Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 20463 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.06.2020 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 69 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын беру, пайдалану тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды.

      2. Бұл Қағидалар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасы аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне, сондай-ақ "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылмайды.

      3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің сәйкестендіру картасы (бұдан әрі - сәйкестендіру картасы) - оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат.

      3-1. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған сәйкестендіру картасы мемлекеттік орган берген құжатқа тең.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.04.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және еңбек тәртібін сақтауды бақылау мақсатында сәйкестендіру картасы мемлекеттік органға кіріп-шығуды бақылау және басқару жүйесінде тіркеледі және мемлекеттік органның ғимаратына кіруге рұқсаттама ретінде қолданылады.

2-тарау. Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы

      5. Сәйкестендіру картасы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тозбайтын көп қабатты материалдан жасалады.

      6. Сәйкестендіру картасы көлемі 85,72x54,03 миллиметр доғал бұрышты картаны білдіреді.

      7. Сәйкестендіру картасының беткі жағы тангир торы реңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес жасалынған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көгілдір түсте орындалған.

      8. Сәйкестендіру картасының беткі жағында:

      1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес қою көк реңде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен көк түсте жасалған қазақ тілдегі мемлекеттік органның атауы;

      2) ортасында қазақ тілде қою көк түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы орналасқан;

      3) cол жағында қызметкердің көлемі 2х3 сантиметр түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      4) оң жағында сәйкестендіру картасының сериялық нөмірі орналасқан;

      5) төменгі жағында сәйкестендіру картасының жарамдылық мерзімі, мемлекеттік қызметшінің электронды поштасының мекенжайы және мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайы көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.12.2020 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сәйкестендіру картасының сыртқы жағында белгіленген үлгідегі тангир торы реңінде күн астында қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір түсте жасалған.

      10. Сәйкестендіру картасының сыртқы жағында:

      1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түсте орындалған орыс тілінде мемлекеттік органның атауы;

      2) сол жағында қою көк түспен орыс тілінде қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы;

      3) төменгі жағы – машинамен оқылатын аймақ, онда "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде немесе өзге ведомстволық ақпараттық жүйесінде бар негізгі ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы, байланыс деректері) қамтитын QR-код орналастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.12.2020 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, бүлінген және тазартылған сәйкестендіру карталары "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде немесе өзге ведомстволық ақпараттық жүйесінде бұғатталады және жарамсыз болып саналады.

3-тарау. Сәйкестендіру карталарын беру мен пайдалану тәртібі

      12. Сәйкестендіру картасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған, жоғалтқан кезде, сондай-ақ берілген сәйкестендіру картасының жарамдылық мерзімі өткен, бүлінген (тозған) жағдайда беріледі.

      Сәйкестендіру картасы төрт жыл мерзіміне беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.06.2020 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сәйкестендіру карталарын беру және қайтаруды есепке алу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда мемлекеттік органның сәйкестендіру карталарын беру және қайтаруды есепке алу журналында жүзеге асырылады.

      Сәйкестендіру картасы қызметкерге қолы қойыла отырып беріледі.

      14. Сәйкестендіру карталарын беру және қайтаруды есепке алу журналы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (бұдан әрі - кадр қызметі) немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адамда сақталады.

      15. Кадр қызметінің қызметкері немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам сәйкестендіру картасын тапсырған кезде оны пайдалану бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

      Лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған, сондай-ақ сәйкестендіру картасы бүлінген (тозған), жарамдылық мерзімі өткен жағдайларда, сәйкестендіру картасын ауыстыру кезінде бұдан бұрын берілген сәйкестендіру картасын кадр қызметінің қызметкері немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам қайтарып алады.

      16. Сәйкестендіру карталарын толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды кадр қызметінің басшысы немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам жүзеге асырады.

      17. Мемлекеттік әкімшілік қызметші сәйкестендіру картасын жоғалтқан жағдайда үш жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін) нысанда тиісті кадр қызметін немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адамды хабардар етеді.

      18. Кадр қызметі немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам сәйкестендіру картасының жоғалғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру картасын "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде немесе өзге ведомстволық ақпараттық жүйесінде бұғаттайды.

      19. Тегін ауыстырған жағдайда, жоғалғанның, бүлінгеннің (тозғанның) орнына жаңа сәйкестендіру картасын кадр қызметі немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адам сәйкестендіру картасының жоғалған, бүлінгені (тозғаны), тегін ауыстырған туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін береді.

      20. Жаңа сәйкестендіру картасын жасағанға дейін мемлекеттік қызметшіге еркін нысанда жасалатын уақытша рұқсаттама беріледі.

      21. Жұмыстан шыққан кезде сәйкестендіру картасы осы мемлекеттік органда соңғы жұмыс күні кадр қызметіне немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адамға тапсырылады.

      Сәйкестендіру карталарын тапсырған кезде мемлекеттік органның сәйкестендіру карталарын беруді және қайтаруды есепке алу журналында сәйкестендіру картасын беруге және есепке алуға жауапты адамның қолы қойылады.

      22. Жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған, тегін ауыстырған, бүлдірген (тоздырған) кезде қызметкерлердің тапсырған сәйкестендіру карталары еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, комиссиямен жойылуға жатады. Сәйкестендіру карталарын жою жөнінде комиссия мемлекеттік органның сәйкестендіру карталарын беруге және есепке алуға жауапты қызметкерін, қаржы-шаруашылық қызметінің қызметкерін және өзге құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін қоса алғанда кемінде үш адамнан құрылады.

  Сәйкестендіру карталарының
сипаттамасын, оларды
беру мен пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің сәйкестендіру картасының үлгісі



  Сәйкестендіру карталарының
сипаттамасын, оларды
беру мен пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын беру мен қайтаруды есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Сериялық нөмірі

Сәйкестендіру картасы берілген қызметкердің қолы (Сәйкестендіру карталарының сипаттамасымен, оларды беру мен пайдалану қағидаларымен таныстым)

Тапсырылған күні

Сәйкестендіру картасын беру мен қайтаруды есепке алуға жауапты адамның қолы









      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген болуы тиіс.

Об утверждении Описания идентификационных карт, правил их выдачи и использования

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 апреля 2020 года № 69. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2020 года № 20463.

      Примечание ИЗПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 1 июня 2020 года.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. В преамбулу внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 12.06.2020 № 94 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Описание идентификационных карт, правила их выдачи и использования согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы государственной службы.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июня 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
А. Жаилғанова

  УТВЕРЖДЕНЫ приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
от 21 апреля 2020 года № 69

Описание идентификационных карт административных государственных служащих, правила их выдачи и использования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Описание идентификационных карт административных государственных служащих, правила их выдачи и использования (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан".

      Правила определяют порядок выдачи, использования идентификационной карты административным государственным служащим и ее описание.

      2. Данные Правила не распространяются на административных государственных служащих Администрации Президента Республики Казахстан, Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, аппаратов Палат Парламента Республики Казахстан, а также административных государственных служащих корпуса "А".

      3. Идентификационная карта административного государственного служащего (далее – идентификационная карта) – это документ, подтверждающий его государственную должность и должностные полномочия.

      3-1. Идентификационная карта, представленная посредством сервиса цифровых документов равнозначна документу, выданному государственным органом.

      Сноска. Описание дополнено пунктом 3-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 11.04.2023 № 78 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. В целях учета рабочего времени и контроля за соблюдением трудовой дисциплины государственных служащих идентификационная карта регистрируется в системе контроля и управления доступом в государственный орган и служит пропуском в здание государственного органа.

Глава 2. Описание идентификационной карты

      5. Идентификационная карта изготавливается из износостойкого многослойного материала, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      6. Идентификационная карта представляет собой карту размером 85,72x54,03 миллиметров с округленными углами.

      7. Лицевая сторона идентификационной карты выполнена в голубом цвете с изображением Государственного Герба Республики Казахстан, выполненного в соответствии с государственным стандартом Республики Казахстан на фоне тангирной сетки.

      8. На лицевой стороне идентификационной карты размещены:

      1) в верхней части изображение Государственного Герба Республики Казахстан на темно-синем фоне, выполненного в соответствии с государственным стандартом Республики Казахстан, ниже наименование государственного органа на казахском языке, выполненное в синем цвете;

      2) в центре темно-синим цветом указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) и занимаемая должность работника на казахском языке;

      3) слева размещается цветная фотография (анфас) работника размером 2х3 сантиметра. Работник фотографируется в деловом стиле одежды на белом фоне без головного убора;

      4) справа размещается серийный номер идентификационной карты;

      5) в нижней части указывается срок действия идентификационной карты, адрес электронной почты государственного служащего и адрес интернет-ресурса государственного органа.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 11.12.2020 № 179 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      9. Оборотная сторона идентификационной карты выполнена в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки установленного образца.

      10. На оборотной стороне идентификационной карты размещены:

      1) в верхней части по центру наименование государственного органа на русском языке, выполненное в синем цвете;

      2) слева темно-синим цветом указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) и занимаемая должность работника на русском языке;

      3) нижняя часть – машиночитаемая зона, в которой располагается QR-код, содержащий основную информацию, имеющуюся в интегрированной информационной системе "Е-қызмет", либо иной ведомственной информационной системе (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, контактные данные).

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 11.12.2020 № 179 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      11. Идентификационная карта, не соответствующая описанию, с истекшим сроком действия, с помарками и подчистками, блокируется в интегрированной информационной системе "Е-қызмет" либо иной ведомственной информационной системе и считается недействительной.

Глава 3. Порядок выдачи и использования идентификационной карты

      12. Идентификационная карта выдается административным государственным служащим при назначении на должность, изменении должности, смене фамилии, при утере, а также порче (износе), по истечении срока действия ранее выданной идентификационной карты.

      Идентификационная карта выдается сроком на четыре года.

      Сноска. В пункт 12 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 12.06.2020 № 94 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      13. Учет выдачи и возврата идентификационных карт осуществляется в журнале учета выдачи и возврата идентификационных карт государственного органа по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Идентификационная карта выдается работнику под роспись.

      14. Журнал учета выдачи и возврата идентификационных карт хранится в службе управления персоналом (далее – кадровая служба) государственного органа либо у лица, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы.

      15. При вручении идентификационной карты работник кадровой службы либо лицо, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы, проводит устные разъяснения по ее использованию.

      При замене идентификационной карты в случаях изменения должности, смены фамилии, а также порче (износе), истечения срока действия ранее выданная идентификационная карта изымается работником кадровой службы, либо лицом, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы.

      16. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения идентификационных карт осуществляется руководителем кадровой службы либо лицом, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы.

      17. В случае утери идентификационной карты, административный государственный служащий в течение трех рабочих дней извещает в письменной (произвольной) форме соответствующую кадровую службу либо лицо, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы.

      18. Кадровая служба либо лицо, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы, в течение одного рабочего дня со дня получения извещения об утере идентификационной карты блокирует идентификационную карту в интегрированной информационной системе "Е-қызмет", либо иной ведомственной информационной системе.

      19. Новая идентификационная карта взамен утерянной, испорченной (изношенной), при смене фамилии выдается кадровой службой либо лицом, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы, после получения письменного извещения об утере, порче (износе) идентификационной карты или смене фамилии.

      20. До изготовления новой идентификационной карты государственному служащему выдается временный пропуск в государственный орган, который изготавливается в произвольной форме.

      21. При увольнении идентификационная карта сдается в кадровую службу либо лицу, на которое возложено исполнение обязанностей кадровой службы, в последний рабочий день в данном государственном органе.

      В журнале учета выдачи и возврата идентификационных карт государственных служащих при сдаче идентификационной карты ставится подпись лица, ответственного за учет и выдачу идентификационной карты.

      22. Идентификационные карты, сданные работниками при увольнении, назначении на новую должность, смене фамилии, порче (износе), истечении срока действия подлежат уничтожению комиссионно с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме. Комиссия по уничтожению идентификационных карт создается в составе не менее трех человек, включая ответственного работника за учет и выдачу идентификационных карт, работника финансово-хозяйственной службы и работников иных структурных подразделений государственного органа.

  Приложение 1 к Описанию
идентификационных
карт административных
государственных служащих,
правил их выдачи и
использования

Образец идентификационной карты административного государственного служащего

     


Лицевая сторона

Оборотная сторона

  Приложение 2 к Описанию
идентификационных карт
административных
государственных служащих,
правил их выдачи и
использования
Форма

Журнал учета выдачи и возврата идентификационных карт административных государственных служащих

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи


Серийный номер

Подпись работника, кому выдана идентификационная карта
(c Описанием идентификационных карт административных государственных служащих, правилами их выдачи и использования ознакомлен/а)

Дата сдачи

Подпись лица, ответственного за учет и выдачу идентификационной карты










      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован, скреплен печатью.