"Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 19936 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15700 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 22 қаңтары
№ 43 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 563 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары

      1. Осы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты, арнайы тексерістен бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестация қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкессіздігі бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда) қатысты да қолданылады.

      2. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:

      1) баянат;

      2) мемлекеттік мекеме басшысының әскери қызметшінің кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзінді және нұсқаманың көшірмесі.

      3. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметтен шығарылған адамдарға өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:

      1) өтініш;

      2) қызметтен шығарылғаны туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығынан үзінді;

      3) әскери билеттің көшірмесі немесе әскери есепке қойылғаны туралы белгісі бар жергілікті әскери басқару органының анықтамасы.

      4. Өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметшінің кетуінен бұрын әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің басшысы шығарады. Бұйрықта тасымалдау бағыты, қашықтығы және төлемнің мөлшері көрсетіледі.

      5. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;

      20 км – тұрақты шама;

      1 аек – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.

      6. Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуді келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдауларды қоспағанда, қаржы жылының ішінде, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметтен кетуден бұрын ақшалай үлесте тұрған мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1994 жылдың 27 желтоқсандағы 178-бабының 1-тармағында белгіленген талап қоюдың жалпы мерзімі шегінде жүргізеді.

      7. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметшінің өзі немесе әскери қызметтен шығарылған адам айқындайды.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 "Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 43. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 января 2020 года № 19936

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 "Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15700, опубликован 22 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан.";

      Правила выплаты военнослужащим денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

  Приложение к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 22 января 2020 года № 43
  Утверждены
приказом Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 17 августа 2017 года № 563

Правила выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" и определяют порядок выплаты военнослужащим органов внутренних дел Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан.

      Действие настоящих Правил распространяется также на лиц, уволенных с воинской службы (за исключением уволенных со срочной воинской службы, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации) после 13 июня 2017 года.

      2. Основанием для выплаты денег за счет государства за перевозку собственного имущества военнослужащим является приказ, изданный после предоставления следующих документов:

      1) рапорт;

      2) выписки из приказа руководителя государственного учреждения об убытии и прибытии военнослужащего и копии предписания.

      3. Основанием для выплаты денег за счет государства за перевозку собственного имущества лицу, уволенному с воинской службы, является приказ, изданный после предоставления следующих документов:

      1) заявление;

      2) выписка из приказа руководителя государственного учреждения об увольнении;

      3) копия военного билета или справка с местного органа военного управления с отметкой о постановке на воинский учет.

      4. Приказ о выплате денег за счет государства за перевозку собственного имущества издает руководитель государственного учреждения в котором военнослужащий проходит воинскую службу, а лицо, уволенное с воинской службы, где проходил воинскую службу перед увольнением. В приказе указываются маршрут перевозки, расстояние и размер выплаты.

      5. Размер выплаты рассчитывается по формуле:

     


      где: L – протяженность автомобильной дороги от пункта убытия до пункта назначения в километрах;

      20 км – постоянная величина;

      1 мрп – размер месячного расчетного показателя, утвержденного на соответствующий финансовый год.

      6. Выплата военнослужащим денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан производится в государственном учреждении, в котором военнослужащий состоит на денежном довольствии в течение финансового года, кроме случаев перевозок, осуществленных в четвертом квартале года, которые оплачиваются в первом квартале следующего финансового года, а лицо, уволенное с воинской службы, где состоял перед увольнением в пределах общего срока исковой давности, установленной пунктом 1 статьи 178 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года.

      7. Вид транспорта и перевозчик для перевозки собственного имущества определяется самим военнослужащим или лицом, уволенным с воинской службы.