"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20272 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 19123 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерідің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту– азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру– сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану– тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары– тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

      6) мамандандырылған ұйымдар–әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен бекітілген, ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында, бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;

      8) тауар интервенциялары– бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      10-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) сатып алынады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.";

      31 және 32 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.

      32. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеуі жолымен қамтамасыз етіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жергілікті атқарушы органдар бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 апреля 2020 года № 109. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2020 года № 20272

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19123, опубликован 6 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:
      в Типовых правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, утвержденных указанным приказом:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. В настоящих Типовых правилах используются следующие понятия:
      1) региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров – оперативный запас продовольственных товаров, созданный для оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности на территории областей, городов республиканского значения, столицы;
      2) освежение регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров до истечения сроков их хранения или возврат продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года;
      3) использование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров из регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров с целью проведения товарных интервенций и освежения регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров;
      4) формирование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – закупочные интервенции, размещение и хранение продовольственных товаров в региональном стабилизационном фонде продовольственных товаров;
      5) социально значимые продовольственные товары – продовольственные товары, за счет которых удовлетворяются физиологические потребности человека, перечень которых утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан;
      6) специализированные организации – организации, реализующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, перечень которых утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года №1279;
      7) закупочные интервенции – мероприятия по закупке специализированными организациями продовольственных товаров, при снижении цен на территории областей, городов республиканского значения, столицы и/или при введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан;
      8) товарные интервенции – мероприятия по реализации продовольственных товаров на внутреннем рынке из региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, осуществляемые в целях стабилизации внутреннего рынка при росте цен;
      9) предельная торговая надбавка – торговая надбавка, формируемая для определения цены при реализации субъектами внутренней торговли продовольственных товаров конечным потребителям.";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы осуществляется закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";
      дополнить пунктами 10-1 и 10-2 следующего содержания:
      "10-1. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период местный исполнительный орган областей, городов республиканского значения, столицы заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.
      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.
      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.
      10-2. Накладные расходы специализированной организации, реализующей механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, покрываются за счет разницы между фиксированной и рыночной ценами на продовольственные товары.";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы ежемесячно до 20 числа месяца представляют в министерства сельского хозяйства и торговли и интеграции Республики Казахстан информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";
      пункт 18 изложить в следующей редакции:
      "18. Предельная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары, реализуемые специализированной организацией, формируется с учетом удержания цен на 10 или более процентов ниже официальных рыночных значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, формируемые органами государственной статистики соответствующей области, города республиканского значения, столицы согласно Плану статистических работ в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".
      пункт 21 изложить в следующей редакции:
      "21. При формировании регионального стабилизационного фонда закуп продовольственных товаров осуществляется непосредственно у производителей и (или) сельхозпроизводителей и (или) оптовых предприятий (дистрибьюторов).";
      пункт 25 изложить в следующей редакции:
      "25. Специализированная организация принимает решение о проведении товарных интервенций не позднее 2 (двух) рабочих дней в случае повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.";
      пункты 31 и 32 изложить в следующей редакции:
      "31. Местный исполнительный орган области, городов республиканского значения, столицы в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары предоставляет займ специализированной организации для последующего предоставления субъектам предпринимательства в соответствии с перечнем продовольственных товаров, определяемым Комиссией. Предоставление займа осуществляется на условиях возвратности, обеспеченности и платности путем заключения договора займа.
      32. Стабилизация цен обеспечивается путем установления специализированной организацией фиксированных сниженных розничных/оптовых цен на социально значимые продовольственные товары.";
      пункт 35 изложить в следующей редакции:
      "35. Субъект предпринимательства предоставляет обеспечение исполнения обязательств по возврату займа специализированной организации. Обеспечение исполнения обязательств предоставляется в виде: залога, и/или банковской гарантии, и / или договора страхования, и / или гарантии/поручительства третьих лиц, и / или корпоративной гарантии. Обеспечение исполнения обязательств оформляется в письменной форме, предусмотренной законодательством.";
      пункт 37 изложить в следующей редакции:
      "37. Источником финансирования являются денежные средства, выделяемые местными исполнительными органами, в том числе, выделенные ранее на формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров.".
      2. Департаменту инвестиционной политики Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего соответствующее направление вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации и подлежит опубликованию.
      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан