Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 125 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31252 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің
Төрғасы
Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі


      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 125 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 49) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында:

      16-тармақ алып тасталсын.

      2. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 13) тармақшасына, "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";

      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "қамтамасыз етсін" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдауды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін кассалық торапты – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20075 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары) жайластырылуы айқындалатын кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар жүйесін жабдықтайды.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып жасалатын кассалық операциялар "Ақпараттандыру туралы" (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" (бұдан әрі – Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қолма-қол ақша беру мынадай кассалық шығыс құжаттары:

      1) чек;

      2) кассалық шығыс ордері негізінде жүзеге асырылады.

      Қолма-қол ақшаны заңды тұлға клиентке және заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға клиентке (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға клиент және дара кәсіпкерлер ұсынған қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім бойынша банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-параграфпен толықтырылсын:

      "5-1-параграф. Арнайы бояумен боялған қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібі

      63-1. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру кезінде Қағидалардың 93-тармағының үшінші бөлігінде көзделген арнайы бояумен жабдықталған банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларды (кейстер мен контейнерлерді) (бұдан әрі – арнайы контейнерлер) банк, инкассаторлық ұйым өз қалауы бойынша пайдаланылады. Арнайы контейнерлер іске қосылған кезде (санкцияланған немесе санкцияланбаған) ішіндегі банкноттар арнайы бояумен боялады.

      Арнайы контейнерлерді пайдаланатын банк, инкассаторлық ұйым клиенттен арнайы контейнердің іске қосылуы (санкцияланған немесе санкцияланбаған) нәтижесінде арнайы бояумен боялған банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін қабылдайды.

      63-2. Банк, инкассаторлық ұйым арнайы контейнерлер мен арнайы бояуды пайдалана бастағанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы бояудың үлгілерін және арнайы бояуға арналған техникалық құжаттаманы (қорғаныш бояуының және маркерлердің техникалық сипаттамалары, бейтараптандыру үшін пайдаланылатын өнімдердің химиялық белгіленуі мен құрамы, арнайы бояуды өндіруші ұйымның атауы туралы ақпаратты қамтитын құжаттама, сондай-ақ бейтараптандыру үшін пайдаланылатын арнайы бояудың қауіпсіздігін растайтын құжат) Ұлттық Банкке жібереді.

      Банктің, инкассаторлық ұйымның клиенті арнайы контейнерлер мен арнайы бояуды пайдалана бастағанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей банкке, инкассаторлық ұйымға арнайы бояудың үлгілерін және арнайы бояуға арналған техникалық құжаттаманы жібереді. Банк, инкассаторлық ұйым клиенттен арнайы бояудың үлгілерін және арнайы бояуға арналған техникалық құжаттаманы алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды Ұлттық Банкке жібереді.

      63-3. Техникалық құжаттамасы қоса берілген арнайы бояудың ұсынылған үлгілерін зерттеу нәтижелері бойынша Ұлттық Банк оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде банкке, инкассаторлық ұйымға арнайы бояудың үлгілерін келісу туралы не себептерін көрсете отырып, оларды келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

      Арнайы бояудың үлгілері келісілген жағдайда арнайы бояудың үлгілерін келісу туралы хат банкноттарды айырбастауға ұсынған жағдайда оларда арнайы бояудың болуын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін арнайы бояудың сипаттамасын, сондай-ақ осы арнайы бояуды арнайы контейнерлерде пайдаланатын банктің, инкассаторлық ұйымның толық атауын қосымша көрсете отырып, Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.

      63-4. Банк, инкассаторлық ұйым клиенттен арнайы бояумен боялған банкноттарды Қағидалардың 59-тармағының талаптарына сәйкес қабылдайды.

      Күмәнді банкноттарды сараптамаға қабылдау туралы актіге еркін нысанда жасалған және Клиент қол қойған арнайы контейнердің іске қосылуы туралы акт қоса беріледі, онда:

      1) арнайы контейнердің іске қосылу фактісі анықталған күн;

      2) арнайы контейнердің іске қосылу фактісін анықтау мән-жайлары;

      3) банкноттарды арнайы бояумен бояу себебі (арнайы контейнерді санкцияланған немесе санкцияланбаған ашу);

      4) арнайы бояудың сипаттамалары;

      5) арнайы бояуды дайындаушы ұйымның атауы көрсетіледі.

      Арнайы контейнердің іске қосылуы туралы акт үш данада жасалады, оның бірінші данасы клиентте, екінші данасы банкте, инкассаторлық ұйымда қалады, үшінші данасы боялған банкноттармен бірге Ұлттық Банктің филиалына жіберіледі.

      63-5. Банк, инкассаторлық ұйым Ұлттық Банктің филиалына сараптамаға берген кезде арнайы бояумен боялған банкноттарды кептіреді, парақтап қайта есептейді және сыртқы тігісі жоқ қапшыққа буып-түйеді, оған мынадай ақпарат берілген жапсырма қағаз қойылады:

      1) банктің, инкассаторлық ұйымның толық атауы;

      2) банктің, инкассаторлық ұйымның банктік сәйкестендіру коды;

      3) әрбір номинал бойынша арнайы бояумен боялған банкноттардың номиналдары мен саны;

      4) арнайы бояумен боялған банкноттардың сомасы;

      5) арнайы бояумен боялған банкноттарды орау күні;

      6) арнайы бояумен боялған банкноттардың оралуын жүргізген банк, инкассаторлық ұйым қызметкерінің тегі, аты-жөні және қолы;

      7) мөртабан немесе "Арнайы бояумен боялған банкноттар" деген жазу.

      63-6. Ұлттық Банктің филиалынан банкноттарды төлем банкноттары деп тану туралы сараптама нәтижелерін алған жағдайда арнайы бояумен боялып бұрын қабылданған банкноттардың орнына төлем банкноттарын беру жүзеге асырылады.

      Сараптама нәтижелері бойынша төлемге жарамсыз және (немесе) қолдан жасау белгілері бар деп танылған банкноттар төлем банкноттарына айырбастауға және қайтарылуға жатпайды. Көрсетілген жағдайда клиентке банкноттар сараптамасының нәтижесі беріледі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Банк Ұлттық Банктен қолма-қол ақшаны қабылдауды және Ұлттық Банкке қолма-қол ақшаны өткізуді жүзеге асырған жағдайда, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды Қағидалардың 125, 126, 127, 128 және 129-тармақтарына сәйкес банктің инкассация бөлімшелері немесе банкноттар, монеталар және құндылықтар бар банк қызметкерлерінің ілесіп жүруімен инкассаторлық ұйым жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:

      "87-1. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операциялары ақпараттандыру туралы және электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Қазақстан Республикасының аумағында инкассаторлық ұйымның филиалы ашылған жағдайда, инкассаторлық ұйым он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды және инкассаторлық ұйым филиалының қызметінде пайдаланылатын үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың көшірмелерін (электрондық көшірмелерін) ұсынады.

      Инкассаторлық ұйымның филиалы өз қызметінде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының аумағында инкассаторлық ұйымның филиалы жабылған жағдайда инкассаторлық ұйым Ұлттық Банкті отыз жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:

      "90-1. Инкассаторлық ұйымның (оның филиалының) қызметі күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтатыла тұрған, сондай-ақ инкассаторлық ұйымның (оның филиалының) қызметі қайта басталған жағдайда инкассаторлық ұйым қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұл туралы Ұлттық Банкті жазбаша хабардар етеді.

      Инкассаторлық ұйымның (оның филиалының) бастамасы бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру мерзімі қатарынан күнтізбелік он екі айдан аспайды.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым ай сайын клиент клиенттердің тізімінде тіркелген нөмірді бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу карточкасын жасайды. Келу карточкасында қосымша ақпаратты көрсетуге жол беріледі.";

      107-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) клиенттің келу карточкасының дұрыс толтырылуын;";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым сақтауға қабылданған банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың есепке алынуын, сақталуын, бүтіндігін қамтамасыз етеді.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды клиентке немесе банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банктің, инкассаторлық ұйымның қоймасында немесе сейф бөлмесінде сақтауға тапсыру банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың тапсырылғанын растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады. Банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың тапсырылғанын растайтын құжаттың нысаны банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банктің, инкассаторлық ұйымның ішкі құжаттарында бекітіледі.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Инкассаторлық ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау бойынша қызметті Қағидалардың 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 және 56-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      Банкноттар түбіртектерінің бандерольдерінде номиналы, сомасы, қалыптастыру күні, штампы немесе коды, сондай-ақ банкноттарды қайта санау, сұрыптау, орау жүргізген инкассаторлық ұйым қызметкерінің (қызметкерлер бригадасының) қолы (қолдары) көрсетіледі.

      Банкноттар бумасының жоғарғы жапсырмасында клиент пен инкассаторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банкноттардың номиналы, сомасы, саны, орау күні, штампы немесе коды, сондай-ақ банкноттарды қайта санау, сұрыптау, орау жүргізген инкассаторлық ұйым қызметкерінің (қызметкерлер бригадасының) қолы (қолдары) көрсетіледі.

      Банкноттары бар бумаларды полиэтилен пакетке орау кезінде полиэтилен пакет вакуумдық орауышта дәнекерленіп, дәнекерлеу тігісіне клиенттің банктік сәйкестендіру коды, инкассаторлық ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банкноттарды қайта санауды, сұрыптауды және орауды жүргізген касса қызметкерінің (касса қызметкерлері бригадасының) коды қойылады.

      Қапқа жапсырылған жапсырмада клиент пен инкассаторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, монеталардың номиналы, сомасы, саны, орау күні, штампы немесе коды, сондай-ақ монеталарды қайта санауды, сұрыптауды, орауды жүргізген инкассаторлық ұйым қызметкерінің (қызметкерлер бригадасының) қолы (қолдары) көрсетіледі.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау және сұрыптау кезінде күмәнді, төлемге жарамсыз және қолдан жасаған белгілері бар банкноттар, монеталар және құндылықтар анықталған жағдайда инкассаторлық ұйым Қағидалардың 57, 58, 59, 60, 61, 62 және 63-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтайды.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Инкассаторлық ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша клиенттерден қабылданған сомалар шегінде олардың клиенттеріне беру бойынша қызметті Қағидалардың 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39 және 40-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.";

      2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылcын.

      4. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – банктер), банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар), қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) және олардың филиалдарының кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланатын үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) касса – қолма-қол ақшаны қабылдау, беру, ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау бойынша кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған үй-жай;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мобильді кассалық торап – Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің стационарлық не стационарлық емес үй-жайы (орны);";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кассалық торапқа мынадай үй-жайлар кіреді:

      1) қойма және (немесе) сейф бөлмесі;

      2) қойма алдындағы бөлме (қойма болған кезде);

      3) касса;

      4) қолма-қол ақшаны қайта есептеуге арналған үй-жай.

      Қолма-қол ақшаны қайта есептеу үшін үй-жайдың болу қажеттілігін банк дербес айқындайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қоймада және сейф бөлмесінде кассалық операцияларды, механикаландыру құралдарына, жарықтандыруға қауіпсіздік және сигнализация жүйелеріне арналған құбырлар мен электр қуатының кабельдерін қоспағанда, коммуникациялар (энергия алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар, электр беру желілері, газ және су құбырлары, трансформаторлық және сорғы станциялары, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар, бақылау-өлшеу аспаптары) жүргізуге жол берілмейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Касса (кассалар) үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) әрбір кассаның құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болады;

      2) кассаның қабырғалары, төбесі мен едені касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталады;

      3) кассаның алдыңғы бөлігінде касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталған және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлануын болдырмайтын терезе ойықтары болады;

      4) кассаның алдыңғы бөлігі қолма-қол ақша мен құндылықтарды беру үшін арнайы тасымалдау құрылғылармен жабдықталады. Тасымалдау құрылғысын іске қосу және бекіту тетігі жарамды күйінде кассаның ішінде болады.

      Кассаның төмен жағының алдыңғы бөлігін 10 (он) бумадан астам банкнотты және (немесе) 5 (бес) қаптан астам монетаны қабылдауға және беруге мүмкіндік беретін инкассаторлық бункермен жабдықтауға жол беріледі;

      5) кассалардың арасы кассаларды және тиісінше касса қызметкерлерінің арасында олардың жұмыс орындарын бөліп тұратын қалқалармен жабдықталады;

      6) касса бейнебақылау жүйесінің бейнекамераларымен жабдықталады;

      7) касса сөйлесу құрылғысымен (микрофонмен) жабдықталады.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуы қажет:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларына сәйкес жабдықталған қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай;

      2) қойма және (немесе) сейф бөлмесі;

      3) қойма алдындағы бөлме (қойма болған кезде);

      4) бокс немесе тиеу-түсіру алаңы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген үй-жайларды жайластыру Қағидалардың 12, 13, 14, 15 және 21-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады және үй-жайлар бір-біріне жақын аралықта орналасады.

      21. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін құлыппен жабылатын есігі бар кассалық торапқа кіретін жерге жапсарласатын бокс не тиеу-түсіру алаңы жабдықталады.

      Боксты немесе тиеу-түсіру алаңын жайластыру кезінде үшінші тұлғалардың кіруін және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды қарап тұруын шектеу қамтамасыз етіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көшеден кіретін жеке есігі бар уәкілетті ұйымның үй-жайында кіретін металл есік немесе екі қабатты терезелері немесе витражды терезелері бар пластикалық есік орнатылады. Екі қабатты терезелері немесе витражды терезелері бар кіретін пластикалық есік орнатылған жағдайда сол есік ойығындағы металл торлы есіктер немесе сыртынан жарылысқа қарсы және оққа төзімді ролеттер қосымша орнатылады.".

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларында:

      41-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қосалқы есепке алуға жауапты бөлімшеде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаға - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы арқылы банк (банктік емес ұйым) және (немесе) банк (банктік емес ұйым) филиалының қолма-қол ақшаны алуы үшін чек және жиынтық ведомосы (бұдан әрі – жиынтық ведомость) негізінде;";

      42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кассалық қызмет көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға банкноттар мен монеталарды алу күнінің қарсаңында немесе алатын күні Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚААТЖ және (немесе) қолға беру арқылы банкноттар мен монеталарды (шетел валютасын) алуға өтінім береді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Ұлттық Банк шығарған инвестициялық және коллекциялық монеталарды беру (сату) операцияларын жүзеге асырған кезде касса қызметкері сатылған монеталар сомасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16639 болып тіркелген "Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 39 қаулысында белгіленген талаптарға деректемелері сәйкес келетін касса модулінде қалыптастырылған Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау чегін береді.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Бір номиналдағы банкноттардың әрбір 100 (бір жүз) парағы бет жағын үстіне қаратып бір жаққа салынады, түбіршектерге қалыптастырылады және түбіршектерді бумаға орау тәсіліне байланысты айқастырылып немесе бір бандерольді көлденең қойып оралады. Егер бумалар одан әрі шпагатпен орау арқылы қалыптастырылса, түбіршектер айқастырылып оралады.

      Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде түбіршектер бір көлденең бандерольмен оралады. Бандерольдерге:

      1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы жазылған мөртабан;

      2) банкноттардың сомасы және номиналы;

      3) касса қызметкерінің қолы;

      4) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, өзін-өзі теретін датирді қолданған кезде касса қызметкерінің коды немесе аты-жөні;

      5) орауды қалыптастыру күні қойылады.

      Банкнот түбіршектерін бандероль машиналарында ресімдеу кезінде арнайы орау материалы қолданылады. Бандероль машинасының құрылымдық ерекшелігіне байланысты бандерольдерге мыналар қойылады:

      1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының қысқарған атауы;

      2) банкноттардың сомасы мен номиналы;

      3) касса қызметкерінің коды;

      4) қалыптасқан күні мен уақыты.

      Банкнот түбіршектерін қалыптастыру кезінде банкнот түбіршектерін полиэтилен пакеттерге орауға дейін бумаларды арнайы машиналарда пластикалық таспалармен айқастырып орау пайдаланылады.

      Банкноттардың түбіршектерін бандерольдеудің, деректемелерді таңбалаудың автоматты жүйесі бар есептеу-сұрыптау машиналарында (бұдан әрі – есептеу-сұрыптау машинасы) ресімдеу кезінде арнайы орау материалы қолданылады. Есептеу-сұрыптау машинасының конструктивтік ерекшеліктеріне қарай бандерольдерге мыналар қойылады:

      1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының қысқарған атауы;

      2) банктік сәйкестендіру коды;

      3) касса қызметкерінің коды немесе бригаданың коды;

      4) есептеу-сұрыптау машинасының нөмірі;

      5) қалыптастыру күні мен уақыты;

      6) банкноттардың жарамдылық дәрежесі (жарамды немесе тозған).";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Банкноттармен бумаларды қалыптастыру кезінде Қағидалардың 84-тармағына сәйкес буманың жоғарғы жапсырма қағазына мыналар қойылады:

      1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы жазылған мөртабан;

      2) банкноттардың номиналы;

      3) банкноттардың сомасы;

      4) банкноттардың саны;

      5) орауды қалыптастыру күні;

      6) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны, өзін-өзі теру датирін пайдаланған кезде касса қызметкерінің коды немесе инициалдарымен бірге тегі;

      7) касса қызметкерінің қолы;

      8) "Шығарылған жылы _____" деген жазба қойылады.

      Тозған банкноттар бумасының жоғарғы жапсырмасын ресімдеу кезінде жапсырманың жоғарғы оң жақ бұрышына қосымша "Тозығы жеткен" мөртабаны қойылады.

      Мерейтойлық, ескерткіш банкноттар бумаларының жоғарғы жапсырма қағаздарын ресімдеген кезде жапсырма қағаздың төменгі сол жақ бұрышында қосымша "Мерейтойлық, ескерткіш" мөртабаны қойылады.

      Есептеу-сұрыптау машинасында банкноттары бар бумаларды қалыптастыру кезінде этикеткасына мыналар қойылады:

      1) Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының қысқарған атауы;

      2) банкноттардың номиналы және банкноттардың шығарылған жылы;

      3) банкноттардың саны;

      4) касса қызметкерінің коды немесе бригаданың коды;

      5) есептеу-сұрыптау машинасының нөмірі;

      6) банкноттардың сомасы;

      7) банкноттардың жарамдылық дәрежесі (жарамды немесе тозған);

      8) қалыптастыру күні мен уақыты.";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:

      "4-параграф. Арнайы бояу үлгілерін келісу, арнайы бояумен боялған банкноттарға сараптама жүргізу және айырбастау тәртібі

      120-1. Заңды тұлға арнайы бояумен жабдықталған банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларды (кейстер мен контейнерлерді) (бұдан әрі – арнайы контейнерлер) пайдалана бастағанға дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы контейнерлерде пайдаланылатын, еріткіштердің, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді, банкноттарда олардың болуын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалары бар бояу құралының (бұдан әрі – арнайы бояу) үлгілерін техникалық құжаттамамен (қорғаныш бояуының және маркерлердің техникалық сипаттамалары, бейтараптандыру үшін пайдаланылатын өнімдердің химиялық белгіленуі мен құрамы, арнайы бояуды өндіруші ұйымның атауы туралы ақпаратты қамтитын құжаттама, сондай-ақ бейтараптандыру үшін пайдаланылатын арнайы бояудың қауіпсіздігін растайтын құжат) бірге жауапты бөлімшеге келісуге жібереді.

      Заңды тұлғаның клиенті арнайы контейнерлерді пайдалана бастағанға дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаға арнайы бояу үлгілерін техникалық құжаттамамен бірге жібереді.

      Заңды тұлға клиенттен арнайы бояу үлгілерін техникалық құжаттамамен бірге алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жауапты бөлімшеге келісуге жібереді.

      120-2. Техникалық құжаттамасы бар арнайы бояудың ұсынылған үлгілерін зерттеу нәтижелері бойынша жауапты бөлімше оларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға арнайы бояу үлгілерін келісу туралы не себептерін көрсете отырып, оларды келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

      Бояу үлгілері келісілген жағдайда жауапты бөлімше Ұлттық Банктің филиалдарына және Ұлттық Банктің Орталығына банкноттар айырбастауға ұсынылған жағдайда, олардың бар болуын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін арнайы бояудың сипаттамалары, сондай-ақ осы арнайы бояуды арнайы контейнерлерде пайдаланатын заңды тұлғаның, клиенттің толық атауы бар хатты жібереді.

      120-3. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының заңды тұлғаның арнайы контейнерлерінде немесе оның клиентінде тиісті сипаттамасы бар арнайы бояу пайдаланылатыны туралы ақпарат бар болған кезде ғана Қағидалардың 111-тармағына сәйкес Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы осы заңды тұлғадан арнайы бояумен боялған банкноттарды айырбастауға қабылдайды.

      120-4. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдаған арнайы бояумен боялған банкноттар сараптама жүргізу үшін Қағидалардың 112-тармағына сәйкес жауапты бөлімшеге жіберіледі.

      120-5. Заңды тұлға Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген сараптамаға берілетін банкноттар мен монеталардың тізімдеме-өтінішіне арнайы контейнердің іске қосылуы туралы еркін нысанда жасалған актіні қоса береді, онда мыналар көрсетіледі:

      1) іске қосылу фактісінің анықталған күні;

      2) іске қосылу фактісін анықтау мән-жайлары;

      3) банкноттарды арнайы бояумен бояу себебі (арнайы контейнерді санкцияланған немесе санкцияланбаған ашу);

      4) арнайы бояудың сипаттамасы;

      5) арнайы бояуды дайындаушы ұйымның атауы.

      Арнайы контейнердің іске қосылуы туралы актіге заңды тұлғаның басшысы мен бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар, сондай-ақ арнайы контейнердің іске қосылу фактісін анықтаған адам қол қояды.

      120-6. Арнайы бояумен боялған банкноттарды заңды тұлға сараптамаға және Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына айырбастауға берген кезде олар кептіріледі, әр беті қайта есептеледі және сыртқы тігісі жоқ қапқа буып-түйіледі, жапсырмасында мыналар көрсетіледі:

      1) заңды тұлғаның толық атауы;

      2) заңды тұлғаның банктік сәйкестендіру коды;

      3) әрбір номинал бойынша арнайы бояумен боялған банкноттардың номиналдары мен саны;

      4) арнайы бояумен боялған банкноттардың сомасы;

      5) арнайы бояумен боялған банкноттарды орау күні;

      6) арнайы бояумен боялған банкноттарды орауды жүргізген заңды тұлға қызметкерінің тегі, инициалдары және қолы;

      7) мөртабан немесе "Арнайы бояумен боялған банкноттар" деген жазу.

      120-7. Жауапты бөлімше:

      1) банкноттар боялған арнайы бояудың Қағидалардың 120-1-тармағына сәйкес жауапты бөлімшеге бұрын заңды тұлға жіберген тиісті сипаттамасы бар бояу үлгілеріне сәйкестігін;

      2) арнайы бояумен боялған банкноттардың түпнұсқалығы мен төлемділігін анықтауға сараптама жүргізеді.

      Арнайы бояумен боялған банкноттарға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша рәсімдер Қағидалардың 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119 және 120-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысымен
бекітілген

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – заңды тұлға, заңды тұлғалар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Ақпараттандыру туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау тәртібі

      2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау қызметін жүзеге асыру кезеңінде заңды тұлғаның мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі талап етіледі:

      1) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады;

      2) заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары):

      Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

      3) мына:

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болған;

      егер қылмыстық жазаны қолдану мерзімі өтпеген жағдайда, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот үкімі не өзге де шешімі бар;

      террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды:

      4) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы;

      жоғары білімі бар;

      қаржылық қызметтер көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға болып табылады;

      5) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:

      психоневрологиялық және наркологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған;

      өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      үш жыл бұрын теріс себептер бойынша қаржы ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен босатылған;

      әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436, 443, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670 және 673-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға бола алмайды;

      6) заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау функциялары бар қызметкері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

      7) заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау функциялары бар қызметкері:

      психоневрологиялық және наркологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған;

      өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      бұрынғы жұмыс орнынан теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған;

      террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға бола алмайды;

      8) заңды тұлғаның жарғылық капиталы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға құжаттар берілгенге дейін ақшалай нысанда толық көлемде қалыптастырылады және заңды тұлғаның жарғылық капиталының мөлшері кемінде:

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңгені;

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қосымша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайды;

      9) заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыруға қажетті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20075 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі – № 14 қағидалар) талаптарында көзделген және сәйкес келетін үй-жайлары бар;

      10) заңды тұлғаның меншік құқығында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті кемінде екі көлік құралы болады. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль инкассаторлық тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы электрондық өтініш (бұдан әрі – лицензия беру туралы өтініш);

      2) жарғының электрондық көшірмесі;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыруға қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың және техникалық паспорттардың (электрондық техникалық паспорттар) электрондық көшірмелері;

      5) Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;

      6) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтердің, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;

      7) жарғылық капитал мөлшерінің қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген;

      атқарушы органның басшысы болып табылатын адамда және заңды тұлға қызметкерлерінің өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екенін растайтын;

      наркологиялық және психоневрологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, заңды тұлғаның тіркеу іс-әрекеттері туралы мәліметтерді алады.

      5. Заңды тұлғаның үй-жайларын қарап тексеруді Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша заңды тұлға үй-жайларының № 14 қағидалардың талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау және үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттармен және техникалық паспорттармен салыстырып тексеру тұрғысынан лицензия беру туралы өтінішті қарау үшін Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзім ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалы жүзеге асырады.

      Заңды тұлғаның үй-жайларын қарап тексеру нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап тексеру актісін (бұдан әрі – қарап тексеру актісі) жасайды.

      Қарап тексеру актісі екі данада жасалады. Қарап тексеру актісінің бірінші данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы кейіннен құжаттар топтамасына қоса тіркеу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалында қалады.

      Қарап тексеру актісіне үй-жайларды қарап тексеруді жүргізген адамдар қол қояды, оны Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы немесе оны ауыстыратын адам бекітеді және мөрмен расталады.

      6. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау үшін пайдаланылатын үй-жайлардың конструкциясына өзгерістер енгізілген кезде, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау үшін басқа үй-жайларды пайдалану басталған кезде заңды тұлға көрсетілген заңды фактілер басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген үй-жайларға қарап тексеру актісін алу үшін үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың және техникалық паспорттардың (электрондық техникалық паспорттар) электрондық көшірмелерін бір мезгілде ұсына отырып, бұл туралы Ұлттық Банкке еркін нысанда жазбаша хабарлайды.

      7. Заңды тұлға заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеген (қайта тіркеген) күннен бастап он жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, бұл туралы Ұлттық Банкке еркін нысанда жазбаша хабарлайды.

      Заңды тұлға заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банкке еркін нысанда жазбаша хабарлайды.

      8. Заңды тұлға жарғылық капитал мөлшерінің азаюы, құрылтайшылар (қатысушылар) құрамының өзгеруі негіздері бойынша заңды тұлға қайта тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жарғының жаңа редакциясының немесе жарғыға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтерді бір мезгілде ұсына отырып, бұл туралы Ұлттық Банкке еркін нысанда жазбаша түрде хабарлайды.

      9. Заңды тұлға басшының өзгеруі, жарғылық капитал мөлшерінің ұлғаюы негіздемелері бойынша заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтерді, жарғылық капитал мөлшерінің ұлғайтылуын растайтын құжаттардың көшірмелерін бір мезгілде ұсына отырып, бұл туралы Ұлттық Банкке еркін нысанда жазбаша хабарлайды.

      10. Лицензия беру туралы өтінішті Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

      11. Ұлттық Банк заңды тұлғаға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      12. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алған күннен бастап үш ай ішінде:

      қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алуды қамтамасыз етеді және осы рұқсатты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге алынған рұқсат туралы еркін нысанда жазбаша түрде Ұлттық Банкке хабарлайды;

      қару мен патрондарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған сақтау орнын жайластыруды немесе қару мен патрондарды орталықтандырылған сақтау пунктімен қару мен патрондарды сақтау шартын жасасуды қамтамасыз етеді және көрсетілген сақтау орны жайластырылған немесе аталған шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қару мен патрондарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған сақтау орны немесе қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен қару мен патрондарды сақтау шарты туралы Ұлттық Банкті еркін нысанда жазбаша хабардар етеді.

      13. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беруден бас тарту Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      14. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      15. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру Банктер және банк қызметі туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 1), 4), 7) және 11) тармақшаларында, сондай-ақ Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру туралы Ұлттық Банк қабылдаған шешім жайында ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған заңды тұлға ай сайын, әр айдың онынан кешіктірмей (лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензияның қолданылуын қайта бастау мерзімі өткенге дейін) Ұлттық Банкке бұзушылықтарды жою үшін заңды тұлға жүргізген іс-шаралар туралы еркін нысанда жазбаша түрде хабарлайды.

      16. Ұлттық Банк банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұруды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиядан айыруды Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімнің, Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиядан айыру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімнің, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиядан айыру туралы шешімнің көшірмелері дереу заңды тұлғаға жіберіледі. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімнің көшірмесін алған кезден бастап және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін заңды тұлғаның, оның ішінде барлық филиалдардың қызметін тоқтата тұрады.

      Ұлттық Банк банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын қайта жаңартуды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 45-бабында көзделген тәртіппен Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім негізінде жүзеге асырады.

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиядан айыру туралы шешімдерді құзыретіне Ұлттық Банктің заңды тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіру кіретін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.

      17. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша қолданысын тоқтатады.

      18. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлға шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдаған шешімі туралы Ұлттық Банкке жазбаша түрде еркін нысанда не тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарлайды.

3-тарау. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі

      19. Қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге мәліметтер Қағидаларға 11-қосымшада белгіленген.

      Ұлттық Банк Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына Қағидаларға көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті ресми жарияланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      20. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензия беру туралы өтініш келіп түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Лицензия беру туралы өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші лицензия беру туралы өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып сұратудың мемлекеттік қызмет көрсетуге қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.

      21. Жауапты бөлімшенің қызметкері лицензия беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      22. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше лицензия беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жеті жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Ұлттық Банктің басшылығы үш жұмыс күні ішінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Ұлттық Банктің басшылығы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні өтініш берушіге көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жіберіледі.

      23. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияның жобасын не мемлекеттік қызмет көрсету туралы дәлелді бас тартуды дайындайды.

      24. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгінуіне жол беріледі.

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне

      кімнен ________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы өтініш

      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беруді сұраймын. Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: __________________________________________________

      2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      3. Меншік нысаны: _______________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: __________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше,

      ________________________________________________________________
үйдің және (немесе) офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      ________________________________________________________________

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және

      парақ саны:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асырғанын растайды/растамайды.

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі):

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________ ______________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер ________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20 ___ жылғы "___" _____________________

      1. Жеке тұлғалар

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

















      2. Заңды тұлғалар:

р/с

Заңды тұлғаның атауы

Ұйымдық-құқықтық нысаны

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1

2

3

4

5

6

7















      Осымен заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларының 2-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетіні расталады.

      Басшы ______________ _________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Атқарушы органның басшысы туралы мәліметтер ___________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20 ___ жылғы "___" _____________________

      1. Жалпы мәліметтер: 

Туылған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Атқарушы орган басшысының білімі: 

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (болған жағдайда күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5

      3. Атқарушы орган басшысының еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Бұл тармақта бүкіл еңбек қызметi (сонымен бірге басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңнен бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесі (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысының (басшысы орынбасарының), қаржы басқарушысының және (немесе) атқарушы директорының лауазымын атқарған жағдайда - жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

1

2

3

4

5

6

7

1







      4. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ____________________________________________________________________

      күні, ұйымның атауы, сотта істі қарау кезінде жауап беруші,

      ____________________________________________________________________

      қарастырылатын мәселе және заңды күшіне енген

      ____________________________________________________________________

      соттың шешімі (ол шығарылған жағдайда) көрсетілсін)

      5. Атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылды ма:

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      ____________________________________________________________________

      шешімнің деректемелері немесе сот қаулысы)

      6. Атқарушы органның басшысы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл өтпеген мерзімде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436, 443, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670 және 673-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды ма:

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаты

      ____________________________________________________________________

      сот және уәкілетті лауазымды тұлға қаулысының деректемелері

      7. Атқарушы органның басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды ма:

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты

      ____________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________

      сот шешімінің деректемелері)

      8. Атқарушы органның басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша қаржы ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен

      босатылды ма: ________

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), еңбек шартын бұзу немесе жұмыстан босату негіздерінің қысқаша сипаттамасы)

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатындығын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса):

      ____________________________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы ____________________ Күні _____________________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қызметкер туралы мәліметтер __________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 20 ___ жылғы "___" _____________________

Туылған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатындығын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса):

      ______________________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы ____________________ Күні _____________________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  № ___ дана

Қарап тексеру актісі

      _____________________________ _______________________________

      (Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы) (заңды тұлғаның атауы)

      _________________ мекенжайында орналасқан үй-жайларының Қазақстан (мекенжайын көрсету)

      Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің ____________

      __________________________________________________________________

      (нормативтік құқықтық актілердің атаулары)

      талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізді.

      ________________________ мекенжай бойынша орналасқан ____________

      үй-жай Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген нормативтік

      құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

      Үй-жайдың/үй-жайлардың Қазақстан Республикасының жоғарыда

      көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі

      мынадай түрде көрсетіледі:

      1) ________________;

      2) ________________;

      3) ________________.

      Ұлттық Банк бөлімшесінің басшысы __________ ________________________

      (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Мөрдің орны

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия

      Лицензияның нөмірі __________________

      Берілген күні: ____ жылғы "___" _______

      ___________________________________________________________________

      Осы лицензия _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы

      ___________________________________________________________________

      және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________ берілді

      және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға құқық береді.

      Төраға (Төрағаның орынбасары)__________________________ _______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі және инициалдары)

      Берілген жері ___________

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      кімнен ____________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      _______________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      байланысты ____ жылғы ______________ берілген нөмірі ________________

      (берілген күні көрсетілсін)

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны

      қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Толық атауы: __________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      3. Меншік нысаны: _______________________________________________

      4. Орналасқан жері және нақты мекенжайы: _________________________

      (индекс, облыс, аудан,

      ________________________________________________________________

      елдімекен, көше, үйдің және (немесе) офистің нөмірі, телефон нөмірі,

      ________________________________________________________________

      факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      Заңды тұлға осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтініштің қаралуына байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Заңды тұлға ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттар қоса беріледі)

      _______________________________________________________________

      ___________________________________________ ______________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім

      _________________ ________________

      (қала) (күні)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі __________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ____________________________________ көзделген талаптарды бұзғаны үшін,

      (талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің нормаларын көрсету)

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 48-бабын басшылыққа ала отырып, ШЕШТІ:

      1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________

      "________________" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС)

      берілген банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға

      арналған ________________ № _______ лицензияның қолданысы __________

      мерзімге тоқтатыла тұрсын.

      2. ___________________________ департаменті (департамент

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) осы шешімнің көшірмесін ЖШС

      өкіліне орындау үшін жіберсін (берсін).

      3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      Төрағасының орынбасары _________ ___________ ___________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөрдің орны

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру туралы шешім

      _________________ ________________

      (қала) (күні)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі __________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      __________________________________ көзделген талаптарды бұзғаны үшін,

      (талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің нормаларын көрсету)

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 48-бабын басшылыққа ала отырып, ШЕШТІ:

      1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________ "________________" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – ЖШС) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған ________________ № _______ лицензиядан айырсын.

      2. ___________________________ департаменті (департамент басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) осы шешімнің көшірмесін ЖШС өкіліне орындау үшін

      жіберсін (берсін).

      3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      Төрағасының орынбасары __________ ___________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөрдің орны

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім

      _________________ ________________
(қала) (күні)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, ШЕШТІ:

      1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________ "________________" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС) берілген

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған

      _____________ № _______ лицензияның қолданысы __________ қайта басталсын.

      2. ___________________________ департаменті (департамент басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) осы шешімнің көшірмесін ЖШС өкіліне орындау үшін жіберсін (берсін).

      3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      Төрағасының орынбасары __________ ___________ ___________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөрдің орны

  Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия беру
қағидаларына
11-қосымша

"Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1)лицензия алу;
2)лицензияның телнұсқасын алу;
3)лицензины қайта ресімдеу.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш порталда тіркелген күннен бастап:
лицензия берген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Барлық кіші түрлері бойынша:
1) лицензия алу үшін – лицензия беру туралы хабарлама не лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) лицензияның телнұсқасын алу үшін – лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін –лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі.

1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен Астана қаласының уақыты бойынша күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін заңды тұлға портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лицензияның қолданылуын қайта бастау қажет болған кезде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асырғаны туралы белгі соғылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жарғының электрондық көшірмесі;
3) қажетті сомада жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаның шоттарында ақша қаражатының болуы, тәуелсіз бағалау актілері қоса берілген жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құжаттар, бар болған жағдайда бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қойған бухгалтерлік баланстың көшірмесі және басқалар);
4) Қағидалардың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
6) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтердің, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымға төленгені туралы электрондық құжат.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға берілген лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
  Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды,
монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау
айрықша қызметі болып
табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      №_______ келу карточкасы

      20___ жылғы "___"_________ ___________________________________

      (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге

      асыратын банктің, инкассаторлық ұйымның атауы)

      Клиент ________________________________________ сөмкесі

      (әрбір сөмкенің нөмірі көрсетіледі)

      Нөмір _______ маршрут

      Клиент: _______________________________________________

      атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Клиенттің мекенжайы: __________________________

      Клиенттің телефон нөмірі: _______________________


Ай күні

Сөмкені өткізу уақыты

Инкассацияланатын банкноттар, монеталар және құндылықтар туралы ақпарат

Жинаушы инкассатордан қабылданған бос сөмкенің нөмірі

Клиенттің қолы

 
Сағат

Минут

Сөмкенің нөмірі

Сома

Сөмкенің нөмірі

Сома

Сөмкенің нөмірі

Сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











3











4











5











6











7











8











9











10











11











12











13











14











15











16











17











18











19











20











21











22











23











24











25











26











27











28











29











30











31











      Қайтадан келген жағдайда мына кесте толтырылады:

Ай күні

Сөмкені өткізу уақыты

Инкассацияланатын банкноттар, монеталар және құндылықтар туралы ақпарат

Жинаушы инкассатордан қабылданған бос сөмкенің нөмірі

Клиенттің қолы

 
Сағат

Минут

Сөмкенің нөмірі

Сома

Сөмкенің нөмірі

Сома

Сөмкенің нөмірі

Сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      Жиынтығы: ______________________________________________________

      (қайта келген кезде инкассацияланған сөмкелер саны)

      Барлығы: ________________________________________________________

      (бір айда инкассацияланған сөмкелер саны)

      Тексерді: _______________ ________________________________________

      (қолы) (банктің инкассация бөлімшесінің,
инкассаторлық ұйым басшысының немесе
кезекші инкассатордың тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

      Ескертпе.

      Егер түсім инкассаторларға тапсырылмаса, клиент осы күнгі жолда ақшаны тапсырмау себебін көрсетеді.

      Жіберілген қателерді түзету қате жасалған жазуды сызып тастау арқылы жасалады, ал жазу карточканың шетінде жасалады.

      Екі және одан да көп сөмкені тапсырған және алған кезде "Ақшалай түсімі бар сөмкенің нөмірі" және "Инкассатордан қабылданған бос сөмкенің нөмірі" бағандарында нөмірлердің орнына сөмкелердің саны жазумен көрсетіледі.

      Инкассаторлардың қайта кіруі кезінде ақша тапсыру "Қайта кіру" бөлімінде белгіленеді.

      Инкассатор жазбалар жасамайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады