Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20075 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 105 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 105 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 852-856 (27927) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18297 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 14 қаулысымен бекітілді

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 105 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – банктер), банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар), қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) және олардың филиалдарының кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланатын үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) бокс – қолма-қол ақшаны және құндылықтарды тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін көлік құралын орналастыруға арналған оқшауланған үй-жай;

      2) касса – қолма-қол ақшаны қабылдау, беру, ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау бойынша кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған үй-жай;

      3) кассалық торап – банктің, инкассаторлық ұйымның кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлардың жүйесі;

      4) қойма – қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға арналған арнайы үй-жай;

      5) қойма алдындағы бөлме – қоймаға кіретін жердің алдында орналасқан, қолма-қол ақша мен құндылықтарды қоймаға кіргізуге және одан шығаруға арналған үй-жай;

      6) қолма-қол ақша – ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары;

      7) қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған үй-жай – қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған арнайы үй-жай;

      8) мобильді кассалық торап – Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің стационарлық не стационарлық емес үй-жайы (орны);

      9) операциялық зал – кассаның алдында кассалық тораптан тыс орналасқан, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге арналған үй-жай;

      10) орталықтандырылған күзет пункті – күзетілетін объектінің дабыл сигналдарын қабылдауға және қарулы күзеттің одан әрі ден қоюына арналған объектіні күзетудің стационарлық техникалық пункті;

      11) сейф бөлмесі – қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға арналған, сейфтер (металл шкафтары) орнатылатын, арнайы жабдықталған үй-жай;

      12) тиеу-түсіру алаңы – бөгде адамдардың қолжетімділігі мен қарап шығуын болдырмайтын, қолма-қол ақшамен және құндылықтармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Күзетті ұйымдастыру тәртібі

      3. Банктер, инкассаторлық ұйымдар, уәкілетті ұйымдар кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған үй-жайлардың күзетін қамтамасыз етеді.

      Банктердің, инкассаторлық ұйымдардың, уәкілетті ұйымдардың кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған үй-жайларын қарулы күзет посттарын қою жолымен не орталықтандырылған күзет пунктіне түскен дабыл сигналы бойынша күзетілетін объектіге бару жолымен жеке күзет ұйымдары күзетеді және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталады.

      Орталықтандырылған күзет пункті жоқ елді мекендерде күзетілетін үй-жайлардан дабыл және өрт сигнализациясы күзет постында орнатылған қабылдау-бақылау құралына, орталықтандырылған бақылау пультіне беріледі. Банктердің, инкассаторлық ұйымдардың, уәкілетті ұйымдардың кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған күзетілетін үй-жайынан дабыл сигналдарын тиісті ұйым басшысының және (немесе) учаскелік полиция инспекторының тұрғын-жайына беруге жол беріледі.

      4. Банктердің, инкассаторлық ұйымдардың, уәкілетті ұйымдардың кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған үй-жайларын күзету Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      5. Кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған үй-жайлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт автоматикасымен жабдықталады.

3-тарау. Кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыруға арналған банктердiң, инкассаторлық ұйымдардың үй-жайларын жайластыру тәртiбi

      6. Банктерде кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін кассалық торап жабдықталады.

      7. Кассалық торапқа мынадай үй-жайлар кіреді:

      1) қойма және (немесе) сейф бөлмесі;

      2) қойма алдындағы бөлме (қойма болған кезде);

      3) касса;

      4) қолма-қол ақшаны қайта есептеуге арналған үй-жай.

      Қолма-қол ақшаны қайта есептеу үшін үй-жайдың болу қажеттілігін банк дербес айқындайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Кассалық торап басқа өндірістік, қосалқы, жертөлелік және қызметтік үй-жайлардан қызметкерлер кіріп-шығатын бір есікпен оқшаулануға тиіс.

      Бокста немесе тиеу-түсіру алаңында қолма-қол ақшамен және құндылықтармен тиеу-түсіру операцияларын жүзеге асыру үшін қосымша жабылатын есікті жабдықтауға рұқсат етіледі.

      9. Қойма және (немесе) сейф бөлмесі мынадай операцияларды орындау кезінде:

      1) банкноттардың, монеталар мен құндылықтардың қосымша үй-жайда жұмыстан тыс уақытта сақталуын қоспағанда, оларды күнделікті инкассациялауды ұйымдастырған;

      2) кассалық операциялар тек автоматты режимде жұмыс істейтін құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылған жағдайларда банктің қосымша үй-жайында жабдықталмайды.

      10. Іс-шараға қатысушыларға және (немесе) тұрғындарға, сондай-ақ ауылдық жерлерде кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды талап ететін іс-шараларды өткізу кезінде жылжымалы кассалық торапты пайдалануға жол беріледі.

      11. Банк касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және кассалық торап үй-жайларындағы терезе саңылауларын қорғау үшін қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлану мүмкіндігін болдырмау үшін қорғаныс құралдарымен жабдықталған металл торларды және (немесе) бұзушылыққа қарсы және оқ өткізбейтін ролеттерді пайдаланады.

      12. Қойманың үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) қойманың темірбетон қабаты қабырғасының және төбесінің қалыңдығы кемінде 200 (екі жүз) миллиметр болып айқындалады;

      2) қойманың қабырғалары бір мезгілде кассалық тораптың қоршап тұрған қабырғалары болмайды;

      3) қойманың бір ғана есігі болады, қоймаға терезелер орнатуға рұқсат етілмейді;

      4) қойманың есігі брондалған, қоймаға еніп кетуден қорғауды қамтамасыз етеді;

      5) есіктің ойығына бір құлыппен жабылатын ішкі торлы металл есік орнатылады;

      6) жаңа кассалық торапты жабдықтаған кезде қойманың барлық периметрі бойынша бақылау дәліздері, қойма қабырғаларын бұзатын жасырын жұмыстардың жүргізілуін қоспағанда, қойманың темірбетон қаптамасының үстіңгі жазықтығы мен жабын плитасының арасында көзбен шолып бақылау үшін кемінде 500 (бес жүз) миллиметрлік бақылау тесігі көзделеді.

      13. Сейф бөлмесінің үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) сейф бөлмесінің қабырғалары қалыңдығы кемінде 380 (үш жүз сексен) миллиметр кірпіш немесе қалыңдығы кемінде 200 (екі жүз) миллиметр темірбетон қабырғалардан тұруы тиіс;

      2) сейф бөлмесінің ішіндегі қабырғалары, төбесі мен едені периметрі бойынша ұзындығы 150 (бір жүз елу) миллиметрден және ені 150 (бір жүз елу) миллиметрден аспайтын ұяшық құрап, диаметрі кемінде 16 (он алты) миллиметр болатын болат шыбықтардың темір торымен нығайтылады;

      3) сейф бөлмесінің есігі металл, қалыңдығы кемінде 4 (төрт) миллиметр, оны екі құлыппен бекітуге болады. Осы саңылауға бір құлыппен жабылатын ішкі торлы металл есік орнатылады.

      14. Қоймада және сейф бөлмесінде кассалық операцияларды, механикаландыру құралдарына, жарықтандыруға қауіпсіздік және сигнализация жүйелеріне арналған құбырлар мен электр қуатының кабельдерін қоспағанда, коммуникациялар (энергия алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар, электр беру желілері, газ және су құбырлары, трансформаторлық және сорғы станциялары, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар, бақылау-өлшеу аспаптары) жүргізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қойма алдындағы бөлменің үй-жайында бір ғана есігі болуы тиіс, терезелер орнатуға жол берілмейді.

      16. Касса (кассалар) үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) әрбір кассаның құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болады;

      2) кассаның қабырғалары, төбесі мен едені касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталады;

      3) кассаның алдыңғы бөлігінде касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталған және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлануын болдырмайтын терезе ойықтары болады;

      4) кассаның алдыңғы бөлігі қолма-қол ақша мен құндылықтарды беру үшін арнайы тасымалдау құрылғылармен жабдықталады. Тасымалдау құрылғысын іске қосу және бекіту тетігі жарамды күйінде кассаның ішінде болады.

      Кассаның төмен жағының алдыңғы бөлігін 10 (он) бумадан астам банкнотты және (немесе) 5 (бес) қаптан астам монетаны қабылдауға және беруге мүмкіндік беретін инкассаторлық бункермен жабдықтауға жол беріледі;

      5) кассалардың арасы кассаларды және тиісінше касса қызметкерлерінің арасында олардың жұмыс орындарын бөліп тұратын қалқалармен жабдықталады;

      6) касса бейнебақылау жүйесінің бейнекамераларымен жабдықталады;

      7) касса сөйлесу құрылғысымен (микрофонмен) жабдықталады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қарулы күзеті бар Сауда, ойын-сауық, қонақүй кешендерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және басқа ғимараттарда орналасқан кассаның үй-жайларын Қағидалардың 16-тармағының талаптарын сақтамай, банктің ішкі құжаттарына сәйкес жабдықтауға жол беріледі.

      18. Автоматты режимінде жұмыс істейтін құрылғыларды пайдалана отырып кассалық операцияларды жүргізу кезінде касса үй-жайларының болуы талап етілмейді.

      19. Қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған үй-жайлардың құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған үй-жайының құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болады;

      2) қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған үй-жайының қабырғаларын дыбысты басатын материалдармен қаптауға рұқсат етілді;

      3) қолма-қол ақшаны қайта санауға арналған үй-жайы кассалық торапта жабдықталады.

      20. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуы қажет:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларына сәйкес жабдықталған қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай;

      2) қойма және (немесе) сейф бөлмесі;

      3) қойма алдындағы бөлме (қойма болған кезде);

      4) бокс немесе тиеу-түсіру алаңы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген үй-жайларды жайластыру Қағидалардың 12, 13, 14, 15 және 21-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады және үй-жайлар бір-біріне жақын аралықта орналасады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін құлыппен жабылатын есігі бар кассалық торапқа кіретін жерге жапсарласатын бокс не тиеу-түсіру алаңы жабдықталады.

      Боксты немесе тиеу-түсіру алаңын жайластыру кезінде үшінші тұлғалардың кіруін және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды қарап тұруын шектеу қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Уәкілетті ұйымдардың үй-жайларын жайластыру тәртібі

      22. Көшеден жеке кіру есігі бар, үйлерде (ғимараттарда, үй-жайларда) орналасқан уәкілетті ұйымның үй-жайы мынадай үй-жайларды қамтиды:

      1) касса;

      2) операциялық зал немесе клиентке қызмет көрсетуге арналған үй-жай.

      23. Уәкілетті ұйым кассасының үй-жайларын жайластыру Қағидалардың 16 және 17-тармақтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Көшеден жеке кіру есігі бар уәкілетті ұйым кассасының терезе ойықтары Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жабдықталады.

      24. Көшеден кіретін жеке есігі бар уәкілетті ұйымның үй-жайында кіретін металл есік немесе екі қабатты терезелері немесе витражды терезелері бар пластикалық есік орнатылады. Екі қабатты терезелері немесе витражды терезелері бар кіретін пластикалық есік орнатылған жағдайда сол есік ойығындағы металл торлы есіктер немесе сыртынан жарылысқа қарсы және оққа төзімді ролеттер қосымша орнатылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2020 года № 14. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 февраля 2020 года № 20075.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 21.09.2020 № 105 (вводится в действие с 16.12.2020).

      В соответствии с подпунктом 11) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 21.09.2020 № 105 (вводится в действие с 16.12.2020).

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 250 "Об утверждении Правил организации охраны и устройства помещений банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8080, опубликовано 27 декабря 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 449-450(27268-27269);

      2) пункт 1 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2019 года № 18 "О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам организации охраны и устройства помещений банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, учета, хранения, перевозки и инкассации банкнот, монет и ценностей" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18297, опубликовано 25 февраля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      2. Департаменту наличного денежного обращения (Кажмуратов Ж.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Касенов А.С.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту информации и коммуникации – пресс-службе Национального Банка (Адамбаева А.Р.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от "24" февраля года № 14

Правила организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 21.09.2020 № 105 (вводится в действие с 16.12.2020).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков - нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты (далее – банки), юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей (далее – инкассаторские организации), юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой (далее – уполномоченные организации), и их филиалов, используемых для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) бокс – изолированное помещение, предназначенное для размещения транспортного средства для осуществления погрузочно-разгрузочных работ с наличными деньгами и ценностями;

      2) касса – специально оборудованное помещение для осуществления кассовых операций по приему, выдаче, размену, обмену, пересчету, сортировке, упаковке наличных денег;

      3) кассовый узел – система специально оборудованных помещений, предназначенных для осуществления банком, инкассаторской организацией кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей;

      4) кладовая – специальное помещение, предназначенное для хранения наличных денег и ценностей;

      5) предкладовая – помещение, расположенное перед входом в кладовую, предназначенное для вноса в кладовую и выноса из кладовой наличных денег и ценностей;

      6) наличные деньги – банкноты и монеты национальной и иностранной валюты;

      7) помещение для пересчета наличных денег – специальное помещение, предназначенное для пересчета наличных денег;

      8) мобильный кассовый узел – стационарное либо нестационарное помещение (место) банка, предназначенное для осуществления кассовых операций в случаях, предусмотренных в пункте 10 Правил;

      9) операционный зал – помещение, предназначенное для банковского обслуживания клиентов, расположенное вне кассового узла перед кассой;

      10) пункт централизованной охраны – стационарный технический пункт охраны объекта, предназначенный для приема сигналов тревоги с охраняемого объекта и дальнейшего реагирования вооруженной охраны;

      11) сейфовая комната – специально оборудованное помещение, в котором устанавливаются сейфы (металлические шкафы), предназначенные для хранения наличных денег и ценностей;

      12) погрузочно-разгрузочная площадка – специально выделенное место для осуществления погрузочно-разгрузочных работ с наличными деньгами и ценностями, исключающее доступ и просмотр посторонних лиц.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации охраны

      3. Банки, инкассаторские организации, уполномоченные организации обеспечивают охрану помещений, предназначенных для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой.

      Помещения банков, инкассаторских организаций, уполномоченных организаций, предназначенные для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой, охраняются частными охранными организациями путем выставления вооруженных постов охраны либо путем выезда на охраняемый объект по сигналу тревоги, поступившему на пункт централизованной охраны и оборудуются средствами охранной сигнализации в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в области охранной деятельности.

      В населенных пунктах, где отсутствует пункт централизованной охраны, тревожная и пожарная сигнализации из охраняемых помещений передается на приемно-контрольный прибор, пульт централизованного наблюдения установленные на посту охраны. Допускается передача сигналов тревоги с охраняемого помещения банков, инкассаторских организаций, уполномоченных организаций, предназначенных для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой в жилище руководителя соответствующей организации и (или) участкового инспектора полиции.

      4. Охрана помещений банков, инкассаторских организаций, уполномоченных организаций, предназначенных для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой, осуществляется на основании договора об оказании охранных услуг в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в области охранной деятельности.

      5. В целях обеспечения пожарной безопасности помещений, предназначенных для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей, обменных операций с наличной иностранной валютой, оборудуется первичными средствами пожаротушения и пожарной автоматикой в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о гражданской защите.

Глава 3. Порядок устройства помещений банков, инкассаторских организаций, предназначенных для осуществления кассовых операций, операций по инкассации банкнот, монет и ценностей

      6. В банках для осуществления кассовых операций оборудуется кассовый узел.

      7. Кассовый узел включает следующие помещения:

      1) кладовая и (или) сейфовая комната;

      2) предкладовая (при наличии кладовой);

      3) касса;

      4) помещение для пересчета наличных денег.

      Необходимость наличия помещения для пересчета наличных денег определяется банком самостоятельно.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Кассовый узел подлежит изолированию от других производственных, подсобных, подвальных и служебных помещений одним закрывающимся служебным входом.

      Допускается оборудовать дополнительный закрывающийся вход для осуществления погрузочно-разгрузочных работ с наличными деньгами и ценностями в боксе или на погрузочно-разгрузочной площадке.

      9. Кладовая и (или) сейфовая комната не оборудуются в дополнительном помещении банка, при выполнении следующих операций:

      1) организации ежедневной инкассации банкнот, монет и ценностей, исключающей их хранение в нерабочее время в дополнительном помещении;

      2) осуществления кассовых операций исключительно с применением устройств, функционирующих в автоматическом режиме.

      10. Во время прохождения мероприятий, требующих организации кассового обслуживания участников мероприятия и (или) населения, а также в сельских населенных пунктах допускается использование мобильного кассового узла.

      11. Банк для защиты оконных проемов в помещениях кассового узла применяет металлические решетки, и (или) противовзломные и пулестойкие ролеты, оборудованные защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника и исключающие возможность хищения наличных денег и ценностей.

      12. Устройство помещения кладовой соответствует следующим параметрам:

      1) толщина железобетонной оболочки стен и потолка кладовой не менее 200 (двести) миллиметров;

      2) стены кладовой не являются одновременно ограждающими стенами кассового узла;

      3) кладовая имеет только один вход, устройство окон не допускается;

      4) дверь в кладовую бронированная, обеспечивающая защиту от проникновения в кладовую;

      5) в дверном проеме устанавливается внутренняя решетчатая металлическая дверь, закрывающаяся на один замок;

      6) при оборудовании нового кассового узла по всему периметру кладовой предусматриваются смотровые коридоры, исключающие ведение скрытых работ по разрушению стены кладовой, между верхней плоскостью железобетонной оболочки кладовой и плитой перекрытия предусматривается смотровой проем не менее 500 (пятьсот) миллиметров для визуального контроля.

      13. Устройство помещения сейфовой комнаты соответствует следующим параметрам:

      1) стены сейфовой комнаты кирпичные, толщиной не менее 380 (триста восемьдесят) миллиметров или железобетонные толщиной не менее 200 (двести) миллиметров;

      2) стены, потолок и пол внутри сейфовой комнаты по периметру укрепляются металлической решеткой из стальных прутьев диаметром не менее 16 (шестнадцать) миллиметров, образующих ячейку размером не более 150 (сто пятьдесят) миллиметров в длину и 150 (сто пятьдесят) миллиметров в ширину;

      3) дверь сейфовой комнаты металлическая, толщиной не менее 4 (четыре) миллиметра, закрывающаяся на два замка. В этом же проеме устанавливается внутренняя решетчатая металлическая дверь, закрывающаяся на один замок.

      14. В кладовой и сейфовой комнате не допускается проведение коммуникаций (технических устройств, обеспечивающих получение и использование энергии, линий электропередач, газо- и водопроводы, трансформаторные и наносные станции, а также инженерных коммуникаций, контрольно-измерительных приборов), за исключением трубопроводов и кабелей электропитания для средств механизации кассовых операций, освещения, систем безопасности и сигнализации.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Помещение предкладовой имеет один вход, устройство окон не допускается.

      16. Устройство помещения кассы (касс) соответствуют следующим параметрам:

      1) каждая касса имеет отдельный вход с закрывающейся на замок дверью;

      2) стены, потолок и пол кассы оборудуются защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника;

      3) передняя часть кассы имеет оконный проем, оборудованный защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника и исключающие возможность хищения наличных денег и ценностей;

      4) передняя часть кассы оборудуется специальными транспортирующими устройствами для передачи наличных денег и ценностей. Механизм приведения в действие и фиксации транспортирующего устройства находится внутри кассы в исправном состоянии.

      Допускается оборудовать нижнюю переднюю часть кассы инкассаторским бункером, позволяющим принимать и выдавать более 10 (десяти) пачек банкнот и (или) 5 (пяти) мешков монет;

      5) между кассами оборудуются перегородки, отделяющие кассы и соответственно рабочие места кассовых работников между собой;

      6) касса оборудуется видеокамерами системы видеонаблюдения;

      7) касса оборудуется переговорным устройством (микрофоном).

      Сноска. Пункт 16 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Допускается оборудование помещения кассы, расположенной в торговых, развлекательных, гостиничных комплексах, аэропортах, железнодорожных вокзалах, центрах обслуживания населения и иных зданиях, имеющих вооруженную охрану, без соблюдения требований пункта 16 Правил в соответствии с внутренними документами банка.

      18. Наличие помещений кассы не требуется при проведении кассовых операций с применением устройств, функционирующих в автоматическом режиме.

      19. Устройство помещения для пересчета наличных денег соответствует следующим параметрам:

      1) помещение для пересчета наличных денег имеет отдельный вход с закрывающейся на замок дверью;

      2) допускается облицовывать стены помещения для пересчета наличных денег звукопоглощающим материалом;

      3) помещение для пересчета наличных денег оборудуется в кассовом узле.

      20. Для осуществления операции по инкассации банкнот, монет и ценностей необходимо наличие следующих помещений:

      1) помещение для хранения служебного оружия и патронов к нему, оборудованное в соответствии с Правилами оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 602, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18961;

      2) кладовая и (или) сейфовая комната;

      3) предкладовая (при наличии кладовой);

      4) бокс или погрузочно-разгрузочная площадка.

      Устройство помещений, указанных в подпунктах 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, осуществляется в соответствии с пунктами 12, 13, 14, 15 и 21 Правил, и помещения располагаются в непосредственной близости друг от друга.

      Сноска. Пункт 20 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Для осуществления инкассации банкнот, монет и ценностей оборудуется помещение бокса, примыкающее к входу кассового узла, с закрывающейся на замок дверью либо погрузочно-разгрузочная площадка.

      При устройстве бокса или погрузочно-разгрузочной площадки обеспечивается ограничение доступа и просмотра третьими лицами за осуществлением инкассации банкнот, монет и ценностей.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Порядок устройства помещений уполномоченных организаций

      22. Помещение уполномоченной организации, расположенное в зданиях (сооружениях, помещениях), имеющее отдельный вход с улицы, включает следующие помещения:

      1) касса;

      2) операционный зал или помещение для обслуживания клиентов.

      23. Устройство помещений кассы уполномоченной организации осуществляется в соответствии с пунктом 16 и 17 Правил.

      Оконные проемы кассы уполномоченной организации оборудуются в соответствии с пунктом 11 Правил.

      24. В помещении уполномоченной организации с отдельным входом с улицы устанавливается входная металлическая дверь или пластиковая дверь со стеклопакетами или витражными окнами. В случае установления входной пластиковой двери со стеклопакетами или витражными окнами дополнительно устанавливается металлические решетчатые двери в том же дверном проеме или противовзломные и пулестойкие ролеты снаружи.

      Сноска. Пункт 24 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).