"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11892 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбi";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құпиялық белгiсi бар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды құпиясыздандыру "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес жүргiзiледi.".
17- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"17. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары ғарыш техникасының нақты үлгiсiнiң жобалау-конструкторлық ұйым әзiрлеген және бекiткен техникалық процестерiне сәйкес Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс), "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының, "Өлшем бірлігін қамтамсыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының және "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 тіркелген) талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновациялар және | |
аэроғарыш өнеркәсібі министрі | А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі