"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мемлекеттік қызмет істері | |
агенттігінің төрағасы | А. Жаилғанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН |
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
Осы Үлгілік біліктілік талаптарының күші арнаулы атақтары берілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарына қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.09.2022 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Үлгілік біліктілік талаптары жұмыс өтілі бойынша талаптарды қамтиды.
3. Құқық қорғау органдары осы Үлгілік біліктілік талаптары негізінде құқық қорғау органы мен оның бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, құқық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескеріп кәсіби қызметті тиімді атқару үшін қажетті білім, құзыреттер, кәсіптік даярлық бойынша талаптарды және өзге талаптарды қамтитын ведомстволық біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді.
4. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында әскери қызмет өтіліне сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі кезеңдері кірмейді.
5. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік ерекшелікті білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адамдар, осы Үлгілік біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, құқық қорғау органының бірінші басшысының шешімі және (немесе) келісімі бойынша құқық қорғау органдарының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
2-тарау. Жұмыс өтілі бойынша үлгілік біліктілік талаптары
6. C-GP-1, В-PK-1, C-SV-1, С-FM-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-2, C-OGP-1, C-AGP-1, В-PK-2, В-PKО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, С-FM-2, С-FMО-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-1, В-1, С-1, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда алты жылдан кем емес.
7. C-AGP-1 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе C-GP-2, C-OGP-1, C-AGP-2, В-PK-2, В-PKО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, С-FM-2, С-FMО-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-1, В-1, С-1, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда алты жылдан кем емес.
8. C-GP-2, C-OGP-1, В-PK-2, В-PKО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, C-SN-1, С-SSP-1, C-SGU-1, С-FM-2, С-FMО-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-3, C-OGP-3, C-AGP-3, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-2, В-2, С-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда бес жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес (C-OGP-1, В-PKО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, С-FMО-1 санаттарының лауазымдарын қоспағанда).
9. C-AGP-2 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе C-GP-3, C-OGP-3, C-AGP-3, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-2, В-2, С-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда бес жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
10. C-GP-3, C-OGP-2, C-OGP-3, C-KGP-1, C-OKGP-1, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде В-РКО-2 санатындағы лауазымға орналасу үшін В-PK-6 санатындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.09.2022 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. C-AGP-3 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
12. C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-KGP-2, C-AGP-4, C-AGP-5, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-4, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-PKО-4, C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-7, С-FM-4, С-FMО-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде В-РКО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін В-PK-6 санатындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда үш жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.09.2022 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-PKО-4, C-SV-5, C-SV-6, С-SVО-4, C-SVR-2, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-6, С-FM-4, С-FMО-4 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
14. C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-7, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4 (учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарын қоспағанда), C-SVU-5, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
15. C-GP-7, C-OGP-7, C-KGP-5, C-OKGP-5, В-PK-7, В-PKО-6, C-SV-9, C-SVО-6, С-SVО-7, C-SVR-5, C-SVU-6, С-SSP-6, C-SGU-9, C-SGU-10, С-FM-5 (аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы), бас маман), С-FMО-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
16. C-OGP-8, C-AGP-8, C-RGP-4 (республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда), C-OKGP-6, В-PK-8, В-PKО-7, C-SV-10, С-SVО-8, C-SVR-6, C-SVU-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SN-6, C-SN-7 ("Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының инспекторы мен инспектор-психологы лауазымдарын қоспағанда), C-SGU-11 (психолог және полиграфолог лауазымдарын қоспағанда), С-FM-6, С-FMО-5 (аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы), бас маман) санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға С-SVО-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.09.2022 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың C-RGP-4 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) C-RGP-5 санатынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
18. C-SVR-7, C-SVU-12 (оқытушы және оқытушы-әдіскер лауазымдарын қоспағанда), C-SVU-13, C-SVU-14 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызметте не судья лауазымында не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмысы өтілі бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVR-7 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.09.2022 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. C-SGU-7 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) мемлекеттік медициналық мекемелерінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
21. C-RGP-5, C-OKGP-7, В-PKО-8, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-9, C-SVR-4 (учаскелік полиция инспекторы), C-SVR-8, C-SVU-10, C-SVU-12 (оқытушы және оқытушы-әдіскер), C-SVU-15, C-SN-5, C-SN-7 ("Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының инспекторы мен инспектор-психологы), C-SN-8, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SGU-11 (психолог және полиграфолог), C-SGU-12, C-SGU-13, С-FMО-6 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.