"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 44-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 Бұйрығымен Бекітілген |
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидалары "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және спорттық іс-шараларға, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) үшін оқу-жаттығу жиындарына (бұдан әрі - спорттық іс-шаралар) бөлінетін ақша қаражатын жұмсау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау тәртібі
2. Спорттық іс-шараларды қаржыландыру тиісті жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысу және спорттық іс-шараларды өткізу үшін ақша қаражатын жұмсауға негіз болып табылады:
- спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі, қаржылық күнтізбе және ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспары;
- спорттық іс-шараға қатысу туралы немесе спорттық іс-шараны өткізу туралы бұйрық және осы іс-шараға бекітілген шығыстар сметасы.
4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шараларға қатысуға, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ақша қаражатын жұмсауды жүзеге асырады, оның ішінде:
спортшылардың тамақтануы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 107 бұйрық) бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі негізінде айқындалады;
медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету;
№ 107 бұйрыққа сәйкес фармакологиялық қамтамасыз ету;
спорттық мүкәммал, спорттық жабдықтар және спорттық жарақтар сатып алу;
тұрғын үй-жайларды жалдау, спорттық іс-шаралар өткізілетін жерге дейін және кері жол жүру, бастапқы (нысаналы) жарналарға ақы төлеу;
барлық қатысушылардың жолда болған уақыты үшін тәуліктік ақы, сондай-ақ спортшылардан басқа, қатысушылардың спорттық іс-шараларында болған уақыты үшін тәуліктік ақы төлеу;
жанар-жағар май сатып алу;
спорттық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етуге байланысты спорт түрлері бойынша шығыстар;
визалық қызметтерге, багажды тасымалдауға, трансфер құнына ақы төлеу, оларды төлеу туралы ұсынылған құжаттар негізінде рұқсат етіледі;
полиграфиялық және кәдесый өнімдерін дайындау және сатып алу;
марапаттау және жүлделерді табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 219 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15562 болып тіркелген) сәйкес;
спорттық іс-шараларды өткізу орнын, музыкалық және жарық жабдықтарын, мүкәммалды және өзге де қосалқы құралдарды жалға алу;
көлік, почта-телеграф, баспаханалық және ақпараттық шығыстар;
спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған қызметкерлердің еңбегіне, тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші (оның ішінде медициналық) персоналдың қызметтеріне ақы төлеу;
спорт жарыстарына қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілерінің қызметтеріне ақы төлеу және тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың (оның ішінде медициналық) еңбегіне ақы төлеу, жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады;
спорттық делегацияларды қабылдау және оларға қызмет көрсету, тұрғын үй-жайларды жалдау және ұйымдастырылған тамақтану;
заңды және жеке тұлғалар ақылы негізде көрсететін қызметтерді қоса алғанда, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу орындарын дайындауға және ағымдағы ұстауға байланысты қызметтерге ақы төлеу;
спорттық іс-шараны өткізу үшін қажетті спорт түрінің немесе спорттық іс-шараның ерекшелігін ескере отырып, спорттық іс-шараларды өткізу үшін материалдық қорларды сатып алу;
спорттық іс-шараларға қатысу бойынша бастапқы және ұйымдастырушылық жарналарды төлеуге, іссапарға жіберілетін тарап не спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылатын бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбелерде спорттық іс-шараларды тіркеуге байланысты шығыстар;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды), спорттық іс-шараларға қатысу үшін спорттық іс-шараларға қатысушыларды және спорттық жарыстарға қызмет көрсету үшін қажетті мамандарды іссапарға жіберу.
5. Спорттық іс-шараларға қатысуға және спорттық іс-шараларды өткізуге байланысты барлық шығыстар спорттық іс-шараларға қатысушылардың карт-шоттарына ақшаны аудару (іссапар шығыстары) не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілердің не спорттық мүкәммалды (жабдықты) жалдауға материалдық жауапты тұлғаның есеп айырысу шоттарына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.
Командада кәмелетке толмаған спортшылар мен мүгедектігі бар спортшылар (тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру мүшелері зақымданған) бар болған жағдайда ақшалай қаражат мүгедектігі бар спортшы және кәмелетке толмаған спортшының заңды өкілінен нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде, жіберуші тарап пен команда жаттықтырушысы арасындағы жасалған шартқа сәйкес материалдық-жауапты тұлғаға аударылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Спорттық іс-шараларға қатысатын немесе спорттық іс-шараны өткізетін ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес спорттық іс-шараларға бөлінетін ақша қаражатын пайдалану туралы есеп жасайды.