"Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-40) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 158 бұйрығымен бекітілген |
Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-40) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
Осы Қағиданың күші Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинацияланған және шетел валютасында номинацияланған борыштық міндеттемелерді өтеу мақсатында орналастырылған облигацияларды шығару арқылы тасымалдаушының қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту үшін шығарылған тасымалдаушының облигацияларына қолданылады.
2. Осы Қағидада келесі терминдер мен түсініктер қолданылады:
1) купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – борыштық міндеттемелер бойынша сыйақы ретінде эмитент төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын тасымалдаушыны мемлекеттік қолдау нысаны (бұдан әрі – субсидиялау);
2) магистральдық теміржол желісі – өзара қосылған магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті, халықаралық және республикаішілік темір жол қатынастарын қамтамасыз ететін өзге де объектілер жүйесі;
3) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де темір жол көлік құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам;
4) уәкілетті орган – темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) облигация ұстаушы-облигациялар бойынша құқықтарды иеленетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға;
6) купондық сыйақының субсидияланатын ставкасы бар облигациялар-эмитент шығарған және купондық сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;
7) облигациялар шығарылымының проспектісі - Эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатуға болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы ставкасын төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және ықтимал ұстаушының облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;
8) купондық сыйақы мөлшерлемесі - облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация ұстаушысына облигацияның номиналды құнын қоспағанда, облигация орналастыру салдарынан Эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайыздық мөлшері.
2-тарау. Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігі жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидиялар мөлшерін белгілеу
3. Субсидиялауға тасымалдаушының магистральдық темір жол желісін және темір жол көлігінің жылжымалы құрамын 11,5% мөлшерлеме бойынша дамыту мақсатында 2019 жылы шығарылған 307 194 406,15 мың теңге сомасына облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкасының бір бөлігін төлеу жөніндегі шығыстары мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) субсидиялау мөлшерлемесінің көлемі көлік жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша айқындалады;
2) облигацияларды өтеу мерзімі- Проспект шарттарына сәйкес.
4. Тасымалдаушының купондық сыйақы мөлщерінің бір бөлігін төлеуге арналған шығыстары тасымалдаушының қаржылық жағдайын ескере отырып, жыл сайын қайта қаралады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.
5. Облигациялар шығару Проспектісінің шарттары өзгерген жағдайда, бұрын мақұлданған субсидиялар сомасы ұлғайтуға жатпайды.
6. Субсидиялау жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
7. Шарт Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-41)-тармақшаларына сәйкес облигациялар айналысының мерзіміне бекітілетін магистральдық темір жол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін бір бөлігін субсидиялауға арналған үлгі шарт негізінде жасалады. Бұл ретте уәкілетті орган шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін республикалық бюджеттің субсидиялауға арналған шығыстарын жыл сайын жоспарлауды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Мөлшерлемені субсидиялау шарттары
8. Субсидиялау тасымалдаушы Шартқа сәйкес және осы Қағидаға сәйкес өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындаған жағдайда жүргізіледі.
9. Субсидиялар мерзімі өткен берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеуге берілмейді.
10. Тасымалдаушы сатып алған облигациялар субсидиялауға жатпайды.
11. Республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат алу үшін тасымалдаушының мынадай талаптарға сәйкестігі қажет:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ.
12. Субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат алу үшін тасымалдаушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін немесе қайта тіркелуін растайтын құжат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
4) басшылықпен расталған және тасымалдаушының мөрімен бекітілген облигациялар шығару проспектісінің көшірмесі;
5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
6) жарғының, құрылтай шартының көшірмесі (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді) нотариалды куәландырылған не басшылық куәландырған және тасымалдаушының мөрімен бекітілген.
Уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша тасымалдаушы акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар бір пакетке тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беттерінің артындағы жіптер "____ парақ тігілді және нөмірленді" болуы тиіс. Күні "___"___________ 20__ қол қойылған және тасымалдаушының мөрімен бекітілген. Тігілмеген, жекелеген құжаттардың болуына жол берілмейді, мұндай құжаттар қаралмайды және Тасымалдаушыға қайтарылады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарау үшін өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі-комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның актісімен бекітіледі,бұл ретте Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Бұл ретте Комиссия құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
15. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
16. Комиссия тасымалдаушы ұсынған құжаттарды қарайды және олардың мынадай өлшемдерге сәйкестігін тексереді:
1) ұсынылған құжаттардың дұрыстығы және олардың осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкестігі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
3) алынатын қаржы қаражатының нысаналы мақсатына сәйкестігі.
17. Комиссия тасымалдаушы ұсынған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қабылдайды және қарайды.
18. Комиссия қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тасымалдаушымен субсидиялау шартын жасасу туралы немесе жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған оның барлық мүшелері мен комиссия хатшысы қол қояды.
19. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссия шешімі заңды деп танылады. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндай алады, ол хаттамаға қоса беріледі.
20. Уәкілетті орган Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін субсидиялауға құжаттарды берген тасымалдаушыға жібереді.
21. Тасымалдаушымен субсидиялау шартын жасасу туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда, уәкілетті орган Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдаушыға уәкілетті органның субсидиялау мөлшері мен көлемін көрсете отырып, осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушының өтінімі бойынша субсидиялау шартын жасасу дайындығы туралы қорытындысын жібереді.
22. Комиссия тасымалдаушының өтінімін қабылдамаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында мұндай бас тартудың себептері көрсетіледі. Өтінімді қабылдамаудың негізі болып табылады:
1) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
2) алынатын қаржы қаражатының нысаналы мақсатының сәйкес келмеуі;
3) бекітілген республикалық бюджетте шығыстардың тиісті бабының болмауы.
23. Өтінімді қабылдамау осы Қағидаларға сәйкес өтінімді қабылдамау себептерін жоя отырып, ұсынылған тасымалдаушының жаңа өтінімін комиссияның қайта қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
24. Субсидиялау шартын жасасу үшін тасымалдаушы уәкілетті органның атына төлемдер кестесін көрсете отырып, облигациялар шығару проспектісінің көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте, тасымалдаушы уәкілетті органның мекенжайына субсидиялауға құжаттар берген тасымалдаушыға комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін жіберген күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде облигациялар шығару проспектісінің көшірмесін ұсынбаған жағдайда, субсидиялау шартын жасасу туралы комиссияның шешімі жойылады.
25. Облигациялар шығару проспектісінің көшірмесін бергеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төлемдер кестесін көрсете отырып, субсидиялау шарты жасалады.
Бұл ретте, тасымалдаушы уәкілетті органға облигацияларды шығару проспектісінің көшірмесін комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға құжат берген тасымалдаушыға жіберген датадан бастап тоқсан жұмыс күні ішінде жіберілмеген жағдайда, комиссияның субсидиялау шартын жасасу туралы шешімінің күші жойылады.
26. Облигациялар шығару шарттары өзгерген жағдайда (купондық сыйақыны төлеу мерзімдері, облигациялардың айналым мерзімін ұзарту және (немесе) купондық сыйақыны төлеу бойынша кейінге қалдыру мерзімі) тасымалдаушы бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің және купондық сыйақыны төлеудің жаңартылған кестесінің (бұдан әрі – төлеу кестесі) көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
27. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымы талаптарының өзгергені туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) облигациялар шығарылымының өзгертілген шарттарының осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
2) ұсынылатын өзгерістер осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда шартқа өзгерістер енгізу туралы шешімді қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы Тасымалдаушыны жазбаша хабардар етеді.
28. Жаңартылған төлем кестесімен шартқа өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім уәкілетті орган шартқа өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.
3 параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
29. Республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
30. Тасымалдаушы купондық сыйақыны төлегенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын төлем кестесіне сәйкес уәкілетті органның атына осы Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушының есеп айырысу шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі-аударуға арналған өтінім) ұсынады.
31. Аударуға берілген өтініммен келіспеген жағдайда уәкілетті орган және тасымалдаушы аударуға арналған өтінім берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде деректерді нақтылауды жүргізеді.
32. Уәкілетті орган аударуға өтінім берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде субсидиялау шартына сәйкес тасымалдаушыға субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.
33. Тасымалдаушыға субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін және темір жол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкасын субсидиялауға арналған ведомость қалыптастырады.
34. Тасымалдаушыға субсидиялар сомасын аудару үшін уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
35. Субсидия алған тасымалдаушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға жазбаша түрде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат береді.
36. Уәкілетті орган жылына кемінде бір рет тасымалдаушы ұсынатын құжаттардың негізінде бөлінген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.
37. Тасымалдаушы шартта белгіленген мерзімде уәкілетті органға төлем туралы ақпаратты қамтитын төлем туралы есепті жазбаша түрде жібереді.
1) тізілімді тіркеу күніндегі жағдай бойынша облигацияларды ұстаушылардың шоттарындағы облигациялардың саны;
2) облигацияларды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы тасымалдаушы аударған сыйақының жалпы сомасы.
Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға арналған өтінім
Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасын қарап,
__________________________________________________________________________
(тасымалдаушының толық атауы)
борыштық міндеттемелер бойынша сыйақы ретінде эмитентпен төленетін шығындарды ішінара өтеуге арналған купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
Тасымалдаушы туралы өтінім:
1. Заңды мекенжайы ____________________________________________________
2. Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы ___________
______________________________________________________________________
3. Жарғылық капиталдағы үлестері көрсетілген негізгі құрылтайшылар
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) __________________________
______________________________________________________________________
5. Қызметтің негізгі түрлері ______________________________________________
6. Жұмыс істеушілердің саны ____________________________________________
7. Бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану бағыты ________________________
______________________________________________________________________
Басшы _______________ _________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О. (дата)
____________________________________________________________________
(тасымалдаушының толық атауы)
магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған шарт жасасуға дайын екендігі туралы
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Қорытынды
_______________________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
_______________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық актіні қабылдаған лауазымды тұлға, нөмірі мен датасы)
________________ бұйрықпен бекітілген магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасына сәйкес
_________________________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
________________________________________________ ұсынылған құжаттарды қарап,
________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялауға арналған шартты
____________________________________________________________ келесі талаптар
(тасымалдаушының толық атауы)
бойынша жасасуға дайын екендігі туралы хабарлар етеді:
Эмитенттің атауы | Бюджеттік қаражат есебінен субсидиялауға жататын купондық сыйақы ставкасы % | Субсидиялау мерзімі, ай. |
Басшы _____________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
М.О. (дата)
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Республикалық бюджеттен қаражатты есеп айырысу шотына аударуға арналған өтінім
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушының толық атауы )
магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған
____________________ № ________ шарт бойынша
(нөмірі және датасы)
Мерзімі | Субсидиялау шартының атауы, датасы және нөмірі | Тасымалдаушының қарыз сомасы, мың теңге | Сыйақы сомасы, мың теңге | Уәкілетті органның сыйақыны субсидиялау сомасы, мың теңге |
Жиынтығы: |
Тасымалдаушының басшысы _______________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О. (дата)
магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған ____________________ № ________ шартқа сәйкес _______________ мерзім ішінде № ____
"___________________________________________________________________"
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
бюджеттік бағдарлама бойынша магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялауға арналған тізімдеме
Р/б № | Тасымалдаушының атауы | Есептік мерзім ішінде бюджеттік қаражат есебінен сыйақыны субсидиялауға жатады | |
% | мың теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
______ субсидиялау сомасы ________________________ құрайды
_________________________________________________________________________
(сомасы цифрлармен және жазумен теңге)
Тараптардың мекенжайлары:
Уәкілетті орган: |
Тасымалдаушы: |