1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі