2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алуға арналған үлгілік аукцион құжаттамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министірлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығына 1-қосымша |
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттама
________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы
________________________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманы бекіткен тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Шешім № _______ Күні _________
Сатып алу мәнінің түрі - Тауар
Конкурстың атауы - Жеңіл автомобильді сатып алу
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) ________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері көрсетіледі)
Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін банк деректемелері:
________________________________________________________________________________
(ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банк шоты)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы _________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі - КҚ) мыналарды:
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобильдердің) сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларын қамтиды.
Бұл ретте тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікті КҚ 2-қосымшасына сәйкестікте әзірлейді, функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларының сипаттамасы техникалық ерекшеліктердің параметрлерін, тағайындалуын және пайдаланушылық жағдайларды қамтитын сәйкес бөлімдерге бөлінуі тиіс. Қажет жағдайда техникалық ерекшелікте көлік құралының шығарылған жылы мен кепілдік мерзімі көрсетіледі.
3) Осы конкурс үшін бөлінген сома _____________ теңгені құрайды.
Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
Лоттың № | Автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобиль) | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) | |
Лоттың № | Автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобиль) | лот __ бойынша __ бөлінген сома |
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа өтініммен қоса автомобиль көлік құралдарын (жеңіл автомобиль) сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
Ұйымдастырушының шотына кепілдік берілген ақшалай жарнаны орналастыруға арналған шот: (ұйымдастырушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері) шот валютасы: KZT;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігі.
4. Конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
* конкурс қорытындылары бойынша конкурс өткізу және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібін көздейтін конкурстық құжаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12590 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша болып табылатын Конкурстық құжаттаманың ережелеріне сәйкес ресімделеді.
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алу үшін үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымша |
Лоттар тізімі (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Конкурстың № _________________________________
Конкурстың атауы _____________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауар атауы* | Өлшем бірлігі | Саны | Жеткізу жағдайлары (ИНКОТЕРМС2010 сәйкес) | Жеткізу мерзімі | Жеткізу орны | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* автомобиль көлік құралының (жеңіл автомобиль) толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алу үшін үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Сатып алынатын автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобильдердің) сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларын қамтиды
Конкурстың № ________________________________
Конкурстың атауы _____________________________
Лоттың № ____________________________________
Лоттың атауы: | Автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобиль) | Параметрлері |
Сипаттау және қажетті функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары | Қозғалтқыштың жұмыс көлемі, см³: | |
Ең жоғары қуаты, а.к. (айн./мин.): | ||
Трансмиссия түрі: | ||
Жетек түрі: | ||
Габариттері(ұзындығы/ені/биіктігі), мм: | ||
Ең төменгі жол аралығы, мм: | ||
Дөңгелек базасы, мм: | ||
Кондиционерлеу жүйесі: | ||
Аудиожүйе | ||
Отырғыштарды әрлеу: | ||
Қосымша параметрлер (көлік құралын опциялармен жарақтандыру): | ||
Көлік құралын қосымша жабдықтау: | ||
Қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі (ай немесе км. жүру, ол бұрын келеді): | ||
Автомобиль көлік құралы маркасын, үлгісін көрсете отырып *(жеңіл автомобильдің) атауы | ||
Дайындаушы зауыт* | ||
"CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бар болуы" * | электрондық құжаттың көшірмесімен қоса нөмірі мен күні көрсетіледі * | |
Кедендік одақ комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау немесе шассидің немесе көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктің болуы" * | электрондық құжаттың көшірмесімен қоса нөмірі мен күні көрсетіледі * |
* әлеуетті өнім беруші толтыру үшін
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығына 2-қосымша |
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобильді) сатып алуға арналған үлгілік аукциондық құжаттама
____________________________________________________________________
(аукционның атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) ________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі) ____________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
Аукциондық комиссияның хатшысы ________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Аукцион қоса берілген аукцион мәніне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) мыналарды:
1) осы АҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес аукционның мәнін;
2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын автомобиль көлік құралдарының (жеңіл автомобильдердің) сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларын қамтиды.
Бұл ретте тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікті АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес әзірлейді, функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларының сипаттамасы техникалық сипаттамалардың параметрлерін, тағайындалуын және пайдаланушылық жағдайларды қамтитын тиісті көлік құралдарының бөлімдерге бөлінуі тиіс. Қажет жағдайда техникалық ерекшелікте автомобиль көлік құралының шығарылған жылы мен кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Осы аукцион үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
3). Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінім мен қоса автомобиль көлік құралын(жеңіл автомобиль) сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
Ұйымдастырушының шотына кепілдік берілген ақшалай жарнаны орналастыруға арналған шот: (ұйымдастырушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері) шот валютасы: KZT;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
4. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өз мерзімінен кем болмауға тиіс.
* аукцион қорытындылары бойынша аукцион өткізу және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау тәртібін көздейтін аукциондық құжаттаманың ережелері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша болып табылатын Аукциондық құжаттаманың ережелеріне сәйкес ресімделеді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12590 болып тіркелді).
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алуға арналған үлгілік аукциондық құжаттамаға 1-қосымша |
Аукционның мәні (лот)
Аукционның № _________________________________
Аукционның атауы ______________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауар атауы* | Өлшем бірлігі | Саны | Жеткізу жағдайлары (ИНКОТЕРМС2010 сәйкес) | Жеткізу мерзімі | Жеткізу орны | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Автомобиль көлік құралының толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Автомобиль көлік құралын (жеңіл автомобиль) сатып алуға арналған үлгілік аукциондық құжаттамаға 2-қосымша |
Сатып алынатын автомобиль көлік құралының (жеңіл автомобильдердің) сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары
Аукционның № ______________________________
Аукционның атауы ___________________________
Лоттың нөмірі _______________________________
Лоттың атауы: | Автомобиль көлік құралы (жеңіл автомобиль) | Параметрлері |
Сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары | Қозғалтқыштың жұмыс көлемі, см³: | |
Ең жоғары қуаты, а.к. (айн./мин.): | ||
Трансмиссия түрі: | ||
Жетек түрі: | ||
Габариттері(ұзындығы/ені/биіктігі), мм: | ||
Ең төменгі жол аралығы, мм: | ||
Дөңгелек базасы, мм: | ||
Кондиционерлеу жүйесі: | ||
Аудиожүйе: | ||
Отырғыштарды әрлеу: | ||
Қосымша параметрлер (көлік құралын опциялармен жарақтандыру): | ||
Көлік құралын қосымша жабдықтау: | ||
Кепілдік қызмет көрсету мерзімі (ай немесе км. жүру, ол бұрын келеді): | ||
Автомобиль көлік құралының атауы (жеңіл автомобиль) (маркасын, үлгісін көрсетумен)* | ||
Дайындаушы зауыт* | ||
"CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бар болуы"* | электрондық құжаттың көшірмесімен қоса нөмірі мен күні көрсетіледі * | |
Кедендік одақ комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау немесе шассидің немесе көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктің болуы" * | электрондық құжаттың көшірмесімен қоса нөмірі мен күні көрсетіледі * |
* әлеуетті өнім беруші толтырады