БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпарат енгізу туралы куәліктің нысаны.";
Осы бұйрықпен бекітілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы бұйрықпен бекітілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпарат енгізу туралы куәліктің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 104 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына 1-қосымша |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидаттары (бұдан әрі - Қағидаттар) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 1 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
3) жеке кабинет - көрсетілетін қызметті алушының Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу үшін өтініш беруге арналған электрондық кабинеті;
4) Тізілім – авторлардың өтініштері негізінде енгізілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
5) куәлік - Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтердің енгізілуін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызметті беруші – өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған ұйым;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгi мен мазмұнының өзгерместігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Тізілімге мәліметтер енгізу үшін негіз ретінде автордың жеке өзі немесе нотариат куәландырған сенімхаттың электрондық көшірмесін ұсына отырып өзге өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтініш беруі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы төмендегілерді жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) туынды данасы.
Туындының бір данасының орнына өтінішке – эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін;
3) құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты түпнұсқалық туындының авторымен (ларымен) немесе құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады. Егер құрамдас туындыда көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні басқа авторлардың қорғау мерзімі өткен туындылары пайдаланылған болса, авторлық шарт талап етілмейді. Туынды шығарма жасауға негіз болған туындыны қорғау мерзімі өткен жағдайда негізгі туындының авторымен авторлық шартты ұсыну талап етілмейді;
4) діни мазмұндағы туындыларға қатысты дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу кезінде – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге өзгерістер енгізу туралы өтініш.
6. Процесс сипаттамаларын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебімен өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқарма басшысы және (немесе) басқарма басшысының орынбасары өтінішті және құжаттарды басқарма қызметкеріне өтініш берілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде жазып тапсырады. Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қызметкері 7 (жеті) жұмыс сағаты ішінде өтініш пен құжаттарды қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
Басқарма басшысы немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі. Көрсетілетін қызметтті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.
8. Тізілімге мәліметтер енгізілгені үшін көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылатын Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу бөлігінде Көрсетілетін қызметтер бағаларына сәйкес веб-порталдың жеке кабинеті арқылы жүргізетін ақы алынады.
Қажет болған жағдайда өтініш беруші ақы мөлшерін азайтудың негізін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің newcab.kazpatent.kz ақпараттық жүйесімен интеграцияланған екінші деңгейдегі банктің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Ақы мөлшерін азайту үшін негіз жеңілдіктер болып табылады, олар мынадай адамдарға беріледі:
1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заң) 10-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушысы куәлігінің көшірмесін немесе жеңілдіктерге құқық туралы зейнетақы куәлігінің көшірмесін, немесе "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне куәліктің көшірмесін, немесе жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқыны куәлігінің көшірмесін, не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа да ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғаны туралы архивтік анықтаманы, немесе басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы жауынгерлік әрекеттерге қатысуды растайтын әскери комиссариаттан анықтамалар көшірмесін, немесе басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы жауынгерлік әрекеттерге қатысу туралы белгісі бар әскери билеттің көшірмесін, немесе Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсету бойынша жұмысты растайтын құжаттың көшірмесін, немесе жарияланғанын, контузия алғанын, зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшірмесін, немесе жауангерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдерiне куәліктің көшірмесін, немесе Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарын жоюға қатысушы куәлігінің көшірмесін, немесе Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжаттың көшірмесін, немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінен әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысу, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысу фактісін растайтын анықтама көшірмесін; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдар 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын еңбек кітапшасының көшірмесін немесе өзге де құжаттардың (жұмыс орнынан, сондай-ақ архивтік мекемелерден берілген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттардан және жалақыны беруге ведомостардан үзінді көшірменің, немесе коммунистік партия немесе кәсіптік одақтар мүшелерінің мүшелік билетінің немесе есептік карточкасының, немесе бұрын қолданған заңнамаға сәйкес қызметін жүзеге асырған жұмыс өтілін белгілеу бойынша, зейнетақы тағайындау бойынша комиссиялар шешімдерінің, немесе соттар шешімдерінің, немесе арнаулы комиссиялар шешімдерінің, немесе 1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерге құқықтар туралы куәліктің, немесе фабрикалық-зауыттық училищелерде оқығаны фактісін растайтын анықтаманың) көшірмелерін, әскери билеттің көшірмесін, немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын анықтаманың көшірмесін ұсынады;
2) мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне;
3) оралмандарға;
4) кәмелетке толмағандарға.
Жеңілдіктер жоғарыда көрсетілген тармақта көрсетілген адамдардың кез келген санатына тиесілігі туралы растайтын құжаттарды ұсыну шартымен Тізілімге мәліметтер енгізу үшін белгіленген бағадан 95 (тоқсан бес) пайыз мөлшерінде беріледі.
9. Заңның 9-1-бабының 3-тармағына сәйкес бөлек тең авторлықпен шығарылған туындыларға авторлық құқықтар туралы мәліметтер тең авторлардың кез келгені оны өзінің өтінішінде көрсеткен жағдайда Тізілімге бөлек енгізілуі мүмкін.
10. Заңның 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Тізілімге бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.
11. Заңның 9-1-бабының 8-тармағына сәйкес құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі.
12. Мәліметтер Тізілімге автор өтінішті алған күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізіледі.
13. Тізілімге енгізілген мәліметтердің негізінде 7 (жеті) жұмыс сағаты ішінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге мәліметтердің енгізілгені туралы куәлік беріледі. Куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және Заңның 9-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс сағаты ішінде Тізілімге мәліметтерді енгізуден уәжді бас тартуды жібереді.
15. Тізілімде өтініш берушінің өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателерді түзетуге болады.
Бұл ретте техникалық сипаттағы қателерді түзетумен байланысты өзгерістерді Тізілімге енгізу көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы өтінішті немесе заңды күшіне енген сот шешімін алған күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына уәкілетті органның www.adilet.gov.kz (телефон: 8 (7172) 55-87-35) және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz (телефон: 8 (7172) 55-16-37) интернет-ресурстарында электрондық форматта, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі 13-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесі арқылы поштамен не қолма-қол жазбаша нысанда шағым жасау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Веб-портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
17. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы Өтініш
Мен (Біз) __________________________________________________________________
(автор (лар) дың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
жасаған ___________________________________________________________________
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
______________________________________________________________ деп аталатын
жарияланбаған ____________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды)
растаймын (растаймыз) және мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын
объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді өтінемін (өтінеміз).
Мәліметтердің Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу фактісінің заңды мағынасы "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорында маған (бізге) түсіндірілді.
20____жылы "____"__________ ______________________
(автор(лар)дың қолы)
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидаларына 2-қосымша |
"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.kazpatent.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлікті беру (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет авторлық құқықпен қорғалатын объектiлерге құқықтардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне ақпарат енгiзуге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшiн және уәкiлеттi органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған Бағаларға (бұдан әрi – Бағалар) сәйкес ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметтi алушы) көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кесесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін: |
9 | Көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімі
Куәліктің№ | Тіркеу күні | Қабылдау күні | Тегі , аты, әкесінң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Авторлық құқық объектісінің түрі | Туындының аты | Авторлық құқық объектісінің жасалған күні (күні, айы, жылы) | Мәртебесі |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге өзгерістерді енгізу туралы Өтініш
Мен (Біз) _________________________________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
_______жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
__________________________________________________________________________
________жылғы "___"________№______Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге
құқықтардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге өзгерістерді енгізуді сұраймын (мыз).
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
20__ жылы "___" _________
______________________________________________
______________________________________________
20____жылы "__"___________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 104 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына 2 қосымша |
|
Нысан |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы КУӘЛІК
20__ жылғы "___" _________№ _____
Автордың (лардың) жөні , аты, әкесінң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Авторлық құқық объектісі: ___________________________________________________
Объектінің атауы: _______________ ___________________________________________
Объектіні жасаған күні: ______________ _______________________________________
СВИДЕТЕЛЬСТВО о внесении сведений в Государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом
№ ______от "___"_________ 20__ года
Фамилия имя отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) автора (ов):
_________________________________________________________________________
Вид объекта авторского права: ______________________________________________
Название объекта: ______________________ __________________________________
Дата создания объекта:______________________ ______________________________