тарап есебiнен жүргiзiледі.

      Егер қосымша тексеру кезiнде есептегiштердің көрсеткiштерi олардың дәлдiк сыныбында рұқсат етілген қателiктен жоғары болса, онда қосымша тексеру бойынша шығасыларды аспаптардың иесi төлейді.

      11. Электр энергиясын есепке алудың өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты жұмыстардың кез келген түрiн жүргiзген кезде Тұтынушы жұмысты бастау алдында ол туралы Өнім берушіге жазбаша түрде хабарлайды және тиiстi рұқсат алады. Тұтынушы жөндеу жүргiзу кезеңiнде электр энергиясын есепке алу Өнім берушімен келiсiлген уақыт схемалары бойынша жүзеге асырылады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      12. Өнім берушінің:

      1) Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесін Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес түзетуге;

      2) жабдықты (жоғары вольтты тораптарды) жөндеуге шығару, жұмысқа қосу, авариялық бұзушылықтарды жою үшін Тұтынушының электр станциялары мен қосалқы станцияларының электр тарату құрылғыларында ауыстырып қосуды жүргізуге;

      3) шарттық талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi тоқтатуға құқығы бар.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өнім беруші:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылардың бәріне тең жағдайлар ұсынуға;

      2) электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде уәкілетті орган ведомствосының шешiмдерiн басшылыққа алуға;

      3) электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетуді беруде шартта белгiленбеген үзiлiстерге, тоқтатуға немесе шектеуге жол бермеуге;

      4) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің құрамында Тұтынушының қатарлас жұмысының сенiмдiлiгін қамтамасыз етуге, оның iшiнде Тұтынушы мен үшiншi тұлғалар объектілерiнде аварияға қарсы басқару құралдары есебiнен қамтамасыз етуге;

      5) өтiнiмдерді техникалық өңдеудi жүзеге асыруға және бастапқы жабдықтарды, релелiк қорғау құрылғылары мен автоматиканы, сондай-ақ жүйелік оператордың (өңірлік диспетчерлік орталықтың) ұлттық диспетчерлік орталығының жедел басқаруындағы және қарамағындағы Тұтынушының диспетчерлiк-технологиялық басқару құралдарының аварияға қарсы автоматикасын жөндеуге шығару үшiн жағдай жасауға және Тұтынушы объектiлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе сынақтар жүргiзу қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн электр желiлерiнде қажеттi қайта қосуды жүргiзуге;

      6) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      7) Тұтынушының энергия көзi (электр станциясы) қуатты энергия көздерiнiң (электр станцияларының) өз мұқтаждарын жоғалтып нөлге дейiн толық шығарған кезде өз мұқтаждарын қоректендіруді қалпына келтiру үшiн Тұтынушының энергия көздерi шиналарына кернеу берудi жүзеге асыруға;

      8) Тұтынушының энергия көзi жабдықтарының қалыпты жұмыс режимiнiң бұзылуына әкелген Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің қалыпты режимiнiң бұзылу себептерi туралы Тұтынушыға уақтылы хабарлауға;

      9) Тұтынушыға Өнім берушімен келісілген көлемде технологиялық ақпаратты, беруші желілер мен шағын станциялардың сипаттамаларын және схемаларын, Шарттың талаптарын орындауға тікелей жауапты және жедел келіссөздер жүргізуге құқығы бар адамдардың тізімін ұсынуға;

      10) Өнім берушінің Шарт талаптарын орындағаны туралы толық ақпаратты алу үшiн Тұтынушы өкiлдерiнiң қол жеткізуіне техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етуге;

      11) диспетчерлiк-технологиялық тәртiптi сақтауға, Тұтынушының энергия көзi жұмысының режимiн бұзуға әкелуi мүмкiн iс-қимылдарды болдырмауға;

      12) нормативтiк құжаттардың, нұсқаулықтардың талаптарын орындауға, өзiнiң iс-қимылымен Тұтынушының коммерциялық қызметiне залал жасамауға;

      13) Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Тұтынушының өтініші бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзету;

      14) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      15) есептердi жүргiзуге және Өнім берушінің жедел басқаруындағы және қарамағындағы 110-220-500-1150 киловольт желiсiндегi тұрақтылық пен аварияға қарсы басқару мәселелерін пысықтауға;

      16) автоматикалық жиiлiк жүктемесiнiң кестесiн орындауға беруге;

      17) Өнім берушінің электр энергиясы объектiлерiндегi жиiлiк және кернеудiң талап етiлген деңгейiн электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-техникалық актілер мен стандарттарға сәйкес қалыпты режимде ұстап тұруға;

      18) Өнім берушінің бақылау нүктелерiнде кернеу кестелерiн тоқсанына кемінде бiр рет беруге;

      19) Өнім берушінің жедел басқаруындағы және қарамағындағы электржелiлiк және электр энергиясы жабдықтарына, релелiк қорғау, автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғыларына күрделi және ағымдағы жөндеудiң жылдық және айлық кестелерiн қарауға және келiсуге;

      20) Өнім берушінің жедел басқаруындағы және қарамағындағы релелiк қорғау, автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін қажетті есептердi орындауға және оларды орнатуды, әзiрлеудi немесе олардың қағидатты (құрылымдық) схемаларын келiсуге;

      21) өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған немесе оның тарапынан заңсыз іс-әрекеттер болған жағдайда және Тұтынушы Шарттың талаптарын толық орындаған жағдайда ғана Тұтынушыға жасалған залалдың орнын толтыруды қамтамасыз етуге;

      22) Өнім берушінің жедел басқаруындағы және қарамағындағы релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін Тұтынушы орындаған нұсқамалардың қажетті есептерін, қағидатты (құрылымдық) схемаларын қарауға және келісуге міндетті.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тұтынушының:

      1) Өнім берушіден осы Шарт бойынша міндеттерін орындауды талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес Өнім берушінің іс-қимылына дау айтуға құқығы бар;

      3) Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзетуге өтінім беруге құқығы бар.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тұтынушы:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Тұтынушының объектілерінде орналасқан тарату құрылғыларының, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;

      2) электр энергиясын өндіру – тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясының стандарттық жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;

      4) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің қызметкерлерін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қызметкерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге;

      5) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталық) тәуліктік кестені орындау күнінің алдындағы күні сағат 08:00-ге дейін жүктелімді көтерудің сағаттық кестесін ұсынуға;

      6) жүйелік оператордың (өңірлік диспетчерлік орталықтың) ұлттық диспетчерлік орталығының электр жүктемесін диспетчерлік реттеу жөніндегі талаптарын орындауға және белгіленген тәртіппен бекітілген электр энергиясын өндіру - тұтынудың тәуліктік кестесін орындауға қабылдауға;

      7) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      8) электр энергиясын есепке алуды қамтамасыз етуге;

      9) Тұтынушының желісіне беру жөніндегі телеметриялық ақпаратты жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталыққа) беруді ұйымдастыруға;

      10) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және тәуліктік режимдерін жоспарлау үшін келіп түсу көлемі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген ақпаратты жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталыққа) беруге;

      11) өткен тәулiкте берiлген электр энергиясының нақты көлемi туралы ақпаратты күн сайын сағат 11:00-ге дейiн жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталық) беруге;

      12) Өнім берушінің талабы бойынша қысқы және жазғы жұмыс күндерiне тән белсендi және реактивтi қуат генерациясын өлшеу нәтижелерiн ұсынуға;

      13) әрбiр күнтiзбелiк жылдың қаңтарында жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталық) технологиялық ақпаратты, электр станцияларының сипаттамалары мен схемаларын, байланыс арналары мен телемеханика ұйымдарының релелiк қорғау, автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының атқарушы схемаларын, жедел қосу және келiссөздер жүргiзуге құқығы бар адамдар тiзiмiн, сондай-ақ байланыс, телемеханика, релелiк қорғау, автоматика және аварияға қарсы автоматика құралдарын пайдалануға жауапты адамдар тiзiмiн ұсынуға, сондай-ақ олардың өзгерiстерi туралы уақтылы хабарлауға;

      14) диспетчерлiк-технологиялық тәртiптi сақтауға, энергия бiрлестiгінің жұмыс режимiн бұзуға алып келуі мүмкiн iс-қимылдарды болдырмауға, директивтi құжаттар, нұсқаулықтар және өзара қарым-қатынастар туралы ереже талаптарын орындауға, өзiнiң Өнім берушімен келiсiлмеген iс-қимылдарымен энергия нарығының басқа да субъектiлерiне зиян келтiрмеуге;

      15) салалық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс режимiнiң барлық бұзушылықтары, дүлей зілзалалар және оқыс оқиғалар туралы жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталық) жедел және толық хабарлауға;

      16) өзiнiң бастапқы жабдықтарын қалыпты пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді (жөндеу және реттеу жұмыстарын уақтылы жүргiзу) жүзеге асыруға және релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматика, автоматикалық жиiлiк жүктелiмi құрылғыларының жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының (өңірлік диспетчерлік орталық) берген сипаттамаларын, көлемін және орнатуды орындауға;

      17) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (өңірлік диспетчерлік орталық) айқындайтын диспетчерлік басқару мақсаттары үшін қажетті телеметриялық ақпарат көлемін келісілген хаттамалар бойынша беруді қамтамасыз етуге;

      18) жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру үшін өңірлік диспетчерлік орталықпен екі тәуелсіз бағыт бойынша байланыс арналарын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

      19) Өнім берушінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосылып, электр энергиясын коммерциялық есепке алуды өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;

      20) Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне Шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақы төлеуге;

      21) Өнім берушінің жедел басқаруындағы және қарамағындағы электржелілік, электр және жылу энергетикалық жабдықты, релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын күрделі және ағымдағы жөндеудің келісілген жылдық, тоқсандық және айлық кестелерін бұзбауға;

      22) Өнім берушінің жедел басқаруындағы релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін нұсқамалардың қажетті есептерін орындауға, қағидатты (құрылымдық) схемаларын әзірлеуге және келісуге міндетті.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тұтынушы Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Өнім беруші техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Тұтынушыны кемінде 72 сағат бұрын хабардар етіп тоқтата тұруға не тоқтатуға құқылы. Бұл ретте техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тоқтату Тұтынушы Шарт талаптарын орындағанға дейін Тұтынушының энергия көзін оқшауланған жұмысқа шығару арқылы жүзеге асырылады.

      17. Тараптар тоқсан сайын, салыстыру актiсiн алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн iшiнде тоқсанның соңғы күнгi жағдайы бойынша келiспеушiлiктердi көрсетiп немесе оларсыз өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне қол қоюға мiндеттi.

6-тарау. Есеп айырысу тәртібі

      18. Өнім берушінің техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифке сәйкес жүргiзiледi.

      19. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      Тұтынушы түпкiлiктi есеп айырысуды көрсетілген қызметтердiң көлемiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде төлемге ұсынылған Өнім берушінің шот-фактурасы нақты берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      20. Тараптардың бірі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығында электр энергиясын өндіру - тұтынудың нақты балансы көрсетілген қызметтердiң нақты көлемiн растайтын құжат болып табылады.

      21. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тұтынушы есеп айырысу кезеңiнде нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде есептеледi (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегін өтеу есебiне, егер осындай болса). Егер Тұтынушы келесi есеп айырысу кезеңiнде Өнім берушінің көрсетілетін қызметiнен бас тартса, Өнім берушінің алдында тараптар растаған өзге, оның iшiнде ақшалай мiндеттемелерi бойынша (егep осындай болса) Тұтынушының берешегін өтеуге жіберілетін соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.

      22. Егер Тұтынушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Өнім берушіні шот-фактураны алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабардар етедi және Өнім берушіге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шот-фактураның дау айтылмаған бөлiгiн төлеуге мiндеттi.

      23. Өнім берушінің электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi көрсетілетін қызметiне ақы төлеу жөнiндегі Тұтынушының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жiберiлген хабарламада Өнім беруші көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша аудару болып танылады.

      24. Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылғаннан кейін бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы анықталған жағдайда Өнім беруші түзетілген және екіжақты қол қойылған орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде бұрын ұсынылған шот-фактураның күшін жою жолымен түзетілген шот-фактураның көшірмесін жасайды.

      25. Тараптардың келісімі бойынша электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің өзге де тәртібі мен нысаны белгіленуі мүмкін.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігi

      26. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      27. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Төлемдердi осы Шартта көзделген мерзiмдерде төлемеген кезде Өнім беруші Шарттың 16-тармағына сәйкес жұмыс режимiн айқындай алады, бұл туралы Тұтынушыға шектеулер енгiзілгенге дейiн кемiнде 72 сағат бұрын хабарлайды.

      29. Өнім беруші Тұтынушының алдында:

      1) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауынан;

      2) Осы Шартқа қатыспайтын көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілерiнiң электр энергетикасы объектiлерiндегі өндiрiстiк авариялар мен технологиялық бұзылудан;

      3) Тұтынушының кiнәсiнен салалық нұсқаулықтарда көзделген байланыстың немесе ақпараттың жоқтығынан;

      4) Тұтынушы персоналының қате iс-әрекетiнен;

      5) осы Шарттың 12-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 16-тармағында көзделген жағдайлардан;

      6) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (өңірлік диспетчерлік орталық) берген орындарда және көлемде аварияға қарсы автоматика әрекеттерінен болған Тұтынушының энергия көзiнің жұмыс режимiнің бұзылғаны үшін жауапты болмайды.

      30. Өнім беруші Шарт бойынша Тұтынушы өзiнiң мiндеттемелерiн толық немесе тиiсінше орындамаған кезде техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтер сапасына жауапты болмайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      31. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Кез келген Тараптың талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      32. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Өзге де ережелер

      33. Электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады.

      34. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда кез келген Тарап екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      35. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      36. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      37. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      38. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi

      39. Шарт 20__ жылғы "___" _____ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат).

      40. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе, электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетілетін қызметтер көлемi нақтылана отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде ол шартта көзделген сол мерзімге және сол талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды деректемелерi

Өнім беруші: ___________________
_______________________________

Тұтынушы: _____________________
_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
2-қосымша

Ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20___жылғы "__"__________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердi ұсынатын

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      _____________________________________________________________________ бiр тараптан

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      және бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын ______________________________________________ (пайдаланушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, А.Ә.Т.) төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      авариялық бұзылыс – электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

      баланстық тиесiлiлiкті бөлу шекарасы – электр энергиясын берудiң соңғы пунктiнде баланстық тиесiлiлiктің аражігін ажырату актiсiмен айқындалатын, тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі олардың электр желiлерiн бөлу шекарасы;

      есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне есеп айырысу жүргізілетін күнтізбелік бір айға тең айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);

      жеткiзу пунктi – Өнім берушінің баланстық тиесiлiлігін бөлу шекарасындағы қосылу (қосылулар жүйесi), онда Өнім беруші Тұтынушыға электр энергиясын береді;

      жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын және қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын Өнім берушінің құрылымдық бөлімшесі;

      коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;

      қабылдау пунктi – Өнім берушінің баланстық тиесiлiлігін бөлу шекарасындағы қосылу (қосылулар жүйесi), онда Тұтынушы Өнім берушіге электр энергиясының көлемін кейін оны Өнім берушінің желілері арқылы жеткізу пункттеріне жібереді;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;

      өнім беруші – электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беруді жүзеге асыратын жүйелік оператор;

      өңірлік диспетчерлік орталық – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына жедел бағынысты және жедел-диспетчерлік функцияларды жүзеге асыратын жүйелік оператордың (Өнім берушінің) өңірлік диспетчерлік орталығы;

      өтiнiм – Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Өнім берушіге жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты бойынша көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болып табылады;

      тұтынушы – электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізу бойынша екіжақты сатып алу-сату мәмілесін жасасқан көтерме сауда нарығынын субъектісі;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      электр желiлерi – Өнім берушіге де және/немесе Тұтынушыға да, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе заңда белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi шағын станциялардың, таратушы құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр желiлерiнiң жиынтығы;

      электр энергиясын беру бағдары – электр энергиясын Өнім берушінің электр желілері арқылы қабылдау пунктінен Тұтынушының жеткізу пункттеріне дейін беру жолы;

      электр энергиясының көлемi – Өнім беруші мен Тұтынушының және/немесе үшіншi тұлғалардың баланстық тиесiлiлігін бөлу шекарасында коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тұтынушының атына берiлген электр энергиясының саны;

      электр энергиясының нақты көлемі – Өнім беруші Тұтынушыға берген, коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде айқындалған және электр энергиясының көлемін салыстырып тексеру актісімен не нақты баланспен расталған электр энергиясының көлемі.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім беруші Тұтынушыдан осы Шартта аталған қабылдау пункттерiнде өз желiлерiнiң баланстық тиесiлiлiгiнің шекарасында электр энергиясын қабылдайды және оны Тұтынушыға өзiнiң электр желiлерi бойынша осы Шартта аталған жеткiзу пункттерiне дейiн беруді жүзеге асырады.

      Тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығынан сатып алған жағдайда, осы Шартта электр энергиясын қабылдау нүктелері көрсетілмейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Электр энергиясын ұлттық электр желiсi арқылы беру жөнiндегi қызметтерді көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      ____________________________________________________________________

      (осы тармақта электр энергетикасы саласындағы нормативтiк техникалыққұжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi).

3-тарау. Электр энергиясын беру шарттары

      4. Электр энергиясын беру Шарттың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес жүргізілген ықтимал түзету ескеріле отырып, тоқсандық немесе айлық өтiнiмнің негiзiнде және оған сәйкес жүргiзiледi.

      5. Алдағы тоқсанға арналған өтiнiмді Тұтынушы тиiстi тоқсан басталғанға дейiн күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрмей бередi.

      6. Алдағы есеп айырысу кезеңіне арналған айлық өтінiмді Тұтынушы тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей бередi. Айлық көлемдi түзетуге электр энергиясын берудiң шартты тоқсандық көлемiнiң шегiнде ғана жол бередi.

      7. Айлық және тоқсандық өтiнiмдi Тұтынушы Өнім берушіге факсимильдiк байланыс құралдарымен және (немесе) электрондық пошта арқылы береді.

      8. Тұтынушыға электр энергиясының тәулiктiк көлемiне және оларды қуаты бойынша тиiстi тәулiк iшiнде бөлуге арналған айлық өтiнiмді түзетуге жол берiледi. Түзету:

      1) көлемi түзетiлетiн тәулiктердің алдындағы тәулiкте сағат 11:00-ден кешiктiрмей берiлетiн тәулiктiк өтiнiм;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін жедел өтінім арқылы жүзеге асырылады.

      9. Тәулiктiк өтiнiмдi Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi факсимильдiк байланыс құралдарымен және (немесе) электрондық пошта арқылы бередi.

      10. Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi жедел өтiнiмдi кейiннен мiндеттi түрде жазбаша ресiмдей отырып, телефонограмма арқылы бередi. Тұтынушы Өнім берушіге жазбаша хабарлама арқылы жедел өтiнiмдер беретін уәкiлеттi өкiлдiң тегiн, аты мен әкесiнiң атын (болған кезде) уақтылы хабарлайды.

      Шартты орындау мақсатында Өнім беруші Тұтынушының айлық, тәулiктiк, жедел өтiнiмдерiн, сондай-ақ мереке және демалыс күндерi түсетiн жедел өтiнiмдерін қабылдайтын электрондық пошта мекенжайы, телефондардың және/немесе факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерi өзгерген кезде Өнім беруші Тұтынушыға бұл туралы жазбаша хабарлама беруге мiндеттi.

4-тарау. Электр энергиясын есепке алу

      11. Өнім берушінің жеткізу пункттерінде есеп айырысу кезеңі ішінде Тұтынушының мекенжайына жеткізген электр энергиясының нақты көлемі баланстық тиесілілік шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде есеп айырысу кезеңінің бірінші күнтізбелік күнінің 00:00 сағатынан бастап соңғы күнтізбелік күнінің 24:00 сағатына дейін айқындалады (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат).

      Есеп айырысу кезеңінде жеткізілген электр энергиясының нақты көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актілері және (немесе) қызметтер көлемін салыстырып тексеру актісінің негізінде жасалатын орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісімен расталады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен электр энергиясын коммерциялық есепке алу кешенiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында бiр-бiрiне тәулiк iшiнде кез келген уақытта коммерциялық есепке алу аспаптарына қолжетімділік беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер тараптардың бiреуiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi алуды дербес жүргiзуге рұқсат берiледi.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алу кезiнде тараптардың уәкілеттi өкiлдерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қоюға тиiс.

      13. Тараптар тиiстi есеп айырысу кезеңiнде берілген электр энергиясы бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актiсiн есеп айырысудан кейінгі күнтiзбелiк айдың бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде ресiмдейдi, оған тараптардың қолдары қойылады және мөрлерiмен расталады (болған жағдайда). Тараптардың бiрi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда берiлген электр энергиясының көлемiн растайтын құжат Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру – тұтынудың нақты балансы болып табылады.

      14. Егер есепке алу Өнім беруші мен Тұтынушының баланстық тиесiлiлiгін бөлу шекарасында жүргiзiлмеген жағдайда берiлген электр энергиясының нақты көлемi Тұтынушының желiлерiндегi электр энергиясының ысыраптары ескеріле отырып, Тұтынушыда орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша айқындалады. Үшiншi тұлғалардың электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының ысыраптарын осы электр желiлерiнiң иесi айқындалады.

      15. Үшiншi тұлғалардың электр желiлерiндегi электр энергиясын беру және жедел-диспетчерлiк басқару жөнiндегi өзара қарым-қатынастарды Тұтынушы үшiншi тұлғалармен жеке шарт жасасу жолымен реттейдi.

      16. Өнім беруші үшiншi тұлғаның электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының көлемi мен сапасына жауапты болмайды.

      17. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Телеөлшеуiштер тiзбектерiне пломба салынуға тиiс. Тараптардың әрқайсысы өзінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексеру жүргiзедi. Тараптардың әрқайсысы басқа тараптан оның (басқа тараптың) коммерциялық есепке алу аспаптарына қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады. Алайда, егер тараптардың бipi қосымша тексеру жүргiзудi талап етсе, онда ол қосымша тексеруге бастама көтерген тараптың есебiнен жүргiзiледі. Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде электр энергиясының коммерциялық есепке алу кешендері үшін айқындалған жол берілетін ақаулықтардан асып түскені анықталған жағдайда, онда қосымша тексеру шығасыларын коммерциялық есепке алу аспаптарының иесi төлейдi.

      18. Электр энергиясын есепке алу схемасында бұзушылықтар анықталған кезде барлық бұзушылықтар тiркелетiн тиiстi акт жасалады. Мұндай жағдайда Өнім берушінің Тұтынушыға берген электр энергиясының көлемi есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн тараптар қол қоятын тиiстi актiні жасау арқылы электр энергиясының нақты теңгерiмi негiзiнде айқындалады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      19. Өнім беруші шарт талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға құқылы.

      20. Өнім беруші Шартта және электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ Тұтынушыға электр энергиясын беруді мынадай:

      1) Тұтынушы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатқанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша ескерту жасай отырып, ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шарттың талаптарын бұзған;

      2) жылдық немесе айлық жөндеу кестесінде көзделген ұлттық электр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оларды жүргізу мерзіміне және электр энергиясын басқа бағдар бойынша беру мүмкін болмаған жағдайда;

      3) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асыруға кедергі келтіретін технологиялық бұзушылық туындаған кезде және егер сатушы босататын істен шыққан қуатқа алмастыру және/немесе Өнім берушінің электр желілері бойынша Тұтынушының мекенжайына электр энергиясын беру бағдарын өзгерту мүмкін болмаған;

      4) электр энергиясын тұтынудың шарттық көлемін 5% - дан артық алған жағдайда шектеуге не толық тоқтатуға құқылы.

      21. Тұтынушы:

      1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді алуға;

      2) Өнім берушіден жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Өнім берушінің кінәсі бойынша электр энергиясын жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге;

      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      22. Өнім беруші:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр энергиясына қол жеткізуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

      2) тарифтерді белгілеу бөлігінде ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарттар жасасқан кезде уәкілетті орган ведомствосының шешімдерін басшылыққа алуға;

      3) электр энергиясын беруде шартта белгіленбеген үзілістерге жол бермеуге;

      4) электр энергиясын өндіру – тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес тиісті сападағы электр энергиясын электр желілері бойынша беруге;

      5) Шартқа жеке келісім негізінде банктің не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепілдік міндеттемелерін ескере отырып, авариялық бронь актісіне сәйкес Тұтынушының энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілері үшін қажетті көлемде электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      23. Тұтынушы:

      1) тұтынушылардың меншігіндегі электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай – күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10403 болып тіркелген) сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

      2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясының стандартты жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;

      4) электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      5) Шартта көзделген электр энергиясын тұтынуды беру режимін сақтауға;

      6) электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің жұмыскерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Мемлекеттік энергетикалық бақылау органдарының жұмыскерлерін жіберуге;

      7) Өнім берушіге электр энергиясын қабылдау пункттерінде оны беруге және жеткізу пункттерінде оны қабылдауға;

      8) Өнім берушіге электр энергиясын қабылдау пункттерінде оны электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес көлемде Тұтынушының жеткізу пункттеріне электр желілері бойынша беру үшін тиісті сапада беруге;

      9) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының (өңірлік диспетчерлік орталықтың) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін орындау жөніндегі командаларын орындауға;

      10) күн сайын сағат 08:00-ге дейін келесі тәулікке Тұтынушының нақты тұтыну пункттері үшін тәуліктік жүктеме кестесін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйыммен келісілген жедел өтінімді ұсынуға міндетті. Өндірістік қажеттілік жағдайында (авариялық жағдайлар, жүктемелердің технологиялық құлдырауы) жедел өтінім Өнім берушіге түзету үшін дереу жіберіледі;

      11) күн сайын сағат 11:00-ге дейін Өнім берушіге өткен тәулікте алынған электр энергиясының нақты көлемі туралы ақпаратты беруге;

      12) Өнім берушіні осындай ауыстыру басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын энергия өндіруші ұйымды ауыстыру туралы ескертуге;

      13) Шарт жасасу кезінде (егер Тұтынушы энергиямен үздіксіз жабдықтау объектісі болып табылса) Өнім берушіге авариялық бронь актісін және банктің не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) авариялық бронь мөлшерінде Тұтынушыны энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілері үшін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жөніндегі кепілдік міндеттемелерін ұсынуға;

      14) өзінің басқаруындағы және қарамағындағы электр желілерін пайдалану қауіпсіздігін және электр энергиясы мен қуатын тұтынумен байланысты олар пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге;

      15) тоқсан сайын, алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз, тоқсанның соңғы күніндегі жағдай бойынша шарттар бөлінісінде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне қол қоюға;

      16) бар болған жағдайда жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен келісілген көлемде деректерді автоматты түрде беруді жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Тұтынушының Шарт бойынша өзінің ақшалай міндеттемелерін бұзуына байланысты электр энергиясын беруге шектеу енгізілген не тоқтатылған жағдайда Өнім беруші электр энергиясын беруге шектеу енгізілгенге немесе тоқтатқанға дейін кемінде 72 сағат бұрын Тұтынушыны хабардар етеді. Бұл ретте Өнім беруші электр энергиясын беруді тоқтатудың ықтимал салдарлары үшін жауапты болмайды.

      25. Егер электр энергиясын беру бағдарын өзгерту/шектеу қажеттілігі Өнім берушінің электр желілерінде авариялық жағдайға не жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты болса, соңғысы Тұтынушының атына дереу хабарлама жібереді.

      26. Өнім берушінің электр желілерінде жоспарлы жұмыстарды қоса алғанда, жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде соңғысы Тұтынушының мекенжайына электр энергиясын беру бағдарын өзгертуге құқылы.

      27. Шарттың 20-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда электр энергиясын беруді шектеу немесе тоқтату Өнім берушінің кінәсінен электр энергиясының толық жеткізілмеуіне енгізілмейді.

6-тарау. Ақы төлеу тәртiбi

      28. Электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру жөнiндегі Өнім берушінің көрсететін қызметті ұсынуына ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифке сәйкес жүргiзiледi.

      29. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      30. Тұтынушы түпкiлiктi есеп айырысуды орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актiсiнiң негiзiнде Өнім беруші ақы төлеуге шот-фактураны iс жүзiнде ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      31. Тұтынушы Шарттың 13-тармағында көзделген мерзiмде оған берілген электр энергиясы бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актiсiн ұсынбаған немесе келіспеген кезде Өнім берушінің өткен есеп айырысу кезеңi үшiн көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерi электр энергиясының берiлген көлемi туралы Өнім берушінің қолда бар жедел деректеріне сәйкес, кейiннен нақты теңгерім негізінде рындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актiсiн ұсыну кезiнде келесi есеп айырысу кезеңiндегi Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу мөлшерiн түзете отырып айқындалады.

      32. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберiледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңінде төлеген сомасы нақты сомадан асқан жағдайда осы артық айырма келесi есепті кезеңнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiнде көрсетілетін қызметiнен бас тартса, Тұтынушының өзге, оның iшiнде Өнім берушінің алдындағы (егер осындай болса) ақшалай мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалатын соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.

      33. Егер Тұтынушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Өнім берушіні осы шот-фактураны алған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабардар етедi және Өнім берушіге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте, Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шот-фактураның дау айтылмаған бөлiгiн төлеуге мiндеттi.

      34. Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылғаннан кейін бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы анықталған жағдайда Өнім беруші түзетілген және екіжақты қол қойылған орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бұрын ұсынылған шот-фактураның күшін жою жолымен түзетілген шот-фактураның көшірмесін жасайды.

      35. Өнім берушінің электр энергиясын беру жөніндегі қызметiне ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiнің орындалуы шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жiберiлген хабарламада Өнім беруші көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақшаның есепке алынуы болып танылады.

      36. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын жеткізу кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуден босатылады. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге энергия беруші ұйымдар өтеусіз көрсеткен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге қосылған құн салығы салынбайды.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілiгі

      38. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

      Төлемдерді осы Шартта көзделген мерзімдерде төлемеген жағдайда Өнім беруші осы Шарттың 24-тармағында белгiленген тәртiппен электр энергиясын беруді шектеуге не тоқтатуға құқылы, ол туралы шектеулерді енгізгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын Тұтынушыны хабардар етеді.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Есеп айырысу кезеңінде Тараптармен келiсiлген электр энергиясын берудiң нақты айлық көлемi Өнім берушінің кiнәсiнен төмендеген кезде соңғысы кем жеткiзiлген көлемнiң орнын кез келген көздерден толтырады, олай болмаған жағдайда Тұтынушы кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiне сүйене отырып, электр энергиясын беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

      40. Егер энергия өндiрушi ұйым электр энергиясын Тұтынушының атына шарттасқан көлемнен төмен берген жағдайда, онда Өнім беруші Тұтынушының атына берілетін электр энергиясын энергия өндіруші ұйым беретін шамаға дейін шектейді.

      41. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындайтын салдарға жауапкершiлiк толығымен Тұтынушыға жүктеледi.

      42. Шартта көзделмеген электр энергиясын берудiң үзiлiсi, тоқтатылуы немесе шектелуi үшiн Тұтынушының алдындағы Өнім берушінің жауапкершiлігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      43. Өнім беруші Тұтынушының алдында жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (өңірлік диспетчерлік орталық) берген нұсқамалар мен көлем кезінде аварияға қарсы автоматиканың жұмыс істеуінен пайда болған электр энергиясын берудің үзілісі, тоқтатылуы немесе шектелуі үшін жауапты болмайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      44. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Кез келген Тараптың талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      45. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Басқа ережелер және дауларды шешу

      46. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      47. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      48. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      49.Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      50. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      51. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi

      52. Шарт 20 __ жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 20 __жылғы "___" _______ 24:00-сағатқа дейін (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) қолданылады.

      53. Егер Тараптардың бірі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі электр энергиясын беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Заңды мекенжайлар, банк деректемелері және тараптардың қолдары

Өнім беруші: ___________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
3-қосымша

Тауарлық газды тасымалдау жөнiндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

________________________
(шарттың жасалған орны)

20__жылғы "___"___________

      бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын, тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынатын (бұдан әрi – Көрсетілетін қызметтер)

      _________________________________________________________________________ атынан

      (қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________ бiр тараптан және

      лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын __________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (тұтынушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) беру пунктi – тауарлық газды Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне беру жүргiзiлетiн тауарлық газды тасымалдаудың соңғы пунктi;

      2) газды қабылдау (бepу) пунктi – шарттарда Өнім берушi мен Тұтынушы арасында айқындалатын, газды есепке алу аспабымен жарақталған газ жеткiзу пунктi;

      3) есептік кезең – жеткізілген және/немесе тасымалданатын газдың көлемі айқындалатын, Өнім беруші мен Тұтынушы арасында жеткізілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Тараптар келiскен есеп айырысу кезеңi Шартта көрсетiледi;

      4) уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарттың талаптарына сәйкес тауарлық газды қабылдау пунктiнен беру пунктiне дейін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша Тұтынушы мiндеттеме береді, ал Өнім беруші өзiне мiндеттемені қабылдайды.

      3. Тауарлық газды тасымалдау көлемi, айларға бөлiнген тасымалдау кестесi, қабылдау пунктi мен беру пунктiн Тараптар қосымша келiседi және Шартқа қоса берiледi.

      Бұл ретте тасымалдаудың нақты көлемі Газды қабылдау-беру актілері және Тараптар қол қойған Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері негізінде расталады.

      4. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының Шарт жасасу бойынша өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.

      Көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимi – тәулiк бойы.

      5. Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынудың техникалық шарттары мен сипаттамалары: (сапаны бақылау, тасымалдау, тұтынуды реттеу, газды есепке алу, актілер жасау тәртібі және өзге де талаптар).

      Тараптар Техникалық шарттарды қабылдайды, оларды Шарт шеңберінде орындауға және оларды бұзғаны үшін жауапты болуға міндеттенеді.

      6. Шарт жасасу талаптары қызметті тиісінше көрсету үшін құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастырушылық жағдайлардың болуы, оның ішінде:

      1) Өнім берушi тарапынан – газ жабдығын пайдалану жөнiнде рұқсат беретiн құжаттардың, газ тұтынатын жүйелердің, жабдықтардың жарамдылығын растайтын құжаттардың болуы;

      2) Тұтынушы тарапынан – тауарлық газды өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайында газдың тиiстi көлемi туралы растайтын құжаттың (ресурстық анықтаманың, газды сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң) болуы шарт жасасу талаптары болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртiбi

      7. Тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларынан басқа, көрсетілетін қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты барлық тұтынушыларға бiрдей белгiленедi.

      8. Тұтынушы ақы төлеудi екiжақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Өнім берушiнiң шот-фактурасын алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргізеді.

      Тоқсан қорытындылары бойынша өзара есеп айырысудың бухгалтерлік актілерін Өнім берушi ресімдейді, ол есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде актілерге қол қояды, мөр болған жағдайда мөрмен растайды және Тұтынушыға жібереді. Актіге бірінші басшы және бас бухгалтер қол қояды, Тұтынушының мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде Өнім берушiге кері жіберіледі.

4-тарау. Тауарлық газды тасымалдау және есепке алу шарттары

      9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келiсiмдерде өзгеше белгiленбесе, Өнім берушi Тұтынушыға беретiн тауарлық газдың сапасы физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуі тиiс.

      10. Тауарлық газды тасымалдау Өнім берушi мен Тұтынушының арасында келiсiлген тасымалдау кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Тұтынушыға берiлетiн тауарлық газдың көлемiн Өнім берушi Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен тiркейдi және өлшейдi.

      12. Өнім берушi технологиялық жабдықтың авариялық зақымдануы туындаған жағдайда, газ шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және нормативтiк техникалық құжаттарда белгiленген тәртiппен Көрсетілетін қызметтерді резервте сақтауды қамтамасыз етедi.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      13. Тұтынушы:

      1) жасалған шарттарға сәйкес көрсетiлетін қызметтерді алуға;

      2) Өнім берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз жеткiзгендiктен шеккен залалды жасалған шарттардың талаптарына сәйкес өтеудi талап етуге;

      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгінуге;

      4) Өнім берушiні бiр айдан кешiктiрмей хабардар еткен және тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда, Өнім берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

      14. Тұтынушы:

      1) тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетілетін қызметтер үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргізуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім берушi белгiлеген техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.

      15. Өнім берушi:

      1) Тұтынушыдан Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен ұсынылған қызметтер үшiн ақыны уақтылы әрi толық көлемде алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушы сақтауға мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;

      3) уәкілетті орган бекiткен тәртiппен тарифтердің қолданылуы кезеңiнде ұсынылған қызметтер үшiн барлық тұтынушыларға тарифтердi төмендетуге құқылы.

      16. Өнім берушi:

      1) тауарлық газды Тұтынушымен келiсiлген көлемде газ қабылдау пунктiне қабылдауға және тауарлық газдың Шартта белгiленген тәртiппен әрi талаптармен газ беру пунктiне бiрқалыпты және үздiксiз тасымалдануын қамтамасыз етуге;

      2) Тұтынушыны кез келген төтенше жағдайлар немесе тауарлық газды тасымалдауға әсер етуi ықтимал авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ тауарлық газды тасымалдауды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-әрекетті қолдануға;

      3) Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің өзгергені туралы хабардар етуге;

      4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне тауарлық газды тасымалдау мәселелерi жөнiнде ақпарат ұсынуға;

      5) Тұтынушыны тауарлық газды тасымалдау жөніндегі міндеттерді орындауға ықпал ететін жоспарланатын жөндеу жұмыстары және профилактикалық жұмыстар туралы бір күндік мерзімде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

6-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      17. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын өзгеше iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      18. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      19. Осы Шартта көзделген мiндеттемелердi орындау мерзiмi өткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, ақшалай мiндеттеменi нақты орындау күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы міндеттемені орындаудың соңғы күнінен кейінгі бірінші күн болып табылады.

      20. Егер Тұтынушыға тауарлық газды тасымалдау жөнiндегі қызметті Өнім берушiнің көрсете алмауы Өнім берушiмен шарттық қатынастардағы басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушының алдында Өнім берушi жауапты болады.

      21. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      22. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш мән-жайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда бiр де бiр Тараптың залалдың орнын толтыру құқығы болмайды. Кез келген Тараптың талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте бiр де бiр Тарап Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттерден босатылмайды.

      Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар бiр бiрiне олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы хабарлайды, кейiн Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған еңсерiлмес күш мән-жайлардың басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны береді не пошта арқылы жiбереді.

      23. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiрген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа бұзу болжанып отырған күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.

8-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      24. Тауарлық газды тасымалдау бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      25. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      26. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      27. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      29. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi

      30. Шарт 20__ жылғы "___" ______ бастап күшіне енеді және 20__жылғы "___"________ дейін қолданылады.

      31. Егер Тараптардың бірі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметтерді беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Құпиялылық шарттары

      32. Тараптар Шарттың мазмұнына қатысты құпиялылықты, сондай-ақ Шарттың орындалуына байланысты Тараптардың әрқайсысына берілетін кез келген ақпарат пен деректерді сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарт Тараптарының бірінің алдын ала жазбаша келісімінсіз фактілер мен ақпаратты тұтастай немесе ішінара жария етпеуге және үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді.

      Үшінші тұлғалар тарапынан Шарт нысанасына қызығушылық туындаған жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-біріне хабарлауға міндетті.

11-тарау. Тараптардың деректемелерi

Өнім беруші: ____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
4-қосымша

Тауарлық газды сақтау жөнiндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20_ жылғы "___"_________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын, тауарлық газды сақтау жөнiндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрi – Көрсетілетін қызметтер) ұсынатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________ бiр тараптан және

      лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын __________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (тұтынушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      жерасты газ қоймасы-тауарлық газды маусымдық біркелкі емес тұтыну кезеңінде жеткізуді қамтамасыз ету үшін газдың технологиялық қоры сақталатын, магистральдық газ құбырының бөлігі болып табылатын, жерүсті жабдығы бар кешендегі жерасты құрылыстары;

      тауарлық газды қабылдау пункті-әдетте тауарлық газды есепке алу аспабымен жарақтандырылған, тұтынушы тауарлық газды жеткізетін жерасты газ қоймасында болатын газды жеткізу пункті, одан кейін тауарлық газ жерасты газ қоймасына сақтауға тікелей айдалады;

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім берушi ұлттық стандарттарда, нормативтiк актілерде және өзге де техникалық талаптарда белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып, оған берiлетін тауарлық газды Шарттың талаптары бойынша сақтауға мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

      3. Көлемі _____ текше метр тауарлық газды жерасты газ сақтау қоймасында сақтау 20 __ жылғы ____ бастап 20__ жылғы ______ (қоса алғанда) кезеңінде оны айдау және 20__ – 20___ жылдар кезеңiнде алу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының Шарт жасасу жөнiндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.

      5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимi – тәулiк бойы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртiбi

      6. Тауарлық газды жерасты газ қоймасында сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.

      7. Егер Тараптар келiсiмiде өзгеше көзделмесе Тұтынушы ақы төлеудi екiжақты актiнiң негiзiнде нақты ұсынылған көрсетілетін қызметтер үшiн Өнім берушiнiң шот-фактурасын алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде ай сайын жүргiзедi.

      8. Өнім берушi тоқсанның қорытындысы бойынша қаржылық есептемелердiң бухгалтерлiк салыстыру актiлерiн ресiмдейді, ол актiлерге қол қояды, мөрмен (бар болған жағдайда) растайды және Тұтынушыға есептi айдан кейiнгi айдың он бесінші күнiне дейiн жiбереді. Тұтынушы актiлерге қол қояды, бар болса мөрмен растайды және кері қарай Өнім берушiге жібереді.

4-тарау. Тауарлық газды сақтау және есепке алу шарттары

      9. Шарт бойынша сақтауға жеткізілетін тауарлық газ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сай келеді.

      10. Тауарлық газ бір ай ішінде тең бөлiктермен жеткiзiледi.

      11. Тауарлық газ ағыны жерасты газ қоймасында өлшеу тораптарында тауарлық газды сақтауға жеткiзу және қабылдау актiлерiн, тауарлық газды алу актiсiн және тауарлық газдың орташа айлық көлемiн сақтау туралы актi жасау жолымен ай сайын есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      V орт.ай. сақ. = V айдың басында + 1/2V айдау – 1/2V алу.

      12. Актiлер екi данада жасалады және есеп жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қояды.

      13. Тараптардың сақтауға қабылданған тауарлық газдың мөлшерiн айқындауға байланысты наразылықтары екiжақты актiлерге қол қойылғаннан кейiн күнтізбелік он күн iшiнде беріледі.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      14. Тұтынушы:

      1) ИM-70 кеден рәсімі бойынша ресімделген кедендік декларацияда көрсетiлген көлемде жерасты газ қоймаларында сақтаулы тауарлық газды жұмсауға;

      2) көрсетілетін қызметтерді белгiленген сапада алуға және Өнім берушiден ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн көрсетілетін қызметтер ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудi талап eтугe;

      3) Өнім берушiмен жасалған Шартты бұзу туралы Өнім берушi күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей хабардар етiлген және тауарлық газды жерасты газ қоймасында сақтау жөнiнде көрсетілетін қызметке ақы толық төленген жағдайда, Өнім берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

      15. Тұтынушы:

      1) тауарлық газды жерасты газ қоймасында сақтау жөнiнде көрсетілетін қызметке Шартта белгiленген тәртiппен және талаппен уақтылы әрi толық көлемде ақы төлеудi жүргiзуге;

      2) Өнім берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға;

      3) газды жерасты газ қоймасына айдау басталғанға дейiн жеткiзiлетiн газдың бүкiл көлемi үшiн газдың шыққан жерi туралы сертификаттың көшiрмесi мен оның сапа паспортының түпнұсқасын Өнім берушiге беруге;

      4) ИМ-70 (қоймаға айдау) және ИМ-40 (қоймадан алу) режимiнде газды кедендiк ресімдеу үшiн толық жауапты болуға және Өнім берушiге тиiстi режимдегі жүк кеден декларациясының төртiншi данасының түпнұсқасын беруге мiндеттi.

      16. Өнім берушi:

      1) Тұтынушыдан Шартта белгіленген тәртiппен және талаппен ұсынылған қызметтер үшiн уақтылы әрi толық көлемде ақы aлуғa;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушы сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;

      3) уәкiлеттi орган бекіткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңінде барлық тұтынушылар үшiн ұсынылатын көрсетілетін қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқылы.

      17. Өнім берушi:

      1) осы Шартта белгiленген кезеңде жерасты газ қоймасында тауарлық газдың Шартта белгiленген тәртiппен және талаппен сақталуын қамтамасыз етуге;

      2) Тұтынушыны тауарлық газды айдауға және (немесе) сақтауға және (немесе) алуға әсер етуi мүмкін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ тауарлық газды айдауды және (немесе) сақтауды және (немесе) алуды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-қимылды жасауға;

      3) Тұтынушыны Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тауарлық газды сақтау жөніндегі қызметке тарифтердің өзгергені туралы хабардар етуге;

      4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне тауарлық газды сақтау мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.

6-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      18. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимылдар жасауға тыйым салынады.

      19. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап екінші тарапқа келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейдi.

      20. Ұсынылған көрсетілетін қызметтер үшiн ақы төлеу мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес 24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда және өзiне сақтауға берiлген тауарлық газды Өнім берушi уақтылы қайтармаған жағдайда кiнәлi тарап мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн осы сомаларды төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша, бірақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      21. Егер жерасты газ сақтау қоймасына тауарлық газды сақтау жөнiнде көрсетілетін қызметті Тұтынушыға ұсыну Өнім берушi үшiн мүмкiн болмауы Өнім берушiмен шарттық қатынастағы басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Өнім берушi Тұтынушының алдында жауапты болады.

      22. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

      23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жерасты газ қоймасында сақтаулы тауарлық газды Тұтынушы қайтып алмаса, онда ол Өнім берушiге тауарлық газды одан әрi сақтағаны үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      24. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      25. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларыүш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      26. Тауарлық газды сақтау бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      27. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе қандай да бір мәселеге немесе Шарттың ережелеріне қатысты іс-қимылға байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюды жіберуге құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      28. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      29. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      30. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      31. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      32. Шарт 20__ жылғы "___" ______ бастап күшіне енеді және 20__жылғы "___"________ дейін қолданылады.

      33. Егер Тараптардың бірі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі көрсетілетін қызметтерді беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Тараптардың деректемелері

Өнім беруші: ____________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _____________________
_______________________________
_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
5-қосымша

Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20__ жылғы "___"_________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын _________________________________________________________________________ атынан

      (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________________________________ бiр тараптан

      және лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын __________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (тұтынушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _________________________________________________________________ екiншi тараптан,

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      кiрiстегі кран – газ құбырындағы бекiткiш арматура, Өнім берушi жауапкершiлiгiнiң шегi;

      тұтынушы – тұрғын үй алабына (тұрмыстық тұтынушыларға) газ беру үшiн топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын жеткiзу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім берушi топтық резервуарлық қондырғылар арқылы Тұтынушы жеткiзген сұйытылған мұнай газын кiрiс кранына дейiн береді, ал Тұтынушы қабылданған көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлейді.

      3. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiпте жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөнiндегi өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға бepугe құқығы бap.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртібі

      4. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын жеткiзу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетілетін қызметтер ұсыну жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.

      5. Тұтынушы ақы төлеуді Өнім берушiнiң шот-фактурасын алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде, екiжақты актiлер негiзiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, іс жүзінде ұсынылатын көрсетілген қызмет үшін ай сайын жүргізеді.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      6. Тұтынушы:

      1) көрсетілетін қызметтерді белгiленген сапада алуға және Өнім берушiден ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн көрсетілетін қызметтер ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудi талап eтугe;

      2) Өнім берушiден көрсетілетін қызметтердi толық жеткiзбеуден немесе олардың сапасыз жеткiзуінен туындаған залалды жасалған шарттардың талаптарына сәйкес өтеудi талап етуге;

      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге;

      4) Өнім берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және көрсетілетін қызметтердің ақысы толық төленген жағдайда Өнім берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

      7. Тұтынушы:

      1) көрсетілетін қызметтер үшiн Шартта белгiленген тәртiпте және жағдайларда уақтылы әрi толық көлемде ақы төлеудi жүргiзуге;

      2) сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғыларға құю кезінде жабдықты қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес қауiпсiздiк қағидаларын сақтауға;

      3) Өнім берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;

      4) Өнім берушiнiң топтық резервуарлық қондырғыларына сұйытылған мұнай газын жеткiзуге және құюға;

      5) қажеттілігіне қарай сұйытылған мұнай газының буланбаған қалдықтарын топтық резервуарлық қондырғылардан сұйытылған мұнай газының шығарылған массасының орнын толтыра отырып, айдап шығаруды жүргізуге;

      6) жеткiзiлетiн сұйытылған мұнай газының сапасы мен көлемі үшiн жауапты болуға мiндеттi.

      8. Өнім берушi:

      1) көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн Тұтынушыдан Шартта белгiленген тәртiпте және жағдайларда уақтылы әрi толық көлемде ақы алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушы сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;

      3) уәкілетті орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн барлық тұтынушылар үшiн тарифтердi төмендетуге құқылы.

      9. Өнім берушi:

      1) көрсетілетін қызметтердің барлық Тұтынушылары үшiн тең жағдайлар ұсынуға;

      2) қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде уәкілетті органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;

      3) көрсетілетін қызметті беруде шартта белгіленбеген үзiлiстерге жол бермеуге;

      4) Тұтынушыға топтық резервуарлық қондырғыларға сұйытылған мұнай газын Тұтынушымен келiсiлген көлемдерде беруге;

      5) көрсетілетін қызметтердiң сапасы мен Тұтынушының қауiпсiздiгiне әсер ететiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы Тұтынушыны дереу хабардар етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасын қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi ic-қимылды жасауға;

      6) Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің өзгергені туралы хабардар етуге;

      7) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк қағидаларының және жабдықтарды қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттардың мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.

6-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      10. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.

      11. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап екінші тарапқа келтiрiлген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейдi.

      12. Осы Шартта көзделген мiндеттемелердi орындау мерзiмi өткен жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттемелердi нақты орындау күніне қолданылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша, бірақ негiзгi борыштың сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      13. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы егер Тараптар келiсiмiмен өзгеше көрсетiлмесе, есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi болып табылады.

      14. Шот бойынша төлеу мерзiмi келген күнінен бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде шотты төлемеген жағдайда, Өнім берушi осы Шарттың талаптарында белгiленген тәртiппен көрсетілетін қызметті берудi шектеуге не тоқтатуға құқылы.

      15. Егер Өнім берушi үшiн Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкiндігінің болмауы Өнім берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Өнім берушi Тұтынушы алдында жауапты болады.

      Тұрақсыздық айыбын (өсiм ақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

      16. Тұтынушы осы Шартта көзделген мерзiмде өзiне берiлген көрсетілетін қызметтердің көлемдерiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, Өнім берушiнің өткен есеп айырысу кезеңi үшiн көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу мөлшерi берілген көрсетілетін қызметтің көлемдерін салыстыру актісін ұсынған кезде келесі есеп айырысу кезеңіндегі Өнім берушiнiң көрсетілетін қызметтері үшін ақы төлеу мөлшерін кейін түзете отырып берілген көрсетілетін қызметтің көлемі туралы Өнім берушінің қолда бар жедел деректерiне сәйкес айқындалады.

      17. Өткен кезеңдер үшін берешегі болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Тұтынушы нақты есеп айырысу кезеңіне арналған сомадан асқан соманы төлеген жағдайда, осы асқан соманың айырмасы келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне (не Тараптардың келісімі бойынша Өнім берушінің алдындағы өзге де міндеттемелері бар болса, Тұтынушының берешегін өтеу шотына) автоматты түрде есептеледі. Егер Тұтынушы келесі есеп айырысу кезеңіне Өнім берушінің көрсетілетін қызметінен бас тартса, Тұтынушының өзге міндеттемелері бойынша берешегін өтеуге кеткен, оның ішінде Өнім беруші алдындағы ақшалай соманы (егер мұндай бар болса) қоспағанда асыра төленген сомалар қайтарылады.

      18. Егер Тұтынушы қойылған шоттың дұрыстығына дауласатын болса, ол Өнім берушiнi осы шотты алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабардар етедi және Өнім берушiге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дау туғызбаған бөлiгiне ақы төлеуге мiндеттi.

      19. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы нәтижесiнде және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiндегi шоттарға түзету енгiзедi.

      20. Өнім берушiнiң топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын жеткiзу жөніндегі көрсетілетін қызметi үшін ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушiнің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жіберілген хабарламада Өнім берушi көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша аудару болып танылады.

      21. Есеп айырысу кезеңінде Өнім берушiнiң кiнәсiнен көрсетілетін қызметтің нақты айлық көлемi Тараптармен келiсiлген көлемнен азайған кезде, Өнім берушi кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тұтынушы кем жеткiзiлген көрсетілетін қызмет көлемiнен шыға отырып, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

      22. Шартта көзделмеген көрсетілетін қызмет берудегі үзiлiстер үшін, тоқтатылғаны немесе шектеу қойылғаны үшiн Өнім берушiнiң Тұтынушы алдындағы жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      23. Тараптар Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      24. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8-тарау. Басқа ережелер және дауларды шешу

      25. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша не тұтастай немесе қандай да мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-қимылға байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк болған жағдайда Тараптардың кез келгенi екінші тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жіберуге құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келiссөздер жүргізу жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.

      26. Келiсiмге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.

      Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.

      27. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.

      28. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін бір данада жасалады.

      29. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi

      30. Шарт 20__ жылғы "___" ______ сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшіне енеді және 20__жылғы "___"________ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      31. Егер Тараптардың бірі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі көрсетілетін қызметтерді беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Тараптардың деректемелерi

Өнім беруші: ____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _______________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
6-қосымша

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20_ жылғы "___"_________

      Бұдан әрi Өнім берушi деп аталатын, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрi – Көрсетілетін қызметтер) ұсынатын ______________________________________________________________ атынан (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________________________________________________ бiр тараптан және лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан (тұтынушының деректемелерi, жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________ екiншi тараптан, (лауазымы, А.Ә.Т.) Тараптар деп аталатындар төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шаманың бірлігін шығаратын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін (ауыз су, техникалық, ағынды және басқа да су түрлері) өлшеуге арналған техникалық құрал;

      есепке алу аспаптарын тексеру – есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, оның техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау, көрсеткіштерді алу, сондай-ақ су өлшеу торабында пломбалардың бар-жоғы мен бүтіндігін анықтау үшін Өнім берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;

      есеп айырысу кезеңі – Тұтынушы көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізетін айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап айдың соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған;

      пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер белгісі (оларды пайдалану үшін жауапкершілік) бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

      су тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайтын нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың мөлшері;

      суды есепке алу торабына жібермеу – Өнім беруші өкілінің сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық қарауындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден Тұтынушының бас тартуы (кедергі келтіру);

      теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы – схемаларда көрсетілетін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иелері арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны;

      төлем құжаты – Өнім берушінің ұсынған көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) үшін төлемді жүзеге асыру үшін жасалған, соның негізінде төлем жүргізілетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту-шот);

      тұтынушы – сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Тұтынушыға қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал Тұтынушы ұсынылған көрсетілетін қызметтерге осы Шартта белгіленген мерзімдерде, тәртіппен және мөлшерде ақы төлеуге міндеттенеді.

      3. Ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен берілетін судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитарлық қағидалардың, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      4. Шарт тұтынушымен жеке тәртіппен оның меншігінде немесе басқа да заңды негіздерде Өнім берушінің техникалық шарттарға сәйкес орындалған елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері болған кезде жасалады.

      5. Тұтынушыны сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген көлемдерге сәйкес Тұтынушы алатын ауыз судың рұқсат етілген көлемі___________ м3/жыл, техникалық су ___________ м3/жыл Тұтынушыдан шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулардың ластану құрамы бойынша оларға жақын бөлінетін __________ м3/жыл.

      Ауыз суды тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын жеке тұлға оны пайдалануға және түзілетін сарқынды суларды оған қажетті мөлшерде тастауға құқылы.

      6. Қызмет көрсету режимі – тәулік бойы.

      7. Кондоминиум объектілеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:

      сумен жабдықтау бойынша – ғимаратта су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;

      су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желілеріне қосылған жердегі құдық.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары

      8. Қызметтер көрсетуді тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) авариялық жағдай не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп - қатер төнген;

      2) Өнім берушінің желісіне өздігінен қосылған;

      3) есеп айырысу кезеңнен кейінгі екі ай ішінде қызметтер үшін төлемақы жасалмаған;

      4) сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу аспаптарына Өнім беруші өкілдерін бірнеше рет жібермеу;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен негізделген құбыр жолдарға дезинфекция жүргізу қажет болған жағдайда;

      6) Нормативтік құқықтық актілерде және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметтер көрсетуді тоқтата тұру дереу жүргізіледі. Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тұтынушы көрсетілетін қызметті көрсетуді ұсынуды тоқтата тұрғанға дейін кемінде бір ай бұрын ескертіледі.

      9. Шарттың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда пайда болған бұзушылықтарды жойған кезде Тұтынушыны қосу жүргізіледі.

      Шарттың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін Тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Өнім беруші жоспарлы-алдын алу жөндеуді, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды, жаңа Тұтынушыларды Тұтынушы қосылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосу жөніндегі жұмыстарды жүргізген жағдайда, Өнім беруші Тұтынушыны кемінде үш жұмыс күні бұрын қызметтерді уақытша тоқтата тұру туралы ескертеді.

      11. Тұтынушының өндірістік ағынды суларын Өнім берушінің су бұру жүйелеріне қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11932 болып тіркелген) Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Өнім берушінің аттестатталған зертханасы орындаған талдау нәтижелері бойынша Тұтынушының сарқынды суларындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлануы асып кеткен кезде, Тұтынушы өндірістік сарқынды суларды су бұру жүйесіне ағызуды тоқтатады және зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлануына қол жеткізгенге дейін ластануды төмендету жөнінде шұғыл шаралар қабылдайды. Ластану құрамының артуына әкеп соққан себептерді жойғаннан кейін Тұтынушының өтінімі бойынша Өнім беруші сынамаларды қайта іріктеуді жүргізеді.

4-тарау. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртiбi

      13. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Тарифтерді өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      14. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде төлейді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.

5-тарау. Көрсетілетін қызметтердi босатуды және тұтынуды есепке алу

      15. Көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады.

      Осы Шартпен қамтылмаған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көрсетілген көлемін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7257 болып тіркелген) Сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.

      16. Өнім берушінің су бұру жүйелеріне Тұтынушыдан бөлінген су мөлшері мына жағдайларда:

      1) ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде, суық су Тұтынушыға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен келіп түскен кезде және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі - одан әрі үйішілік суық сумен жабдықтау тарату желісіне, екіншісі - жергілікті су жылытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үйішілік тарату желісіне жіберілген суық судың мөлшеріне. Бұл ретте үйге ортақ есепке алу аспаптары суық сумен жабдықтау кірмелерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында орнатылады;

      2) ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінен келіп түскен кезде-жіберілген суық су мен ыстық су мөлшері. Үйге ортақ су есепке алу аспаптары ыстық және суық сумен жабдықтау кірмелерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында орнатылады.

      17. Тұтынушы қайтарымсыз пайдаланған, шығарылатын өнімнің құрамына кірген, суаруға сарқынды суларды бұру жүйесіне ағызылмайтын су бұру қызметтеріне ақы төлеуді есептеу кезінде ескерілмейді.

      Есепке алынбаған судың көлемі технологиялық есептеулерге сәйкес анықталады.

      18. Тұтынушының суды есепке алу аспабының техникалық және метрологиялық сипаттамалары су тұтынудың нақты көлеміне сәйкес келуі тиіс.

      Өнім беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есептеу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12111 болып тіркелген) сәйкес есепке алу құралдарын пайдалануға жіберуді жүзеге асырады.

      19. Тұтастығы бұзылған, бастапқы тексеру туралы бедері жоқ, тексеру мерзімі өткен есепке алу аспаптарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.

      20. Белгіленген тексеру мерзімі өткеннен кейін суды есепке алу аспабын техникалық талаптарға сәйкес келмейтін ретінде коммерциялық есептен автоматты түрде алынады. Өнім беруші тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Тұтынушыны есепке алу аспабын кезекті мемлекеттік тексеруді жүргізу немесе оны ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.

      21. Өнім беруші хабарлаған кезде кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты есепке алу аспаптары уақытша болмаған жағдайда, сондай-ақ Тұтынушының кінәсінен емес есепке алу аспабының ақаулығы анықталған кезде ұсынылған сумен жабдықтау қызметтерінің ұсынылған қызметтерінің көлемі аспаптардың болмауы кезеңіне есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес алдыңғы үш айдағы орташа шығыс бойынша анықталады, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, есептеу аспаптары болмаған жағдайда, ұсынылған сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі жеке тұлғалар үшін су тұтыну нормалары бойынша, заңды тұлғалар үшін осы Шарттың 5-тармағына сәйкес анықталады.

      22. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есепке алу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледі. Өнім беруші есепке алу аспаптарын арнайы бөлінген үй-жайларға орнатқан кезде олардың сақталуына Өнім беруші теңгерімдік тиесілілігін шектеу актісіне және пайдалану жауапкершілігіне сәйкес жауапты болады.

      23. Есепке алу аспаптарын белгісіз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, олардың сақталуына жауапты адам, егер Тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есепке алу аспаптарының ұрлануы немесе сынуы фактісі анықталған кезден бастап бір ай мерзімде есепке алу аспаптарын қалпына келтіруге міндетті. Өнім беруші есепке алу аспаптарын қалпына келтіру сәтіне дейін Тұтынушыны сумен жабдықтау желілеріне қосады.

      24. Тұтынушыдан суды есепке алу схемасын бұзу, басқару тораптары мен есепке алу аспаптарында пломбаларды жұлып алу, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалайтын құрылғыларды орнату фактілері анықталған кезде Тұтынушыға соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейін, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде, тәулігіне 24 сағат ішінде жұмыс істеген кезде құбырдың басқару торабына дейінгі толық өткізу қабілеті есебінен суды пайдаланғаны үшін қайта есептеу жүргізіледі.

      25. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ұсынылған, сумен жабдықтау қызметтері көлемінің есебі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7257 болып тіркелген) Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      26. Тұтынушы:

      1) Шарттың талаптарына сәйкес көлемде денсаулығына қауіпсіз, мүлкіне зиян келтірмейтін белгіленген сападағы қызметтерді алуға;

      2) ағынды суларды рұқсат етілген жүктеме шегінде қажетті көлемде жіберуге;

      3) Өнім берушіден қызметтерді есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге;

      4) Өнім берушінің заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;

      5) көпшілік тыңдауларға қатысуға;

      6) Қызметтерді тиісінше ұсынбау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді белгіленген тәртіппен талап етуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызмет ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;

      8) Егер Өнім беруші белгіленген тәртіппен шот қоймаған болса, алынған қызмет үшін төлем жасамауға;

      9) көрсетілетін қызметті ұсынуға Өнім берушімен шарт жасасу;

      10) ұсынылған қызметке толық төлем жасаған жағдайда бір айдан кешіктірмей бұл туралы Өнім берушіні жазбаша хабардар етіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Тұтынушы:

      1) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орналасқан сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жабдықтарының пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      2) есепке алу құралдарының болуы және Өнім беруші ұсынған төлем құжаттарының негізінде ұсынылған қызметтерге олардың көрсеткіштеріне сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      3) Өнім берушіге көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарының, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекараларында орналасқан, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсер етуі және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін есепке алу аспаптарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің желілері немесе құрылыстары бүлінген немесе, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, санитарлық - эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне де дереу хабарлауға;

      4) есепке алу аспаптарының, есепке алу аспаптарындағы пломбалар мен тексеру белгілерінің, есепке алу тораптарындағы пломбалардың, айналма желінің ысырмаларындағы, оның пайдалану жауапкершілігі шекарасындағы өрт гидранттарындағы пломбалардың сақталуын, тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге, көрсетілген үй-жайларды таза ұстауға, сондай-ақ су мен ағынды суларды есепке алу тораптары мен аспаптарына кіруге кедергі келтіретін заттарды, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін механикалық, химиялық, электромагниттік немесе өзге де әсерлерді сақтауға жол бермеуге;

      5) Өнім берушіні және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жергілікті органдарын өрт сөндіру гидранттарын олар бұзылған немесе оның су құбыры желілерінде авария туындаған жағдайларда пайдалану мүмкін еместігі туралы дереу хабардар етуге;

      6) есепке алу аспаптарының барлық зақымданулары немесе ақаулары туралы, пломбалардың бүтіндігінің бұзылғандығы туралы Өнім берушіге дереу хабарлауға;

      7) ағынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған жағдайда Тұтынушының желілерін ажырату үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің есепке алу құралдарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11932 болып тіркелген) Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларында көзделген жағдайларда ағынды суларды оқшау тазартуды қамтамасыз ету;

      9) көрсетілетін қызметті тұтыну кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтауға;

      10) орталықтандырылған су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсерді болдырмау мақсатында белгіленген зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлануынан асатын ластануы бар ағынды суларды ағызуға жол бермеуге;

      11) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз өзге Тұтынушыларды сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың меншікті желілеріне қоспауға;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      28. Өнім берушінің:

      1) ұсынылған қызметтер үшін төлемді уақтылы және толық көлемде алуға;

      2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылу кезеңінде барлық Тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтерге тарифтерді төмендетуге;

      3) жеке шарт (келісім) бойынша пайдалану жауапкершілігі шегінде Тұтынушының сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілері мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды жүргізуге;

      4) көрсетілетін қызметтерді тұтыну мен төлеуді бақылауды жүзеге асыруға;

      5) тиісті лицензиясы болған кезде көрсетілетін қызметті есепке алу аспаптарының жұмыс қабілеттілігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүргізуге құқылы.

      29. Өнім беруші:

      1) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекарасында орналасқан елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуге;

      2) санитарлық ережелерге (гигиеналық нормативтерге) сәйкес ауыз суды дайындауды және оны Тұтынушыға беруді қамтамасыз етуге;

      3) Тұтынушыны басқа Тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет алу кезінде шектемей, жасалған шартқа сәйкес Тұтынушыға қызметтерді уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;

      4) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, қызметтерді сатып алуға және орнатуға арналған шарт жасалған және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген төлем енгізілген жағдайда қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және Тұтынушыларға орнатуға;

      5) қызмет көрсетуге байланысты кез келген функцияларды басқа тұлғаларға беруге жол бермеуге;

      6) көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын есепке алуды және бақылауды жүргізу, қызметтерді ұсынудың бұзылуының алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

      7) Тұтынушымен қызмет көрсетуге шарт жасасу;

      8) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсынуға;

      9) есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуге төлем құжатын ұсынуға;

      10) Тұтынушыларды Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тарифтердің немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы хабардар етуге;

      11) 24 сағат ішінде Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;

      12) сумен жабдықтау және су бұру желілерін, есепке алу аспаптарын тексеру кезінде, сондай-ақ Тұтынушының есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде қызметтік куәлігін көрсетуге;

      13) профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Тұтынушыға ауыз суын көлік құралдарымен жеткізіп беруге;

      14) Тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды және (немесе) Өнім берушінің техникалық шарттары орындалған жағдайда Тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;

      15) үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуінен Тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде осы Шартты орындауға байланысты мәселелер бойынша абоненттің шағымдары мен өтініштеріне жауап беруге;

      17) Тұтынушының қатысуымен орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға (жалғауға) арналған есептеу аспаптарын, есептеу тораптарын, құрылғылар мен құрылыстарды пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асыруға;

      18) Тұтынушының есепке алу аспаптарын пломбалауды жүргізуге;

      19) Тұтынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы ескертуге;

      20) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі авариялар мен зақымдануларды нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уақтылы жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға;

      21) Қызмет көрсету жүзеге асырылатын сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізудің кестесі мен мерзімдері туралы Тұтынушыларды хабардар етуге;

      22) орталықтандырылған су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсердің алдын алу мақсатында Тұтынушылардың өндірістік сарқынды суларынан сынама алуды жүзеге асыру және зерттеу жүргізу.

7-тарау. Тараптарды шектеу

      30. Тұтынушыға:

      1) Өнім берушінің келісімінсіз есептеу тораптарын қайта жабдықтауға, сондай-ақ есептеу аспаптарын орнатуды және (немесе) алуды жүргізуге;

      2) Өнім беруші келіскен және қабылдаған қолда бар суды есепке алу схемаларын бұзуға тыйым салынады.

      31. Өнім берушіге:

      1) Басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамау себептері бойынша қызмет көрсетуден бас тартуға немесе Тұтынушыны қызмет алудан шектеуге;

      2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген мөлшерден асатын төлем алуға;

      3) Тұтынушыдан төлем құжаттарын ұсынбай көрсетілетін қызметтердің ай сайынғы төлемін талап етуге тыйым салынады.

      32. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

8-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      33. Жабдықтар мен инженерлік желілерді тиісті ұстауға жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілік бөлінісінің шекаралары бойынша анықталады.

      34. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі Тарап екінші Тарапқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтейді.

      35. Тұтынушы ұсынылған қызметтер үшін төлем ақы мерзімі өткен жағдайда Шартқа сәйкес 40-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда осы сомаларды төлеу күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Тұтынушымен шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер Тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.

      36. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.

      37. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      38. Тараптардың келісімі бойынша құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соққан ауру немесе жазатайым оқиға кезінде Тұтынушыға, оның жазбаша өтінішімен өсімпұл есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      39. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      40. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      41. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      42. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      43. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      44. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      45. Тараптардың келісімі бойынша Шарт Үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

11- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      46. Шарт 20_ жылғы "__" сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшiне енедi және 20___ жылғы "__" сағат 24:00-ге дейiн қолданылады.

      47. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе, көрсетілетін қызметтерді ұсыну көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

12-тарау. Тараптардың деректемелерi

Өнім берушi: ____________________
_______________________________

Тұтынушы: _____________________
_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
7-қосымша

Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20__ жылғы "___" _________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын, мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) ұсынатын

      ______________________________________________________________ атынан (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________________________ бір тараптан және лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________________ екінші тараптан, (лауазымы, А.Ә.Т.) бұдан әрі "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталып, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:

      жүк алушы – Тұтынушы немесе тасымалдау маршрутының соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктiнде мұнайды қабылдауға Тұтынушы уәкiлеттiк берген тұлға;

      кесте – уәкілетті орган бекіткен магистральдық мұнай құбырының жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау кестесі;

      магистральдық мұнай құбырының жүйесі – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

      мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – мұнайды Тұтынушыдан қабылдау пунктінен бастап жүк алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық мұнай құбырының жүйесі бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа да магистральдық мұнай құбырларына құйып алу, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      Бұдан басқа, Шарттың мақсаттары үшін осы ұғым магистральдық құбыржолдары бойынша мұнайды тасымалдау саласында реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бойынша көрсетілетін қызметтерді де қамтуы мүмкін;

      мұнайды қабылдау-тапсыру пунктi – мұнайды қабылдау-тапсыру, есеп жүргізу операциялары мен қабылдау-тапсыру құжаттарын ресiмдеу жүргiзiлетiн пункт;

      мұнай – тұрақты (тұрақсыз) газ конденсатын, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған, қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес тасымалдауға дайындалған көмірсутектерді қоса алғандағы, шикі мұнай;

      маршруттық тапсырма – Өнім берушінің өзінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне қажетті жүк ілеспе құжаттары, мұнай тасымалдау маршруты, магистральдық мұнай құбыры жүйесіне маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне қабылданатын және Жүк алушыға маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне тапсырылатын мұнай мөлшері көрсетілген мұнай партиясын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған тапсырмасы, мұнай иесі, беру тәртібі және соңғы жүк алушы;

      мұнайдың міндетті ең төменгі жылдық көлемі – Тараптардың Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайды тасымалдаудың жекелеген бағыттары бойынша көздей алатын, тасымалдаудың жылдық кезеңі ішінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушының жеткізуі үшін міндетті мұнай көлемі;

      мұнайдың міндетті eң аз бір айлық көлемi – мына формула бойынша есептелген мұнай көлемі:

      мұнайдың міндетті ең аз бір жылдық көлемi/N * nj

      мұнда:

      N – жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны;

      nj – j айдағы күнтізбелік күндер саны;

      мұнайдың кем жеткiзiлген көлемi – мұнайдың мiндетті ең аз айлық көлемiнiң немесе айлық кестеде (егер ол мiндеттi ең аз бір айлық көлемнен кем болса) бекітілген мұнай көлемiнiң және тасымалдау үшiн тасымалдаудың бір айлық кезеңі iшiнде магистральдық мұнай құбыры жүйесiне нақты тапсырылған мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;

      мұнайдың толық мәлiмделмеген көлемi – мұнайдың мiндеттi ең аз бір айлық көлемi мен тасымалдаудың есептiк айлық кезеңiнде тасымалдау үшiн Тұтынушы мәлiмдеген мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;

      төлемге тапсырма – мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің алдын ала төлемінің құжаты;

      тасымалдаудың бір айлық кезеңi – мұнайды тасымалдау және оны есепке алу жүргiзiлетiн күнтiзбелiк айдың 1-күнi Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап соңғы күні Мәскеу уақытымен сағат 24:00-ге дейінгі уақыт аралығы;

      тасымалдаудың жылдық кезеңi – 12 айлық тасымалдау кезеңін қамтитын ұзақтығы күнтiзбелiк бiр жыл болатын мұнайды тасымалдау кезеңi;

      техникалық келісім – Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Өнім берушімен оның оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің атынан Тұтынушының арасында жасалатын мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылдау тәртібі туралы техникалық келісім;

      уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім беруші Шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда Тұтынушының мұнайын, оның ішінде басқа Тұтынушылардың мұнайымен қоспада магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы кейін мұнайды Жүк алушыға берумен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

      3. Тұтынушы тасымалдауға арналған мұнай көлемiн маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктiнде магистральдық мұнай құбыры жүйесiне тапсырады және мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге Шартпен белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлейді.

      4. Мұнайдың мiндетті ең аз жылдық көлемi мынаны құрайды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      5. Өнім берушінің (құқығы бар):

      1) Тұтынушыдан Шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда көрсетілетін қызметтер үшін төлемді уақтылы алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылу кезеңінде барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын көрсетілетін қызметтер үшін тарифтерді төмендетуге;

      4) Тұтынушыдан мұнайдың міндетті ең аз бір айлық көлемін қоса алғанда, тасымалдау үшін мәлімделген мұнай көлемдерін маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне Шартта белгіленген шарттарда уақтылы тапсыруды талап етуге;

      5) магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалдау үшін Тұтынушы жеткізетін мұнайды дайындау туралы мәліметтердің дұрыстығын, мұнай сапасының Шарттың 5-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруге;

      6) егер: (Шарттың орындалуын бір жақты тәртіппен тоқтата тұруға)

      Тұтынушы мұнайды Шартта көзделген мөлшерде және мерзімде тапсыруды қамтамасыз етпесе;

      Тұтынушы мұнай сапасының Шарттың 5-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етпесе;

      Тұтынушы Шарттың 7-тарауында белгіленген мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін төлем мерзімдері мен тәртібін бұзса;

      Тұтынушы тасымалдау маршрутының соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінде мұнайды қабылдаудан бас тартса немесе Шарттың талаптарына сәйкес магистральдық мұнай құбыры жүйесінде бар мұнай көлемін бөлмесе;

      Тұтынушы Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген ілеспе құжаттарды ұсынбаса;

      Тұтынушы мұнайдың оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі екенін растайтын құжаттарды ұсынбаса;

      магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнайды қауіпсіз тасымалдауға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мән-жайлары және Өнім берушіге байланысты емес өзге де жағдайлар туындаса;

      мұнайды тасымалдауды тоқтатуға алып келетін магистральдық мұнай құбыры жүйесінде авария немесе оның пайда болу қаупі туындаса;

      мұнайды тасымалдауды тоқтатуға алып келетін магистральдық мұнай құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге немесе реконструкциялауға байланысты жұмыстарды орындаудың қажеттілігі туындаса;

      магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды тоқтату немесе шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың шешімімен негізделсе, Шарттың орындалуын бір жақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.

      Шартты орындауды біржақты тоқтата тұру кезінде, Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны:

      осы тармақшаның тоғызыншы және он бірінші абзацтарында көзделген жағдайларда, көрсетілген оқиғалар басталған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде;

      осы тармақшаның оныншы абзацында көзделген жағдайда, жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      Осы тармақшада көрсетілген себептер жойылған кезде Шартты орындау қайта басталады;

      7) Тұтынушы Шарттың орындалуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаудың туындауына себептерді жоюдан бас тартқан жағдайда не осы себептерді Тараптар келіскен мерзімде жоймаған жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      8) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 140 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7935 болып тіркелген) Өнім сапасы банкін қолдану қағидасына сәйкес мұнай сапасы банкін қолдана отырып, магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.

      6. Өнім беруші:

      1) Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Тұтынушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, бір айлық кестеде көрсетілген Тұтынушының мұнай көлемін тасымалдау жөніндегі қызметтерді Шартта белгіленген тәртіппен және жағдайларда көрсетуге;

      2) мұнай қабылдауды шектеуге әкеп соғуы мүмкін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы Тұтынушыға дереу хабарлауға;

      3) Тұтынушының мұнайын тасымалдау мақсатында магистральдық мұнай құбыры жүйесінің үздіксіз, тиісінше және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      4) Тұтынушының магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі мұнайының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауға;

      5) Шарттың қолданылу мерзімі ішінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінің техникалық мүмкіндіктері шегінде кемсітусіз Тұтынушының мұнайының жекелеген сегменттерге де, тұтастай магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қатысты да қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      6) негізгі және резервтік есептеу схемалары бойынша мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолданылуын метрологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

      7) кестені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың 7-тарауына сәйкес тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін Тұтынушыға төлемге арналған тапсырманы ресімдеуге және жіберуге;

      8) Шарттың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасына сәйкес төлем болған кезде маршруттық тапсырманы шығаруды қамтамасыз етуге;

      9) мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің өзгеруі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде осы ақпаратты Өнім беруші өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жолымен Тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.

      Төтенше реттеуші шара ретінде Өнім берушінің мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне тарифтер өзгерген жағдайда, оларды өзгерту туралы ақпаратты Өнім беруші оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Тұтынушының назарына жеткізеді;

      10) тасымалдаудың бір айлық кезеңінен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Тұтынушыға оның уәкілетті өкілі арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және Өнім беруші белгілеген нысан бойынша тасымалдаудың есептік айлық кезеңінде мұнайды тасымалдау кезінде мұнайдың қалдықтарын, қабылдау, тапсыру және шығындарын салыстырып тексеру актісін ұсынуға;

      11) Тұтынушының жауапты жұмыскерлеріне өзінің интернет-порталына қажетті қолжетімділікті және оны пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ Тұтынушының мұнай тасымалдауға берген өтінімдерін олардың келіп түскен күнін міндетті түрде көрсете отырып, уақтылы тіркеуге;

      12) Тұтынушымен жасалатын көлік экспедициясының жеке шарты негізінде таяу және/немесе алыс шет елдерге экспортталатын мұнайды жөнелтумен байланысты көрсетілетін қызметтер кешенін көрсетуді қамтамасыз етуге;

      13) Шартқа қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Тұтынушыға Шарттың 8-тармағында көрсетілген мұнай тасымалдауға арналған өтінімдер мен тапсырыстың нысандарын ұсынуға;

      14) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген магистральдық мұнай құбыры жүйесі меншік иесінің өзге де міндеттерін атқаруға міндетті;

      7. Тұтынушының:

      1) тиісті сападағы көрсетілетін қызметтерді алуға және ұлттық стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтер ұсынылған жағдайда Өнім берушіден қызметтер құнын қайта есептеуді талап етуге;

      2) тасымалдаудың бір айлық кезеңінен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Өнім берушіден орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және тасымалдаудың есепті бір айлық кезеңінде мұнайды тасымалдау кезінде оның қалдықтарын қабылдау, тапсыру және шығындарын салыстырып тексеру актісін алуға;

      3) Өнім берушіге Шарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін Өнім берушінің интернет-порталы арқылы не Өнім берушіде интернет-портал болмаған жағдайда, олардың түпнұсқаларын өз өкілдері арқылы берген жағдайда, көшірмелерді берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық почта арқылы беруге;

      4) Өнім берушіде осындай қосымша көлемдерді тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, міндетті ең аз бір айлық мұнай көлемінен асатын мұнайдың қосымша көлемін тапсыруды және тасымалдауды мәлімдеуге құқығы бар.

      8. Тұтынушы:

      1) Өнім берушіге:

      мұнайдың болжамды тоқсандық көлеміне бөле отырып, Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайдың міндетті ең төменгі жылдық көлемін қоса алғанда, магистральдық мұнай құбыры жүйесімен мұнай тасымалдаудың болжамды көлемдері туралы Өнім беруші белгілеген нысан бойынша жылдық өтінімді-тасымалдаудың жылдық кезеңінің алдындағы жылдың 1 тамызына дейін;

      магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды тапсыруға және оны тасымалдауға Өнім беруші белгілеген нысан бойынша айлық өтінімді, мұнайдың міндетті ең төменгі айлық көлемін қоса алғанда, тасымалдаудың айлық кезеңінің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Тұтынушының өтінімді беру күні болып оны Өнім берушінің интернет-порталында орналастырған күні немесе оқиғаның қайсысы бұрын басталғанына қарай Өнім берушіге қағаз жеткізгіштегі өтінім түпнұсқасының келіп түскен күні танылады.

      2) Шарттың қолданылуының барлық мерзімі ішінде бекітілген кестеде көрсетілген мұнай көлемін магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тиісінше тапсыруға;

      3) Шарттың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген төлем тапсырмасын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Өнім берушіге мұнай тасымалдауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар топтамасын:

      мұнай тасымалдауға тапсырысты ұсынуға міндетті;

      Мұнайды тасымалдауға арналған тапсырыстың нысанын Өнім беруші белгілейді және онда Шарттың нөмірі мен күні, мұнайды тасымалдау маршруты (жөнелту пункті және межелі пункт), жеткізу санаты (Қазақстан Республикасының ішкі нарығы, экспорт, импорт, сақтау және т. б.), мұнай өндіруші, маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылданатын және маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшері, мұнайды беру тәртібін және соңғы жүк алушы, мұнайды тасымалдауды жүзеге игеру үшін өзге де ақпаратты қамтуы тиіс;

      Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және өзге де зауыттарына мұнайды жеткізу кезінде мұндай зауыттардың түпкілікті жүк алушыны көрсете отырып, мұнай қабылдауға келісімі туралы растауын;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында магистральдық мұнай құбыры жүйесімен тасымалданатын Тұтынушының мұнайын кедендік декларациялау көзделген жағдайда, мұнайға уақытша кедендік декларацияны;

      4) мұнайға арналған толық кедендік декларацияның көшірмесін олар ресімделген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынуға міндетті.

      Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі мұнайға толық кедендік декларация мұнай экспортын растайтын құжат болып табылады. Мұнайға арналған кедендік декларация электрондық құжат түрінде болған кезде мұнайға арналған толық кедендік декларацияны ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте, Тұтынушы Өнім берушіні осы тармақшада көрсетілген мерзімде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасының болуы туралы хабардар етеді;

      5) Шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда көрсетілетін қызметтерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;

      6) кестеде бекіту үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті органына және Өнім берушіге берілетін тасымалдауға арналған бір жылдық (бір айлық) өтінімде мұнайдың міндетті ең аз бір жылдық (бір айлық) көлемін Шарттың 4-тармағында көрсетілген көлемдерден кем емес көрсетуге;

      7) тасымалдаудың алдыңғы бір айлық кезеңі үшін мұнайдың кейінгі айлық кезеңімен тасымалдау үшін толық мәлімделмеген және/немесе толық жеткізілмеген көлемін магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қосымша мәлімдеуге және тапсыруға міндетті. Ауыспалы толық мәлімделмеген және/немесе толық жеткізілмеген көлем міндетті ең аз бір айлық көлемнің ___ %-інен аспайды. Өтінімдерді түзету және Тұтынушының магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайдың қосымша көлемін алдыңғы айда толық мәлімделмеген және/немесе толық жеткізілмеген көлемі есебіне тапсыруына есепті тоқсан шегінде жол беріледі;

      8) маршруттық тапсырма ресімделгеннен кейін мұнай тасымалдауға арналған жүкке ілеспе құжаттарды қайтарып алмауға;

      9) Өнім беруші және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген техникалық талаптарды орындауға;

      10) Өнім берушіге құрылтай құжаттарындағы және Тұтынушының деректемелеріндегі барлық өзгерістер туралы тиісті өзгерістер болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      11) Өнім берушіден Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актілерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларға қол қоюға және бір данасын Өнім берушіге жіберуге не Өнім берушіге жазбаша дәлелді қарсылықтарды ұсынуға міндетті. Мұндай қарсылықтар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда мұндай актілерді Тұтынушы қарсылықсыз қабылдаған болып есептеледі;

      12) магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнай тапсыруды шектеуге әкеп соғуы мүмкін кез келген мән-жайлар туралы Өнім берушіні дереу хабардар етуге;

      13) Өнім берушінің талабы бойынша магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін мұнай беруге;

      14) Өнім берушіге Тұтынушының ақпаратын Өнім берушінің интернет-порталында орналастыруға жауапты Тұтынушының жұмыскерлерінің тізбесін (олардың А. Ә. Т., электрондық мекен-жайын, никін (логинді) латын әріптерімен көрсете отырып) осындай жұмыскерлерге Өнім берушінің интернет-порталына қол жеткізу үшін ресми ұсынуға міндетті.

4-тарау. Мұнайды саны мен сапасы бойынша қабылдау және тапсыру тәртібі

      9. Мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер Тұтынушыға магистральдық мұнай құбыры жүйесінде мұнайды тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген Өнім берушінің техникалық талаптарымен, нормативтік-техникалық құжаттарымен белгіленген кестеге және техникалық келісімге сәйкес маршруттық тапсырма негізінде ұсынылады.

      10. Тұтынушы мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне Шартта көзделген тәртіппен тапсырады.

      11. Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушы тапсырған барлық мұнайды сақтауға Өнім беруші жауапты болады. Тасымалдаудың толық бір айлық кезеңінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тұрған, Тұтынушының мұнайының бөлінбеген қалдығын сақтау үшін (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) тарифті есептеу мынадай түрде айқындалатын:

      егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болса, онда тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық сақтаудың толық бір айлық кезеңі сақталған көлем болып есептелетін;

      егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің аяғындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан аз болса, онда тасымалдаудың толық бір айлық кезеңі тасымалдаудың айлық кезеңінің аяғындағы бөлінбеген қалдық сақталған көлем болып есептелетін жағдайларда.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер маршруттық тапсырма негізінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі мұнайдың технологиялық жүк ағындарының схемасына сәйкес келетін маршруттар бойынша жүргізіледі.

      13. Өнім беруші мұнайды сапа паспорттарын және қабылдау-тапсыру актілерін ресімдей отырып, Жүк алушыларға маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне мынадай тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және өзге де зауыттарына жеткізу кезінде – мұнайды жеткізу жүзеге асырылатын зауыттың өкіліне;

      2) магистральдық мұнай құбырын басқа жүйелерге беру кезінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінің меншік иесінің/операторының өкіліне;

      3) мұнайды көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу кезінде – жүк алушыға тапсыруды жүзеге асырады.

      14. Магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалданатын мұнайды Өнім беруші Тұтынушыға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтік техникалық шығындар шегінде мұнайды тасымалдау кезіндегі техникалық шығындары шегере отырып, маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне тапсырады.

      15. Тұтынушы негізгі схема бойынша мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу құралдарының жұмысын реттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын сақтамаған кезде, мұнайдың мөлшері мен сапасын анықтау жөніндегі рәсімдер бекітілген резервтік схемалар бойынша жүргізіледі.

      16. Маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырудан бастап, оны маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне жүк алушының қабылдауына дейін тасымалдау маршруты бойында тасымалданатын мұнай көлеміне меншік құқығы Тұтынушыда қалады.

5-тарау. Тұтынушы тапсыратын мұнай сапасы

      17. Магистральдық мұнай құбыры жүйесімен жеткізуге арналған мұнай сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс ______________________________________________.

      18. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге арналған мұнай сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс ______________________________________________.

      19. Мұнайда еркін газдың болуына жол берілмейді.

      Сапасы бойынша Шарттың 17, 18-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай кондициялық емес мұнай болып табылады және магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылданбайды.

      Өнім беруші мұнайдың тиісті партиясын маршруттың басында қабылдау-тапсыру пунктіне қабылдау басталғаннан кейін кондициялық емес мұнайды анықтаған жағдайда, мұнайдың мұндай партиясын қабылдау тоқтатыла тұруы тиіс. Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын мұнайды қабылдау-тапсыру актісі кондицияланбаған мұнайдың мөлшері мен сапасын тіркейді, оны Тұтынушының тапсырғанын растау болып табылады және Өнім берушінің Шарт талаптарына сәйкес айыппұл төлеу туралы талап қоюы үшін негіз болып танылады.

      Жоғарыда көрсетілген мұнай партиясын қабылдауды қайта бастау Тұтынушы мұнай сапасы көрсеткіштерінің мәндерін Шарттың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген талаптарға жеткізу жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін ғана жүргізіледі.

      20. Тұтынушы мен Өнім беруші Техникалық келісімге сәйкес тапсырылатын және қабылданатын мұнайдың сапасын бірлесіп бақылайды.

6-тарау. Мұнайды тасымалдау кезiнде құжаттарды ресiмдеу тәртібі

      21. Маршруттық тапсырма негізінде мұнайды қабылдау және тапсыру (маршруттың басында және соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне) магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалдау кезінде мұнайды есепке алу жөніндегі Өнім берушінің талаптарына сәйкес мынадай актілермен ресімделеді:

      1) маршруттық тапсырма негізінде маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне ресімделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісі тасымалдау үшін магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды қабылдауды растау болып табылады;

      2) маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне ресімделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісі Өнім берушінің Шартқа сәйкес мұнай тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін орындауын растайды.

      22. Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесінде жауапты сақтаудағы мұнайды үшінші тарапқа берген жағдайда Тұтынушы міндетті түрде Өнім берушіге келісу үшін мұнайды қабылдау-тапсыру актісін ұсынады, оның бір түпнұсқасы Өнім берушіде қалады. Өнім беруші мұнайды қабылдау-беру актісімен келіспеген жағдайда берілген мұнай көлемін ресімдеу жүргізілмейді.

7-тарау. Ақы төлеу және есеп айырысу тәртібі

      23. Мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тұтынушы төлемге тапсырма және/немесе шот-фактура бойынша олар Тұтынушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған тарифтерге сәйкес ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. Төлемге арналған тапсырмалар бойынша ақы төлеуді Тұтынушы 100% алдын ала төлеу тәртібімен жүргізеді.

      Тұтынушы төлемге тапсырмада және/немесе шот-фактурада көрсетілген кестеге сәйкес тасымалдауға жататын мұнай мөлшері үшін көрсетілетін қызметтерге алдын ала ақы төлеуді жүргізеді.

      24. Төлем тапсырмасында және/немесе шот-фактурада көрсетілген Өнім берушінің банктік шотына ақшаны нақты аудару күні Тұтынушының көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін нақты орындаған күні болып танылады.

      25. Төлемді аударуға байланысты шығыстарды Тұтынушы көтереді.

      26. Өнім беруші Тұтынушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінің негізінде шот-фактура береді.

      27. Төлем әрбір тапсырма бойынша төлемге және/немесе шот-фактураға банк аударымдарымен ақша аудару жолымен жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде жеке жолмен шарттың нөмірі мен күні, тасымалданатын мұнайдың мөлшері, шоттар және олардың шығарылған күні көрсетіледі.

      28. Тұтынушы үшін қызметтерге үшінші тұлғалардың ақы төлеуі Өнім берушімен алдын ала келісім бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте төлем құжатында 27-тармақта санамаланған мәліметтерден басқа Тұтынушының атауы міндетті түрде көрсетіледі.

      29. Әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін Тараптар өткен тоқсан үшін Шарт бойынша өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін Өнім беруші дайындайды және есептік тоқсан аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тұтынушыға жібереді. Тұтынушы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қоюға не дәлелді қарсылықтарды қоса беруге және қол қойылған актіні немесе дәлелді қарсылықтарды бір мезгілде көшірмелерін (электрондық пошта арқылы) жібере отырып жолдауға міндетті. Тұтынушы қол қойған өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісі не осы тармақта көрсетілген мерзімде оларға жазбаша қарсылықтар ұсынылмаған жағдайда, салыстырып тексеру аяқталған, ал оның нәтижелері Тараптардың орындауы үшін міндетті болып есептеледі.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      30. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      31. Төлем тапсырмалары мен шот-фактуралар бойынша төлем мерзімін өткізіп алғаны үшін Тұтынушы төлем мерзімі өткен күндердің нақты санын негізге ала отырып, төлем жүргізу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде Өнім берушіге тұрақсыздық айыбын төлейді.

      32. Мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылдаған сәттен бастап және оны жүк алушыға мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне тапсырған сәтке дейін тасымалдау маршрутының соңында Өнім беруші оның сақталуына жауапты болады.

      33. Осы Шарттың талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын төлеу шот жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      34. Тұтынушы, егер уәкілетті орган бір айлық (бір жылдық) кестеде Тұтынушы мәлімдеген мұнайдың міндетті ең аз бір айлық (бір жылдық) көлемінен аз мұнай көлемін бекітетін болса, тасымалдаудың бір айлық кезеңі ішінде толық мәлімделмеген және/немесе толық жеткізілмеген мұнай көлемін тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетпегені үшін жауапты болмайды.

      35. Егер Тұтынушы межелі пунктте мұнайды қабылдауды қамтамасыз етпеген және осы жағдай Тұтынушының мұнайды тасымалдау үшін тартылған мұнай құбыры учаскесінің тоқтауына себеп болған жағдайда, ол Өнім берушінің талап етуі бойынша мұнай партиясын тасымалдау маршрутының басында ресімделген әрбір тонна (нетто массасы) үшін ақы төлеу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 0,05 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл төлейді.

      36. Өнім беруші мұнайды ағызу (мұнайды құю) эстакадаларына ақаулы вагон-цистерналарында ақау болуына, қажетті ілеспе құжаттардың болмауына, сондай-ақ мұнайды ағызу эстакадаларына бос вагон-цистерналарды беруге байланысты мұнайды ағызу (құю) мүмкіндігін болдырмайтын ақаулы вагон-цистерналарды берген жағдайда Тұтынушы Өнім берушіге оның талап етуі бойынша әрбір вагон-цистерна үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      37. Тұтынушының кінәсінен Өнім берушінің мұнайды ағызу (мұнайды құю) эстакадалары ағызылған (төгілген) вагон-цистерналардың уақтылы жиналмауына байланысты тоқтап қалған жағдайда Тұтынушы Өнім берушіге оның талап етуі бойынша мұнайды ағызу (мұнайды құю) эстакадасы техникалық келісімде белгіленген нормативтік уақыттан тыс тұрып қалған әрбір сағат үшін 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      38. 36, 37-тармақтарда көрсетілген әрбір жағдай бойынша Тараптардың өкілдері тиісті акт жасайды. Тұтынушының өкілдері актіге, оған осындай актіні берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қоюдан бас тартқан жағдайда және оған жазбаша дәлелді қарсылық бермеген жағдайда, Өнім берушінің уәкілетті өкілі қол қойған актіні Тұтынушы қарсылықсыз қабылдады деп есептеледі.

      39. Вагон-цистерналарды пайдалану бойынша құқық белгілейтін ілеспе құжаттарсыз беру кезінде Өнім берушінің өкілдері вагон-цистерналардың нөмірлерін тіркейді.

      Осы вагон-цистерналарды ілеспе құжаттарын бұза отырып, сол бір пайдаланушылар бір ай ішінде қайталап берген кезде Тараптардың өкілдері тиісті акт жасайды және осы Шарттың 36-тармағына сәйкес айыппұл өндіріп алады.

      40. Егер Тұтынушы есептік тоқсан ішінде мұнайдың міндетті ең аз бір айлық көлемін мәлімдемесе және Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес толық мәлімделмеген көлемдерді өтемеген жағдайда, ол Өнім берушіге айыппұл төлейді, оның мөлшері есепті тоқсан үшін тиісті қызметтерге тариф мөлшерлемесіне толық мәлімделмеген мұнай көлемінің (нетто салмағы) туындысы ретінде айқындалады.

      41. Егер Тұтынушы (Өнім беруші) есептік тоқсан ішінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайдың үш міндетті ең аз бір айлық көлемін тапсырмаған (қабылдамаған) және Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес толық жеткізімелген мұнай көлемін тапсырмаған (қабылдамаған) жағдайда, ол Өнім берушіге (Тұтынушыға) айыппұл төлейді, оның мөлшері тиісті қызметтер үшін тариф мөлшерлемесіне есептік тоқсан үшін толық жеткізілмеген (қабылданбаған) мұнай көлемінің (нетто салмағы) туындысы ретінде айқындалады.

      42. Тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бір айлық өтінімді беру мерзімін күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық бұзған жағдайда, Тұтынушы Өнім берушінің талабы бойынша 75 (жетпіс бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      43. Өнім беруші Шарттың 6-тармағының 8) тармақшасын орындамаған жағдайда Өнім беруші Тұтынушыға 75 (жетпіс бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      44. Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімдерін бұзғаны, сондай-ақ құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаны үшін, сондай-ақ Шарттың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген Өнім беруші ұсынған актілерді уақтылы қайтармағаны не жоғалтқаны үшін Тұтынушы Өнім берушінің талап етуі бойынша әрбір бұзушылық жағдайы үшін 75 (жетпіс бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      45. Кестеде көзделген көлемде мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылдаудан негізсіз бас тартқаны үшін, Өнім беруші Тұтынушыға 75 (жетпіс бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Мұнайдың Шарттың 5-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін сапа көрсеткіштерімен тапсырғаны анықталған жағдайда, Тұтынушы Өнім берушінің талабы бойынша Шарттың 17, 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін мұнайдың әрбір тоннасы (брутто) үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      46. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың бір де бірі шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бір де бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс етеді не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      47. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      48. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      49. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылығын жіберуге құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      50. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан орны бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      51. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      52. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір данадан жасалады.

      53. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      54. Шарт 20___ жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      55. Егер Тараптардың бірі бұл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

12-тарау. Тараптардың деректемелері

Өнім беруші:
______________________________
______________________________

Тұтынушы:
______________________________
______________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
8-қосымша

Тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағындарын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

______________________
(шарт жасалған орын)

"___" ____________ 20__жыл

      _______________________________________________________________________________,

      (қызметті ұсынатын субъектінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі), тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі су ағынын реттеу жөніндегі қызметтерді ұсынатын (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, _______________________________________________________________________

      атынан лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________ бір жағынан, және

      ________________________________________________________________________________ (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________, екінші тараптан, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      есеп айырысу кезеңі – көрсетілетін қызмет үшін Тұтынушы есеп айырысатын айдың бірінші күнінің сағат 00:00 бастап айдың соңғы күнінің сағат 24:00 дейінгі күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған кезең;

      төлем құжаты – оның негізінде төлем жүргізілетін Өнім берушінің құжаты (шот, шот-фактура, хабарлама, түбіртек, есепке алу құралдарының көрсеткіштері негізінде жасалған шот-ескерту);

      тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші тұтынушыға су бөлу нүктесіне дейін Өнім берушінің шаруашылық жүргізуіндегі тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі су ағынын реттеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

      3. Тұтынушы көрсетілетін қызметтерді қабылдауға және шарт талаптарына сәйкес төлемді уақтылы жүргізуге, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық шарттарды орындауға міндеттенеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары

      4. Тұтынушыға қызмет көрсету тіреуіш гидротехникалық құрылыстың __________ км жүргізіледі.

      5. Шарт Тұтынушымен тіреуіш гидротехникалық құрылысқа қосылған қажетті жабдығы болған кезде жеке тәртіппен жасалады.

      6. Қызметтер ұсынуды тоқтата тұру мынадай жағдайларда:

      1) авариялық жағдай не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген;

      2) Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;

      3) есептік кезеңнен кейінгі бір ай ішінде көрсетілетін қызметтер үшін төлем болмаған;

      4) Өнім беруші өкілдерін есепке алу аспаптарына бірнеше рет жібермеу;

      5) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа жағдайларда, жүргізіледі.

      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тұтынушыға қызмет көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын хабарланады.

      8. Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қызметтер ұсынуды қалпына келтіру Өнім беруші туындаған бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі.

      Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тұтынушыны қосу Өнім берушінің жүйелеріне заңсыз қосылғаны үшін айыппұл төленгеннен, Өнім берушінің жүйелеріне қосудың техникалық талаптарын орындағаннан және қосқаны үшін төлем енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

      Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін тұтынушыға қызмет ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен және қосылу үшін төлем енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметтердің құны және ақы төлеу тәртібі

      9. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шекті деңгейлері бойынша жүргізіледі.

      10. Ақы төлеуді Тұтынушы ай сайын төлем құжатының негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде немесе шартта айтылған мерзімдерде Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша нақты көрсетілген қызмет саны үшін жүргізеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есепке алу

      11. Жіберілген Қызметтің саны Өнім берушінің есебінен заңнамада белгіленген тәртіппен тексеруден өткен есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Аспаптар ________ бастап ________________________ қоса алғанға дейінгі кезеңге ________________________________ орнатылған. (учаскенің атауы)

      12. Тұтынушыны есепке алу аспаптарынсыз тікелей қосуға Өнім берушінің рұқсатымен уақытша жол беріледі. Бұл жағдайда босатылған қызметтің санын Өнім беруші тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгілейді.

      Есепке алу аспаптары уақытша жарамсыз болған жағдайда, алынған судың көлемі өткен екі ай үшін аспаптар көрсеткішінің орташа шамасы бойынша есептеледі.

      13. Тұтынушының кінәсінен емес есепке алу уақытша бұзылған кезде көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу алдыңғы есептік кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.

      Мұндай жағдайда есепке алуды соңғы тексерген күннен бастап бұзушылық анықталған немесе жойылған сәтке дейінгі кезең есептік кезең болып есептеледі.

      14. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызмет көлемін есепке алуды бұзу фактілері анықталған кезде, Өнім беруші соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде қызметті тұтыну көлемдеріне қайта есептеуді жүргізеді.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      15. Тұтынушы:

      1) денсаулығына қауіпсіз, мүлкіне зиян келтірмейтін және шарттың талаптарына сәйкес келетін санда белгіленген сападағы қызметтерді алуға;

      2) Өнім берушінің заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;

      3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның қызметтерге шекті деңгейінің жобасын талқылау үшін өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;

      4) Өнім берушіден қызметтерді тиісінше ұсынбау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етуге;

      5) ұлттық стандарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызмет ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;

      6) егер Өнім беруші белгіленген тәртіппен шот қоймаған болса, алынған қызмет үшін ақы төлемеуге;

      7) осы Шартқа қол қойылғаннан кейін вегетациялық кезең басталғанға дейін алдын ала ақы төлеуге құқылы. Бұл жағдайда келесі ақы төлеу алдын ала төленген ақыны ескере отырып жүргізіледі;

      8) ұсынылған қызметке толық ақы төленген жағдайда бір айдан кешіктірмей бұл туралы Өнім берушіні жазбаша хабардар етіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      16. Тұтынушы:

      1) қызмет ұсынылған айдың алдындағы айдың 15 күнінен кешіктірмей Өнім берушіге қызмет көрсетуге айлық өтінім беруге;

      2) ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Өнім берушіге келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінімді, оның ішінде ең төменгі жылдық көлемді ұсынуға;

      3) Өнім берушіні алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде айлық, тоқсандық немесе жылдық өтінімдерді беру мерзімдерінен кешіктірмей қызметті тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша хабардар етуге;

      4) Шарт талаптарына сәйкес ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеуді уақтылы және толық көлемде жүргізуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Өнім беруші белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

      6) көрсетілетін қызметті пайдалану кезінде пайда болған жүйелердің құрылыстарының жұмысындағы ақаулар туралы Өнім берушіге дереу, ал жүйе құрылыстары бұзылған жағдайда - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде жергілікті органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитариялық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне дереу хабарлауға;

      7) көрсетілетін қызметтерді тұтыну кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтауға;

      8) көрсетілетін қызметті тұтыну көлемдерінің барлық күтілетін өзгерістері туралы Өнім берушіні хабардар етуге;

      9) Өнім берушіге уәкілетті табиғат қорғау органының эмиссиясына берілген рұқсатына сәйкес коллекторға ластанудың, төгілетін судың рұқсат етілген шоғырлануының рұқсат етілген шекті төгіндісінен асып кетуіне жол бермеуге міндетті.

      17. Өнім беруші:

      1) заңнамаға сәйкес Тұтынушының сақтауы үшін қажетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қызметтің қолданылу кезеңінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендетуге;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісті өзгерген жағдайда соның нәтижесінде Өнім беруші шығындарының құны ұлғаятын барлық Тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген тәртіппен арттыруға;

      4) ұсынылған қызметтер үшін төлемді уақтылы және толық көлемде ақы алуға құқылы;

      18. Өнім беруші:

      1) Шарт талаптарына сәйкес Тұтынушыға сапалы, уақтылы және үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

      2) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын есепке алу және бақылау жүргізу, қызметтерді ұсынуды бұзушылықтарының алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, нәтижесінде Өнім беруші шығындарының құны азайтылатын барлық Тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төмендетуге;

      4) есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтерге ақы төлеуге төлем құжатын ұсынуға;

      5) тұтынушыларды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгергені туралы хабардар етуге;

      6) 24 сағат ішінде тұтынушының негізделген наразылықтары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;

      7) тұтынушыны қызмет ұсынуды тоқтатуға байланысты жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 24 сағаттан кешіктірмей ескертуге міндетті. Бұл ретте Өнім беруші тұтынушыға қызмет ұсыну кезінде 72 сағаттан артық үзіліске жол бермеуге;

      8) қызмет көрсету көлемінің барлық күтілетін өзгерістері туралы тұтынушыны хабардар етуге міндетті.

7-тарау. Тараптардың шектеулері

      19. Тұтынушыға:

      1) жүйелерідің құрылыстары мен есепке алу аспаптарын Өнім берушімен келісусіз қайта жабдықтауға;

      2) көрсетілетін қызметтерді есепке алудың қолда бар схемасын бұзуға;

      3) көрсетілген қызмет көлемін есепке алуды бұзуға тыйым салынады.

      Көрсетілген қызмет көлемдерін есепке алуды бұзу деп суды есепке алу аспаптарында, ысырмаларда, фланецті қосындыларда және байпастарда орнатылған пломбаларды жұлып алу, есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалайтын құрылғыларды орнату, оның паспорттық сипаттамаларымен салыстырғанда есепке алу аспабын дұрыс пайдаланбау, алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда есепке алу аспабының көрсеткіштерін азайту, Өнім берушінің жүйелеріне өз еркімен қосылу түсініледі.

      20. Өнім берушіге:

      1) жосықсыз тұтынушылардың пайдаланған қызметтер көлемі үшін ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға;

      2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген төлемнен аспайтын ақы алуға;

      3) тұтынушыдан тиісті төлем құжаттарын ұсынбай қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

      4) мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде белгіленген реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.

      21. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.

      22. Осы Шарттың 19-тармағында көрсетілген бұзушылықтар тиісті Актілермен ресімделеді және оған тараптар қол қояды.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      23. Жабдықты тиісті ұстауға жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілік бөлімінің шекаралары бойынша айқындалады.

      24. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі Тарап екінші Тарапқа келтірілген шығындарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейді.

      25. Ұсынылған қызметтер үшін төлем мерзімі өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша осы сомаларды төлеу күніне болған мерзімі өткен берешек сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Қызмет уақтылы және сапасыз көрсетілген жағдайда Өнім беруші шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 есе мөлшерінен аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлеу күніне болған көрсетілмеген қызмет сомасынан тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есепке жазу мерзімінің басталуы, егер Тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңнен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.

      26. Тұтынушы Өнім берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылған жағдайда, Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл төлейді.

      27. Егер Өнім беруші үшін тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.

      28. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      29. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша өтініш жасаған кезде Тұтынушыға өсімпұл есептеу кейінге қалдырылуы мүмкін.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      30. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      31. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      32. Тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      33. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-қимылға байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      35. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қарым қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      36. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      37. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

11- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      38. Шарт 20 __ жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      39. Егер Тараптардың бірі бұл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

12-тарау. Тараптардың деректемелері

Өнім беруші: ____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _______________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
9-қосымша

Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге де мақсаттарда кіргенi үшін теңіз портының (кеме кiрісi) қызметтерін көрсетуге арналған үлгiлік шарт

________________________
(шарт жасалған орын)

"___" ____________ 20__жыл

      _______________________________________________________________________________,

      (қызметті ұсынатын субъектінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, __________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________________________________________________ бір жағынан, және ________________________________________________________ (тұтынушының субъектінің деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі - Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________________, екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Орындаушы кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн кеменiң теңiз портына кiргенi (бұдан әрi – кеменiң кiруi) үшiн қызметтер көрсетеді. Тапсырыс беруші кеменiң кiргенi үшiн осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде порттық алымдарды төлейдi.

      3. Теңiз портының қызметтерін ұсынуға арналған осы Шарт Тапсырыс берушімен жеке тәртiппен жасалады.

3-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      4. Кеменiң кiргенi үшiн теңiз порты көрсететін қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.

      5. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс беруші кеме теңіз портынан шыққанға дейін алдын ала ақы төлеу сомасы шарттарында жүргізеді.

      6. Кеме теңіз портынан шығар алдында Тапсырыс беруші мен Орындаушы кеменің кіргені үшін нақты көрсетілген қызметтерге төлем сомасын айқындайды және шот жазылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.

      7. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып берген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.

      8. Егер Тапсырыс беруші ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға наразылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш ұсынады. Бұл ретте, Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауланбаған бөлігіне ақы төлеуге мiндетті.

      9. Осы Шартта көзделген ақы төлеу мерзімдері бұзылған жағдайларда Тапсырыс беруші Орындаушыға ақы төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін берешек сомасынан Ұлттық Банк белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi

      10. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушінің орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;

      3) Тапсырыс берушінің кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Тапсырыс беруші Шарттың талаптарын орындамаған кезде портқа (порттан) кеменiң кiруiне (шығуына) және Тапсырыс берушінің кейiнгi кемелерiн айлаққа қоюға рұқсат етпеуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      11. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушіні теңiз порты көрсететін қызметтерді тең пайдалану құқығымен қамтамасыз етуге;

      2) Тапсырыс берушімен келiсiлген портқа кемелердi беру кестесiне сәйкес кемелердi порттың аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;

      3) кемелердi жүктердi өңдеуге қою үшiн мамандандырылған айлақтарды ұсынуға;

      4) Тапсырыс берушіні Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қызметтерге арналған тарифтердің өзгеруі туралы хабардар етуге;

      5) Тапсырыс берушіні кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгізiлгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктірмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;

      6) Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндетті.

      12. Тапсырыс беруші:

      1) Шартқа сәйкес белгіленген сапада көрсетілетін қызметтердi алуға;

      2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тарифтердің өзгеруі туралы орындаушыдан ақпарат алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      13. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушымен келiсiлген кемелердi беру кестесiн Орындаушыға алдын - ала ұсынуға;

      2) Орындаушымен келiсiлген кемелердi портқа беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) Орындаушыға барлық талап етілетін құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға;

      4) Орындаушыны келiсiлген кемелердi портқа беру кестесiн бұзушылықтар және кестенi бұзу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндеттi.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілiгi және дауларды шешу

      14. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      15. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      16. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      17. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

7-тарау. Өзге де ережелер

      18. Жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге де мақсаттар үшін кейіннен порттан шыға отырып, кеменің теңіз портына кіргені үшін теңіз портының қызметтерін көрсету шарты Тапсырыс берушімен жеке тәртіппен жасалады.

      19. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      20. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан орны бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      21. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қарым қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      22. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      23. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

8-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолдануды тоқтату тәртiбi

      24. Шарт 20 __ жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады, ал өзара есеп айырысу бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін қолданылады.

      25. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша шартқа ажырамас қосымша ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

9-тарау. Тараптардың заңды деректемелерi

Орындаушы:
_______________________
_______________________

Тапсырыс беруші:
_____________________
_____________________

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 01.10.2024 № 82 (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
10-қосымша

Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

____________________________
(шарт жасалған орын)

"____" _______________ 20__ ж.

      ________________________________________________________________________________

      (жылу энергиясын өндіру бойынша қызмет көрсететін субъектінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________________________,

      лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      ________________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, бір тараптан және ___________________________________________________________ (пайдаланушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________, (лауазымы, А.Ә.Т.)

      ______________________________________, бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын екінші Тараптан төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      есепке алу аспабы (есептеу аспабы) – заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;

      есептік кезең – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға ақы төлеу үшін ұсынылатын шартта айқындалатын уақыт кезеңі (күнтізбелік ай);

      жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Өнім беруші ұсынған төлем құжаты негізінде есептік кезең өткеннен кейін жылу энергиясын өндіру үшін Тұтынушының төлем ақысы;

      Өнім беруші – Тұтынушыға жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым;

      төлем құжаты – коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде Өнім беруші жазып берген шот-фактура, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде-оның негізінде есеп айырысу жолымен тұтынушы жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді;

      тұтынушы – жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік орган – Электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      1. Шарт алдындағы міндетті талаптар:

      ___________________________________________________________________

      (осы тармақта міндетті шарттар көзделеді)

      2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын өндіру үздіксіз жүргізіледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтер ұсынуды шектеу тәртібі

      3. Өнім беруші тұтынушыға жылу энергиясын өндіруді:

      1) шартта белгіленген мерзімдерде жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбеген, бұл ретте ескерту кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жазбаша түрде ұсынылады;

      2) жылу тұтыну қондырғыларын өз бетімен қосқан;

      3) осы Шартта көзделген жағдайларда;

      4) Тараптардың жазбаша келісімі бойынша шектейді.

4-тарау. Қызмет көрсету шарттары

      4. Өнім беруші өндірген және босатқан және Тұтынушы қабылдаған жылу энергиясының мөлшері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан кезде – нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары негізінде Өнім беруші орындаған есеп айырысу жолымен анықталады.

      5. Көрсетілетін қызметті босатуды есепке алу тараптардың теңгерімдік тиесілілік шекарасында жүргізіледі. Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың теңгерімдік тиесілілік шегінде орнатылмаса бөлу шекарасынан аспаптарды орнату орнына дейінгі желі учаскесіндегі шығындар теңгерімінде көрсетілген желі учаскесі бар иеленушіге жатады және есептеу жолымен анықталады.

      6. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатпай Тұтынушының жылумен жабдықтау жүйесін уақытша пайдалануына Өнім берушінің рұқсатымен жол беріледі. Бұл жағдайда қызмет көлемі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу жолымен белгіленеді.

      7. Жабдық пен инженерлік желілердің техникалық жай-күйі, сондай-ақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының сақталуы үшін жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілік шекарасы бойынша айқындалады.

      8. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерілуі және пломбалануы тиіс. Тараптар коммерциялық есепке алу аспаптарына техникалық жай-күйін тексеру және есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу үшін кез келген уақытта, бірақ 21:00 сағаттан, тәуліктен кешіктірмей бір-біріне рұқсат беруге тиіс.

      Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған кезде Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстырып қарау актісін тіркеуге тиіс.

      9. Коммерциялық есепке алу аспаптарын белгісіз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, олардың сақталуына жауапты адам, егер шартта өзгеше көзделмесе, отыз күндік мерзімде коммерциялық есепке алу аспаптарын қалпына келтіруге міндетті. Коммерциялық есепке алу аспаптарын қалпына келтіру сәтіне дейін Тұтынушы оны жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.

      10. Өнім беруші жылу энергиясын өндіруді және оны Шартқа сәйкес Тұтынушыға беруді қамтамасыз етуге және берілетін жылу жеткізгішінің параметрлерінің шарттағы 5%-дан артық/кем емес ауытқуына жол бермеуге міндетті.

      11. Тараптар өз есебінен тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімдерде өздерінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарына метрологиялық тексерулер жүргізеді.

      Тараптар талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізуді талап ете алады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      12. Тұтынушының:

      1) осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімдерде белгіленген сападағы қызметтерді алуға;

      2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес, оның стандартты параметрлеріне сәйкес келмейтін жылу энергиясын жеткізу немесе үзілістер және толық жеткізбеу уақыты үшін қызметтерге ақы төлеу бойынша қайта есептеуді талап етуге;

      3) Өнім берушіден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлермелерінің) өзгеруі туралы ақпарат алуға;

      4) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;

      5) Өнім беруші нақты ұсынған Көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеген жағдайда, Өнім берушіні күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар ете отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте жылыту жүйесі көп пәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын жеке үй-жайдың меншік иесінің жылу энергиясын өндіруге арналған Шарттан біржақты бас тартуына жол берілмейді.

      13. Тұтынушы:

      1) Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші ұсынған жылу энергиясын өндіру жөніндегі көрсетілген қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;

      2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиісті техникалық жай-күйін қолдауға;

      3) коммерциялық есепке алу аспаптарының істен шығуы немесе жұмыс режимі мен шарттарының бұзылуы туралы Өнім берушіні дереу жазбаша хабардар етуге, олай болмаған жағдайда коммерциялық есепке алу аспаптары тиісті құжаттармен расталған соңғы тексеру өткізілген күннен бастап істен шыққан болып есептеледі;

      4) Өнім берушінің персоналына желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына және жылу тұтыну қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      5) Шарт бұзылған кезде есептеулерді салыстырып тексеруге және жылу энергиясын өндіру бойынша Өнім беруші нақты ұсынған қызметтер үшін қарызды өтеуге міндетті;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға міндетті.

      14. Өнім берушінің:

      1) осы Шарттың 13-тармағында көзделген жағдайларда Шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұруға;

      2) Тұтынушыдан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      15. Өнім беруші:

      1) жылу энергиясын өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді барлық тұтынушылар үшін тең жағдайлар беруге;

      2) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілік шекарасында осы Шартта берілген жылу энергиясының параметрлерін ұстауға;

      3) Тұтынушымен жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға шарт жасасуға;

      4) Тұтынушыға Шарттың талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде тиісті сапада жылу энергиясын өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;

      5) Тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізуге, жылу энергиясы сапасының бұзылуының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;

      6) Тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендегені туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеуді орындауға;

      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жылу энергиясын өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға;

      8) осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, жылу энергиясын өндіруде үзіліске жол бермеуге міндетті.

      16. Тұтынушыға:

      1) орамішілік желілерді, инженерлік жабдық пен құрылғыларды қайта жабдықтауға, Өнім берушінің келісімінсіз реттеуші және бекіту арматурасын, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану талаптарына және нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға жауап бермейтін жабдықты орнатуға, қосуға және пайдалануға;

      2) жылу энергиясын есепке алудың қолда бар схемаларын бұзуға;

      3) жылу тасымалдағышты жылыту жүйелерінде тікелей мақсатқа сай емес пайдалануға (жылыту жүйесі мен аспаптарынан су ағызу);

      4) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, бекіту және реттеуші арматураны және айналмалы сорғыларды орнатуға және/немесе бұзуға тыйым салынады.

      17. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын іс-қимыл жасауға тыйым салынады.

6-тарау. Есеп айырысу тәртібі

      18. Жылу энергиясын өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тұтынушы Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүргізеді.

      19. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен хабардар етеді.

      20. Өнім беруші нақты ұсынған жылу энергиясын өндіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес есептеу жолымен есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей жүргізеді.

      21. Алдыңғы кезеңдер үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте, төленген ақы берешекті өтеуге жіберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңін нақты сомадан асып түсетін соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлемінің (не тараптардың келісімі бойынша Тұтынушының Өнім беруші алдындағы өзге міндеттемелер бойынша берешегін өтеу есебіне, егер ондай болса) есебіне жатқызылады. Егер Тұтынушы келесі есептік кезеңде Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерінен бас тартса, артық төленген сомалар, Тұтынушының Өнім беруші алдындағы өзге міндеттемелер бойынша берешегін өтеуге жұмсалатын сомаларды қоспағанда (егер ондай болса) қайтарылады.

      22. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының жарамсыздығы нәтижесінде шоттарға түзету қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда Тараптар келесі есеп айырысу кезеңдерінде шоттарға түзету енгізеді.

      23. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақша аудару жылу энергиясын өндіру бойынша Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша Тұтынушының міндеттемелерін орындауы деп танылады.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      24. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      25. Ол бойынша ақы төлеу мерзімі басталған сәтке шот бойынша ақы төлемегені үшін Шарттың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Өнім беруші Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша Тұтынушы ақшалай міндеттемесін нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде, төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.

      26. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Өнім берушімен шарттық қарым қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.

      27. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      28. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      29. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар ету шартымен шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      30. Жылу энергиясын өндіру бойынша қызмет көрсету Шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      31. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      32. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан орны бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      34. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      35. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      36. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "____" _____________ дейін қолданылады.

      37. Егер Тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі жылу энергиясын өндіру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Өнім беруші: ____________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы: _______________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
11-қосымша

Электр энергиясын беру жөнiндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

_________________________
(шарттың жасалған орны)

20__жылғы "__"_____________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (электр энергиясын беру жөнiндегі қызметтер ________________________________________________________________________________

      көрсетудi өңірлік және/немесе жергілікті деңгейлер желілері бойынша

      _______________________________________________________________________ ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________________________________ бiр тараптан лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) және бұдан Тұтынушы деп аталатын ___________________________________________ (пайдаланушының деректемелері, құрылтай құжаттары, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететін _______________________________________________________ екiншi тараптан, (лауазымы, А.Ә.Т.) бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      есеп айырысу кезеңi – Өнім берушінің электр энергиясын беру жөнiнде көрсетілетін қызметтерiне есеп айырысу жүргізiлетiн айдың бiрiншi күнiнің сағат 00:00-ден бастап соңғы күнiнің сағат 24:00-ге дейiн (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат) күнтізбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi;

      жеткізу пунктi – Өнім беруші Тұтынушыға электр энергиясын беретiн Өнім берушінің теңгерiмдiк тиесілілігін бөлу шекарасындағы қосылуы (қосылу жүйесi);

      қабылдау пункті – Тұтынушы Өнім берушіге электр энергиясының көлемін кейіннен Өнім берушінің желілері арқылы жеткізу пункттеріне дейін беру үшін ұсынатын Өнім берушінің теңгерімдік тиесілігі шекарасындағы қабылдау – қосылу (қосылулар жүйесі) пункті;

      өнім беруші – Тұтынушыға электр энергиясын беруді жүзеге асыратын ұйым;

      өтінім – Тұтынушы қол қойған және шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Өнім берушіге жіберілетін, электр энергиясының көлемі, электр энергиясын беру уақытының кезеңі, осы кезең ішінде қуат бойынша көлемді бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінім айлық, тәуліктік және жедел болуы мүмкін;

      теңгерiмдiк тиесілілiк шекарасы – Өнім беруші мен Тұтынушы арасындағы олардың теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес электр желісін бөлу нүктесі (желісі);

      тұтынушы – электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      электр желілері – Өнім берушіге және/немесе Тұтынушыға, сол сияқты үшінші тұлғаларға меншік құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды қосатын электр беру желілерінің жиынтығы;

      электр энергиясының сапасы – нормативтік техникалық актілерде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн электр энергиясы жарамдылығының дәрежесi;

      электр энергиясының көлемi – Өнім беруші мен Тұтынушының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiлігі шекарасында коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тұтынушының атына берiлген электр энергиясының мөлшерi;

      электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуатының шығысын айқындау үшін коммерциялық есепке алу аспаптарының жиынтығы (электр энергиясын есептеу құралы, ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары) және белгіленген схема бойынша өзара қосылған құрылғы (коммутациялық аппарат);

      электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      электр энергиясының нақты көлемі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде анықталған және орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісімен расталған, Өнім беруші Тұтынушының мекенжайына берген электр энергиясының көлемі;

      Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты балансы – жүйелік оператор жасаған, есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімдеу нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты баланс Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізу үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар (электр энергиясын өңiрлік және/немесе жергілікті деңгейлердiң желiлерi бойынша беру жөнiндегi қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары):

      ________________________________________________________________________________

      (осы тармақта нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына

      ________________________________________________________________________________

      сәйкес келуі тиіс мiндетті талаптар (Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары) көзделедi).

      3. Өнім беруші Тұтынушыға Өнім берушінің теңгерiмдiк тиесiлiлігi және/немесе пайдалану жауапкершілігі шегiнде Өнім берушінің электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары

      4. Электр энергиясын беру осы Шартқа сәйкес жүргiзiлген ықтимал түзетудi ескере отырып, тоқсандар, айлар бойынша бөліністе Тұтынушының электр энергиясын беру көлемінiң жылдық өтiнiмi негізiнде және соған сәйкес жүргiзіледi.

      5. Алдағы тоқсанға арналған өтінім тиiстi тоқсан басталғанға дейiн күнтiзбелiк алпыс күннен кешіктiрмей беріледі. Тұтынушының өтiнiмдi тоқсан басталғанға дейiн күнтізбелік жиырма күн бұрын түзетуiне жол беріледі.

      6. Алдағы айға арналған өтiнiм тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн күнтізбелiк он күннен кешiктірмей беріледі.

      7. Электр энергиясын беру көлеміне өтінімді Тұтынушы Өнім берушіге жазбаша нысанда факсимильдік байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы береді.

      8. Электр энергиясын шарттық берудiң айлық көлемiн түзету жөнiндегi ұсыныстарды өзгерту басталғанға дейiн кемінде 1 (бiр) тәулiк бұрын тараптар жедел келiседi және шарттық шаманың көлемiн түзету жөнiндегi өтiнiм түрiнде ресiмдейдi.

      Тұтынушының электр энергиясының айлық өтінiмiндегі тәулiктік және оларды қуаты бойынша бөлу көлемiн түзетуiне жол беріледі. Түзету:

      1) көлемдер түзетілетiн тәулiктің алдындағы тәулiкте күндізгі сағат 10:00-ден кешiктiрмей берілетін тәуліктік өтiнiм;

      2) көрсеткiштер түзетiлетiн мерзiм басталғанға дейiн 2 сағат бұрын кешiктiрмей берілетін жедел өтiнiм арқылы жүзеге асырылады.

      9. Тәуліктік өтінімді Тұтынушының уәкілетті өкілі факсимильді байланыс және/ немесе электрондық пошта арқылы береді.

      10. Телефонограмма және/немесе электрондық құжат нысанындағы жедел өтінімді кейін міндетті түрде жазбаша түрде ресімдей отырып, Тұтынушының уәкілетті өкілі береді. Тұтынушы Өнім берушіге жазбаша хабарлама және/немесе электрондық хабарлама арқылы жедел өтінім беретін уәкілетті өкілдің тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде) уақтылы хабарлайды.

      Өнім беруші Шартты орындау мақсатында тұтынушының айлық, тәуліктік, жедел өтінімдерін, сондай-ақ мереке және демалыс күндері келіп түсетін жедел өтінімдерді қабылдауы тиіс телефондардың және/немесе факсимильдік аппараттардың нөмірлері және/немесе электрондық почтаның мекенжайы өзгерген кезде Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны жазбаша хабардар етуге міндетті.

      11. Есеп айырысу кезеңінде электр энергиясын берудiң нақты көлемiнiң мәлімделгеннен азаю жағына 10 % ауытқуы жол берілетін шама болып саналады.

4-тарау. Электр энергиясын есепке алу

      12. Өнім беруші есеп айырысу кезеңi ішінде берген электр энергиясының нақты көлемi жеткізу пункттерінде баланстық тиесілiлiк шекараларында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi негiзiнде есеп айырысу кезеңiнiң бiрiншi күнтізбелiк күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күнтiзбелiк күнi сағат 24:00-ге дейiн (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат) айқындалады.

      Есепті кезеңде берілген электр энергиясының нақты көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысан бойынша ресімделетін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісімен расталады.

      13. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерiлуі және пломбалануы тиiс. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есепке алу жүйелерiнiң техникалық жай-күйін тексеру үшін тәулікте 8:00-ден сағат 21:00-ге дейін бiр-бiрiне коммерциялық есепке алу аспаптарына қарауға рұқсат беруі тиiс. Егер айлық көрсеткiштердi алу кезiнде тараптардың бiрi болмаса, онда екiншi тарапқа көрсеткiштердi алуды өз бетінше жүргізуге рұқсат беріледі.

      Электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасында бұзушылықтар анықталған кезде Тараптар, барлық бұзушылықтар көрсетілген тиісті актіні жасайды және белгіленген тәртіппен оған қол қояды.

      14. Тараптар есеп айырысудан кейінгі күнтізбелік айдың 5 күнiне дейiнгi мерзiмде, қол қойылатын және болған жағдайда мөрмен расталатын тиісті есеп айырысу кезеңі үшін орындалған жұмыс (көрсетілетін қызмет) актісін ресімдейді. Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі Өнім беруші Тұтынушыға есептіден кейінгі күнтізбелік айдың үшінші күнінен кешіктірмей ұсынған коммерциялық есепке алу құралдарының деректері негізінде жасалады. Тараптардың бірі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, іс жүзіндегі баланс берілген электр энергиясының көлемін растайтын құжат болып табылады.

      15. Егер электр энергиясын есепке алу Өнім беруші мен Тұтынушының баланстық тиесілілік шекарасында жүргiзiлмесе, онда берілген электр энергиясының нақты көлемi шекарадан есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі учаскедегi электр энергиясының шығындарын қоса отырып, коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша айқындалады.

      Шекарадан бастап есепке алу аспаптары орнатылатын жерге дейiнгi учаскедегi электр энергиясының есептiк шығындарын Өнім беруші айқындайды және желiнiң осы учаскесi балансында тұрған тараптың шотына жатқызылады.

      Егер Тұтынушы шығындардың есептiк шамасымен келiспеген жағдайда, ол энергетикалық сараптама жүргiзуге құзыретті органның рұқсаты бар ұйымды тарта отырып, өз есебiнен сараптама жүргізуге құқылы.

      Егер көрсетiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша шығындардың есептiк шамасы асыра көрсетiлгенi анықталса, онда осы шығындарды Өнім беруші өтеуі тиiс.

      16. Тараптар балансында тұрған коммерциялық есепке алу аспаптарына тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмде метрологиялық тексерулерді өз есебінен жүргізеді.

      Тараптар талап етушi тарап есебiнен жүргiзілетін қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады.

      Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi олардың дәлдiк класы жол беретiн ауытқудан асқаны анықталса, онда қосымша тексеру жөнiндегi шығасыларды коммерциялық есепке алу аспаптарының иесi төлейдi.

      17. Өнім беруші электр энергиясын есепке алу схемасында бұзушылықтарды анықтаған кезде, Өнім беруші Тұтынушыны электр желiсiнен ажыратады, бұзушылықтар актісін ресiмдейдi және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Тұтынушыға берiлген электр энергиясының көлемiне қайта есептеуді жүргiзедi.

      Акт Өнім берушінің және Тұтынушының не оның өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Акт Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бiрақ оны Өнім берушінің құрамына кемінде үш адам кiретiн комиссиясы ресiмдеген кезде де жарамды деп есептеледі.

      Тұтынушыны электр желiсiне қосу Өнім беруші анықталған бұзушылықтарды жойған және жүргiзiлген қайта есептеуге сәйкес ақы төлеген күннен бастап жүзеге асырылады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      18. Өнім беруші:

      1) электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілген қызметті Тұтынушының оны хабарлама қою жолымен немесе электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатқанға, тоқтата тұрғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын Тұтынушының (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушының – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын электрондық поштасында, факсіне жазбаша хабарлама жіберу жолымен жазбаша ескертілген жағдайда, төлемеуіне байланысты шартты орындауды тоқтатуға, тоқтата тұруға;

      2) Тұтынушының тәуліктік кестесіне сәйкес электр желілері арқылы тиісті сападағы электр энергиясын беруге;

      3) Шартқа жеке келісім негізінде банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепілді міндеттемелерін ескере отырып, авариялық бронь актiсiне сәйкес Тұтынушыны үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерiне қажетті көлемде электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге;

      4) Тұтынушыға:

      Өнім берушінің желісіне электр энергиясын қабылдағыштарын өз бетінше қосқан;

      электр энергиясын қабылдағыштарды коммерциялық есепке алу аспаптарынан тыс қосқан;

      Тұтынушының кінәсінен электр энергиясы сапасының көрсеткіштері Өнім берушінің және басқа да Тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмыс істеуін бұзатын мәндерге дейін төмендеген;

      Өнім берушінің өкілдері Тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптарына және электр қондырғыларына жіберілмеген;

      жабдықты жөндеу және резервтік қоректендіру болмаған кезде жаңа Тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізген жағдайларда. Бұл ретте, Өнім беруші Тұтынушыны ажыратқанға дейін кемінде үш күн бұрын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруды орналастыру арқылы ескертеді;

      дереу хабарлап және ажырату себептерін көрсете отырып, адамдардың өміріне қауіп төндіруге, елеулі экономикалық залал келтіруге, коммуналдық шаруашылық және электрмен жабдықтау жүйелерінің аса маңызды элементтерінің жұмыс істеуінің бұзылуына алып келуі мүмкін аварияларды ескерту немесе жою жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау үшін авариялық жағдайларда электр энергиясын беруді тоқтатуға құқылы.

      19. Өнім беруші:

      1) барлық электр энергиясын беру жөнiнде көрсетілетін қызметтердi тұтынушылар үшін Өнім берушінің баланстық тиесілілігі және/немесе пайдалану жауапкершілігі шекарасы шегінде тең жағдайлар ұсынуға;

      2) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша электр энергиясын беру жөнiндегi көрсетiлетін қызметтер үшін ақы алуға;

      3) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол бермеуге;

      4) оның желілері бойынша берілетін электр энергиясының сапасын, сенімділігін қамтамасыз етуге және бақылауға міндетті.

      20. Тұтынушының:

      1) жасасқан Шартқа сәйкес Өнім берушінің электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерін пайдалануға;

      2) Өнім берушіден электр энергиясын беруді тоқтатудан, толық жеткізбеуден немесе стандартты параметрлерге сай емес электр энергиясын жеткізуден келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге;

      3) қабылдау пункттерінде оны электр желілері арқылы Тұтынушының жеткізу пункттеріне беру үшін Өнім берушіге тиісті сапада мәлімделген кестеге сәйкес көлемде электр энергиясын беруге;

      4) Шарт жасасу кезінде (егер Тұтынушы үздіксіз энергиямен жабдықтау объектісі болып табылса) Өнім берушіге авариялық бронь актісін және банктің не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) авариялық бронь мөлшерінде Тұтынушыны үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілерін энергия тұтынғаны үшін есеп айырысу жөніндегі кепілдік міндеттемелерін ұсынуға;

      5) шарттар жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

      21. Тұтынушы:

      1) тұтынушының меншігіндегі электр қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін сақтауға және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10403 болып тіркелген) сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

      2) шартта айқындалған энергия тұтыну режимдерін сақтауға;

      3) Шарт талаптарына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;

      4) электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің қызметкерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлерін жіберуге;

      5) электр тұтыну режимiн жүргiзу жөнiндегi орталық диспетчерлiк басқарманың, диспетчерлiк қызметтiң, өңiрлiк диспетчерлiк орталықтың командаларын орындауға;

      6) күн сайын сағат 10:00-ге дейiн Тұтынушының кейінгі тәулiктерге арналған тәулiктiк жүктелiм кестесiн көрсете отырып, энергия өндiрушi ұйыммен келісілген жедел өтiнiмдi, ұсынуға. Өндiрiстік қажеттiлiк жағдайында (авариялық жағдайлар, жүктелiмдердiң технологиялық төмендеуi) түзету үшін жедел өтiнiм Өнім берушіге дереу жолданады;

      7) Өнім берушіге күн сайын күндізгі сағат 11:00-ге дейiн өткен тәулiктерде берiлген электр энергиясының нақты көлемi туралы ақпарат беруге;

      8) Өнім берушіні осындай ауысу басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын бір энергия көзінен екіншісіне ауысу туралы ескертуге;

      9) электр энергиясы импортталған жағдайда, Тұтынушы кейiн Өнім берушінің бүкіл желiлерi бойынша беру үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн электр энергиясын декларациялау мен кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ осыған байланысты оның барлық көлемi бойынша тиiстi салықтар мен алымдарды төлеу жөнiнде мiндеттемелерді өзiне қабылдайды. Бұл ретте, Тұтынушы, Өнім беруші үшін электр энергиясын беруге рұқсат болып табылатын кедендiк декларацияның төртiншi данасын Өнім берушіге беруге;

      10) Тұтынушының немесе оның тұтынушыларының басқаруындағы және қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясы мен қуатын беруге байланысты пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге міндетті;

      22. Егер электр энергиясын беру бағытын өзгерту/шектеу қажеттігi Өнім берушінің электр желiлерiндегi авариялық жағдайдан туындаса, соңғысы Тұтынушының атына дереу хабарлама жолдайды.

6-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      23. Тұтынушы Өнім берушінің электр энергиясын беру жөнiнде көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеудi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекiтілген тарифтер бойынша жүргiзедi.

      24. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және жазбаша түрде бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      25. Есепті кезеңде берілген электр энергиясына ақы төлеуді Тұтынушы екеуі қол қойған орындалған жұмыс (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде қойылған шот-фактура берілген күннен бастап Тұтынушыға қызмет көрсететін банктің бес операциялық күн ішінде жүргізеді. Шот-фактураны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Өнім беруші жазып береді.

      Шот-фактура мен орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісін Өнім беруші есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ұсынады.

      26. Тұтынушы осы Шарттың 14-тармағында көзделген мерзiмде орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актiсiн ұсынбаған кезде, Өнім берушінің өткен есеп айырысу кезеңiнде көрсетілген қызметтерiне ақы төлеу мөлшерi кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім берушінің қолда бар берілген электр энергиясының көлемi туралы жедел деректерiне сәйкес берілген электр энергиясының көлемiн салыстыру актісі ұсынылған кезде, Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу мөлшері келесi есеп айырысу кезеңінде түзетіле отырып, айқындалады.

      27. Өткен кезеңдер үшiн берешектер болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жұмсалады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық төлеудің айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге міндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) автоматты түрде есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегі қызметiнен бас тартса, Тұтынушының Өнім беруші алдындағы өзге де мiндеттемелерi бойынша берешегiн (eгep осындай болса) өтеуге жұмсалатын соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.

      28. Егер Тұтынушы қойылған шоттың дұрыстығын дауласа, ол осы шотты алған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде Өнім берушіні хабардар етедi және Өнім берушіге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте, Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауланбаған бөлiгiн төлеуге міндетті.

      29. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының жарамсыздығы нәтижесiнде шоттарда орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актілерінде түзетулер қажет болған жағдайда және басқа да жағдайларда, Тараптар түзетуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      30. Шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жолданған хабарламада Өнім беруші көрсеткен деректемелер бойынша үшіншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Өнім берушінің электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы болып танылады.

      31. Өнім берушінің электр желілеріндегi электр энергиясының нормативтiк шығындары есептеу жолымен айқындалады және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтіледi. Өнім берушінің электр желiлерiндегi электр энергиясының нақты шығындарының құнын Өнім беруші генерациялау көзiне төлейдi.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      32. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      33. Шот бойынша төлем мерзiмi басталған сәтке оны төлемегенi үшiн, Өнім беруші Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша, төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептейді. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тұтынушы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзінде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 еселiк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін негiзге ала отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.

      34. Тараптармен келiсiлген есеп айырысу кезеңiнде электр энергиясын берудiң айлық көлемi Өнім берушінің кiнәсінен iс жүзiнде төмендеген кезде, соңғысы толық жеткiзiлген көлемдi кез келген көздерден ауыстырады, керісінше болған жағдайда, Тұтынушы электр энергиясын беру жөнiнде көрсетілетін қызмет құнының мөлшерiнде толық жеткiзiлмеген электр энергиясының көлемiн негiзге ала отырып, айыппұл салуға құқылы.

      35. Егер энергия өндiруші ұйым Тұтынушының атына қуатты шарттасқаннан төмен берсе, онда Өнім беруші Тұтынушының атына берiлетін қуатты шектеуді сатушы сататын қуатқа теңгерілетін шамаға дейiн жүргізедi.

      36. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi үшiн, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын толық бермегенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындайтын салдарларға жауапкершілiк толығымен Тұтынушыға жүктеледi. Бұл ретте, Тұтынушыны, оның iшiнде үздiксiз энергиямен жабдықтау объектілерiн ажыратудың ықтимал салдарлары үшiн бүкіл жауапкершілiкті Тұтынушы көтередi.

      37. Өнім беруші Тұтынушының және барлық өзге де тұлғалардың алдында техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес, стандартты параметрлерге сәйкес электр энергиясының сапасын, электр энергиясын желілер арқылы беру сенімділігін қамтамасыз ету үшін жауапты болады.

8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      38. Тараптар, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқығы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттемелерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кейін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыс ете отырып, не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      39. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен мерзімге, бірақ мұндай мән-жайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      40. Электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      41. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе жалпы Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-қимылға байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылығын жіберуге құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      42. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша бүкіл даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      43. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      44. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      45. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

10-тарау. Шартты қолданылу мерзiмi

      46. Шарт 20__ жылғы "___" _____ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат).

      47. Егер Тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі электр энергиясын беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi мен қолдары

Өнім беруші: ________________
____________________________
____________________________

Тұтынушы: ________________
__________________________
__________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
12-қосымша

Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгі шарт

_________________________
(шарт жасалған жер)

20__жылғы "__"__________

      Бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтерді ұсынатын ______________________________________________________________________ субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________________________________ атынан лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бiр тараптан және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________________________________ негізінде әрекет ететiн ___________________________________________________ (пайдаланушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________ атынан (лауазымы, А.Ә.Т.) екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      баланстық тиесілілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің баланстық тиесілілігі бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;

      есепке алу аспабы (есеп айырысатын есепке алу аспабы) – жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, заңнамада белгіленген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      есеп айырысу кезеңi – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға ақы төлеуге берілетін шартпен айқындалатын уақыт кезеңi (күнтiзбелiк ай);

      жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу беру және жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;

      жылу желiсi – жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;

      жылу жеткізгіш – жылу энергиясын беруге арналған жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);

      жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;

      жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Өнім беруші ұсынған төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң жылу энергиясы үшін Тұтынушының төлемақысы;

      жылу энергиясының нақты көлемі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде немесе олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалған Өнім беруші Тұтынушыға берген жылу энергиясының көлемі;

      жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясын Тұтынушының мұқтаждары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғы;

      өнім беруші – Тұтынушыға жылу энергиясын беруді және/немесе таратуды жүзеге асыратын ұйым;

      төлем құжаты – Өнім берушінің коммерциялық есепке алу аспаптарының іс-жүзіндегі көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, тұтынылған жылу энергиясы үшін Тұтынушы ақы төлеуді жүргізетін есеп айырысу жолымен жазып берген құжаты (шот, хабарлама, түбiртек, ескерту шоты);

      тұтынушы – жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар: ______________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (осы тармақта міндетті талаптар, оның ішінде техникалық шарттың,

      ________________________________________________________________________________

      жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы актiсiнiң, жылу

      ________________________________________________________________________________

      желілерiн ажырату актісінiң болуы және т.б. көзделеді)

      3. Өнім беруші жылу желiлерiн ажырату актiсiмен айқындалатын баланстық тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасына дейiн Өнім берушінің жылу желiлерi арқылы Тұтынушыға жылу энергиясын берудi және/немесе таратуды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

      Бұл ретте, Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың баланстық тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша анықталады және электр энергетикасы саласындағы ұлттық стандарттарда немесе нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуі тиiс.

      4. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше айтылмаса, жылу энергиясын беру және/немесе тарату үздiксiз жүргiзіледi.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердi ұсынуды тоқтату және шектеу тәртiбi

      5. Өнім беруші:

      1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

      2) жылу тұтынатын қондырғыларын Өнім берушінің жылу желiсiне өз бетінше қосқан;

      3) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосқан;

      4) жергілікті атқару органдарының өкілдерін және Өнім берушінің өкiлдерiн жылу тұтыну жүйелеріне және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жiбермеген;

      5) Өнім берушінің жылу желісіне жылу тұтыну қондырғылары мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа техникалық дайындығы актісіз қосылған;

      6) Шартта келісілген есептелген жылу жүктемелерін және Өнім берушімен келісімсіз шарттық тұтыну режимдерін артық пайдаланған;

      7) жергілікті атқарушы органдардың және атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде қамтамасыз етпеу;

      8) авариялық жағдайда;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптар бұзылған жағдайларда Тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатады немесе шектейді.

      Бұл ретте Өнім беруші:

      осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 9) тармақшаларында айтылған жағдайларда – егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын Өнім беруші Тұтынушыға (хабарлама қою жолымен) жазбаша немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық поштасына, факсына хабарлағаннан кейін;

      осы тармақтың 2), 3), 8) тармақшаларында аталған жағдайларда – хабарлаусыз дереу жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

      6. Тұтынушы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетінше қосқан, Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарын зақымдаған, есепке алу торабында қойылған пломбаларды бұзған немесе олар болмаған кезде Өнім беруші акт жасайды және Тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемiн қайта есептеуді жүргiзедi.

      Акт Өнім берушінің өкiлi мен Тұтынушының, не оның өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамында кемінде үш адам бар Өнім берушінің комиссиясы ресімдеген жағдайда да жарамды болып есептеледі. Көп пәтерлі ғимараттарда комиссияның құрамына кондоминиумды басқару органының өкілі кіреді.

      Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші толық есепке алынбаған жылу энергиясының мөлшерін анықтайды және тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып, есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.

4-тарау. Жылу энергиясын есепке алу

      7. Өнім берушінің желiлерi арқылы берiлген және Тұтынушы қабылдаған жылу энергиясының мөлшерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда – Өнім беруші заңнама мен нормативтік техникалық құжаттар талаптарының негізінде орындаған есеп айырысу жолымен айқындалады.

      8. Көрсетілетін қызметтерді босатуды есепке алу тараптардың баланстық тиесілілігі шекарасында жүргізіледi. Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың баланстық тиесілілігі шекарасында орнатылмаған кезде, бөлу шекарасынан бастап аспаптар орнатылған жерге дейiнгi желі учаскесіндегi шығындар желінің көрсетiлген учаскесi балансында тұрған иеленушіге жатады және есеп айырысу жолымен айқындалады.

      9. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатпай тұтынушының жылумен жабдықтау жүйесін уақытша пайдалануға жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін осы фактіні жою шартымен, жылыту маусымы кезеңінде жеткізушінің рұқсатымен жол беріледі. Бұл жағдайда қызметтердің көлемі есептеу жолымен белгіленеді.

      10. Жабдықтың және инженерлiк желілердің техникалық жай-күйiне, сондай-ақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның меншiк иесiне жүктеледі және баланстық тиесілілік шекарасы бойынша айқындалады.

      11. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерілген және пломбаланған болуы тиiс. Тараптар есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру және көрсеткіштерді алу үшін бір-бiрiне кез келген уақытта, бірақ сағат 21:00-ден кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптарына рұқсат беруі тиiс.

      Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстырып тексеру актісінде тіркеуі тиіс.

      12. Коммерциялық есепке алу аспаптарын белгiсiз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, оның сақталуына жауапты адам отыз күндік мерзiмде коммерциялық есепке алу аспаптары қалпына келтiруге мiндеттi. Коммерциялық есепке алу аспаптары қалпына келтiрілген кезге дейiн Тұтынушы өзін жылу желiсiне қосуды талап етуге құқылы.

      13. Өнім беруші Шартқа сәйкес жылу энергиясын берудi және/немесе таратуды қамтамасыз етуге және берілетін жылу тасығыш параметрлерінің шарттағы параметрлерден +/- 5%-тен аспайтын ауытқуына жол бермеуге міндетті.

      14. Тараптар өз есебінен тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімдерде өздерінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарын метрологиялық тексеруді жүргізеді.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру аспаптарға арналған аралық интервалға сәйкес тексеру әдістемелерінде көрсетілген мерзімде, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жүргізіледі.

      Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      15. Тұтынушының:

      1) осы Шартта белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы көрсетілетін қызметтердi алуға;

      2) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес үзілістері кезіндегі уақыт үшін немесе толық жеткізілмеген және оның стандарттық параметрлеріне сәйкес емес жылу энергиясын жеткізгені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қайта есептеуді айырысуды талап етуге;

      3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде өнім берушіден тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы ақпарат алуға;

      4) Шарт жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына жүгінуге;

      5) Өнім беруші iс жүзiнде ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеген жағдайда, Өнім берушіні күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, жылыту жүйесi көппәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бір бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған Шарттан бipжақты бас тартуына жол берiлмейдi.

      16. Тұтынушы:

      1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім беруші ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;

      2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсті техникалық жай-күйiн сақтауға;

      3) Өнім берушіні коммерциялық есепке алу аспаптарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге міндетті, олай болмаған жағдайда, коммерциялық есепке алу аспаптары тиiстi құжаттармен расталған олардың соңғы рет тексерілген күнінен бастап iстен шықты деп саналады;

      4) желілердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн Өнім беруші персоналына жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткiзуді қамтамасыз етуге;

      5) Шарт бұзылған жағдайда, есептемелерді салыстырып тексеру және Өнім беруші iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін борышты өтеуге мiндетті.

      17. Осы Шарттың 5-тармағында көзделген жағдайларда Өнім берушінің Шартты орындауды бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқығы бар.

      18. Өнім беруші:

      1) жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн тең жағдайлар ұсынуға;

      2) жылу желілерінің баланстық тиесілілік шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының параметрлерін сақтауға;

      3) Тұтынушымен жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;

      4) Тұтынушыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтердi Шарттың талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;

      5) Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен мөлшерін есепке алуға және оған бақылау жүргiзуге, жылу энергиясының сапасын бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;

      6) Тұтынушы жылу энергиясының сапасы төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап күнтізбелік үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеуді жүргізуге;

      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекiтілген тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлем алуға;

      8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе таратуда үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.

      19. Тұтынушыға:

      1) инженерлік желілерді, жабдықтар мен құрылғыларды қайта жабдықтау, реттеуші және бекіту арматурасын, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану талаптарына және нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға сай келмейтін жабдықты жеткізушімен келіспей орнату, қосу және пайдалану;

      2) қолда бар жылу энергиясын есепке алу схемасын бұзуға;

      3) жылыту жүйелерiндегi жылу тасығышты тікелей мақсаты (жүйеден және жылыту құралдарынан суды ағызуға) бойынша пайдаланбауға;

      4) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, бекіту және реттеуіш арматураны және айналмалы сорғыларды орнатуға және/немесе бұзуға тыйым салынады.

      20. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

6-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      21. Жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөнінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тұтынушы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүргізеді.

      22. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен хабардар етеді.

      23. Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес екі жақты қол қойылған орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ұсынылған шот-фактураны алғаннан кейін Өнім беруші нақты ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді.

      24. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлемақы осы берешектi өтеуге жұмсалады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім беруші алдындағы Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, Тұтынушының Өнім беруші алдындағы (eгep осындай болса) өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалатын сомаларды қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.

      25. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы салдарынан және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда, Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.

      26. Төлем құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақшаның есептелуі Өнім берушінің жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.

7-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi

      27. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      28. Шарттың 31-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бойынша төлем мерзімі басталған кезге шотты төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемеден аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.

      29. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.

      30. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      31. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соғатын еңсерілмейтін күш жағдайлары (көздеу немесе алдын алу мүмкін емес дүлей зілзала немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, ереуілдер және т.б. басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кейін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған, еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін нақтылайтын және сипаттамасын жазбаша хабарламаны табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      32. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      33. Тұтынушымен Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған шарт жеке тәртiппен жасалады.

      34. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе жалпы немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты іс-қимылға байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында, Тараптардың кез келгенi екiншi Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар бүкіл дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.

      35. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      36. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      37. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, әрбір тарап үшін бір данадан екі данада жасалады.

      38. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi

      39. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және 20_ жылғы "__" ____________________________ дейiн қолданылады.

      40. Шарттың қолданылу мерзiмi жылу энергиясын беру және/немесе тарату көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлiмдece, шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

      Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары

Өнім беруші:
_________________________

Тұтынушы:
____________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына бұйрығына
13-қосымша

Магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге арналған үлгiлік шарт

________________________
(шарт жасалған жер)

20_ жылғы "__" ________

      Бұдан әрi оператор деп аталатын, магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн (поездарды өткізу және олардың қозғалысы үшін магистральдық темiржол желiсiн пайдалануға байланысты)

      ұсынатын _______________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негізiнде әрекет ететiн

      __________________________________________________________ бір тараптан лауазымы,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) және бұдан әрi тасымалдаушы деп аталатын ____________________________________________________________________ (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________ екінші тараптан, мына төмендегілер (лауазымы, А.Ә.Т.) туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шарттың нысанасы

      1. Оператор Шартқа сәйкес магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн ұсынады, тасымалдаушы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде оларға ақы төлейдi.

      2. Магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн ұсынуға арналған шарт тасымалдаушымен жеке тәртiппен жасалады.

2-тарау. Магистральдық темiржол желiсiн пайдалануға беру жөнiнде қызметтер көрсету тәртiбi мен шарттары

      3. Тасымалдаушының операторға магистральдық темiржол желiсiн пайдалану құқығын алуға өтiнiм беруi, оны қарау мен пойыздардың қозғалыс кестесiне енгiзу Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасына және осы мәселелердi регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес жүргiзiледi.

      4. Тасымалдаушының пойыздар қозғалысының учаскелерi бойынша оператор бекiткен пойыздар қозғалысының кестесiнен үзiндi-көшiрме осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

      5. Белгiлеген тәртiппен оператор бекiткен пойыздар қозғалысы кестесiнiң негiзiнде, тасымалдаушы тасымалдау мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн пайдалануға арналған өтiнiмде көрсетiлген пойыздар параметрлерінің өзгерiстерi туралы мәлiметтердi де қамтитын тасымалдар жоспарын операторға ұсынады.

      Тасымалдар жоспары _______________________________________________________

      (берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________________

      (оператордың жауапты тұлғасы және/немесе тасымалдаушының пойызын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлiмшесi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________берiледi.

      6. Белгiленген тәртiппен оператор бекiткен пойыздар қозғалысы кестесiнiң негiзiнде тасымалдаушы тасымалдарының техникалық жоспарында көрсетiлген тасымалдау мерзiмiне дейiн – тәулiк/сағат бұрын операторды пойызды техникалық және/немесе коммерциялық тексеруге берудiң уақыты туралы хабардар етедi.

      Хабарлама_________________________________________________________________

      (хабарлама берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________________

      (оператордың жауапты тұлғасы және/немесе тасымалдаушының пойызын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлiмшесi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________ берiледi.

      7. Егер Тасымалдаушының құрамды қалыптастыруды-таратуды (вагондарды өңдеудi), вагондарды ағымдағы ағытып жөндеудi дербес жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, оператор осы қызметтердi тасымалдаушыға тасымалдардың техникалық жоспарымен бiр мезгiлде берiлетiн тасымалдаушының өтiнiмдерi бойынша көрсетедi.

      Өтiнiм ____________________________________________________________________

      (берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________________

      (оператордың жауапты тұлғасы және/немесе тасымалдаушының пойызын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлiмшесi көрсетiледi)

      ________________________________________________________________________ берiледi.

      8. Жылжымалы құрамды магистральдық темiржол желiсiне жiберген кезде тасымалдаушы темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен жылжымалы құрамға арналған есепке алу құжатын операторға ұсынады.

      9. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бiр данасын таcымалдаушы пойызды жөнелтетiн станциядағы операторға бередi.

      Тасымалдау құжаттарының негiзiнде оператор пойыздың заттық парағын_____ данада ресiмдейдi.

      10. Қатынас жолындағы пойыз құрамының барлық өзгерiстерi туралы оператордың өкiлдерi пойыздың заттық парағының барлық данасына белгi соғады.

      11. Пойыз межелi станцияға келгеннен кейiн тасымалдаушы Операторға пойыздың заттық парағының ____ данасын және тасымалдау құжаттарын ____ данадан бередi.

      12. Пойыздың межелi станциясында оператор есептелген төлемдердiң дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады.

      13. Пойыздың тасымалдау құжаттары мен заттық парағы осы Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактiлерiн және олардың iс жүзiндегi көлемiн растайтын құжаттар болып табылады және магистральдық темiржол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн түпкiлiктi есеп айырысулар жүргiзуге негiз болады.

      14. Тасымалдаушының диспетчерлiк қызметiне оператордың тасымалдау процесi мен вагон ағындарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы пойыздарының қозғалысын, қозғалыс кестесінің орындалуын бақылау үшін қажет ақпарат беруi

      ________________________________________________________________________________

      (ақпарат берудiң мерзiмi көрсетiледi)

      тасымалдаушының әрбiр өтiнiшi бойынша жеке _______________________________________

      (ақпарат берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      жүзеге асырылады.

3-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      15. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша жүргізіледі.

      16. Магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне ақы төлеуді тасымалдаушы есепті айдың әрбір онкүндігі басталғанға дейін оператордың кіріс шотына жүк тасымалының мөлшерлес бөлінген айлық көлемінен 100% алдын ала төлем шартымен күнтізбелік он күнде бір рет жүргізеді

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсету үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісінің қызметтері көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей магистральдық теміржол желісінің көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін жасалған екіжақты актінің, сондай-ақ оператор ұсынған "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі арқылы Оператор жазып берген электрондық шот-фактураның негізінде жүргізіледі.

      18. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, тасымалдаушы операторға төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      19. Оператордың кiнәсiнен осы Шартта көзделген көлемнен кем көлемде магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге байланысты тасымалдаушы артық төлеген соманы қайтаруды оператор кешiктiрген жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасының тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      20. Магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу бойынша тасымалдаушының мiндеттемелерiн орындау

      ________________________________________________________________________________

      (тасымалдаушының тиесілі төлемдердiң бүкіл сомасын оператордың шотына енгiзу фактiсi көрсетiледi)

      ___________________________________________________________ фактiсi танылады.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      21. Оператор:

      1) тасымалдаушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тасымалдаушы осы қызметтердi көрсетудi нақты тоқтатқанға дейiн күнтізбелік бес күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етiлген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетудi тоқтатуға;

      2) магистральдық темiржол желiсiнiң ұсынылатын көрсетілетін қызметтерi үшiн ақыны уақтылы алуға;

      3) тасымалдаушының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;

      4) тасымалдаушыдан магистральдық темiр жол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге acыpy үшiн қажетті ақпарат алуға;

      5) табиғи және техногендiк сипаты бар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға кедергi келтiретiн төтенше жағдайлар мен өзге де жағдайлар енгiзiлген кезде тасымалдаушы дербес не уәкiлеттi органдардың шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асыратын тасымалдарды уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      Бұл ретте оператор тасымалдаушыны жылжымалы құрамды уақытша тоқтатуға не оған қол жеткiзуге шектеу бойынша қабылданған шешiм туралы себептерiн көрсете отырып, жазбаша түрде бір күндік мерзімде хабардар етедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      22. Оператор:

      1) Тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн ұсыну жағдайларынан басқа, магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;

      2) жүктердiң тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) поездардың қозғалыс кестесiн, технологиялық нормаларды, техникалық-бөлу актiлерiн, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;

      4) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн қоспағанда, магистральдық темiржол желiсiнің көрсетілетін қызметтерiнiң тасымалдаушымен келiсiлген көлемiнiң орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Магистральдық темiр жолжелiсiнің көрсетілетін қызметтерiнiң тасымалдаушы мәлiмдеген көлемiн нақты мүмкiндiктерден асырып жiберген жағдайда, оператор Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етеді;

      5) тасымалдаушы поезының қатынас жолдарындағы магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн Шартта көзделген мерзiмдер мен талаптарға сәйкес көрсетуге;

      6) осы Шарт бойынша қызметтер көрсету кезiнде Тасымалдаушының диспетчерлiк қызметiне тасымалдау процесi мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесiн орындау үшiн қажеттi ақпараттар берудi жүзеге асыруға;

      7) қауiпсiздiк пен технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темiржол желiсiнiң белгiленген сападағы қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз етуге;

      8) ұсынылатын көрсетілетін қызметтердiң сапасы мен санын есепке алу мен оған бақылау жүргiзуге, қызмет көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде шараларды уақтылы қабылдауға;

      9) магистральдық темiржол желiсiнiң объектiлерiн поездарды белгiленген жылдамдықтармен қауiпсiз өткiзудi қамтамасыз ететiн жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге;

      10) магистральдық темiржол желiсiнің Қазақстан Республикасының темiр жолдарын техникалық пайдалану қағидаларының және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11897 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6954 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7021 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты және теміржол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау;

      12) тасымалдаушыны магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;

      13) тасымалдаушыны себептерiн көрсете отырып, жылжымалы құрамға қол жеткiзудi уақытша тоқтату немесе шектеу туралы қабылданған шешiм туралы бір күн мерзімде жазбаша хабардар етуге;

      14) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темiржол желiсiне жiберуге жол бермеуге;

      15) қатынас жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темiр жолкөлiгi саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жүктi сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;

      16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететiн персоналдың темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тасымалдаушының персоналын тасымалдау процесiне жiбермеуге;

      17) тасымалдаушы өтiнiмiнiң негiзiнде поездар қозғалысының кестесiн әзiрлеуге және бекiтуге;

      18) бекiтiлген қозғалыс кестесiне, қалыптастыру жоспарына және белгiленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкiндiктердi келiсудi қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;

      19) магистральдық темiржол желiсiнiң жарамды жағдайда үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;

      20) тасымалдаушыға магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге байланысы жоқ қызметтердi, сондай-ақ үшiншi тұлғалармен мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша шарттарды жүктемеуге мiндеттi.

      23. Тасымалдаушы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес магистральдық темiржол желiсiн пайдаланудың тең құқығын алуға;

      2) Шарттың талаптарына сәйкес қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын көрсетілетін қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темiржол желiсiнiң белгiленген сападағы көрсетілетін қызметтерiн алуға;

      3) осы Шарттың мерзiмi мен талаптарына сәйкес поездың қатынас жолындағы магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн алуға;

      4) оператордан поездардың қозғалыс кестесiндегi шартта көзделген магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетудiң мерзiмi мен шарттарын өзгертуге алып келетiн өзгерiстер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты оператор көрсетiлген өзгерiстердi (дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар) енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей алуға;

      5) оператордан тасымалдау процесi мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесiн орындау үшiн ақпарат алуға;

      6) оператордан магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде өзгерту туралы ақпарат алуға;

      7) оператордың кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;

      8) Оператордың вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмiн қабылдауы туралы себептерi көрсетілген ақпарат алуға;

      9) магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетумен байланысы жоқ қызметтерден, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың алдында мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша талаптардан бас тартуға;

      10) оператордың осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      24. Тасымалдаушы:

      1) магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11257 болып тіркелген) Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларының, Жүктерді тасымалдау қағидаларының, нормативтік құқықтық актілерде көзделген темір жол жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) операторға магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшiн ақпарат ұсынуға;

      4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекiтiлген кестесiн, техникалық-бөлу актiлерiн, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;

      5) техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6954 болып тіркелген) Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7021 болып тіркелген) поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және теміржол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауға орындауға;

      6) операторға осы Шарт бойынша қызметтер алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлерiне арналған лицензия және қауіпсіздік серитификатын ұсынуға, сондай-ақ операторды көрсетiлген құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру не күшiн жою туралы уақтылы хабардар етуге;

      7) оператордың поездар қозғалысының қауiпсiздiк талаптарын, қозғалыс кестесiнiң нормативтерiн, поездарды қалыптастырудың жоспары мен тәртiбiн, магистральдық темiржол желiсiнiң инфрақұрылымдық желiлiк бөлiмшелерi жұмысының технологиялық процестерiн қамтамасыз етуге қатысты өкiмiн орындауға;

      8) осы Шартта көзделген мерзiм мен талаптарды сақтауға;

      9) Операторды магистральдық темiржол желiсiн пайдалануға арналған тараптармен келiсiлген өтiнiмдерде көзделген көрсетілетін қызметтердi алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмде жазбаша нысанда хабардар етуге;

      10) операторға магистральдық темiржол желiсi объектiлерiнiң табылған ақаулары, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың Техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы туралы хабарлауға;

      11) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның магистральдық темiржол желiсiн пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;

      12) магистральдық темiржол желiсi қызметтерiн алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi болмауы жағдайларын қоспағанда, тасымалдау көлемiнiң жоспарында мәлiмделгендердiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      13) оператордың тасымалдау процестерiн орталықтан басқару жөнiндегi нұсқауын сақтауға;

      14) тасымалдау процесiне байланысты қызметкерлер бiлiктiлiгiнiң темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      15) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға жылжымалы құрамның сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      25. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      26. Өсiмпұлды төлеу тасымалдаушыны операторға Шарттың талаптарына сәйкес есептелген төлемдердi енгiзуден босатпайды.

      27. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша iс жүзiнде қызметтер көрсету басталатын уақытқа дейiн шарт бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылуға тиiстi уақыттың iшiнде алдын ала төленген сомадан тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      28. Тасымалдаушы осы Шарттың талаптарымен көрсетілетін қызметтерді алудан бас тарту туралы операторды хабардар ету мерзімін сақтамаған жағдайда, операторға көрсетілетін қызметті алудан бас тарту сәтінен бастап магистральдық темір жол желісінің көрсетілетін қызметтерінің жоспарланатын көлемі үшін есептелетін төлем сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде айыппұл төлейді.

      29. Оператор тасымалдаушыны поездар қозғалысы кестесiнiң өзгергенi туралы хабардар ету мерзімiн сақтамаған кезде, тасымалдаушыға алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

      30. Оператордың және (немесе) тасымалдаушының міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты үшінші тұлғаға келтірілген залалды тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде өтейдi.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      31. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      32. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

7-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      33. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе жалпы, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      35. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      36. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      37. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

8-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын тоқтату тәртiбi

      38. Шарт 20___жылғы "___" _______сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      39. Егер Тараптардың бірі бұл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі көрсетілетін қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары

Оператор:
_____________________
_____________________

Тасымалдаушы:
_____________________
_____________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
14-қосымша

Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

__________________________
(шарттың жасалған орны)

20 жылғы "___" __________

      Бұдан әрi Тармақ иеленушi деп аталатын, жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді көрсететін _______________________________________________ (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      ______________________________________________________________________ лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бiр тараптан және бұдан әрi Тармақ пайдаланушы деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (көрсетілетін қызметтердi тұтынушы субъектінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________ негiзiнде әрекет ететін ____________________________________________________________________ (лауазымы, А.Ә.Т.) екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Тармақ иеленушi Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлейдi.

      3. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жол ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға Шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртiппен жасалады.

3-тарау. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттары

      4. "Кipмe жолдың шекарасы" деген белгi ____________________________ жаққа қарай

      (кiрме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кiрме жолдың немесе біріктіретін жолдың немесе басқа жалғастыру жолының атауын көрсету) ________ ұзақтықтағы жалғастыру бағыттағышынан ________ м қашықтықта орнатылады.

      5. Жылжымалы құрамның жүруі үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолдың ұзындығы _____ метрді құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жолақты бөлу шекарасында кiрме жол мен құрылыстар алаңы ______ шаршы метр жер учаскесiн алады.

      7. Кiрме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасын және осы мәселелердi регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтай отырып жүргiзiледi.

      8. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну тармақ иеленушiнiң алдын ала хабарламасы бойынша жүргiзiледi.

      Хабарлама ________________________________________________ берiледi. (хабарлама беру тәртiбi)

      Хабарлама нақты берілгенге дейін ___ (тәулік, сағат) кешіктірмей беріледі.

      9. 20 _ жылғы ___________________ үшін ______________________ кірме жол бойынша, оның ішінде айдың 25-күнінен кешіктірілмей берілетін өтінімге сәйкес айлар бойынша өту үшін жоспарланған вагондардың мәлiмделген саны:

      1-ай _______ вагон;

      2-ай _______ вагон;

      ..….._______ вагон.

      Бұл ретте, тармақ иеленуші күнтізбелік 15 күн ішінде бір айға мәлімделген вагондар санын түзетуге құқылы.

      Мәлімделген көлемнен асып кеткен жағдайда, тармақ пайдаланушы қосымша көлемге өтінім береді, сондай-ақ осы шарттың 14-тармағына сәйкес енгізілген алдын ала төлемді растауды хабарламамен ұсынады.

      10. Тармақ иеленушiнiң кiрме жолына бiр мезгiлде берiлетiн тармақ пайдаланушының вагондарының саны___________вагоннан аспайтын болып белгiленедi.

      11. Кiрме жол арқылы өткен вагондардың санын тармақ иеленушi тармақ пайдаланушының қатысуымен тiркейдi және есепке алады. Ол үшiн екi данада акт (немесе ведомость) жасалады, олардың бiреуi тармақ иеленушiде қалады, екiншiсi тармақ пайдаланушыға берiледi. Бір ай ішiндегi жұмыстың қорытындылары бойынша орындалған жұмыстардың актiсi жасалады, ол тармақ пайдаланушыға шот беру үшiн негiз болып табылады.

      12. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды оның құрылысының кезеңiнде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну, кiрме жол жұмысының қысқа мерзiмдi шартының талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

4-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      13. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша жүргiзiледi.

      14. Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы ай сайынғы өтінім берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленуге жататын вагондардың мәлімделген айлық санына сәйкес алдын ала ақы төлеудің 50% шартымен жүргізеді.

      15. Жылжымалы құрамының жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ай сайын күнтізбелік 10 күнінен кешіктірмей өткізілген вагондар мен берілген шот-фактуралардың нақты саны бойынша көрсетілген қызметтердің актілеріне тараптар қол қойғаннан кейін жүргізіледі.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      16. Тармақ иеленушi:

      1) тармақ пайдаланушы заңнамада және/немесе осы Шартта көзделген шарттарды бұзған жағдайда, осы қызметтердi iс жүзiнде көрсеткенге дейiн күнтізбелік бес күннен кешiктiрмей тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерді көрсетудi тоқтатуға;

      2) ұсынылатын қызметтер үшiн уақтылы ақы алуға;

      3) тармақ пайдаланушының кiнәсiнен келтiрiлген залалды өтеуді талап етуге;

      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7020 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кірме жолдарды пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес кірме жолдарды пайдалануды тоқтата тұруға;

      5) тармақ пайдаланушы күнтізбелік бес күннен асатын мерзiмге төлемдердi кешiктiрген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      17. Тармақ иеленушi:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушыларға жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерге қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;

      2) жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес көрсетудi қамтамасыз етуге;

      3) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiнiң болмауы жағдайларын және кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне қауiп төну жағдайларын қоспағанда, жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөнiндегі көрсетілетін қызметтердің тармақ пайдаланушы мәлімдеген көлемiн орындауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердiң тармақ пайдаланушы мәлiмдеген көлемiн нақты мүмкiндiктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленушi Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігін ескере отырып қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

      4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын бақылауды жүргізу, қызмет көрсетудің бұзылуын болдырмау және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      5) поездардың белгiленген жылдамдықпен қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн жағдайда кiрме жол элементтерiн тұрақты күтіп ұстау үшiн кiрме жолды, оның құрылыстарын және құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделi, орташа және көтерме жөндеулерiн жүргiзуге;

      6) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтiк құқықтық актілердiң шегiнде кiрме жолды, бағыттамалы бұрмаларды және өтпелердi қардан, шөптен және ластардан тазалауды жүргiзуге;

      7) кiрме жолдардың Техникалық пайдалану қағидаларының және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      8) тармақ пайдаланушыны Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгерістері туралы хабардар етуге;

      9) тармақ пайдаланушыны вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгiленген мерзiмде себептерiн көрсете отырып, хабардар етуге;

      10) кірме жолдарға заңнама талаптарына сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермеуге;

      11) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      12) тармақ пайдаланушыға жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсетуге байланысты емес көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың алдында мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша шарттарды мәжбүрлемеуге;

      13) өзiне тиесiлi кiрме жолдардың күзетiн қамтамасыз етуге.

      18. Тармақ пайдаланушы:

      1) жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тармақ иеленушiнiң кiрме жолын пайдалануға ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi тең пайдалану құқығын алуға;

      2) осы Шарттың талаптарына сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгiленген сапада алуға;

      3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы тармақ иеленушіден ақпарат алуға;

      4) тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      5) тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу жөнінде себептерi көрсетіліп қабылданған шешiмдер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде алуға;

      6) тармақ иеленушiнiң осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      19. Тармақ пайдаланушы:

      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушiнiң жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолдарды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) тармақ иеленушiмен қауiптi және разрядты жүктерi бар вагондарды кiрме жолдар арқылы өткiзудi келiсуге, сондай-ақ оның күзетiн (бiрге жүрудi) қамтамасыз етуге;

      3) жоғары осьтiк жүктемесi бар вагондарды немесе цистерналарды тармақ иеленушiнiң жазбаша рұқсатымен кiрме жолдар арқылы өткiзуге;

      4) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның кiрме жолдарды пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;

      5) жылжымалы құрамның жүруi үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiгi болмаған жағдайды және кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне қауiп төнген жағдайларды қоспағанда, тармақ иеленушiнiң мәлiмделген көлемнiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      6) осы Шарт бойынша құқықтарды тармақ иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға бермеуге;

      7) шот-фактуралар мен орындалған жұмыстардың актілерін алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей есептi кезең iшiндегi өзара есеп айырысуға салыстыру жүргiзуге;

      8) тармақ иеленушімен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

6-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу

      20. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      21. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.

      22. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушiге ақы төлеу күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      23. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленушi тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиiс уақыттан бастап қызметтер көрсету iс жүзiнде басталған уақытқа дейiн алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      24. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерді орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      25. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8-тарау. Жалпы ережелер

      26. Осы Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тарап бұл туралы екінші тарапқа күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.

      27. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе жалпы немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      28. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      29. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      30. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір данадан жасалады.

      31. Тараптардың келісімі бойынша шарт үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату тәртібі

      32. Шарт 20___жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      33. Егер Тараптардың бірі бұл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары

Тармақ иеленушi:
__________________________
__________________________

Тармақ пайдаланушы:
__________________________
__________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
15-қосымша

Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлiк жұмыстар, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған үлгiлік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20__ жылғы "__"________

      Бұдан әрi – Тармақ иеленушi деп аталатын, тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операцияларыүшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерді көрсететін ________________________________________________________________________________

      лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      ____________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      ________________________________________________________ бiр тараптан (лауазымы, А.Ә.Т.) және бұдан әрi-Тармақ пайдаланушы деп аталатын _______________________

      ________________________________________________________________________________

      (тұтынушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________________________ екiншi тараптан (лауазымы, А.Ә.Т.) төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Тармақ иеленуші тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жол ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді Шартқа сәйкес ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгiленген тәртiпте және мерзiмдерде ақы төлейдi.

      3. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жол ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарт тармақ иеленушімен жеке тәртіпте жасалады.

3-тарау. Қызметтерді көрсету тәртiбi мен шарттары

      4. "Кiрме жолдың шекарасы" деген белгi _______________________________________

      _____________________________________________________________________ жаққа қарай (кiрме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кiрме жолдың немесе біріктіретін жолдың немесе басқа жалғастыру жолының атауын көрсету)

      ________ ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан _____ м қашықтықта орнатылады.

      5. Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолының ұзындығы ________ метрді құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бөлінген белдеу шекарасында кiрме жол мен құрылыстар алаңы, _______ шаршы метр жер учаскесiн алады.

      7. Кiрме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасын және осы мәселелердi регламенттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерін сақтай отырып жүргiзiледi.

      8. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кiрме жолды ұсыну тармақ иеленушiнiң алдын ала хабарламасы бойынша жүргiзiледi.

      Хабарлама ______________________________________________ берiледi. (хабарлама беру тәртiбi)

      Хабарлама нақты берілгенге дейін ___ (тәулік, сағат) кешіктірмей беріледі.

      9. Кiрме жолға берілетін вагондарды ________________________________ (локомотивтiң маркасы, үлгiсi) локомотив әкеледі. Одан арғы қозғалысты ____________________________________________ (тиеу, түсiру орындары бойынша орналастырылуын немесе жоқтығын көрсету қажет) _________________________________________________ локомотив жүргiзедi.

      10. Жүктер мен вагондарды өткiзу және қабылдау ____________________

      ______________________________________________ негiзiнде жүргiзiледi. (құжаттың түрi)

      11. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн тармақ иеленушінің 20____жылғы __________________ оның ішінде айдың 25-күнінен кешіктірмей, айлар бойынша берілетін өтінімге сәйкес вагондардың мәлiмделген саны:

      1-ай ______ вагон;

      2-ай ______ вагон;

      ........______ вагон;

      Бұл ретте тармақ пайдаланушы күнтізбелік 15 күн ішінде бір айға мәлімделген вагондар санын түзетуге құқылы.

      Мәлімделген көлемнен асып кеткен жағдайда, тармақ пайдаланушы қосымша көлемге өтінім береді, сондай-ақ осы шарттың 14-тармағына сәйкес хабарламамен енгізілген алдын ала төлемді растай отырып хабардар етеді.

      12. Тармақ иеленушiнiң кiрме жолына бiр мезгiлде берiлетiн вагондар саны кемінде ________________ вагон (ось) болып белгiленедi.

      13. ______________ вагонның тиеу-түсiру орындарының сыйымдылығы.

      14. _______________________________ вагонды (осьтi) маневрлiк жылжулары мен тиеу-түсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу мүмкiндiгi ескере отырып жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдың сыйымдылығы.

      15. Кiрме жолға келетiн және одан кететiн вагондардың санын тармақ иеленушi тармақ пайдаланушының қатысуымен тiркейдi және есепке алады, ол үшiн екi данада акт (немесе ведомость) жасалады, оның бiреуi тармақ иеленушiде қалады, екiншiсi тармақ пайдаланушыға берiледi. Бiр ай iшiндегi жұмыстың қорытындылары бойынша орындалған жұмыстардың актiсi жасалады, ол тармақ пайдаланушыға (уақытты есепке алу карточкасын мiндеттi түрде ресiмдей отырып) шот беру үшiн негiз болып табылады.

      Кiрме жолға жылжымалы құрамды беру және кiрме жолдан вагондарды әкету нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес айқындалатын уақыт аралығында жүргізiледi.

      16. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кiрме жолды оның құрылысы кезеңiнде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну кiрме жол жұмысының қысқа мерзiмдi шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкiн.

4-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      17. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша жүргізіледі.

      18. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы ай сайынғы өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленуі тиіс вагондрдың айлық мәлімделген санына сәйкес ақысын 50% алдын ала төлеу шартымен жүргізеді.

      19. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кiрме жолды ұсыну қызметін көрсету үшін түпкілікті есеп айырысу көрсетiлген қызметтердiң iс жүзiндегi көлемi жөнiндегi көрсетілген қызметтер актiлеріне және берiлген шот-фактураларға тараптар қол қойғаннан кейiн ай сайын күнтiзбелiк 10 күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      20. Тармақ иеленушi:

      1) тармақ пайдаланушы заңнамада және/немесе осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушыны осы көрсетілетін қызметтерді нақты тоқтатқанға дейiн кемiнде күнтізбелік бес күн бұрын жазбаша хабардар еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетудi тоқтатуға;

      2) ұсынылатын қызметтер үшiн уақтылы төлем алуға;

      3) тармақ пайдаланушының кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7020 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кірме жолдарды пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес кірме жолдарды пайдалануды тоқтата тұруға;

      5) тармақ пайдаланушы күнтізбелік бес күннен асатын мерзiмге төлемдердi кешiктiрген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық жасауға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      21. Тармақ иеленушi:

      1) тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген, жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолдың қызметтерiн ұсыну жағдайларын қоспағанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәрттіппен тармақ пайдаланушыларға тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолдың қызметтерiн ұсыну бойынша қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерге қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;

      2) қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қызметтер көрсетудi қамтамасыз етуге;

      3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайларды және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, тармақ пайдаланушы мәлімдеген қызметтер көлемінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы өтінім берген кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемі іс жүзінде мүмкіндігінен асып кеткен жағдайда тармақ иеленуші кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      4) ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен санын есепке алуға және оларға бақылау жүргiзуге, қызметтер көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;

      5) кiрме жолды, бағыттамалық бұрмалар мен өтпелердi, оның құрылыстары мен құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстауды, оларға күрделi, орташа және көтерме жөндеулерiн жүргiзуге;

      6) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiлеген шекте кiрме жолды қардан, шөптен және ластардан тазалауды жүргiзуге;

      7) кiрме жолдардың Техникалық пайдалану қағидаларының және санитариялық нормалар мен өзге де нормативтiк құқықтық актілердің талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      8) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгерістері туралы тармақ пайдаланушыны хабардар етуге;

      9) тармақ пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде себептерiн көрсете отырып, кiрме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiмдер туралы хабардар етуге;

      10) өзiне тиесiлi кiрме жолдарды күзетудi қамтамасыз етуге;

      11) кірме жолдарға заңнама талаптарына сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермеуге;

      12) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      13) тармақ пайдаланушыға маневрлiк жұмыстар, тиеу-түсiру, басқа да тасымалдау процесiнiң технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшiншi тұлғалармен мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн жағдайларда қосымша шарттарды мәжбүрлемеуге;

      14) кiрме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшiн ұсынған жағдайда, тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тежегiш табандарды ұсынуға;

      15) кiрме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшiн ұсынған жағдайда тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамын күзетудi қамтамасыз етуге.

      22. Тармақ пайдаланушы:

      1) кiрме жолдардың көрсетілетін қызметтерiн тең пайдалану құқығын алуға;

      2) осы Шарттың талаптарына сәйкес тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгiленген сапада алуға;

      3) тармақ иеленушіден Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы ақпарат алуға;

      4) тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде тармақ иеленушiнiң кірме жолдарына вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiмдер туралы себептерi көрсетілген ақпаратты алуға;

      6) тармақ иеленушiнiң осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      23. Тармақ пайдаланушы:

      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушiнiң қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның кiрме жолдарды пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;

      3) тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жол ұсыну жөнiндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiнiң болмаған жағдайда және тармақ иеленушiнiң кiрме жолда қауiпсiз емес қозғалысы жағдайын қоспағанда, мәлiмделген көлемдердiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      4) осы Шарт бойынша құқықтарды тармақ иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға бермеуге және табыс етпеуге;

      5) шот фактуралар мен орындалған жұмыс актілерін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде есептi кезең үшiн өзара есеп айырысуларға салыстырып тексеру жүргiзуге;

      6) бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрам тұрағының қызметтерiн алу кезiнде тежегiш табандардың сақталуын және жылжымалы құрамның бекiтiлуi дұрыстығын қамтамасыз етуге;

      7) тармақ иеленушімен қарым-қатынаста Қазқастан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

6-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу

      24. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      25. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.

      26. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушiге ақы төлеу күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешектiң сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      27. Белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметтерді ұсынбаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      28. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      29. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтірген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала жазбаша хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8-тарау. Жалпы ережелер

      30. Осы Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тарап бұл туралы екінші тарапты күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуі тиіс.

      31. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      32. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      34. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір данадан жасалады.

      35. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату тәртібі

      36. Шарт 20___жылғы "___" _______ сағат 00:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      37. Егер Тараптардың бірі бұл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары

Тармақ иеленуші:
_________________________
_________________________

Тармақ пайдаланушы:
_________________________
_________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
16-қосымша

Суды магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт

___________________________
(шарттың жасалған орны)

20 "____" _____________________

      Бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) ұсынатын ______________________________________________________ атынан (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________________________________ бір тараптан және лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________________________________________ екінші тараптан (лауазымы, А.Ә.Т.) бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

      есепке алу аспаптарын тексеру – есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, техникалық талаптарға сай келуін анықтау және растау, олардың көрсеткіштерін алу, сондай-ақ пломбылардың болуы мен бұзылмағандығын растау мақсатында Өнім беруші өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;

      есеп айырысу кезеңі – Шартта Тұтынушымен көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізілетін, айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі болып белгіленген кезең;

      магистральдық құбыржол және (немесе) арна – суды су жинақтағыштан су таратқыштарға дейін (суды магистральдық құбыржолдан және (немесе) арнадан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;

      пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – Тараптар келісімімен белгіленетін, жүйелердің элементтерін пайдалану үшін міндеттердің (жауапкершіліктің) белгілері бойынша магистральдық құбыржолдың және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілік шекарасы бойынша белгіленеді;

      су берудің жылдық кезеңі – 12 есеп айырысу кезеңін қамтитын, ұзақтығы күнтізбелік бір жыл су беру;

      судың ең аз айлық көлемі – Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, № 1 қосымшада көзделген судың айлық көлемдері;

      судың ең аз жылдық көлемі – су берудің жылдық кезеңі ішінде Тұтынушының қабылдауы үшін міндетті, Тараптар Шарттың 2-тармағына сәйкес, магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арна арқылы су беру үшін қарастыра алатын су көлемі;

      теңгерімдік тиісілілікті бөлу шекарасы – магистральдық құбыржолдың және (немесе) арна жүйелерінің элементтерін иелері арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгілері бойынша бөлу сызығы;

      толық қабылданбаған су көлемі – судың ең аз айлық көлемі мен Тұтынушы нақты қабылдаған су көлемі арасындағы айырмашылық;

      толық мәлімделмеген су көлемі – судың ең аз айлық көлемі мен есепті есеп айырысу кезеңіне Тұтынушы мәлімдеген су көлемі арасындағы айырмашылық;

      төлем құжаты – осының негізінде ақы төленетін Өнім берушінің құжаты (есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, шот-фактура, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);

      тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы.

      Осы шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1 қосымшаға сәйкес айларға бөле отырып,

      ________________________________________________________________________________

      (магистральдық құбыржолдың және (немесе) арнаның атауы)

      сапаға қойылатын мына талаптарға жауап беретін және төменде келтірілген көлемдерде магистральдық құбыржолдар және (немесе) арна арқылы су беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді:

Жыл

Магистральдық құбыржолдың және (немесе) арнаның атауы

судың сапасы (судың атауын көрсету қажет: техникалық немесе ауыз су)

көлемі, текше метр





3-тарау. Қызметтерді көрсету шарттары

      4. Тұтынушыға қызметтер көрсету магистральдық құбыржолдың және (немесе) арнаның ________________ км учаскесінде жүргізіледі.

      (учаске атауы)

      5. Шарт тұтынушымен оның магистральдық құбыржолдар және (немесе) арна жүйелеріне қосылған қажетті жабдықтары болған кезде жеке тәртіппен жасалады.

      6. Есепке алу торабының алдындағы бұрама басына орнатылған ысырмалар және/немесе су бөлу орны (гидропост) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      7. Қызметтерді көрсету:

      1) авариялық жағдайда не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнген;

      2) Өнім берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылған;

      3) есепті кезеңнен кейінгі бір айдың ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбеген;

      4) Өнім берушінің өкілдерін есепке алу аспаптарына қатарынан бірнеше рет жібермеген;

      5) құбыржолдарына зарарсыздандыру жүргізу қажет болған жағдайларда;

      6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, қызмет көрсетуді тоқтатқанға дейін кемінде бір ай бұрын Тұтынушыға хабарланады.

      8. Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қызмет көрсетуді қалпына келтіру Өнім беруші туындаған бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі.

      Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тұтынушыны жаңадан қосу Өнім берушінің жүйелеріне заңсыз қосылғаны үшін айыппұл төлегеннен кейін, Өнім берушінің жүйелеріне қосылуға техникалық талаптарды орындағаннан кейін және қосылу үшін төлем енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін тұтынушыға көрсетілетін қызмет ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, жаңадан қосу борышты өтегеннен кейін және қосылу үшін төлемақы енгізгеннен кейін жүргізіледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметтердің құны және ақы төлеу тәртібі

      9. Осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шекті деңгейлері бойынша жүргізіледі.

      10. Төлемақыны Тұтынушы нақты көрсетілген қызметтердің мөлшері үшін төлем құжаты негізінде ай сайын есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімдерде Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша жүргізеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді босатуды және тұтынуды есепке алу

      11. Көрсетілетін қызметтің босатылған мөлшері белгіленген тәртіпте тексеруден өткен есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Аспаптар _____________ бастап __________ дейінгі кезеңге _____________________________ орнатылған.

      (учаскенің (құбыржолдың) атауы)

      12. Тұтынушыны есепке алу аспабынсыз, Өнім берушінің рұқсатымен уақытша тікелей қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда босатылған қызмет мөлшерін Өнім беруші тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен белгілейді.

      13. Тұтынушының кінәсінен болмаған, есепке алу уақытша бұзылған кезде көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу алдыңғы есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.

      Мұндай жағдайда есепке алуға соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап бұзушылық анықталған немесе оны жою кезіне дейінгі кезең есеп айырысу кезеңі деп есептеледі.

      14. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызмет көлемдерін есепке алуды бұзу фактілері анықталған кезде, Өнім беруші соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап бұзушылық анықталған күнге дейін, бірақ магистральдық құбыржолдың және (немесе) арнаның тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуі кезінде оның есепке алу торабына дейінгі толық өткізу қабілетін есепке ала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметтердің тұтыну көлемдеріне қайта есептеу жүргізеді.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      15. Тұтынушының:

      1) өзінің денсаулығына қауіпсіз, мүлкіне зиян келтірмейтін, Шарттың талаптарына сәйкес келетін мөлшерде және белгіленген сапада көрсетілетін қызметтерді алуға;

      2) уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) сот тәртібімен Өнім берушінің заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдануға;

      3) көрсетілетін қызметтерге тариф (баға, алым мөлшерлемесі) жобасын немесе оның шекті деңгейін талқылау үшін өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;

      4) Өнім берушіден қызметті тиісінше көрсетпеуі салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етуге;

      5) ұлттық стандарттарда және өзге нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызмет көрсетілген жағдайда, көрсетілетін қызметтер құнын қайта есептеуді талап етуге;

      6) осы Шартқа қол қойылғаннан кейін вегетациялық кезең басталғанға дейін алдын ала ақы төлеуге құқылы. Бұл жағдайда келесі ақы төлеу алдын ала төленген ақыны ескере отырып жүргізіледі;

      7) егер Өнім беруші белгіленген тәртіппен шот қоймаса, алынған қызмет үшін төлем жүргізбеуге;

      8) ұсынылған қызметке толық көлемде ақы төленген жағдайда, Өнім берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарлаған кезде, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар;

      Бұл ретте, егер Шарт судың ең аз жылдық көлемдері талаптарында жасалған болса, Өнім беруші Шарттың 32-тармағына сәйкес магистральдық құбыржолдың қосымша қуаттарының құрылысына жұмсалған шығындарды толық өтегеннен кейін Шарт бұзылуы мүмкін.

      16. Тұтынушы:

      1) Өнім берушіге судың ең аз айлық көлемін қоса алғанда, қызмет көрсетуге ұсынылатын айдың алдындағы айдың 15-күнінен кешіктірмей, қызметтер көрсетуге айлық өтінім беруге;

      2) Өнім берушіге есепті тоқсан басталғанға дейін кемінде күнтізбелік қырық бес күн бұрын, судың ең аз айлық көлемдерін қоса алғанда, жоспарланған айлық көлемдерге бөле отырып, қызмет көрсетуге тоқсандық өтінім беруге;

      3) Өнім берушіге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей, судың ең аз жылдық көлемін қоса алғанда, келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінім беруге;

      4) Өнім берушіні осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген айлық, тоқсандық немесе жылдық өтінімдерді беру мерзімдерінен кешіктірмей, алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде көрсетілетін қызметтерді тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша түрде хабардар етуге;

      5) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде төлем жүргізуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;

      7) көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған ғимараттардың, жүйелер мен есепке алу аспаптарының жұмысындағы ақаулықтар туралы Өнім берушіге, ал жүйелер құрылыстары бүлінген жағдайда – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жергілікті органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметтерге, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне дереу хабарлауға;

      8) жүйелер, аспаптар мен жабдықтардың көрсеткішертерін алу, техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      9) көрсетілетін қызметтерді тұтыну кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауға;

      10) өзінің аумағында орналасқан және Өнім беруші пломбалаған есепке алу тораптарының жарамдылығын тұрақты бақылауға, есепке алу тораптарындағы, ысырмалардағы, бұрама желілердегі және өзге құрылғылардағы пломбалардың бүтіндігін және сақталуын, өзінің иелігіндегі немесе қызмет көрсетуде пайдаланылатын сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      11) Өнім берушіні көрсетілетін қызметті тұтыну көлемінің барлық күтілетін өзгерістері туралы хабардар етуге;

      12) су беруге арналған жылдық (айлық) өтінімде Шарттың 2-тармағында көрсетілген көлемдерден кем емес судың ең аз жылдық (айлық), көлемдерін көрсетуге;

      13) суды мақсаты бойынша ғана қолдануға, техникалық суды ауыз су ретінде пайдаланған жағдайда, оны ауыз су сапасына дейін дайындауға;

      14) ай, тәулік ішінде су тұтыну кестесіне сәйкес (Тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе) суды біркелкі алуды жүргізуге;

      15) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы мен есепке алу торабының арасындағы бұрама басында кері клапан орнатуға;

      16) Өнім берушіге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның эмиссияға берген рұқсатына сәйкес ластанудың жол берілген концентрациясынан асып кетуіне, коллекторға ағызылатын судың рұқсат етілген шекті ағызудан асып кетуіне жол бермеуге міндетті.

      17. Өнім беруші:

      1) заңнамаға сәйкес Тұтынушының сақтауы үшін қажетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) уәкілетті орган бекіткен тәртіпте көрсетілетін қызметтердің тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін оларды қолдану кезеңінде төмендетуге;

      3) нәтижесінде Өнім берушінің шығындар құны ұлғаятын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, барлық Тұтынушылар үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген тәртіппен ұсынылатын қызмет көрсету тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеруге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және тексеру ұйымдастыруға;

      5) ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы алуға;

      6) есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру үшін өз өкілінің (қызметтік куәлігі бар болған кезде) Тұтынушы өкілімен бірге су тарту құрылысына кедергісіз жіберуге;

      7) егер магистральдық құбыржолының және (немесе) арнаның немесе оның инфрақұрылымының қосымша қуаттарын салуды қажет етпейтін болса, Шарттың 2-тармағында көзделгеннен артық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемдерін жеткізу мүмкіндігін қарауға құқығы бар.

      18. Өнім беруші:

      1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес сапалы, уақтылы және үздіксіз қызмет көрсетуді ұсынуды қамтамасыз етуге;

      2) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшерін есепке алуды және оған бақылау жүргізуге, көрсетілетін қызметті ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу мен жою бойынша уақтылы шаралар қолдануға;

      3) нәтижесінде Өнім берушінің шығындар құны азаятын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, аталған өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап барлық Тұтынушылар үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрсетілетін қызметтердің тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендетуге;

      4) Тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде ұсынылатын көрсетілетін қызметке ақы төлеуге төлем құжатын беруге;

      5) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгергені туралы хабардар етуге;

      6) тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша 24 сағат ішінде шаралар қолдануға;

      7) тұтынушыны көрсетілетін қызметті берудің тоқтатылуына байланысты магистральдық құбыржолдарында және (немесе) арналарда жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы кемінде 24 сағат бұрын ескертуге міндетті. Бұл ретте, Өнім беруші тұтынушыға 72 сағаттан астам көрсетілетін қызметті берудегі үзіліске жол бермеуге міндеттенеді.

      8) жүйелерді, есепке алу аспаптарын қарау кезінде, сондай-ақ тұтынушының есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде өз жұмыскерлерінің қызметтік куәліктерін ұсынуын қамтамасыз етуге;

      9) тұтынушыны көрсетілген қызметтер көлеміндегі барлық күтілетін өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

7-тарау. Тараптарға қойылатын шектеулер

      19. Тұтынушыға:

      1) жүйелер мен есепке алу аспаптары құрылыстарын Өнім берушімен келіспей қайта жабдықтауға;

      2) қолда бар көрсетілетін қызметтерді есепке алу схемаларын бұзуға;

      3) көрсетілген қызметтер көлемдерінің есебін бұзуға тыйым салынады.

      Ескертпе. Есепке алу аспаптарында, ысырмаларда, фланецті қосулар мен байпастарда орнатылған пломбалардың жұлынуы, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалайтын құралдарды орнату, есепке алу аспабын паспорттық сипаттамаларына қарағанда дұрыс пайдаланбау, есепке алу аспаптары көрсеткіштерін алдыңғы көрсеткіштеріне қарағанда кеміту, Өнім берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылу көрсетілген қызмет көлемін есепке алуды бұзу болып танылады.

      20. Өнім берушіге:

      1) жосықсыз тұтынушылардың пайдаланған қызметтер көлеміне ақы төлемеуіне байланысты, адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға;

      2) ұсынылған қызметтер үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген төлемнен асатын төлем алуға;

      3) тиісті төлем құжаттарын ұсынбай тұтынушыдан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

      4) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының талаптарына сай келмейтін, ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

      5) Шарттың 32-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тұтынушының судың ең аз жылдық көлемдерін қабылдау талаптарымен Тұтынушыдан Шарт жасасуды талап етуге тыйым салынады.

      Тұтынушының судың ең аз жылдық көлемдерін қабылдау талаптарынсыз Шарт жасасу кезінде Шартқа жылдық/айлық көлемдерге байланысты талаптар енгізілмейді.

      21. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.

      22. Осы Шарттың 19-тармағында көрсетілген бұзушылықтар тиісті Актілермен ресімделеді және оларға Тараптар қол қояды.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      23. Жабдықты тиісті түрде ұстау үшін жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.

      24. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірген шығындарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейді.

      25. Көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес мерзімі өткен берешек сомасын төлеу күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      Қызмет уақтылы және сапалы көрсетілмеген жағдайда, Өнім беруші Шартқа сәйкес көрсетілмеген қызмет сомасынан оларды төлеу күні қолданыста болатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасу кезінде жүргізіледі. Егер Тараптардың келісімімен басқаша келісілмеген болса, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26-ы күні тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы болып белгіленеді.

      26. Егер Өнім берушінің Тұтынушыға қызмет көрсете алмауы Өнім берушімен шарттық қатынаста тұрған өзге адамдардың кінәсінен болса, тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.

      27. Тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      28. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша жүргінген кезде Тұтынушыға өсімпұл есептеу мерзімі ұзартылуы мүмкін.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      29. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара шарт міндеттемелерін орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы бір-біріне хабарлап, кейіннен Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыстайды, не пошта арқылы жібереді.

      30. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      31. Магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарт Тұтынушымен жеке тәртіпте жасалады.

      32. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережелеріне қатысты тұтастай алғанда, немесе қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда, тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеу үшін бар күш-жігерін салады.

      33. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұза алады.

      34. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      35. Шарт қазақ және орыс тілдерінде екі данада әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалады.

      36. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      37. Шарт 20___жылғы "___" _______00:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      38. Егер Тараптардың бірі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын ол туралы мәлімдесе, көрсетілетін қызметті беру көлемі нақтылана отырып, Шарттың қолданылу мерзімі белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бірінің өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және сол талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

12-тарау. Тараптардың деректемелері

Өнім беруші:
_______________________
_______________________

Тұтынушы:
_______________________
_______________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
17-қосымша

Концессия шарттары бойынша темiржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге арналған үлгiлік шарт

_______________________
(шарттың жасалған орны)

20_ жылғы "__" ________

      Бұдан әрi концессионер деп аталатын, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерді ұсынушы (концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдарды ұсыну) ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________________ негізiнде әрекет ететін ______________________________________________________________________ лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бір тараптан және бұдан әрі тасымалдаушы деп аталатын _________________________________________ (тұтынушының ________________________________________________________________________________

      деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі), ____________________________________________________________________ дара кәсіпкер ____________________________________________________________________ атынан (жеке тұлғалар – дара кәсіпкерлер үшін) ретінде есепке қою туралы куәлік) ____________________________________________________________ негізiнде әрекет ететiн __________________________________________________ екінші тараптан (лауазымы, А.Ә.Т.) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      концессионер (табиғи монополиялар субъектісі) – концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      теміржол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жылжымалы құрамда тасымалдауларды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Концессионер Шартқа сәйкес концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерді ұсынады, тасымалдаушы Шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде оларға ақы төлейдi.

      3. Концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерді ұсынуға арналған шарт тасымалдаушымен жеке тәртiпте жасалады.

3-тарау. Концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттары

      4. Тасымалдаушының концессионерге концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау және поездардың қозғалыс кестесiне енгiзу Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      5. Поездар қозғалысының учаскелерi бойынша поездар қозғалысының концессионер бекiткен кестесiнен тасымалдаушының үзiндi-көшiрмесі осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

      6. Концессионер белгiленген тәртiппен бекiткен поездар қозғалысының кестесi негiзiнде тасымалдаушы концессионерге тасымалдау мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерін пайдалануға арналған өтiнiмде көрсетiлген поездар параметрлерінің өзгерiстерi туралы мәлiметтердi қамтитын тасымалдау жоспарын ұсынады.

      Тасымалдау жоспарын ______________________________________________________

      (беру нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      __________________________________________________________________________

      (тасымалдаушының поезы құрылатын станциядағы (учаскедегі) концессионердің жауапты адамы көрсетiледi) бередi.

      7. Концессионер белгiленген тәртiппен бекiткен поездар қозғалысы кестесiнiң негiзiнде тасымалдаушының тасымалдаудың техникалық жоспарында көрсетiлген тасымалдау мерзiмiне дейiн ___ тәулiк/сағат бұрын тасымалдаушы концессионерді поезды техникалық және/немесе коммерциялық қарап-тексеруге берудiң уақыты туралы хабардар етедi.

      Хабарламаны ______________________________________________________________

      (хабарлама берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)

      __________________________________________________________________________

      (тасымалдаушының поезы құрылатын станциядағы (учаскедегі) концессионердің жауапты адамы көрсетiледi) бередi.

      8. Концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолға жылжымалы құрамды жіберу кезінде тасымалдаушы концессионерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) сәйкес жылжымалы құрамға есептке алу құжатын ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бiр данасын таcымалдаушы поезды жөнелтетiн станциядағы концессионерге бередi.

      Тасымалдау құжаттарының негiзiнде концессионер поездың заттай парағын _____ данада ресiмдейдi.

      10. Концессионер өкiлдерi жүру жолында поезд құрамының барлық өзгерiстерi туралы поездың заттай парағының барлық данасына белгi қояды.

      11. Поезд межелi станцияға келген кезде тасымалдаушы концессионерге поездың заттай парағының ____ данасын және ____ данада тасымалдау құжаттарын бередi.

      12. Поездың межелi станциясында (учаскесінде) концессионер есептелген төлемдердiң дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады.

      13. Поездың тасымалдау құжаттары мен заттай парағы осы Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактiлерiн және олардың нақты көлемiн растайтын құжаттар болып табылады және концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерін көрсету үшiн түпкiлiктi есеп айырысулар жүргiзуге негiз болады.

      14. Тасымалдаушының диспетчерлiк қызметiне концессионердің тасымалдау процесi мен вагон ағындарын жоспарлауға, ұйымдастыру мен жүзеге асыруға, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеуге, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылауға, қозғалыс кестесін орындауға қажетті ақпаратты беруi

      ____________________________________________________________________ (ақпарат берудiң мерзiмi көрсетiледi) тасымалдаушының әрбiр өтiнiшi бойынша жеке ___________________________ (ақпарат берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi) жүзеге асырылады.

4-тарау. Ақы төлеу тәртібі

      15. Концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша жүргізіледі.

      16. Концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерге ақы төлеуді тасымалдаушы осы Шартты жасасқаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтердің мәлімделген (келісілген) көлемінің құнынан 100% алдын ала ақы төлеу шартымен жүргізеді.

      17. Концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерiн көрсеткенi үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ic жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемi үшiн екiжақты актiлер мен шот-фактуралардың негiзiнде қызметтер көрсетiлген айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей жүргiзiледi.

      18. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тасымалдаушы концессионерге төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      19. Концессионердің кiнәсiнен осы Шартта көзделген көлемнен кем көлемде концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметтерiн көрсетуге байланысты тасымалдаушы артық төлеген соманы қайтаруды концессионер кешiктiрген жағдайда, концессионер тасымалдаушыға әрбiр мерзімі өткен күн үшiн берешек сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      20. Тасымалдаушының есептелген төлемдердiң барлық сомасын енгiзу фактiсi немесе концессионердің шотына есептелген төлемдердiң барлық сомасының түсу фактiсi (фактiсi көрсетiледi) __________________________________ концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша тасымалдаушының өз мiндеттемелерiн орындау деп танылады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      21. Концессионер:

      1) тасымалдаушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тасымалдаушыны осы қызметтердi көрсетуді нақты тоқтатқанға дейiн күнтізбелік бес күннен кешiктiрмей, жазбаша хабардар еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететiн қызметтерді тоқтатуға;

      2) ұсынылған концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтер үшiн уақтылы ақы алуға;

      3) тасымалдаушының кiнәсiнен келтiрiлген залалдарды өтеуді талап етуге;

      4) тасымалдаушыдан концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерді ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге acыpу үшiн ақпарат алуға;

      5) табиғи және техногендiк сипаты бар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға кедергi келтiретiн төтенше жағдайлар мен өзге де жағдайлар енгiзiлген кезде дербес не уәкiлеттi органдардың өз құзыреттеріне сәйкес қабылданған шешiмдердің негiзiнде тасымалдаушы жүзеге асыратын тасымалдауларды уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      Бұл ретте концессионер тасымалдаушыны себептерiн көрсете отырып, жылжымалы құрамды уақытша тоқтату немесе оған қол жеткiзудi шектеу туралы қабылданған шешiм туралы дереу хабардар етедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      22. Концессионер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтердi ұсыну жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушыларға концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерiне қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарға қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;

      2) тасымалдау кезiнде жүктердiң Қазақстан Республикасының теміржол саласындағы заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) поездардың қозғалыс кестесiн, технологиялық нормаларды, техникалық-өкімдік актiлердi, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;

      4) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн қоспағанда, тасымалдаушымен келiсiлген концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерi көлемдерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерiнiң тасымалдаушы мәлiмдеген көлемдерiн iс жүзiндегi мүмкiндiктерден асырып жiберген жағдайда, концессионер Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      5) тасымалдаушы поезының жүру жолында концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметтерiн Шартта көзделген мерзiмдер мен талаптарға сәйкес көрсетуге;

      6) осы Шарт бойынша қызмет көрсету кезінде тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондар айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпаратты беруді жүзеге асыруға;

      7) қауiпсiздiк пен технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметтерін белгiленген сапада көрсетудi қамтамасыз етуге;

      8) ұсынылатын қызметтердiң саны мен сапасын есепке алу және оған бақылау жүргiзуге, қызмет көрсетудегі бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;

      9) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол объектiлерiн белгiленген жылдамдықтары бар поездарды қауiпсiз өткiзудi қамтамасыз ететiн жағдайда ұстауға;

      10) концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      11) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6954 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7021 болып тіркелген) талаптарын орындауға;

      12) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелердің) өзгерістері туралы тасымалдаушыны хабардар етуге;

      13) тасымалдаушыны себептерiн көрсете отырып, жылжымалы құрамды уақытша тоқтату немесе рұқсат беруді шектеу бойынша қабылданған шешiм туралы дереу хабардар етуге;

      14) темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолға жiберуге жол бермеуге;

      15) жүру жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жүктi сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;

      16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететiн персоналдың темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, тасымалдаушы персоналын тасымалдау процесiне жiбермеуге;

      17) тасымалдаушы өтiнiмі негiзiнде поездардың қозғалыс кестесiн әзiрлеуге және бекiтуге;

      18) бекiтiлген қозғалыс кестесiне, қалыптастыру жоспары мен белгiленген технологиялық нормаларға сәйкес, техникалық және технологиялық мүмкiндiктердi келiсудi қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;

      19) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдардың жарамды жағдайда үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;

      20) тасымалдаушыға концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерiн көрсетуге байланысы жоқ көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ үшiншi адамдармен болатын мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша талап қоймауға мiндеттi.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Тасымалдаушы:

      1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және осы Шартқа сәйкес концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдаланудың тең құқығын алуға;

      2) Концессия шарттары бойынша темiржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтің шарттарына сәйкес теміржолдың қауiпсiздiк және технологиялық нормаларының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес, белгiленген сападағы қызметтердi алуға;

      3) осы Шарттың мерзiмi мен талаптарына сәйкес поездың жүру жолында концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтердi алуға;

      4) концессионерден шартта көзделген концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтердiң мерзiмi мен шарттарының өзгеруіне алып келетiн поездардың қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты концессионер енгiзгенге дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей алуға (дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар);

      5) тасымалдау процесi мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесiн орындау үшiн концессионерден ақпарат алуға;

      6) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдалануға ұсыну жөнiндегi көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы ақпаратты концессионерден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көрсетілген мерзімдерде алуға;

      7) концессионердің кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;

      8) себептерiн көрсете отырып, концессионердің вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмiн қабылдауы туралы ақпарат алуға;

      9) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол қызметтерiн көрсетуге байланысы жоқ көрсетілетін қызметтерден, сондай-ақ үшiншi адамдардың алдында мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша талаптардан бас тартуға;

      10) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн концессионердің iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      24. Тасымалдаушы:

      1) концессия шарттары бойынша темiржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 тамызда № 19188 болып тіркелген) және теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген теміржол жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) концессионерге концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтердi ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшiн ақпарат ұсынуға;

      4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекiтiлген кестесiн, техникалық-бөлу актiлерiн, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;

      5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6954 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7021 болып тіркелген) талаптарын орындауға;

      6) концессионерге осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлерiне арналған лицензия ұсынуға және концессионерді көрсетiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру не күшiн жою туралы уақтылы хабардар етуге;

      7) концессионердің поездар қозғалысының қауiпсiздiк талаптарын, қозғалыс кестесiнiң нормативтерiн, поездарды қалыптастыру жоспары мен тәртiбiн, концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдың инфрақұрылымдық желiлiк бөлiмшелерi жұмысының технологиялық процестерiн қамтамасыз етуге қатысты өкiмiн орындауға;

      8) осы Шартта көзделген мерзiмді және талаптарды сақтауға;

      9) Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмде концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдалануға арналған тараптармен келiсiлген өтiнiмдерде көзделген көрсетілетін қызметтердi алудан бас тартуы туралы концессионерді жазбаша нысанда хабардар етуге;

      10) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржол объектiлерiнiң анықталған ақаулары, сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген техникалық пайдалануды үшiншi тұлғалардың бұзғандығы туралы концессионерге хабарлауға;

      11) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдалану бөлiгiндегi темiржол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның талаптарын сақтауға;

      12) концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтердi алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi болмайтын жағдайларды қоспағанда, тасымалдау жоспарында мәлiмделген көлемдердiң орындалуын қамтамасыз етуге;

      13) концессионердің тасымалдау процестерiн орталықтан басқару жөнiндегi нұсқауын сақтауға;

      14) жұмыскерлердің тасымалдау процесiне байланысты бiлiктiлiгiнiң темiржол көлiгi саласындағы бекітілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      15) жылжымалы құрамның темiржол көлiгi саласындағы белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      25. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      26. Өсiмпұл төлеу тасымалдаушыны Шарттың талаптарына сәйкес концессионерге тиісті төлемдердi енгiзуден босатпайды.

      27. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, концессионер тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      28. Осы Шарттың талаптарында көрсетiлетiн қызметтердi алудан бас тартуы туралы концессионерді хабардар ету мерзiмiн сақтамаған жағдайда, тасымалдаушы концессионерге қызметтерді алудан бас тартқан күннен бастап концессия шарттары бойынша темiржол көлігі объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтерде жоспарланған көлемi үшiн тиісті төлемдер сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерінде айыппұл төлейдi.

      29. Тасымалдаушыға поездар қозғалысы кестесiнiң өзгеруi туралы хабардар ету мерзімiн сақтамаған жағдайда, концессионер тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

      30. Концессионердің және (немесе) тасымалдаушының міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты үшінші тұлғаға келтірілген залалдарды тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде өтейдi.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      31. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталған күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      32. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, екінші тарапқа бұзылуы болжанған күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланса, Тараптардың әрқайсысы Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

8-тарау. Дауларды шешу

      33. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, кінә қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      35. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      36. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір-бір дана жасалады.

      37. Тараптардың келісімі бойынша шарт Үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      38. Шарт 20__ жылғы "___" _____ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

      39. Егер тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі көрсетілетін қызметті беру көлемі нақтылана отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi мен қолдары

Концессионер:
___________________________
___________________________

Тасымалдаушы:
___________________________
___________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
18-қосымша

Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

_________________________
(шарттың жасалған орны)

20__жылғы "__"__________

      Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын ___________________________________________

      (электр энергиясын өндіруді-тұтынуды ұйымдастыру

      ____________________________________________________________________ жөніндегі

      көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан

      ________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн (құжат атауы) ________________________________________________ бiр тараптан лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі _______________________________________________________________________________

      (бұдан әрі – А.Ә.Т.) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын, көрсетілетін қызметті пайдаланушы ____________________________________________________________________

      (пайдаланушының деректемелері, мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның атауы, _____________________________________________________________________ атынан жеке тұлғаның А.Ә.Т.) қажеттісін сызу керек) ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________ екiншi тараптан, (лауазымы, А.Ә.Т.) мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      авариялық бұзылыс – істен шығуына немесе пайдалану кезінде зақымдануына алып келген электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысы технологиялық параметрлерінің жол берілмейтін ауытқулары;

      есеп айырысу кезеңi – күнтізбелік ай (айдың бірінші күні сағат 00:00-ден соңғы күнінің 24:00-ге дейін (орта еуропалық уақыт –Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат), оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясының орталықтандырылмаған және орталықтандырылған саудасы нарықтарындағы шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сату көлемдерінің түпкілікті есептеулері жүргізіледі;

      жүктеменің өңірлік бейіні – Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер базасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінен сағаттық есепке алудың көрсетілген деректері болмаған кезде, осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясын өндіру (тұтыну) көлемінің кВт*сағ (тиісті есепке алу аспаптарына сәйкес) және Жүйелік оператормен келісілген жүктеменің өңірлік бейінінің осы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) сәйкес келетін нақты мәнінің туындысы ретінде айқындалатын есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін теңгерімдеу аймағында электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің генерациясының (тұтынуының) нақты сағаттық мәндерін айқындауға арналған бейін;

      құзыретті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі – есептік кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін жүйелік оператор жасаған құжат.

      Мемлекеттік энергетикалық бақылау (бұдан әрі – Мемлекеттік энергетикалық бақылау) – мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын электр энергетикасы саласындағы бақылау;

      өнеркәсіптік кешен – электр энергиясын өндіру осы ұйымның құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуы, сондай-ақ көтерме сауда нарығында электр энергиясын өткізу мақсатында жүзеге асырылатын, жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын, электр станциялары бар электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын ұйым;

      өнім беруші – Тұтынушыға электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жүйелік оператор;

      өтінім – Тұтынушы қол қойған және Өнім берушіге Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жіберілетін, электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемі, электр энергиясын өндіру-тұтыну уақытының кезеңі, осы кезең ішінде қуат бойынша көлемді бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінім айлық, тәуліктік және жедел болуы мүмкін.

      теңгерім провайдері – жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндірудің-тұтынудың өз теңгерімсіздіктерін, сол сияқты электр энергиясы нарығының басқа да субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін өзіне жауапкершілік қабылдаған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі;

      тұтынушы – энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйым;

      уәкілетті орган ведомствосы – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы;

      электр энергиясының көлемi – Өнім беруші мен Тұтынушының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiлігін бөлу шекарасында коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тұтынушының тұтынған және/немесе өндірген электр энергиясының мөлшері.

      Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Өнім беруші Тұтынушыға Шартта белгіленген көлемде және тәртіпте Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергетикасын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

      3. Тұтынушыға Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      ________________________________________________________________________________

      (бұл тармақта нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi)

3-тарау. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары

      4. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер Тұтынушыға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес көрсетіледі және мыналарды:

      1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының, оның ішінде имитациялық режимде жұмыс істеуін ұйымдастыруды;

      2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық жұмыс режимінде нақты уақыт режимінде туындайтын (реттеудің белгіленген диапазондары шеңберінде) электр энергиясы теңгерімсіздігін физикалық реттеуді;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №106 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) бекітілген Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі - Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) сәйкес электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерінің көлемін айқындауды;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      5) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының бағдарламалық қамтамасыз етілуіне қызмет көрсетуді және оны пайдалануды;

      6) нарықтар субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінің меншікті интеграциясын құруды қамтиды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергетикасын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету Шарттың 9 және 11-тармақтарына сәйкес ықтимал жасалатын түзетулер ескеріле отырып, Тұтынушының айлық немесе тоқсандық өтінімінің негізінде және оған сәйкес жүргізіледі.

      8. Алдағы тоқсанға өтінім тиісті тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей беріледі.

      9. Алдағы есеп айырысу кезеңіне айлық өтінім тиісті есеп айырысу кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей беріледі.

      10. Тұтынушы Өнім берушіге айлық және тоқсандық өтінімді факсимильдік байланыс құралдарымен, кейін өтінім түпнұсқасын ұсына отырып береді.

      11. Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік көлемінің өтінімін түзетуі Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тәуліктік өтінімді Тұтынушының уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте береді.

4-тарау. Электр энергиясын есепке алу

      13. Тұтынушының есеп айырысу кезеңдегі өндірген-тұтынған электр энергиясының нақты көлемі есеп айырысу кезеңінiң бiрiншi күнтізбелiк күнінде сағат 00:00-ден бастап соңғы күнтiзбелiк күнiнде сағат 24:00-ге дейiн (уақыт орташа еуропалық – Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат) электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi мен электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарындағы электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі негiзiнде айқындалады.

      14. Өнім беруші Тұтынушыға есептік кезеңде көрсеткен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің көлемі Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты көлемдерінің сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тараптар есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есепті кезең үшін электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ресімдейді, оған қол қойылады және олар болған жағдайда Тараптардың мөрлерімен расталады.

      Тараптардың біреуі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімдері электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемін растайтын құжаттар болып табылады.

      16. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есепке алу жүйелерiнiң техникалық жай-күйін тексеру мақсаттары үшін бiр-бiрiне тәуліктің жұмыс сағаттары ішінде кез келген уақытта электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын қоржетімді етуге міндеттенеді. Есеп айырысу кезеңі аяқталған соң электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды тараптардың уәкілетті өкілдері жүргізеді. Егер тараптардың бірінің уәкілетті өкілі болмаса не көрсеткішті алудан бас тартса, онда екінші тараптың уәкілетті өкіліне көрсеткішті дербес алуына рұқсат беріледі. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алған кезде тараптардың уәкілетті өкілдері электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің салыстыру актісіне қол қоюға тиіс.

      17. Электр энергиясының коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының тексерілгені туралы қолданыстағы куәлігі болуы және оларға пломба салынуға тиіс. Есепке алу мен телеөлшеуіштер тізбектеріне де пломба салынуға тиіс. Тұтынушы мен Өнім беруші өздерiнiң теңгерiмiнде тұрған коммерциялық есепке алу аспаптарына өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес метрологиялық тексеруді өз есебінен жүргізеді. Тараптардың әрқайсысы екінші тараптан оның (екінші тараптың) электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына қосымша тексеру жүргізуді талап ете алады. Алайда, тараптардың бірі қосымша тексеру жүргізуді талап етсе, онда ол қосымша тексеруді жүргізуге бастамашы болған Тараптың есебінен жүргізіледі. Егер қосымша тексеру кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының ақаулығы олардың дәлдік класының шегінен шығатыны анықталса, онда қосымша тексеру бойынша шығасыларды электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының иесі төлейді.

      18. Электр энергиясын есепке алу схемасында бұзушылықтар анықталған кезде, барлық бұзушылықтар тіркелетін тиісті акт жасалады. Бұл жағдайда Тапсырыс берушінің электр энергиясын өндірудің-тұтынудың көлемі есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейін электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі негізінде айқындалады.

5-тарау. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібі

      19. Егер Тұтынушы Ұлттық электр желісіне тікелей қосылған болса, теңгерімсіздіктерді анықтау (өлшеу) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған аспаптардың деректері бойынша және телеметрия деректері бойынша есептеу формуласын қоса алғанда, Өнім берушімен келісілген формулалар бойынша жүргізіледі.

      20. Желі топографиясының өзгеруіне байланысты есептеу формулаларындағы өзгерістер Шартқа қосымша келісімдермен ресімделеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Егер Тұтынушы Ұлттық электр желісіне энергия беруші басқа ұйымдардың желілері арқылы қосылған болса, электр энергиясы теңгерімсіздіктерін айқымдау (өлшеу) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған аспаптардың деректері бойынша және Тұтынушының тиісті энергия беруші ұйыммен келіскен формулалары бойынша жүргізіледі. Тұтынушы мен энергия беруші ұйымның арасында электр энергиясы теңгерімсіздігінің нақты көлемі туралы деректерде алшақтық болғанда, энергия беруші ұйымның Өнім берушіге ұсынған деректері есептеуге алынады.

      Ұлттық электр желісіне басқа энергия беруші ұйымдардың желілері арқылы қосылған Тұтынушы үшін электр энергиясы теңгерімсіздігі шамаларының есептерін түзету есеп айырысу кезенің нәтижелері бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерін алу актісінің негізінде жүргізіледі.

      22. Есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша есеп айрысу кезеңінен кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісі ресімделеді, оның негізінде Тараптар Тұтынушының қабылдаған-босатқан электр энергиясының нақты көлемі айқындайды және келіседі. Тұтынушы қабылдаған-босатқан электр энергиясының нақты көлемі есеп айырысу кезеңіндегі сағаттық мәндердің жиынтығынан ауытқыған жағдайда, сағаттық мәндерге түзетулер енгізіледі және электр энергиясының сағат сайынғы теңгерімсіздігіне қайта есептеу жүргізіледі. Есепке алудың ауытқуының түзету коэффиценті сағаттық мәндер сомасына электр энергиясын тұтынушының қабылдаған-босатқан нақты көлеміне қатысы ретінде айқындалады.

      23. Энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын Тұтынушылар үшін, техникалық себептермен жүктемені сағаттық өлшеу болмаған жағдайда, теңгерімсіздіктердің сағаттық мәндері түзету коэффиценттері есепке алынып, телеметрия деректері бойынша, телеметрия деректері болмағанда – тәулік ішіндегі орташа сағаттық шама ретінде анықталады.

6-тарау. Жүктеменің өңірлік бейіні

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Жүктеменің өңірлік бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің сағаттық тұтыну өлшемдері (сальдо – ағын) болмаған кезде тұтынудың сағаттық мәндерін анықтау үшін пайдаланылады. Тұтынушыда сағаттық тұтыну өлшемдері (сальдо – ағыны) болмаған кезде не осы жүйелердің (аспаптардың) қандай да бір уақытша істен шығуы (жұмыс істеуде іркілістер) туындаған кезде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімсіздігінің шамасы жүктеменің өңірлік бейіні пайдаланыла отырып айқындалады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Жүктеменің өңірлік бейіні Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Тұтынушыда жүктеменің келiсiлген өңірлік бейіні болмаған жағдайда, Өнім беруші тұтынудың сағат сайынғы мәндерiн анықтау үшiн тұтынудың ұқсас құрылымымен не аталған Тұтынушының жыл сайын жүргiзетiн сағат сайынғы бақылау өлшемдерiнiң деректерi бойынша Тұтынушы жүктемесiнiң үлгілік бейiнiн анықтайды және пайдаланады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      27. Тұтынушы:

      1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес алуға;

      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      3) Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттерді бұзуынан туындаған залаларды Өнім берушінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуін талап етуге;

      4) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Өнім беруші:

      1) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша олардың құзыреті шегінде Тұтынушының теңгерімдеуші нарығындағы қызметі туралы ақпаратты ұсынуға;

      2) Тұтынушы Шарт бойынша өзінің ақшалай міндеттемелерін орындамаған кезде күнтізбелік отыз күн бұрын ескерте отырып, осы шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      3) Тұтынушының Шарт бойынша міндеттемелерді бұзуынан туындаған залалдарды Тұтынушының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтеуін талап етуге;

      4) Шартты жасасу мен орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

      29. Тұтынушы:

      1) теңгерімдік тиесілілігіне қарай электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының (жүйелерінің) техникалық жағдайын тиісінше ұстауға, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын олардың техникалық жағдайлары бойынша талаптарды орындауға;

      2) Өнім берушінің электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін уақытылы төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының стандарттық жиiлiгін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға, тараптардың келісімдерімен айқындалған энергия тұтынудың режимдерін сақтауға;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      5) Өнім берушінің жұмыскерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Мемлекеттік энергетикалық бақылау жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электр құрылғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жіберуге;

      6) тоқсан сайын өзара есеп айырысудың салыстыру актісін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тоқсанның соңғы күніндегі жағдай бойынша, келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе оларсыз қол қоюға;

      7) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      8) деректерді автоматты түрде беруді жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен келісілген көлемде жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Өнім беруші:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына барлық қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

      2) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша тарифтерді белгілеу бөлігінде қызметтерді көрсетуге шарт жасасу кезінде уәкілетті органның шешімін басшылыққа алуға;

      3) Тұтынушыға оның қызметін жүзеге асыру үшін ақпарат ұсынуға;

      4) кепілді түрде теңгерімсіздіктерді физикалық реттеуді;

      5) теңгерімдік тиесілілігіне қарай электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының (жүйелерінің) техникалық жағдайын тиісінше ұстауға, олардың электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын техникалық жағдайлары бойынша талаптарды орындауға;

      6) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;

      7) Тұтынушының жұмыскерлерін коммерциялық есепке алу аспапатарына жіберуге, сондай-ақ Мемлекеттік энергетикалық бақылау жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электр құрылғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жіберуге;

      8) тоқсан сайын өзара есеп айырысудың салыстыру актісін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тоқсанның соңғы күніндегі жағдай бойынша, келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе оларсыз қол қоюға міндетті.

      31. Өнім беруші электр энегетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ:

      1) Тұтынушы Шарт бойынша ақшалай және өзге де міндеттемелерін және (немесе) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы қолданыстағы заңнамасында қойылған талаптарды қызмет көрсетулерді тоқтатқанға не шектегенге дейін кемінде 72 сағат бұрын хабардар ете отырып бұзған;

      2) авариялық жағдайлар туындаған кезде, Өнім беруші "Авария режимін" енгізген кезде Тұтынушының теңгерімдеу аймағында электр энергиясы теңгерімсіздігін физикалық реттеу мүмкіндігі болмаған жағдайда;

      3) жөндеу жұмыстарының жылдық немесе айлық кестесінде көзделген Өнім берушінің электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, қызмет көрсетуді тоқтату не шектеуге дейін кемінде 72 сағат бұрын хабардар ете отырып, Тұтынушының теңгерімдеу аймағында электр энергиясы теңгерімсіздігін физикалық реттеу мүмкіндігі болмаған жағдайда;

      4) электр желілері учаскелері қималарының асқын жүктемесіне әкеп соғатын Тұтынушының және басқа да көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясының елеулі теңгерімсіздігі жағдайында;

      5) Тұтынушының теңгерімдеу аймағында электр энергиясы теңгерімсіздігін физикалық реттеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін түрлі теңгерімдеу аймақтарына бөлу;

      6) алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Ақы төлеу тәртібі

      32. Тұтынушы Өнім берушінің электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифке сәйкес жүргізеді.

      33. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тұтынушыны бұл жайында хабардар етеді.

      34. Өнім берушінің электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімдеуін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің көлемі келесі түрде есептеледі:

      1) энергия өндіруші ұйымдар үшін энергия өндіруші ұйымдардың шиналарынан босатылған электр энергиясының нақты көлемі үшін;

      2) энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемдері үшін;

      3) өнеркәсіп кешендері үшін олардың құрамындағы меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында бар шиналардан босатылған электр энергиясының нақты көлемдері, олардың құрамындағы меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдері, сондай-ақ электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемдері үшін;

      4) электр энергиясын бір топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан сатып алатын көтерме сауда тұтынушылары үшін электр энергиясын көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде олармен бір топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемі үшін.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Түпкілікті есеп айырысуды Тұтынушы электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімдеуін ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде ұсынылған Өнім берушінің төлеуге берілетін шот-фактурасын нақты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      36. Тұтынушы Шарттың 15-тармағында көзделген мерзімде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынбаған жағдайда, өткен есеп айырысу кезеңі үшін Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынған кезде келесі есеп айырысу кезеңінде Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін кейіннен түзете отырып, Өнім берушінің көрсетілген қызметтердің көлемі туралы қолда бар жедел деректеріне сәйкес айқындалады.

      37. Өткен кезеңдер үшін қарыз болған кезде ақы бірінші кезекте осы қарызды өтеуге бағытталады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңі үшін нақты сомадан артық сома төлеген жағдайда, бұл асып түсудің айырмашылығы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлемақысына (немесе тараптардың келісімдері бойынша, Тұтынушының Өнім берушінің алдындағы басқа міндеттемелері бойынша, егер ондайлар болса, қарыздарын өтеу шот-фактурасына) есептеледі. Егер Тұтынушы келесі есеп айырысу кезеңіне Өнім берушінің қызметтерінен бас тартса, Тұтынушының басқа міндеттемелері бойынша, соның ішінде Өнім берушінің алдындағы ақшалай қарыздарын өтеуге (егер ондайлар болса) кететін сомаларды қоспағанда, артық төленген сомалары қайтарылады.

      38. Егер Тұтынушы берілген шот-фактураның дұрыстығына дауласса, ол осы шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Өнім берушіні бұл туралы хабардар етеді және Өнім берушіге қарсылығын баяндап, жазбаша түрде өтініш ұсынады. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетілген мерзімде шот-фактураның дау тудырмаған бөлігін төлеуге міндетті.

      39. Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылғаннан кейін бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы анықталған жағдайда, Өнім беруші түзетілген және екі жақты қол қойылған орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде бұрын ұсынылған шот-фактураның күшін жою арқылы түзетілген шот-фактураның көшірмесін жасайды.

      40. Өнім берушінің ағымдағы шотына шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша немесе Өнім берушінің Тұтынушыға жіберген хабарламасында көрсетілген деректемелер бойынша үшінші тараптың ағымдағы шотына ақша аудару электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуі бойынша Тұтынушының міндеттемелерін орындау болып танылады.

      41. Тараптардың келісімі бойынша электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің өзге тәртібі мен нысаны белгіленуі мүмкін.

9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      42. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі келген кезге оны төлемегені үшін Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Ақы төлемегені немесе уақытылы ақы төлемегені үшін электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру қызметтерін көрсетуді тоқтату немесе шектеу кезінде туындайтын салдарлар үшін жауапкершілік толығымен Тұтынушыға жүктеледі.

      44. Өнім берушінің Тұтынушының алдында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтеріндегі үзілісі, оларды шектегені немесе тоқтатқаны үшін Шартта көзделмеген жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

10-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      45. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      46. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

11-тарау. Өзге де ережелер және дауларды шешу

      47. Электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету Шарты Тұтынушымен жеке тәртіпте жасалады.

      48. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені даудың мәнін толық баяндай отырып, екінші Тарапқа наразылық жіберуге құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      49. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      50. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      51. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      52. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

12-тарау. Шартты қолдану мерзiмi

      53. Шарт 20__ жылғы "___" _____ сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады (уақыт орташа еуропалық – Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат).

      54. Егер тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі қызметті беру көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және талаптармен ұзартылған болып есептеледі.

13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелерi және қолдары

Өнім беруші: __________________
_______________________________
_______________________________
____________________________

Тұтынушы:_______________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 01.10.2024 № 82 (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
19-қосымша

Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгілік шарт

_________________________
(шарттың жасалған орны)

20__ жылғы "__"___________

      Бұдан әрі, Өнім беруші деп аталатын __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ______________________________________________________________________ субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ атынан ____________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн (құжаттың атауы) _______________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бiр тараптан және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын __________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (тұтынушының деректемелері, мекенжайы (заңды тұлғаның атауы, А.Ә.Т., жеке тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) қажеттісін сызу керек) ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететiн ________________________________________________________________________________ (лауазымы, А.Ә.Т.) екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      есеп айырысу кезеңі – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға төлемге ұсынылатын жылу энергиясына арналған шартпен айқындалатын уақыт кезеңі (күнтізбелік ай);

      жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Тұтынушының Өнім беруші берген төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемақысы;

      жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу беру және жылуды тұтыну құрылғыларынан тұратын жиынтық;

      жылу тұтыну құрылғысы – жылу энергиясын Тұтынушының қажеттіліктері үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылығы;

      жылу желiсi – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;

      жылу жеткізгіш – жылу энергиясын беруге арналған жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);

      жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;

      өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкес келуін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

      өнім беруші – сатып алынған жылу энергиясын Тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – жылу тұтынатын құрылғылардың және/немесе желінің теңгерімдік тиесілігі бойынша немесе тараптардың келісімімен айқындалатын жылу тұтынатын құрылғыларды және/немесе Тараптар желілерін бөлу нүктесі (сызығы), көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабының кіріс ысырмаларының бірінші бөлу фланеці бойынша айқындалады (Элеватор);

      теңгерімдік тиесілік шекарасы – жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша анықталатын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен Тұтынушы арасындағы, сондай-ақ Тұтынушы мен қосалқы тұтынушы арасындағы жылу желісін бөлу нүктесі;

      төлем құжаты – Өнім беруші есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің негізінде жазған, ал ол болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, есептеу жолымен - оның негізінде Тұтынушы тұтынған жылу энергиясы үшін төлемақы жүргізетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);

      тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      уәкiлеттi органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар:

      ________________________________________________________________________________

      (осы тармақта мынадай міндетті талаптар көзделеді: энергетика саласындағы қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес жылу энергиясын беру және тұтыну режимі, бумен және ыстық сумен жылу энергиясын сағаттық ең жоғарғы босату, сондай-ақ энергетика саласында қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы ескере отырып, жылу жеткізгіштегі тиісті сағаттық ең жоғарғы шығысы және оны қайтарудың талаптары, жылу энергиясын кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғаларға арналған жылу энергиясының мөлшері, тұтынушы қайтаратын конденсаттың көлемі мен сапасы, оның ішінде жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы актісінің, жылу желілерінің теңгерімділік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісінің және өзге де құжаттардың болуы).

      Қажет болған жағдайда Шарт алдындағы міндетті талаптар Шартқа жеке қосымшамен ресімделеді.

      3. Өнім беруші Тұтынушыға энергия беруші ұйымдардың қосылған желісі арқылы жылу энергиясын беруге міндеттенеді.

      Бұл ретте тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттік стандарттарда немесе энергетика саласындағы өзге де нормативтiк техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуге тиiс.

      Өнім беруші Тұтынушыны Шартқа сәйкес жылу энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердi ұсыну шарттары

      4. Өнім беруші жылу энергиясын босатуды, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, үздіксіз жүргізеді.

      5. Тұтынушының тұтынатын жылу энергиясының жүктемесі мен мөлшерін, алынған техникалық шарттардағы мәлімделген және тіркелген жобалық шамалардан асырмай, бірақ Шартта көрсетілгеннен асыруына Тұтынушының өтінімі бойынша Өнім берушінің рұқсатымен жол беріледі, бұл ретте Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

      6. Тұтынушы Өнім берушіге Шартта айқындалған талаптармен жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну режимі мен осы Шартта көзделген басқа талаптарды сақтауға міндеттенеді.

      7. Өнім беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары) және осы Шартта көзделген жағдайларда, оның ішінде мынадай:

      1) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган куәландырған жылу тұтыну құрылғыларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі авария кауіпін туғызатын немесе азаматтардың өмірлері мен қауіпсіздіктеріне қауіп төндіретін жағдайда, Тұтынушыны міндетті түрде хабардар ете отырып және толық жеткізілмеген жылу энергиясы үшін кейін қайта есеп айырысу жүргізумен;

      2) жылу тұтыну құрылғыларына және (немесе) жылу энергиясын есепке алу аспаптарына олардың техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің және Мемлекеттік энергетикалық бақылау өкілдерін жібермеген жағдайда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертумен;

      3) осы Шарттың 8-тармағында көзделген жағдайларда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертіп;

      4) жылу тұтыну құрылғылары жүйелерін есепке алу аспаптарын орнату орнына дейін қосқан жағдайда;

      5) жылу желісіне жаңа қуаттарды өздігінен қосқан жағдайда;

      6) тараптардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі ұсынылған қызметтер үшін ақы төлемеген жағдайда;

      7) жылу тұтыну құрылғыларының және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыс істеуінің техникалық дайындығы актісінсіз жылу желілеріне қосылған және Тұтынушыда (тұрмыстық тұтынушылардан басқа) тиісті дайындалған персонал және жылу тұтыну құрылғыларының қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуіне жауапты адамды тағайындау немесе осындай қызмет түрімен айналысуға рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарт болмаған жағдайда;

      8) егер тараптардың келісімдерінде өзгеше көзделмесе, Шартта көзделген конденсат көлемін 30 %-дан кем қайтарған жағдайда тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.

      9) авариялық жағдайда тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.

      Өнім берушінің жылу энергиясын беруді тоқтатуы не шектеуі Тұтынушыны ескерту арқылы жүргізіледі:

      осы тармақтың 4), 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда – дереу;

      осы тармақтың 1), 2), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – егер шартта өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны жазбаша хабардар еткеннен кейін (хабарлама қою жолымен) немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын тұтынушының электрондық поштасына, факсына хабарлау жолымен.

      Бұл ретте Тұтынушының жазбаша түрдегі ескертуі тұтынушының жеке өзіне қол қойғызып тапсырылады не Тұтынушыға тапсырыс хатпен жіберіледі, ал осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда Тұтынушы телефонограммамен хабардар етілуі мүмкін.

      Тұтынушы шарт жасасу кезінде не кейіннен электрондық поштаның мекен-жайын ұсынған жағдайда ескерту тұтынушының электрондық поштасына жіберіледі.

      Көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын Тұтынушыларға осы тармақтың 1), 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда жылу энергиясын берудің тоқтатылатыны немесе шектелетіні туралы ескерту кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті тұлғасының мекенжайына хат, телефонограмма жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жабдықты жөндеу және (немесе) жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажет болған және резервтік қорек болмаған кезде Тұтынушыны ажырату тәртібі Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес көзделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Жылу энергиясын есепке алу

      9. Тұтынушылардың жылу тұтыну құрылғылары жылу энергиясына есеп айырысу үшін қажетті есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Тұтынушы есепке алу аспаптарын дербес сатып алуға және орнатуға құқылы. Есепке алу аспаптарын Өнім беруші сатып алған және орнатқан жағдайда, Тұтынушы онымен Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте жылу энергиясын есепке алу аспабын сатып алу мен орнатуға тиісті шарт жасасады. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу жеткізгіштің жылу энергиясын есепке алу тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына жауап беруі тиіс.

      10. Жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізіліміне енгізілген есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс. Бұл ретте, оларда алғашқы немесе кезеңмен тексерілгені туралы осындай тексеруге құқығы бар ұйымның таңбасы болуы қажет.

      Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйымның өкілдері Тұтынушының не оның өкілінің қатысуымен, ал көрсеткіштері қашықтықтан алынатын есепке алу аспаптарын орнатқан жағдайда Тұтынушының қатысуынсыз жүргізеді.

      Бұл ретте, Тұтынушы қағаз тасығышта басып шығаруға немесе есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің электрондық нұсқасын алуға құқылы.

      Тұтынушының кінәсінан есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер бұл ретте тұтынушы энергия беруші ұйымға өзі жұмсаған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым нақты тұтыну бойынша кейіннен қайта есептеуді жүргізе отырып, өткен жылдың осындай кезеңіндегі Тұтынушының жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша көрсетілген кезеңдер үшін есеп айырысуды жүргізуге құқылы. Тұтынушының кінәсінан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алудың мүмкін болмауы Өнім берушінің журналында тиісті жазбамен расталады.

      11. Есепке алу аспаптарын кезеңмен тексеруді, жөндеуді және оған техникалық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым не осындай қызмет түріне рұқсаты бар өзге мамандандырылған ұйым Тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады.

      Тұтынушы есепке алу аспаптарын тексеру, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды өзі таңдауға құқылы.

      12. Тараптар өз теңгерімдеріндегі есепке алу аспаптарына тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімдерде өз есептерінен метрологиялық тексеру жүргізеді.

      Тараптар талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізуді талап ете алады.

      13. Өнім беруші жеткізген және Тұтынушы алған жылу энергиясының мөлшері есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Тұрмыстық тұтынушыларда есепке алу аспаптары болмаған кезде, төлем мөлшері реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бекіткен нормалар бойынша айқындалады және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітеді.

      14. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын босатуды есепке алу тараптардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі. Есепке алу аспаптары тараптардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылмаған жағдайда, бөлу шекарасынан есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі желі учаскесіндегі ысыраптар желінің аталған учаскесі теңгерімінде тұрған иеленушіге жатады.

      Жылу ысыраптарын есептеуді немесе жылу ысыраптарына сынақты энергия беруші ұйым Тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.

      15. Жабдықтардың техникалық жай-күйі үшін жауапкершілік және тұтынушының меншігіндегі, оның ішінде тұтынушылардың ортақ меншігіндегі жылу желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұтынушыларға жүктеледі және теңгерімдік тиесілігінің шекарасы бойынша анықталады.

      Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша анықталады.

      Кондоминиумды басқару органы жылу тұтыну құрылғыларына қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізе алады.

      16. Есепке алу аспабы істен шыққан жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым көрсетілген кезеңдерге есепке алу аспаптары жоқ Тұтынушылар үшін жылумен жабдықтауды тұтыну нормасы бойынша, бірақ бір айдан аспайтын мерзім ішінде есеп айырысу жүргізеді, осы уақытта есепке алу қалпына келтірілуі тиіс.

      Егер есепке алу аспабын көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, есептеу тәртібі және есептеуді қалпына келтіру мерзімдері тараптардың жеке келісімімен белгіленуі тиіс.

      Есепке алу аспаптарын үшінші тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда сақтауға жауапты адам, Шартта өзгеше көзделмесе, бір ай мерзімінде есепке алу аспабын қалпына келтіруге міндетті. Есепке алу аспаптарын қалпына келтіргенге дейін Тұтынушы оны жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      17. Тұтынушы:

      1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша сатып алуға;

      2) осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімдерде белгіленген сападағы көрсетілетін қызметтерді алуға;

      3) тараптардың келісімі бойынша кәсіпкерлік мақсат және тұрмыстық тұтыну үшін қажетті мөлшерде жылу энергиясын алуға;

      4) Шартта айқындалған кәсіпкерлік мақсат үшін тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін өзгертуге;

      5) Өнім берушіден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты алуға;

      6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өндіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде жылу энергиясын үздіксіз алуға;

      7) Өнім берушіден жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеуді қайта есептеуді және жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуді талап етуге;

      8) Өнім берушіден нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып төлемі бойынша, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің төлемі бойынша қайта есептеуді талап етуге;

      9) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін уәкілетті және (немесе) сот органдарына жүгінуге;

      10) жария тыңдауларға қатысуға;

      11) Өнім берушіні хабардар еткен және Өнім беруші ұсынған қызмет көлемі бойынша толық ақы төлеген жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға;

      13) Өнім берушінің нақты ұсынған қызметтеріне ақы төлеген жағдайда күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Өнім берушіге жазбаша хабарлап, біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын жеке үй-жай иесінің жылу энергиясымен жабдықтауға жасалған Шарттан біржақты бас тартуына жол берілмейді.

      18. Тұтынушы:

      1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған қызметтеріне уақытылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) Өнім берушіге есепке алу аспаптарының істен шыққаны немесе жұмыс режимінің және жұмыс істеу жағдайларының бұзылғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті, олай болмаған жағдайда есепке алу аспаптары тиісті құжаттармен расталған олардың соңғы тексерілуі кезінен бастап істен шыққан болып есептеледі;

      3) пайдаланатын желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге, энергия тұтынудың белгіленген режимін сақтауға, сондай-ақ Өнім берушіге авариялар, өрттер және энергияны пайдалану кезінде туындайтын өзге де бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға;

      4) жоспарлы жөндеулер, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, жылу тұтыну құрылғыларын пайдалануға қосқанға дейін және әрбір жылыту маусымының алдында Өнім беруші берген техникалық дайындық актісін ресімдеу үшін іс-шаралар кешенін жүргізуге;

      5) желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарына және жылу тұтынатын құрылғыларға Өнім беруші және Мемлекеттік энергия бақылау өкілін кедергісіз жіберуді қамтамасыз етуге;

      6) Шартты бұзу кезінде есеп айырысуларға салыстыру жүргізу және Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша нақты ұсынған қызметтері үшін борышын өтеуге міндетті.

      19. Өнім беруші:

      1) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес Тұтынушылардың сақтауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және оларды салыстырып тексеруді ұйымдастыруға;

      3) осы Шарттың 7-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен Шарттың орындалуын біржақты тәртіпте тоқтата тұруға;

      4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша жылу энергиясымен жабдықтау жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға;

      5) уәкілетті орган бекіткен тәртіпте тарифтердің қолданылуы кезеңінде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де іс әрекеттерді жасауға құқылы.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Өнім беруші:

      1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушылары үшін тең жағдайлар ұсынуға;

      2) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға Тұтынушымен Шарт жасасуға;

      3) Тұтынушылардан жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынғаны үшін төлемдерді, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалана отырып қабылдауды қамтамасыз етуге;

      4) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасасу кезінде Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

      5) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында осы Шартта көзделген жылу энергиясының параметрлерін ұстауға;

      6) Тұтынушыға өз құзыреттерінің шегінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ Шарттың талаптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;

      7) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнына қайта есептеу жүргізуге және жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуге, уәкілетті орган бекіткен сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу әдістемесіне сәйкес сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;

      8) Тұтынушыға жеткізілетін жылу энергиясын есепке алуды және оның сапасына бақылауды жүргізуге, жылу энергиясының сапасы бұзылуының алдын алу және оны жою жөнінде уақытылы шаралар қабылдауға;

      9) Тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендеуі туралы жазбаша өтініш берген не ауызша өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеу жасауға;

      10) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, жылу энергиясымен жабдықтауда үзілістерге жол бермеуге;

      11) есепке алу аспабының істен шығуы Тұтынушының кінәсінан болмаған жағдайда, жылу энергиясы есебін өткен жылдың осындай кезеңі үшін Тұтынушының орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізуге;

      12) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Тұтынушының назарына жеткізуге;

      13) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда Тұтынушы үшін жылу энергиясымен жабдықтау тарифтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте төмендетуге;

      14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өнідіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Тұтынушыға жылу энергиясын үздіксіз беруге;

      15) тұтынушы өкілдерінің қатысуымен жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуға не энергия беруші ұйым өкілдерінің қатысуымен көрсеткіштерді алуды не есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қашықтықтан алуды қамтамасыз етуге міндетті.

6-тарау. Тараптарға қойылатын талаптар

      21. Тұтынушыға инженерлік желілерді қайта жабдықтауға, Өнім берушінің келісімінсіз реттеуші және бекіту арматурасын орнатуға, қосуға, қауіпсіз пайдалану талаптарына және энергетика саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға сай келмейтін жабдықтар мен құрылғыларды пайдалануға, жылу энергиясын есепке алудың қолда бар схемасын бұзуға, сондай-ақ жылу беру жүйелерінде жылу тасымалдағышты тікелей мақсатына сай емес пайдалануға жол берілмейді.

      22. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларын өзгеше бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      23. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

7-тарау. Есеп айырысу тәртiбi

      24. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша жүргізеді;

      25. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған нақты қызметтеріне ақы төлеуді есеп айырысудан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді. Есепке алу аспаптары болмаған жағдайда Тұтынушы ақы төлеуді осы Шарттың 13-тармағына сәйкес жүргізеді.

      26. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлемақы бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге де мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, артық төленген сомалар қайтарылады.

      27. Егер коммерциялық есепке алу аспаптары ақаулығының нәтижесiнде және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.

      28. Төлем құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақша аудару Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу жөнінде Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.

8-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      29. Жылу энергиясын беруді тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келмеуі уақыты (күні, сағаты) көрсетіліп, кейін жылу энергиясын тиісті сапада беруді қалпына келтірудің уақыты (күні, сағаты) белгісі қойылып, Өнім берушінің диспетчерлік қызметінің журналында белгіленуі қажет.

      30. Жылу энергиясын берудегі үзіліс кезінде немесе тиісті сападағы жылу энергиясын бермеу кезінде Тұтынушы бұл туралы Өнім берушіні өзі (өтініммен) немесе міндетті түрде берілген уақыты, күні және берген және қабылдаған адамдардың тектері көрсетілген телефонограммамен хабардар етеді. Телефонограммада тауар сапасының нашарлай бастауының (болмауының) уақыты, нашарлау сипаты және Өнім беруші өкілінің болуының қажеттілігі (егер жылу энергиясы сапасының нашарлауы немесе оны берудегі үзілісті Өнім беруші журналда тіркемесе) көрсетіледі.

      Тұтынушы өзі өтініш берген жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс, онда түсуін тіркеу кезінде тіркеу нөмірі, өтінімді беру күні мен уақыты, Өтінім берушінің қабылдап алған өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтаған кезде өтінім дереу, параметрлері нашарлаған кезде - ауытқу басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей беріледі.

      Өнім беруші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген тауар сапасының ауытқуы, Тұтынушыларға оны берудегі үзілістер туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда параметрлердің есептіден орта тәуліктік ауытқуына сүйене отырып, тауар құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.

      31. Өнім берушінің жылу энергиясын бермеу немесе сапасы төмен тауар (жылу энергиясын) ұсыну фактісін куәландырудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:

      тауарды беруден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз берудің басталған уақыты;

      тауар сапасы нашарлауының сипаттамасы;

      өтінім берудің уақыты және оның тіркеу нөмірі (Өнім берушінің журналы бойынша);

      жылу энергиясын беруді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);

      тауардың болмау (сапасының нашарлау) кезеңі көрсетілген жазбаша өтініш жазуға құқылы.

      Өтінішке Тұтынушы, Тұтынушының жылу шаруашылығына жауапты адам, екі тәуелсіз куә қол қояды да, Өнім берушіге жіберіледі. Егер дау реттелмесе, Тұтынушы атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын органдарға немесе сотқа талап арыз беруге құқылы.

      32. Желілік судан өз бетімен су таратқан, тұтынушы өз бетімен жылуды тұтыну құрылғыларына қосылған, тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптарын бұзған, есепке алу торабында орнатылған пломба бұзылған немесе ол болмаған жағдайларда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар акті жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы көлеміне екі есе мөлшерде қайта есеп айырысу жүргізіледі.

      Ыстық су бойынша қайта есеп айырысу бір жылдан аспайтын кезеңге жүргізіледі, ал жылыту желілері үшін жылыту кезеңінің басынан осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген оқиға анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

      Акт энергия беруші ұйым өкілінің және тұтынушының не оның өкілінің қолдары болған кезде жарамды болады. Акт тұтынушы не оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда жарамды болып табылады, бірақ оны энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы және (немесе) құрамы үш адамнан тұратын кондоминиумды басқару органы рәсімдеуі тиіс.

9-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері

      33. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      34. Шарттың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот бойынша ақы төлеу мерзімі келген сәтке ол бойынша төлем жасамағаны үшін, Өнім беруші Тұтынушының төленбеген сомалары бойынша төлемді кешіктірген әрбір күн үшін Тұтынушының ақшалай міндеттемені нақты орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еседен аспайтын мөлшерінде, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.

      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасу кезінде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.

      35. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметті Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұрған басқа тұлғалардың кінәсінан ұсыну мүмкін болмаса Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.

      36. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

10-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      37. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын дүлей зілзала немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, ереуілдер және т.б. басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.

      38. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

11-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      39. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіпте жасалады.

      40. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережесіне қатысты жалпы немесе қандай да бір мәселеге немесе әрекетке байланысты қандай да бір дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.

      Тараптар келіссөздер арқылы барлық дауларды реттеу үшін барлық күштерін жұмсайды.

      41. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.

      42. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      43. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      44. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

12-тарау. Шартты қолдану мерзiмi

      44. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" ________ қоса алғанда қолданыста болады.

      45. Егер тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі жылу энергиясының көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және талаптармен ұзартылған болып есептеледі.

13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары

Өнім беруші: __________________
_______________________________
_______________________________

Тұтынушы:_______________________
_________________________________
_________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
20-қосымша

Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

      Ескерту. Шартпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 № 128 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________                         "___" ________ 20 __ ж.

      (шарт жасасу орны)

      Бұдан әрі – Өнім беруші деп аталатын, ұлттық электр желісін пайдалану

      жөніндегі қызметтерді көрсететін

      ___________________________________________________________________

      (ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектінің атауы,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      атынан __________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      бір тараптан, және бұдан әрі – Тұтынушы деп аталатын ___________________

      __________________________________________________________________

      (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      екінші тараптан, бұдан әрі – Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы

      Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      баланстық тиесiлiлiкті бөлу шекарасы – электр энергиясын берудің соңғы пунктiнде баланстық тиесiлiлiктің аражігін ажырату актiсiмен айқындалатын, тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі электр тораптарын бөлу шекарасы;

      есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсететін қызметіне есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күніндегі сағат 00:00-ден бастап соңғы күніндегі сағат 24:00-ді қоса алғанда (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде белгіленген кезең;

      жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – Өнім берушінің Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алуға қажетті жабдық;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – жүйелік оператор жасаған, есептік кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемін көрсететін құжат;

      өнім беруші – ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жүйелік оператор;

      тұтынушы – бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізетіндей электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасаған көтерме сауда нарығының субъектісі;

      аумақтық диспетчерлік орталық – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына жедел бағынатын және белгілі бір аумақ бойынша жедел-диспетчерлік функцияларды жүзеге асыратын жүйелік оператордың (Өнім берушінің) аумақтық диспетчерлік орталығы;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      беру пунктi – Өнім беруші Тұтынушыға электр энергиясын беретін Өнім берушінің баланстық тиесiлiлігін бөлу шекарасындағы қосылу (қосылулар жүйесi).

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Тұтынушыға ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету кезінде Өнім беруші ұлттық электр желісіна техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясын Шартта келісілген баланстық тиесілілікті бөлу шекаралары мен есепке алу нүктелерінде ұлттық электр желісінен беруді жүзеге асырады.

      3. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

3-тарау. Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары

      4. Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы мен осы Шартқа сәйкес көрсетіледі.

      5. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету үшін Тұтынушының бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі қабылданады.

4-тарау. Электр энергиясын есепке алу

      6. Өнім берушінің жеткізу пункттерінде есептік кезең ішінде Тұтынушының мекенжайына берген электр энергиясының нақты көлемі баланстық тиесілілік шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде есептік кезеңнің бірінші күнтізбелік күніндегі сағат 00:00-ден бастап соңғы күнтізбелік күніндегі сағат 24:00-ге дейін (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) белгіленеді.

      Есептік кезеңде ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызметтің нақты көлемі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын есепке ала отырып, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актілері негізінде жасалатын орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде белгіленеді.

      Бұл ретте, Тұтынушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан бөлек электр энергиясының жеткізілімі болған жағдайда, есептік кезеңдегі электр энергиясының осындай нақты көлемдері ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көлемінде ескерілмейді және электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету жөніндегі шартпен реттеледі.

      7. Тараптар есептік айдан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есептік кезең үшін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдейді, оған қол тараптар қояды және тараптардың мөрлерімен (болған жағдайда) куәландырылады.

      Тараптардың бірі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көлемін растайтын құжат болып табылады.

      8. Егер есепке алу Өнім беруші мен Тұтынушының баланстық тиесiлiлiгін бөлу шекарасында жүргiзiлмеген жағдайда, онда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтің нақты көлемі Тұтынушының тораптарындағы электр энергиясының ысыраптары есепке алына отырып, Тұтынушыда орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша айқындалады. Үшiншi тұлғалардың электр желілері арқылы жеткізілетін электр энергиясының ысыраптарын осы электр желілерінің иесi айқындайды.

      9. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерiлуі және оларға пломба салынуы тиiс. Телеөлшеуiштер тiзбектерiне пломба салынуы тиiс. Тараптардың әрқайсысы өзінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексеру жүргiзедi. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан оның (екінші тараптың) коммерциялық есепке алу аспаптарына қосымша тексеру жүргiзудi талап ете алады. Алайда, егер Тараптардың бipi қосымша тексеру жүргiзудi талап етсе, онда ол қосымша тексеруге бастама көтерген Тараптың есебiнен жүргiзiледі. Қосымша тексеру жүргізген кезде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде электр энергиясының коммерциялық есепке алу кешендері үшін белгіленген ұйғарынды ауытқулардан асып түскені анықталған жағдайда, онда қосымша тексеру бойынша шығындарды коммерциялық есепке алу аспаптарының иесi төлейдi.

      10. Электр энергиясын есепке алу схемасында бұзушылықтар анықталған кезде барлық бұзушылықтар тiркелген тиiстi акт жасалады. Бұл жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көлемі Тараптар қол қоятын тиісті актіні жасай отырып, нақты теңгерім негізінде есептік кезең аяқталғаннан кейін белгіленеді.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеметриялық тізбектердің техникалық жай-күйін және электр энергиясын коммерциялық есепке алу кешенін тексеру мақсатында тәуліктің кез келген уақытында бір-біріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді. Есеп айырысу кезеңі аяқталған кезде коммерциялық есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алуды Тараптардың уәкілетті өкілдері жүзеге асырады. Егер Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi өкiлi келмесе немесе көрсеткіштерді алудан бас тартса, онда екiншi тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткіштерді өз бетiнше алуға рұқсат етiледi.

      Тараптардың уәкілетті өкілдері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алған кезде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісіне қол қойылуы тиіс.

      12. Өнім берушінің шарт талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға құқығы бар.

      13. Өнім беруші Шартта және электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Тұтынушыға ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуді мынадай жағдайларда шектеуге немесе толық тоқтатуға құқылы:

      1) Тұтынушы ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметке ақы төлеу жөніндегі Шарт талаптарын бұзған жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша ескертумен;

      2) жылдық немесе айлық жөндеу графигінде көзделген ұлттық электр желісінда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оларды жүргізу мерзіміне және ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету мүмкін болмаған жағдайда Тұтынушыны ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша ескертумен;

      3) ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін технологиялық бұзылыс туындаған кезде.

      Тұтынушы үшінші тұлғаның электр желісі арқылы жеткізілетін электр энергиясының көлемдері мен сапасы бойынша жауапты болмайды.

      14. Тұтынушы:

      1) Тұтынушы үшінші тұлғалармен жеке шарт жасау жолымен үшінші тұлғалардың электр желілерінде электр энергиясын жеткізу және жедел-диспетчерлік басқару бойынша өзара қарым-қатынасты реттейді.

      2) жасалған шартқа сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметті алуға;

      3) Өнім берушіден жасалған шарт талаптарына сәйкес Өнім берушінің кінәсінен электр энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз электр энергиясын жеткізуден келтірілген нақты залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      15. Өнім беруші:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр желісіна қол жеткізуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

      2) тарифтерді белгілеу бөлігінде ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге Шарт жасаған кезде уәкілетті орган ведомствосының шешімдерін басшылыққа алуға;

      3) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуде шартта белгіленбеген үзілістерге жол бермеуге;

      4) Тұтынушының электр энергиясын сатып алу көлеміне сәйкес ұлттық электр желісінен тиісті сападағы электр энергиясын беруді жүзеге асыруға міндетті.

      16. Тұтынушы:

      1) тұтынушылардың меншігіндегі электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

      2) электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында белгіленген энергия тұтыну режимдерін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының стандартты жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;

      4) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметке уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      5) Өнім берушінің қызметкерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сонымен қатар Мемлекеттік энергетикалық бақылау қызметкерлерін электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жіберуге;

      6) электр энергиясын беру пункттерінде қабылдауға;

      7) оның басқаруындағы және жүргізуіндегі электр тораптарын пайдалану қауіпсіздігін және ол пайдаланатын электр энергиясы мен қуатын тұтынуға байланысты аспаптар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге;

      8) тоқсан сайын, алған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде келіспеушіліктер көрсетілген немесе көрсетілмеген, тоқсанның соңғы күніндегі жай-күй бойынша шарттар бөлігіндегі өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қоюға;

      9) болған жағдайда деректерді жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен келісілген көлемде автоматты түрде беруді жүзеге асыруға міндетті;

      10) ай сайын, алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша шарттар бөлінісінде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісіне қол қоюға міндетті.

      17. Тұтынушының Шарт бойынша ақшалай міндеттемелерін бұзуына байланысты ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге шектеулер енгізілген немесе қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда, Өнім беруші Тұтынушыға шектеулер енгізілгенге дейін немесе қызмет көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын хабарлайды. Бұл ретте Өнім беруші ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуді тоқтатудың ықтимал салдары үшін жауап бермейді.

      18. Егер Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуді шектеу қажеттілігі Өнім берушінің электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуден туындаған жағдайда, соңғысы Тұтынушыны дереу хабардар етеді.

      19. Шарттың 15-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда Өнім берушінің кінәсінен электр энергиясын толық жеткізбеуге ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуді шектеу немесе тоқтату енгізілмейді.

6-тарау. Төлем тәртібі

      20. Өнім берушінің ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметіне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифке сәйкес жүргізіледі.

      21. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

      22. Түпкілікті есеп айырысуды Тұтынушы Өнім берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде төлеуге берілетін шот-фактурасын ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      23. Тұтынушы Шарттың 7-тармағында көзделген мерзімде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісін ұсынбаған немесе келіспеген жағдайда, өткен есептік кезең үшін Өнім берушінің қызметіне ақы төлеу мөлшері келесі есептік кезеңде Өнім берушінің қызметіне ақы төлеу мөлшерін кейіннен түзете отырып, нақты теңгерім негізінде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісін ұсынған кезде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемі туралы Өнім берушінің қолда бар жедел деректеріне сәйкес айқындалады.

      24. Өткен кезеңдер үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жұмсалады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңіндегі нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.

      25. Егер Тұтынушы берілген шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол шот-фактураны алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Өнім берушіні хабардар етеді және Өнім берушіге келіспеушіліктер көрсетілген жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетілген мерзімдерде шот-фактураның дауланбаған бөлігін төлеуге міндетті.

      26. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін бақылау-өлшеу аспаптарында ақаулар анықталған жағдайда, Өнім беруші ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып, тексерудің түзетілген және өзара қол қойылған актісі негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бұрын қойылған шот-фактураның күшін жою жолымен түзетілген шот-фактураны жазып береді.

      27. Өнім берушінің Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметіне ақы төлеу бойынша Тұтынушының міндеттемелерінің орындалуы деп шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жіберілген хабарламада Өнім беруші көрсеткен деректемелер бойынша үшінші тараптың ағымдағы шотына ақша аудару танылады.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      28. Төлем мерзімі жақындаған сәтте шот-фактураны төлемегені үшін Өнім беруші төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептейді. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлеме негізінде есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

      Төлемдерді осы Шартта көзделген мерзімдерде төлемеген кезде Өнім беруші осы Шарттың 19-тармағында белгіленген тәртіппен электр энергиясын беруді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы, бұл туралы Тұтынушыға шектеулер енгізілгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын хабарлайды.

      29. Төлемақының жүргізілмеуіне немесе уақтылы төленбеуіне, сонымен қатар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының электр энергиясын толымсыз босатуы салдарынан шектеу немесе ажырату кезінде туындайтын салдарлар үшін жауапкершілік толығымен Тұтынушыға жүктеледі.

      30. Өнім берушінің Шартта көзделмеген ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудің үзілісі, тоқтауы немесе шектелуі үшін Тұтынушы алдындағы жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      31. Өнім беруші жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (аумақтық диспетчерлік орталық) белгілеген қондырғылары мен көлем кезінде аварияға қарсы автоматиканың әрекетінен туындаған ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудің үзілісі, тоқтатылғаны немесе шектелгені үшін Тұтынушы алдында жауапты болмайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін мән-жайлары

      32. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарының өтелуіне құқықтары болмайды. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындаған міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, туындаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараптар Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш жағдайларының басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен тапсыра отырып немесе почта арқылы жіберіп, бұл туралы бір-бірін хабардар етеді.

      33. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары қолданылған мерзімге, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты Шарттың болжамды бұзылатын күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабардар еткен жағдайда бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Басқа ережелер және дауларды шешу

      34. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      35. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша тұтастай немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе әрекетке байланысты қандай да бір дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөз жүргізу жолымен реттеу үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

      36. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша сотта шешіледі.

      Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.

      37. Тараптардың Шарттан туындайтын және Шартпен реттелмейтін қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      38. Шарт қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данадан жасалды.

      39. Шарт Тараптардың келісімі бойынша үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      40. Шарт 2023 жылғы 1 шілдедегі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 24:00-ге дейін қолданылады (орта еуропалық уақыт - Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат).

      41. Егер Тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шарттың қосымша келісімімен ресімделеді.

      Мерзім аяқталғаннан кейін Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы Тараптардың бірінің өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген сол мерзімге және сол талаптармен ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері мен қолы

      Өнім беруші: _______________                         Тұтынушы: ________________

      ___________________________                         __________________________

      ___________________________                         __________________________

      ___________________________                         __________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады