"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1313 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17327 болып тіркеліп, 2018 жылғы 7 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын бекіту туралы қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1313 бұйрығымен бекітілген |
Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары 1 тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен, Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінен, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінен, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен, Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім), сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімі - интегралдық микросхемалар тіркелген топологияларының мемлекеттік тізілімі;
2) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімі – тіркелген өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімі;
4) Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімі - тіркелген өнертабыстардың мемлекеттік тізілімі;
5) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің, өнертабыстарының, пайдалы модельдерінің, өнеркәсіптік үлгілерінің, тауар белгілерінің және тауарлар шығарылған жер атауларының , интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені ұсынуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
6) ӨҮХК – Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық классификациясы;
7) Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі - тіркелген пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі;
8) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
9) патент иеленушi – патенттiң немесе қорғау құжатының иесi;
10) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;
11) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі - Тіркелген тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі;
12) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
13) Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі – Тіркелген тауардың шығарылған жерінің мемлекеттік тізімі;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
15) ХПС – Халықаралық патенттік сыныптау;
16) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
17) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2 тарау. Тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру тәртібі
3. "Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес қолдаухат жібереді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.
Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған қолдаухат автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте кіріс тіркеу нөмірі беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген мерзімде осы қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қарау туралы дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Құжаттар тізбесін ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы қағиданың 5 немесе 6-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе қолдаухатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды электрондық құжат нысанында жібереді.
7. Тауар таңбаларының, тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмені ұсыну кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негіздер болып табылады.
8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру тәртібі
11. Мемлекеттік тізілімдерінен үзінділерді көрсетілетін қызметті беруші ұсынады.
Үзінді көшірмелерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің атына осы қағиданың 7-қосымшасына сәйкес селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірме беру туралы қолдаухат беруі қажет.
12. Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмені беру туралы өтініштің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тарау 5. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер
13. Көрсетілетін қызметті беруші селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен келесі үзінді көшірмелерді ұсынады:
1) Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
2) Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
3) Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
4) Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
7) Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар белгісінің мемлекеттік тізілімінен жалпыға ортақ тауар белгісінен үзінді көшірмелер;
8) Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер.
ҚОЛДАУХАТ тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы
Көрсетілетін қызметті алушы__________________________________
Мекенжайы: ________________________________________________
Зияткерлік меншік объектісінің түрі ____________________________
Тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі _____________________________
Қосыша жолданған құжаттар тізімі:
Сенімхат (өтінішті өкілі арқылы ұсынған жағдайда).
Құқық иеленуші ____________ _________________________________
(ЭЦҚ) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа да өкіл арқылы
____________ ________________________________________________
(ЭЦҚ) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" РМК) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Заңның 3-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаның қолдаухаты. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар; |
Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қоғалжын тас жолы, 3Б ғимараты
БСН: 020940003199
КБЕ: 16
ТБК: 859
Банк атауы ЖСК БСК
"Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX
"Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323
HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX
"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA
Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA
"Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
"Ұлттық зияткерлік меншік интитуты" РМК "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңның _ бабының _ тармағына сәйкес "Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады.
(ЭЦП)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі |
(111) Кезекті тіркеу нөмірі: (210) Өтінім нөмірі:
(151) Тіркеу күні: (220) Өтінішті беру күні:
(450) Жариялау күні: (181) Қолданылу мерзімі:
(310)-(330) Басымдылықты қолданудың нөмірі мен күні:
(540) Тауар белгісінің суреті:
(591) Түстердің көрсеткіші:
(730) Иесі:
(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл
Басқа өкіл
(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі
(526) Қорғауға жатқызылмайтын элементтер:
Өзгерту:
(ЭЦҚ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ АТАУЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі |
(111) Тіркеу нөмірі:
(151) Тіркеу күні:
(210) Өтінім нөмірі:
(220) Өтінім беру күні:
(730) Иесі:
(540) Атауы:
Тауардың шығарылған жері:
Тауар түрі:
(450) Жариялау күні:
(181) Қолданылу мерзімі:
Өзгерту:
(ЭЦҚ)
ҚОЛДАУХАТ Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы
Өтініш беруші _______________________________________________
Мекенжайы: ________________________________________________
Зияткерлік меншік объектісінің түрі ____________________________
Тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі _____________________________
Қосыша жолданған құжат:
Сенімхат (өтінішті өкілі арқылы ұсынған жағдайда).
Құқық иегері ____________ __________ ____________________________
Қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа да өкіл арқылы
____________ ________________________________________________
Қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРТАБЫСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі:
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы:
(21) Өтінім нөмірі:
(22) Өтінішті беру күні:
(31, 32, 33) Басым деректер:
(51) ХПС:
(54) Атауы:
(73) Патент иесі:
(72) Автор (лар)
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер
(85) Ұлттық фазаға халықаралық өтінімді аудару күні:
(86) Халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық тіркеу күні:
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:
Қолданылу мерзімі:
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні:
Мәртебесі:
(11) Қорғау құжатының нөмірі:
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы:
(21) Өтінім нөмірі:
(22) Өтініш беру күні:
(31, 32, 33) Басым деректер:
(51) ХПС:
(54) Атауы:
(73) Патент иесі:
(72) Автор (лар):
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:
(85) Ұлттық фазаға халықаралық өтінімді аудару күні:
(86) Халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық тіркеу күні:
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:
Қолдану мерзімі:
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі:
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы:
(21) Өтінім нөмірі:
(22) Өтінішті беру күні:
(31, 32, 33) Басым деректер:
(51) ӨҮХК
(54) Өнеркәсіптік үлгілерінің атауы:
Суреті:
(73) Патент иесі
(72) Автор(лар)
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:
Қолданылу мерзімі:
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі |
(11) Қорғау құжатының нөмірі:
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы:
(21) Өтінім нөмірі:
(22) Өтінішті беру күні:
(54) Атауы:
(73) Патент иесі:
(72) Автор (лар):
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:
Қолданылу мерзімі:
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАУАР БЕЛГІСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі: |
(111) Кезекті тіркеу нөмірі: (210) Өтінім нөмірі:
(151) Тіркеу күні:
(152) Жалпыға бірдей белгілі деп тану күні: (220) Өтінішті беру күні:
(450) Жариялау күні: (181) Қолданылу мерзімі:
(540) Жалпыға бірдей тауар белгісінің суреті:
(591) Түстердің көрсеткіші:
(730) Иесі:
(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл
Басқа өкіл
(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі:
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМАЛАР ТОПОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: | |
Мәртебесі: |
(11) Тіркеу нөмірі (куәліктің) :
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы:
(15) Тіркеу күні:
(21) Өтінім нөмірі:
(22) Өтінішті беру күні:
(54) Интегралдық микросхема топологиясының атауы:
(73) Құқық иеленуші:
(72) Автор (лар):
(45) Жариялау күні:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)