"Желілер, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 20433 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Желілер, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10498 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 130) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 108 "Об утверждении Инструкции по составлению сведений о сети, штатах, контингентах"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 16 апреля 2020 года № 389. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 апреля 2020 года № 20433

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 108 "Об утверждении Инструкции по составлению сведений о сети, штатах, контингентах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10498, опубликован 1 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 130) пункта 16 Положения о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387, и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан-Министр финансов
А. Смаилов

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан