"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20211 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі";

      66-тармақ алынып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Бюджеттің атқарылуы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін не "Сот кабинеті" АЖ арқылы электронды форматта алынған мемлекеттік мекеменің басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынады.

      Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы), немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.

      Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз жеткізгіште 2 өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін – ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдерді беруі негізгі шарт бойынша "түпкілікті" мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.

      Осы Ереженің 65-тармағында көзделген жоспарлы тағайындаулар мен кассалық шығыстарды көшірген жағдайда тапсырыстарды (хабарландыруларды) жабу (жою) тиісті нормативтік құқықтық актінің, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірі, күні, сомасы және қалдық сомасы көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеме хатының негізінде жасалады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етеді.

      Шарт сомасы кассалық сомаға дейін азайған жағдайда жасалған қосымша келісім мемлекеттік мекеменің хатымен бірге (хатта міндетті түрде шарттың тіркелуі туралы хабарламаның нөмірін, күнін, сомасы мен қалдық сомасын көрсету міндетті) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынылады.";

      248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "248. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техника-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сома шегінде жүзеге асырылады.

      Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшiн олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару, бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі тиісті қаржы жылына көзделген сома шегінде қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асырады.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінiң заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шотты аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттiк тiркеусiз ұсынуға жол берiлмейдi. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шоттың негiздiлiгi мен заңдылығын қамтамасыз етедi.

      Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударылғаннан кейiн заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгiленген мерзiмде мемлекеттiк меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына төленген акцияларды есептеудi қамтамасыз етедi.

      Бюджеттiк инвестицияларды ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингiнiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асырылған кезде, көрсетiлген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтердiң және ұлттық басқарушы холдингi акцияларының эмисиясын төлей алады.

      Республикалық бюджеттен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік қызметтер төлеміне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферт аударуды төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомасы шегінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі";

      378-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-21. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлермен № 208 қаулымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер үшін – инжинирингтік компанияның төлем сертификаты, ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер үшін өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде инжинирингтік компанияның төлем сертификаты болып табылады.

      Бас мердігер үстеме шығыстарды төлеуді Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық органдарына осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің шоттарына төлем өтеуге жататын жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде жүргізіледі.

      Бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің екінші деңгейдегі банктерге жүргізген ағымдағы шығындарын өтеуге тапсырыс беруші мен бас мердігердің арасында жасалған мемлекеттік сатып алу шартында аванс беру талаптары болмаған кезде ғана жол беріледі.

      Тауарларды (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу үшін төлемдерді ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аударуды:

      бас мердігерлер төлем сертификаты мен ЭШФ негізінде;

      қосалқы мердігерлер ЭШФ негізінде жүзеге асырады.

      Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге мемлекеттік сатып алу шоттарына және ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

      Қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Бюджеттік кредит беру тәртібі";

      627-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "627-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолданған кезде оңалту жоспарында көзделген, бірақ бір реттен аспайтын қарыз алушының бюджеттік кредитін қайта құрылымдауға жол беріледі.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі және мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттарды тіркеу";

      878-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "878. МЖӘ шарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессияларын, сондай-ақ оларға қосымша келісімдерді тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен тіркелген МЖӘ шарттарына (оның ішінде концессияларын) әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда, қосымша келісімдер мынадай өзгерістер:

      МЖӘ шарттарының атауы (оның ішінде төлем кестесі өзгергенде), саны немесе шарт қатысушыларының ауысуы, соммасы мен іске асырылу мерзімі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жасалған шарттың талптарымен қарастырылған жағдайлары мен тәртібінде шарттың бұзылуы болғанда тіркеледі.

      Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз МЖӘ шарттарымен белгіленген мемлекеттік міндеттемелердің мөлшерінің өзгертіліне жол берілмейді.

      МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша оның мерзімі 2015 жылы 31 қазанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2)-тармақшасымен бекітілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      МЖӘ шартының мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес МЖӘ шартында белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін.

      МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша МЖӘ шарты өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

      Мемлекеттік әріптестің немесе жеке әріптестің талап етуі бойынша МЖӘ шарты сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

      МЖӘ, оның ішінде концессия шарты тіркеу туралы куәлік болған жағдайда жарамды.

      Бұл ретте, МЖӘ шарты, оның ішінде концессиялық, бекітілген болжамдалып отырған төлемдер МЖӘ жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне қарай үш жылдан отыз жылға дейін) белгілерінен қарастырылады.

      МЖӘ жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.

      Концессия шарттары концедент және концессионермен шарт шеңберінде алынған міндеттемелерді толық орындаған және мерзімі өткен кезде өзінің күшін жояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2020 года № 320. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2020 года № 20211

      В соответствии с пунктом 8 статьи 82 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9934) следующие изменения:

      в Правилах исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок составления и ведения сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам";

      пункт 66 исключить;

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Исполнение бюджета";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок открытия, ведения и закрытия контрольных счетов наличности и счетов государственных учреждений";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Исполнение бюджета по поступлениям в национальной валюте";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Исполнение бюджета по расходам";

      пункт 187 изложить в следующей редакции:

      "187. Регистрация гражданско-правовых сделок государственных учреждений осуществляется на основании заявки на регистрацию гражданско-правовой сделки, которая составляется и представляется (по ИС "Казначейство-клиент" формируется электронный образ и направляется) в территориальное подразделение казначейства для регистрации договора государственного учреждения или дополнительного соглашения к зарегистрированному договору.

      В случае расторжения договора по решению суда государственное учреждение представляет на бумажном носителе либо посредством системы электронного документооборота в территориальное подразделение казначейства соответствующее письмо с приложением копии решения суда, вступившего в законную силу, заверенную оттиском печати суда, либо копию решения суда, вступившего в законную силу, полученного в электронном формате посредством ИС "Судебный кабинет", заверенную подписью руководителя и печатью государственного учреждения.

      В случае расторжения договора по другим основаниям, либо одностороннего отказа от исполнения договора в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан или заключенным договором, государственное учреждение представляет на бумажном носителе либо посредством системы электронного документооборота вместе с письмом копию документа, подтверждающий расторжение договора (в письме обязательно указание номера, даты, суммы и остатка суммы уведомления о регистрации договора), либо копию письмо-уведомление об одностороннем отказе от исполнения договора, составленного не позднее, чем за месяц, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан либо соглашением сторон. При этом письмо-уведомление должно содержать отметку (штамп либо соответствующую подпись) либо иное подтверждение, предусмотренное законодательством Республики Казахстан о получении уведомления другой стороной по договору.

      В случае удержания неустойки (штрафа, пени) за неисполнение или ненадлежащее исполнение условий договора, государственное учреждение представляет на бумажном носителе две заявки на регистрацию гражданско-правовой сделки (одна заявка предоставляется на сумму договора, за вычетом суммы удержанной неустойки (штрафа, пени), вторая на сумму удержанной неустойки (штрафа, пени). При этом предоставление государственным учреждением заявок осуществляется до проведения платежа со статусом "окончательный" по основному договору.

      В случаях переноса плановых назначений и кассовых расходов, предусмотренных в пункте 65 настоящих Правил, закрытие (отмена) заказов (уведомлений) производится на основании письма государственного учреждения с указанием соответствующего нормативного правового акта, а также номера, даты, суммы и остатка суммы уведомления о регистрации договора.

      Государственное учреждение обеспечивает достоверность и правильность оформления заявки на регистрацию гражданско-правовой сделки.

      В случае уменьшения суммы договора до суммы кассового расхода заключенное дополнительное соглашение предоставляется посредством системы электронного документооборота вместе с письмом ГУ, (в письме обязательно указание номера, даты, суммы и остатка суммы уведомления о регистрации договора).";

      пункт 248 изложить в следующей редакции:

      "248. Перечисление средств администратором бюджетных программ субъектам квазигосударственного сектора осуществляется на основании документов, подтверждающих обоснованность платежа в соответствии с финансово-экономическим обоснованием или технико-экономическим обоснованием (проектно-сметной документацией), а также иного вида документа, предусмотренного законодательством Республики Казахстан, в пределах указанных в них сумм на текущий финансовый год.

      Перечисление денег на увеличение уставных капиталов юридических лиц с участием государства в уставном капитале и на увеличение уставного капитала их дочерних организаций в оплату объявленных акций юридических лиц осуществляется администратором бюджетных программ в пределах сумм, предусмотренных на соответствующий финансовый год согласно финансово-экономическому обоснованию, после государственной регистрации выпуска объявленных акций (ценных бумаг), подтверждаемой соответствующим свидетельством государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор за рынком ценных бумаг.

      Предоставление администратором бюджетных программ в территориальное подразделение казначейства счета к оплате в оплату объявленных акций юридических лиц без государственной регистрации выпуска объявленных акций (ценных бумаг) не допускается. Администратор бюджетных программ обеспечивает обоснованность и правомерность предоставления счета к оплате в оплату объявленных акций юридических лиц.

      После перечисления денег в счет оплаты объявленных акций (ценных бумаг) юридическое лицо обеспечивает зачисление оплаченных акций на счет уполномоченного органа по распоряжению государственной собственностью в сроки, установленные законодательством о рынке ценных бумаг.

      При осуществлении бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале национальных холдингов и национального управляющего холдинга администраторы бюджетных программ, не имеющие права владения и пользования государственным пакетом акций указанных юридических лиц, в соответствии с решением Правительства Республики Казахстан могут оплачивать эмиссию акций национальных холдингов и национального управляющего холдинга.

      Перечисление трансферта из республиканского бюджета фонду социального медицинского страхования на оплату социальных услуг, в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи осуществляется администратором бюджетной программы в пределах сумм индивидуального плана финансирования по платежам.";

      заголовок главы 7 изложить в следующей редакции:

      "Глава 7. Порядок обслуживания субъектов квазигосударственного сектора";

      пункт 378-21 изложить в следующей редакции:

      "378-21. Платежи и (или) переводы денег генподрядчика при казначейском сопровождении и субподрядчика при казначейском сопровождении проводятся в пределах остатков денег, находящихся на счетах ГЗ, путем формирования генподрядчиком при казначейском сопровождении и субподрядчиком при казначейском сопровождении платежного поручения по форме, установленной Постановлением № 208.

      Основанием для формирования платежного поручения, является:

      для генподрядчика при казначейском сопровождении – платежный сертификат инжиниринговой компании, ЭСФ;

      для субподрядчика при казначейском сопровождении – ЭСФ,

      для генподрядчика и субподрядчика при казначейском сопровождении при возмещении текущих затрат, произведенных за счет собственных средств - платежный сертификат инжиниринговой компании.

      Оплата генеральным подрядчиком накладных расходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан об архитектурной и градостроительной деятельности на основании платежного поручения.

      Генподрядчики при казначейском сопровождении и субподрядчики при казначейском сопровождении обеспечивают предоставление в территориальные органы казначейства платежного поручения с приложением документов, указанных в настоящем пункте.

      При возмещении текущих затрат, произведенных за счет собственных средств генеральным подрядчиком или субподрядчиком со счетов, открытых в казначействе на счета генерального подрядчика или субподрядчика в банки второго уровня, оплата производится на основе платежного сертификата с указанием произведенных затрат, подлежащих возмещению.

      Возмещение текущих затрат, произведенных за счет собственных средств генеральным подрядчиком или субподрядчиком со счетов, открытых в казначействе, на счета генерального подрядчика или субподрядчика в банки второго уровня допускается только при отсутствии условий авансирования в договоре государственных закупок, заключенном между заказчиком и генеральным подрядчиком.

      Перечисление платежей за приобретение товаров (выполнение работ, оказание услуг) субподрядчикам-конечным получателям денег (производителям товаров, работ, услуг) на счета, открытые в банке второго уровня осуществляется:

      генеральными подрядчиками на основании платежного сертификата и ЭСФ,

      субподрядчиками на основании ЭСФ.

      Перечисление генеральным подрядчиком авансовой (предварительной) оплаты в размере не более 30 процентов от суммы заключенного договора субподрядчикам на счета государственных закупок и субподрядчикам−конечным получателям денег (производителям товаров, работ, услуг) на счета, открытые в банке второго уровня, осуществляется на основании платежного поручения.

      Перечисление субподрядчиками со счетов государственных закупок авансовой (предварительной) оплаты в размере не более 30 процентов от суммы заключенного договора конечным получателям денег (производителям товаров, работ, услуг) осуществляется на основании платежного поручения.";

      заголовок главы 8 изложить в следующей редакции:

      "Глава 8. Порядок управления бюджетными деньгами";

      заголовок главы 9 изложить в следующей редакции:

      "Глава 9. Использование денег, получаемых государственными учреждениями от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, поступлений от благотворительной помощи, денег, передаваемых физическими и (или) юридическими лицами на условиях их возвратности либо перечисления при наступлении определенных условий в соответствующий бюджет или третьим лицам";

      заголовок главы 11 изложить в следующей редакции:

      "Глава 11. Порядок бюджетного кредитования";

      пункт 627-1 изложить в следующей редакции:

      "627-1. При применении в соответствии с законодательством Республики Казахстан реабилитационной процедуры в отношении заемщика допускается повторная реструктуризация бюджетного кредита заемщика, предусмотренная планом реабилитации, но не более одного раза.";

      заголовок главы 12 изложить в следующей редакции:

      "Глава 12. Государственные и гарантированные государством

      займы и займы, привлекаемые под поручительства государства";

      заголовок главы 13 изложить в следующей редакции:

      "Глава 13. Регистрация и мониторинг государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств, и регистрация договоров по проектам государственно-частного партнерства без государственных обязательств";

      пункт 878 изложить в следующей редакции:

      "878. Регистрация договоров ГЧП, в том числе концессии, Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, а также дополнительные соглашения к ним, осуществляются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета или его территориальным подразделением.

      Дополнительные соглашения к договорам ГЧП, в том числе концессии, зарегистрированным центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета или его территориальным подразделением, при условии сохранения неизменности качества и других условий, явившихся основой для выбора поставщика, регистрируются в случаях изменения:

      наименования, количества или замены участников договора, сумм и сроков реализации договоров ГЧП (в том числе при изменении графиков платежей);

      расторжения договора в случаях и порядке, предусмотренных условиями заключенного договора и законодательством Республики Казахстан.

      Не допускается изменения размера государственных обязательств, предусмотренного договором ГЧП без рассмотрения соответствующей бюджетной комиссии.

      По соглашению сторон договора ГЧП срок его действия может быть продлен в пределах срока, установленного подпунктом 2) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 31 октября 2015 года "О государственно-частном партнерстве".

      Срок действия договора ГЧП может быть продлен по решению суда в порядке, определенном договором ГЧП, в случаях, установленных законодательством о государственно-частном партнерстве.

      Договор ГЧП может быть изменен и расторгнут по соглашению сторон договора ГЧП.

      По требованию государственного партнера или частного партнера договор ГЧП может быть расторгнут по решению суда.

      Договора ГЧП, в том числе концессии, действительны при наличии свидетельства о регистрации.

      При этом, предполагаемые платежи, установленные договором ГЧП, в том числе концессии предусматриваются исходя из признака среднесрочного или долгосрочного срока реализации проекта ГЧП (от трех до тридцати лет в зависимости от особенностей проекта ГЧП).

      Проект ГЧП считается завершенным после выполнения сторонами договора ГЧП всех взятых на себя обязательств.

      Договор концессии прекращает свое действие по истечению срока и полного выполнения обязательств концедента и концессионера, принятых в рамках договора.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан-
Министр финансов
А. Смаилов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан