БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 10768 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ҚБТ-ны пайдалана отырып, оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру да оқу түрлері бойынша уақыт нормаларын білім беру ұйымдары өз бетінше белгілейді.
Бұл ретте білім беру ұйымдары (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын) білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша білім алушылар үшін ҚБТ-ны пайдалана отырып оқытуды қамтамасыз етеді.";
5-тармақтың 9)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) - бұл интербелсенді түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14)-тармақшалармен толықтырылсын:
"13) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;
14) кейс-технология - қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;";
6-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қосымша білімнің (жеке бағыттары бойынша), орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары және MBA (ЕМВА) және DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға;";
6-тармақтың 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға қатысты.";
15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес ЖОО-ның өз бетінше әзірлеген қағидаларына сай жүзеге асырылады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өз бетінше әзірлеген қағидаларына сай жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚБТ бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау мыналар:
- телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, "on-line" режимінде білім алушы мен оқытушының тікелей байланысы;
- автоматтандырылған тестілеу жүйелері;
- жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.
ҚБT қолдана отырып білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау түрлі оқу жұмыстары түрінде (тесттер, практикалық тапсырмалар және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу жұмысының түрін оқытушы анықтайды.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау тапсырмаларының қиындық деңгейі өткен материалға сәйкес келуі және білім алушыларға қолжетімді болуы қажет.
Аралық аттестаттауға арналған тестілік тапсырмаларды әзірлеуге пәнді (модульді) жүргізетін педагог жауапты болып табылады.
16. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) ҚБТ негізінде білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізу үшін білім алушыны верификациялауға, білім алушының тәртібін экранмен бақылауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейнетаспаға жазуға мүмкіндік беретін онлайн прокторинг технологияларын пайдалануды қамтамасыз етеді.
17. ЖЖОКБҰ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын білім алушылардан басқа жалпы орта білім бағдарламасының базасында ҚБТ-ны қолдану арқылы оқытуға рұқсат берілмейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ-да мыналар:
1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;
2) телекоммуникациялық желілерге шығатын жабдықтар (Интернет, спутниктік теледидар);
3) цифрлық білім беру ресурстары;
4) оқытуды басқарудың желілік жүйесі (Learning Management System) (ЛҰнинг Менежемент Систем) немесе бұлттық есептеу арқылы сервис ("қызмет көрсету ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету");
5) ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше болуы тиіс.
ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мыналар:
1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйенің;
2) интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникативтік байланыс арналарының;
3) цифрлық білім беру ресурстарының;
4) оқытуды, оқу контентін басқарудың желілік жүйесінің немесе сервистің;
5) сынақ кешендерінің;
6) тиісті даярлықтан өткен педагогтердің болуы тиіс.";
26-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) орта білім беру ұйымдары кестеге және оқу бағдарламаларына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқу процесі кестесіне, ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес (аралық, қорытынды) бақылаудың барлық түрін тапсырады.";
мынадай мазмұндағы 26-1)-тармағымен толықтырылсын:
"26-1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысушылардың міндеттері:
Басшы:
1) оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар, оның ішінде техникалық жағдай жасайды;
2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
3) педагогтармен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (балалардың заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;
4) ұйымның педагогтердің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады;
5) қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша оқытушыларды даярлауды ұйымдастырады;
6) білім алушылардың білім беру ұйымының электрондық кітапханаларына қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
7) білім беру процесіне қатысушылардың қызметін бақылайды, педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер:
1) жоспарлауды және ҚБT қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады;
2) ҚБТ қолдану арқылы оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша нұсқаулықтар әзірлейді;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚБТ ерекшеліктерін ескеретін жұмыс оқу жоспарларын құрады;
4) ҚБТ қолдану арқылы оқу процесі мәселелері бойынша кеңес береді, СБР құруға әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді;
5) білім беру ресурстарын үнемі жаңартып, жүйелеуді қамтамасыз етеді;
6) білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
7) оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
8) ТжКБ ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылатын сабақ кестесін, оқыту графигін жасайды;
9) педагогтермен бірге білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдері және олардың орындалған жұмыстарды ұсынады;
10) оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
12) бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтардың қызметін ұйымдастырады;
13) оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттауды өткізу барысын бақылайды;
14) оқу-тәрбие процесіне қатысушылармен кері байланыс жасайды;
15) педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;
16) ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру туралы есеп беру ақпаратын дайындайды.
Педагогтер:
1) электронды түрдегі қажетті оқу-әдістемелік материалдары бар электрондық оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді;
2) білімді бақылау құралдарын әзірлейді;
3) білім алушыларға әр тақырып бойынша жұмыс уақытын, орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті бөлімдерді әзірлеудің тақырыптық кестесін жасайды және таратады;
4) білім алушылармен синхронды және асинхронды кеңестер жүргізеді;
5) жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін, қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданады;
6) қолданылатын жұмыс түрлері, онлайн сабақтардың нысандары мен мерзімдері, офлайн сабақтарға қатысу, үй тапсырмаларын орындау мерзімдері туралы ақпаратты білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына уақытылы жеткізеді;
7) оқу-әдістемелік ресурстардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз етеді;
8) білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін әр пән (модуль) үшін берілген бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды;
9) оқу процесінде ҚБТ қолдану бойынша біліктілікті арттырудан өтеді;
10) қашықтықтан оқытуға қатысты құжаттаманы жүргізеді.
Білім алушылар:
1) педагогтермен байланыста болады;
2) қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
3) білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше уақытылы орындайды;
4) орындалған тапсырмаларды педагогке қол жетімді байланыс құралдары арқылы уақытылы жібереді;
5) қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |