"Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29504 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

      Осы Үлгілік біліктілік талаптарының күші арнаулы атақтары берілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарына қолданылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. C-GP-3, C-OGP-2, C-OGP-3, C-KGP-1, C-OKGP-1, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

      1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;

      2) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде В-РКО-2 санатындағы лауазымға орналасу үшін В-PK-6 санатындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес;

      3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      4) судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-KGP-2, C-AGP-4, C-AGP-5, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-4, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

      1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-PKО-4, C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-7, С-FM-4, С-FMО-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;

      2) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде В-РКО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін В-PK-6 санатындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда үш жылдан кем емес;

      6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. C-OGP-8, C-AGP-8, C-RGP-4 (республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда), C-OKGP-6, В-PK-8, В-PKО-7, C-SV-10, С-SVО-8, C-SVR-6, C-SVU-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SN-6, C-SN-7 ("Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының инспекторы мен инспектор-психологы лауазымдарын қоспағанда), C-SGU-11 (психолог және полиграфолог лауазымдарын қоспағанда), С-FM-6, С-FMО-5 (аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы), бас маман) санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

      1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға С-SVО-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. C-SVR-7, C-SVU-12 (оқытушы және оқытушы-әдіскер лауазымдарын қоспағанда), C-SVU-13, C-SVU-14 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызметте не судья лауазымында не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмысы өтілі бір жылдан кем емес;

      2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVR-7 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.".

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады