Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30911 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі қосымшаға сәйкес осы бұйрықпен бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Е. Еркинбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  министрдің міндетін атқарушы
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 346 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4749 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидалары "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көшпелі оқу залы (дауыстап оқумен) - ұйым мен кітапхана арасындағы жасалған келісімшарт негізінде, айдың белгілі бір күндері мен сағатында тұтынушыларға баспа басылымдары (кітаптар, кітапшалар, газеттер, журналдар) (бұдан әрі - баспа басылымдары) және материалдармен (CD-дискілер, дискеттер, флэш-порттар, микрофильмдер, аудио және видеобасылымдар) (бұдан әрі - материалдар) тұрып жатқан жерлерінде (қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) танысуға мүмкіндік беретін стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысаны.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүгедектігі бар адамдарға - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысандарының міндеті мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдардың ақпаратқа қолжетімділігі құқығын оның сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес қамтамасыз ету болып табылады.

      12. Барлық мемлекеттік кітапханалар сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы көрсетілетін қызметтер".

      2. "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 38-тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу тәртібі";

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 4-бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі";

      Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесінде:

      4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім - Мүгедектігі бар адамдарға арасындағы жарыстар";

      Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік күнтізбесінде:

      4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім – Мүгедектігі бар адамдарға арасындағы жарыстар".

      3. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарында:

      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және жаттықтырушысы" деген 1-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы кіші бөлімінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мүгедектігі бар спортшылар арасында "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:

      Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын.

      Спортттық атақпен марапаттау қайта жүргізілмейді.";

      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" кіші бөлімінде:

      екінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "немесе мүгедектігі бар адамдардың Азия және Дүниежүзілік ойындарында немесе мүгедектігі бар адамдар арасындағы әлем чемпионаттарында 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау.";

      "Спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар" деген 7-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бөлім. Мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері";

      "Көру қабілеті бұзылған мүгедектер арасындағы спорт" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт";

      "Голбол" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағында:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы Мүгедектігі бар адамдар спартакиадасында, Қазақстан Республикасы Паралимпиадалық ойындарында команда құрамында 1 орын.";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағында:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар спартакиадасында, Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарында 2-3 орын.";

      "І разряд" спорттық разрядында:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар спартакиадасында, Қазақстан Республикасы Паралимпиадалық ойындарында 4-5 орын алған команда құрамында қатысу керек.";

      "Шаңғы жарыстары" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағында:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар спартакиадасында, Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарында команда құрамында 1 орын.";

      "Дзюдо" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағында:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кемінде 12 спортшы қатысуы тиіс кемінде 5 команда қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар спартакиадасында, Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарында команда құрамында 1 орын, спортшы 3 рет жеңіске жетуі тиіс.";

      "Жеңіл атлетика" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Жүзу" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Паралимпиялық емес спорт түрлерінде":

      "Тоғыз құмалақ" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-2 орын;

      Мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 1-орын;

      Көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы ҚР командалық чемпионатында командалық және жекелей есепте 1-орын. Оған кемінде 8 спортшы немесе 8 команда қатысуы керек;

      Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар әйелдер арасындағы ҚР чемпионатында 1 орын.";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған спортшы мүгедектігі бар ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатының бірінші лигасында 1-3 орын;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 2-3 орын;";

      "Шахмат" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кемінде 8 қатысушы қатысқан жағдайда көру органдары зақымданған мүгедектігі бар ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-2 орын;

      кемінде 8 қатысушы қатысқан жағдайда көру органдары зақымданған мүгедектігі бар әйелдер арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-орын;

      кемінде 8 қатысушы қатысқан жағдайда ҚР Чемпионатында, ҚР Спартакиадасында командалық есепте 1-орын.";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған спортшы мүгедектігі бар ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатының бірінші лигасында 1-3 орын;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 2-3 орын;";

      "64" Дойбысы" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатының бірінші лигасында 1-2 орын;

      Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар әйелдер арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-орын;

      мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 1-орын;

      Көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы ҚР командалық чемпионатында командалық немесе жекелей есепте 1-орын. Оған кемінде 8 спортшы немесе 8 команда қатысуы керек.";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "көру органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшы ерлер арасындағы ҚР жекелей чемпионатының бірінші лигасында 1-3 орын;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 2-3 орын;";

      "100 "Дойбысы" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-орын;

      Мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 1-орын;

      Көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы ҚР командалық чемпионатында командалық немесе жекелей есепте 1-орын. Оған кемінде 8 спортшы немесе 8 команда қатысуы керек.";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 2-6 орын;

      Көру органдары зақымданған мүгедектігі бар адамдар арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 2-6 орын;

      Мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР Спартакиадасында командалық және жекелей есепте 2-3 орын;

      Көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы ҚР командалық чемпионатында командалық және жекелей есепте 2-3 орын. Оған кемінде 8 спортшы немесе 8 команда қатысуы керек;

      Көру органдары зақымданған жас спортшылар арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-орын. Оған кемінде 8 команда қатысуы керек.";

      "ТҚАЗ мүгедектер арасындағы спорт" кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТҚАЗ мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт";

      "Паралимпиадалық емес спорт түрлерінде":

      "Отырып волейбол ойнау" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Жеңіл атлетика" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Пауэрлифтинг (жатып сығымдау)" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдар арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Жүзу" (ТҚАЗ) спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Садақ ату" (ТҚАЗ) спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдар арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Оқ ату" (ТҚАЗ) спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Үстел теннисі" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Шаңғы жарыстары, биатлон" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Паралимпиадалық емес спорт түрінде":

      "Қол күресі спорты" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлем чемпионатында мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда 2-3 орын;";

      "Тоғызқұмалақ" (ТҚАЗ) спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТҚАЗ мүгедектігі бар спортшылар арасындағы ҚР жекелей чемпионатында 1-орын;";

      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атағында:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТҚАЗ мүгедектігі бар жас спортшылар арасындағы ҚР командалық чемпионатында командалық есепте 1-орын. Кемінде 8 команда болуы шарт.";

      "Шахмат" (ТҚАЗ) спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТҚАЗ мүгедектігі бар спортшылар арасындағы жекелей Әлем чемпионатында 1-6 орын;

      ТҚАЗ спортшылар арасында ҚР Чемпионатында командалық есепте 1-3 орын;

      ТҚАЗ мүгедектігі бар спортшылар арасындағы жекелей Азия чемпионатында 1-3 орын.";

      "Спорттық би" спорт түрінде:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындарда ҚР құрамасының құрамында 2-3 орын;";

      "Спорттық төрешілерге және жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары" деген 8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, біліктілік арттыру курсынан өтуі, тиісті куәлігінің болуы тиіс, соның ішінде:

      Олимпиада, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда спорт түрлерінен бағдарламада немесе спорттың ойын түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 1-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе Азия ойындарында, Азияның Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарында спорт түрлерінен немесе спорттың ойын түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, Дүниежүзілік универсиадаларда, халықаралық жасөспірімдер ойындарында жеке немесе командалық ойын түрлерінен 1-5 орын алған, немесе студенттер арасындағы чемпионатта 1 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектігі бар адамдарға арналған ойындарда, Азия Жасөспірімдер Паралимпиадалық ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 1-5 орын алған немесе жастар мен мүгедектігі бар студенттер арасындағы әлем чемпионаттарында 1 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасындағы әлем немесе Азия чемпионатында 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорты түрлерінен әлем немесе Азия чемпионатында 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе "Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-ші орын алған бір спортшыны дайындау";

      немесе республиканың ұлттық құрама командасына үш спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жастар құрама командасына төрт спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына бес спортшыны дайындау;

      немесе елдің құрама командасының бас, мемлекеттік, аға жаттықтырушысы ретінде кемінде үш жыл жаттықтырушы-оқытушы ретінде жұмыс істеу.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:

      Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға бір қатысушыны дайындау;

      немесе Азия ойындарында, Азия Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарында спорт түрлерінен немесе спорттың ойын түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Дүниежүзілік универсиадаларға бір қатысушыны дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектігі бар адамдар арасындағы ойындарда, Азия Жасөспірімдер Паралимпиадалық ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе халықаралық кешенді жеткіншектер арасындағы ойындарда жеке немесе спорттың ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасында мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрінен әлем немесе Азия чемпионатында 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе республиканың ұлттық құрама командасына екі спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;

      немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжінде одан әрі жаттығуы үшін төрт спортшыны тапсыру;

      немесе елдің құрама командасының бас, мемлекеттік, аға жаттықтырушысы ретінде кемінде бір жыл жаттықтырушы-оқытушы ретінде жұмыс істеу;

      немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрлерінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:

      кешенді халықаралық жасөспірімдер ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 6-8 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жасөспірімдер арасында мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлерінен әлем немесе Азия чемпионаттарында 6-8 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа немесе спорт колледжіне одан әрі жаттығуы үшін екі спортшыны тапсыру;

      немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының құрама командаларына үш спортшыны дайындау;

      немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу;

      немесе дене шынықтыру және спорт жоғары оку орнын немесе басқа жоғары оқу орнының дене тәрбиесі факультетін үздік бітіргені туралы дипломының, сондай-ақ көрсетілген оқу орны мен факультетті бітіргені туралы диплом мен "Қазақстан Республикасының спорт шеберінен" төмен емес спорттық атағының болуы.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:

      Олимпиада, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда спорт түрлерінен немесе ойын спорты түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 1-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе Азия ойындарында, Азия Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарында спорт түрлерінен немесе спорттың ойын түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, Дүниежүзілік универсиадаларда, кешенді халықаралық жасөспірімдер ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 1-5 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектігі бар адамдар арасындағы ойындарда, Азия Жасөспірімдер Паралимпиадалық, ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерінен 1-5 орын алған немесе жастар және мүгедек студенттер арасындағы әлем чемпионатында 1 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасындағы әлем немесе Азия чемпионатында 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасындағы мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлерінен әлем немесе Азия чемпионатында 1-3 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе республиканың ұлттық құрама командасына үш спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жастар құрама командасына төрт спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына бес спортшыны дайындау;

      немесе елдің құрама командасында мемлекеттік, аға жаттықтырушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс істеу;

      немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде үш жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:

      Олимпиада, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың бір қатысушысын дайындау;

      немесе Азия ойындарында, Азия Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарында спорт түрлерінен жеке, командалық нөмірлерде немесе ойын спорты түрлерінен 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Дүниежүзілік универсиадалардың бір қатысушысын дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзілік мүгедектігі бар адамдар арасында ойындарда, Азия Жасөспірімдер Паралимпиадалық ойындарда спорттың жеке немесе ойын түрлерінен бір қатысушыны немесе жастар мен студенттердің әлем чемпионатында 1 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе кешенді халықаралық жасөспірімдер ойындарында спорттық жеке немесе ойын түрлерінен 6-9 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе жеткіншектер арасындағы әлем немесе Азия чемпионатында 4-6 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе республиканың ұлттық құрама командасына екі спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;

      немесе республиканың жасөспірімдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;

      немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжінде одан әрі жаттығу үшін екі спортшыны тапсыру;

      немесе елдің құрама командасының бас, мемлекеттік, аға жаттықтырушысы ретінде кемінде бір жыл жаттықтырушылық-оқытушылық жұмыс істеу;

      немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде:

      әлем, Еуропа, Азия, чемпионаттарына, Азия ойындарына, әлем кубогы кезеңдеріне, Дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарына, ТМД, Балтық және Ресей өңірлері елдерінің халықаралық жасөспірімдер ойындарына спорттық жеке немесе ойын түрлерінен бір қатысушыны дайындау;

      немесе мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлерінен әлем, Азия чемпионаттарына, Дүниежүзілік мүгедектер ойындарына, Азия Жасөспірімдер Паралимпиадалық ойындарына спорттық жеке немесе ойын түрлерінен қатысушы бір спортшыны немесе жастар және мүгедектігі бар студенттер арасыңдағы әлем чемпионатында 1 орын алған бір спортшыны дайындау;

      немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжінде одан әрі жаттығу үшін төрт спортшыны тапсыру;

      немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының құрама командаларына үш спортшыны дайындау;

      немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық немесе облыстық уәкілетті органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс істеу;

      немесе дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітіргені туралы дипломының, немесе дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом мен "Қазақстан Республикасының спорт шеберінен" төмен емес спорттық атағының болуы.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, заманауи спорт ғылымы жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдістері, спорт түрінен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Жұмыс тәжірибесіне енгізілген ғылыми әзірлемелерінің болуы;

      немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 3 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;

      немесе спорттан біліктіліктің жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 3 жыл ішіндегі оқытушылық жұмыс;

      дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 3 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;

      немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;

      немесе спорттан біліктіліктің жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 2 жыл ішіндегі оқытушылық жұмыс;

      республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс;

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: жоғары білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;

      немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;

      немесе спорттан біліктіліктің жоғары деңгейдегі санатсыз әдіскер лауазымындағы жұмыс өтілі.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;

      Жұмыс тәжірибесіне енгізілген әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

      немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 3 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;

      немесе спорттан біліктіліктің орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 3 жыл ішіндегі оқытушылық жұмыс;

      дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 3 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс;

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың эр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық- гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      немесе дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;

      немесе спорттан біліктіліктің орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      немесе жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық және облыстық уәкілетті органдағы 2 жыл ішіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және басқарушылық жұмыс;

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер

      Біліктілік талаптары: орта білім (педагогикалық немесе дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      немесе жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру саласындағы кемінде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;

      немесе спорттан біліктіліктің орта деңгейдегі санатсыз әдіскер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі спортшылардың даярлығын реттейтін нормативтік құжаттар, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету нормативтері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау негіздері, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормалар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы

      Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білім, соның ішінде:

      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама команданың құрамына (спорт клубына) кіру;

      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында Олимпиада ойындарында 1-6 орын;

      әлем чемпионаттарында 1-3 орын, Азия ойындарында 1-2 орын, Еуропа чемпионаттарында 1-2 орын және олимпиадалық спорт түрлерінен әлем кубогының финалдарында 1 орын алу.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, еңбек заңнамасының негіздері, техника қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық-гигиеналық нормалар және спорттық жаттықтыру негіздері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, спорт түрлерінен жарыстардың ережесі, допингке қарсы ережелер.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы

      Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білім, соның ішінде:

      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында әлем чемпионаттарында 4-6 орын;

      Азия чемпионаттарында 1-3 орын, Азия ойындары мен Еуропа чемпионаттарында 3-5 орын;

      жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-3 орын, олимпиадалық спорт түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1 орын, олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 1-3 орын, олимпиадалық емес спорт түрлерінен Азия чемпионаттарында 1 орын.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, еңбек заңнамасының негіздері, техника қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық-гигиеналық нормалар және спорттық жаттықтыру негіздері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, спорт түрлерінен жарыстардың ережесі, допингке қарсы ережелер.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы

      Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білім, соның ішінде:

      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командасының құрамына (спорт клубына) кіру.

      Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, еңбек заңнамасының негіздері, техника қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық-гигиеналық нормалар және спорттық жаттықтыру негіздері, оқу сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, спорт түрлерінен жарыстардың ережесі, допингке қарсы ережелер.

      Спорттық төрешілер

      "Спорт төрешісі" 16 жасқа толған және асқан, спорт түрі бойынша кемінде бір жыл аудандық, қалалық деңгейдегі жеті жарыстарда төрешілік еткен тұлғаларға беріледі.

      "Бірінші санатты спорт төрешісі" кемінде екі жыл "Спорт төрешісі" санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

      1) спорт түрі бойынша кемінде бес облыстық деңгейдегі жарыстарда төрешілік етужәне аға, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

      2) төрешілер семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.

      "Ұлттық спорт төрешісі" кемінде үш жыл "Бірінші санатты спорт төрешісі" санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

      1) спорт түрі бойынша кемінде жеті Қазақстан Республикасы чемпионаттарында төрешілік ету және аға төрешінің, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

      2) ұлттық спорт төрешісін дайындау бойынша екі төрешілік семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.

      "Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі" кемінде үш жыл "Ұлттық спорт төрешісі" санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

      1) спорт түрі бойынша кемінде он Қазақстан Республикасы чемпионаттарында төрешілік ету және аға төрешінің, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

      2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісін дайындау бойынша екі төрешілік семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.".

      4. "Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9923 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық, санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге, пайдалану, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттарда, уақытша және бейімделген спорт ғимараттарында және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ғимараттарда;".

      5. "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;";

      1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Спорт клубы, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар) (бұдан әрі – оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.

      Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Тізбеде баяндалған.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс-орталығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      10-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Тізбеде және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға толықтығы мен сәйкестігін тексереді.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама болған кезде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген);";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес айқындалған.";

      Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 1-қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
1-қосымша";

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мүгедектігі бар адамдар арасында дамып келе жатқан бүкіл спорт түрлері

7-11 жас

  ";

      Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 2-қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
2-қосымша";

      осы Қағидаларға 2-қосымша осы өзгерістер енгізілетін Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 3-қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
3-қосымша";

      осы Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
5-қосымша"

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
6-қосымша";

      Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларына 7-қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
7-қосымша";

      Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы";

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
8-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мүгедектігі бар адамдар арасында жоғары спорт жетістіктерін дамыту.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу жиыны
процесі жүзеге асырылатын
спорт клубтарының,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт клубтары
қызметінің қағидаларына
қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

      6. "Спорттық медицина ұйымдарының құрылымы және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10020 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Диспансердің және орталықтың қызметін ұйымдастыру";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Медициналық пункт қызметін ұйымдастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ұйымдардың міндеттері мен функциялары";

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) дене шынықтыру құралдары және әдістері арқылы мүгедектігі бар спортшыларды және ақыл-ой және дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды медициналық оңалтуды жүзеге асыру, емделушілерді іріктеу және төмендеген немесе бұзылған функцияларды қалпына келтіру үшін емдік дене шынықтыру әдістерін қолдануды оқыту;".

      7. "Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10011 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      8. "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері".

      9. "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11963 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

      10. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

      11. "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 44-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидалары "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және спорттық іс-шараларға, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары (бұдан әрі - ұйым) үшін оқу-жаттығу жиындарына (бұдан әрі - спорттық іс-шаралар) бөлінетін ақша қаражатын жұмсау тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Командада кәмелетке толмаған спортшылар мен мүгедектігі бар спортшылар (тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру мүшелері зақымданған) бар болған жағдайда ақшалай қаражат мүгедектігі бар спортшы және кәмелетке толмаған спортшының заңды өкілінен нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде, жіберуші тарап пен команда жаттықтырушысы арасындағы жасалған шартқа сәйкес материалдық-жауапты тұлғаға аударылады.".

      12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21214 болып тіркелген):

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 36-қосымшаларында ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қаматамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.".

      13. "Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25801 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) санитариялық-гигиеналық торап (бұдан әрі – СГТ) – туристер үшін тартымды аумақтарда және оларға баратын жолдарда санитариялық және гигиеналық рәсімдерге арналған абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс (мүгедектігі бар адамдарға, ерлер мен әйелдерге арналған, унитаздармен, раковиналармен, желдету, жылумен жабдықтау жүйелерімен, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған жеке кабиналары бар абаттандырылған дәретхана);";

      14. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өнім беруші баланы шығармашылық үйірмеден келесі негіздер бойынша бір жақты тәртіпте шығарады:

      1) мектеп каникулдары, сауықтыру лагерьлеріндегі демалыс, оңалту іс-шараларынан өту және/немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар балаларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды емдеу, сондай-ақ конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу кезеңін қоспағанда, себепсіз қатарынан 3 (үш) өткізіп алынған сабақтар болған кезде, оқу-жаттығу жиындарында заңды өкілінің өтініші бойынша, санаторий-курорттық ұйымдарда болуы-растайтын құжаттарды ұсынған кезде;

      2) шығармашылық үйірмеге бару регламентін сақтамағаны үшін;

      3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;

      4) шарт талаптары сақталмаған кезде тоқтатылады.

      Бала оқудан шығарылған кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.".

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
1-қосымша

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтындырылған) /қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама);
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;
3) мүгедектік туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Тізбенің және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Спорттық - сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
Спорт резервін және жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-
жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептері
қызметінің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының
  ____________________________
  тегi, аты, әкесінің аты (ол болған
  кезде)
  ____________________________
  не ұйымның атауы)
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала

      отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған

      спорт мектептері:___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің

      8-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға

      байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға

      арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуден

      бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен

      құжаттардың атауы:

      1)_____________________________________________________________________;

      2)_____________________________________________________________________;

      3)_____________________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:________________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Байланыс телефонының нөмірі ____________________________________________

      Алдым:_________________________________________ _______________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) (ол болған кезде)

      20__ жылғы "___"_________

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығына
8-1-қосымша

Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды және Орталық жарғысын басшылыққа алады.

      3. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;

      2) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын мүгедектігі бар спортшылар құрамы;

      3) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және мүгедектігі бар спортшының оқу-жаттығу процесі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын мүгедектігі бар адамдар-спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға;

      4) оқу-жаттығу жиыны – мүгедектігі бар спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;

      5) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;

      6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;

      7) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын мүгедектігі бар спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар.

2-тарау. Орталықтың қызмет тәртібі

      4. Мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырады, бірақ мүгедектігі бар спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес бір мүгедектігі бар адамдар-спортшыға 250 күннен аспауы керек.

      5. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын мүгедектігі бар спортшылар Қазақстан Республикасының штаттағы құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.

      6. Халықаралық жарыстарда мүгедектігі бар спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, мүгедектігі бар спортшыны Орталыққа ұсынған ұйымға да бірдей есептеледі.

      7. Орталықтың аға жаттықтырушысы мүгедектігі бар спортшыларды дайындаудың келешек бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, мүгедектігі бар спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, мүгедектігі бар спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, мүгедектігі бар спортшылардың дайындық жоспарларын және келешектегі бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, мүгедектігі бар спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.

      8. Жеке жаттықтырушы мүгедектігі бар спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.

      9. Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына немесе құрама командаларына өткен жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы мүгедектігі бар спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.

      10. Орталыққа мыналар қабылданады:

      1) Орталықтарда спорт түрлерінен мүгедектігі бар спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мүгедектігі бар спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін мүгедектігі бар спортшылар;

      2) спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер құрама командаларының мүшелері болып табылатын мүгедектігі бар спортшылар;

      3) жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.

      11. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.

      12. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша мүгедектігі бар спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес құрайды.

      13. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 4 бірліктен аспауы тиіс.

      14. Мүгедектігі бар спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бөлімшелер бойынша) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітеледі.

      15. Орталық директоры уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санаты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер) жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер санаты бойынша Қазақстан Республикасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.

      16. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі мүгедектігі бар спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қаралады, бірақ жылына екі реттен аспауы тиіс.

      17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын мүгедектігі бар спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасына 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген);

      4) республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысының (еркін нысанда) көшірмесін;

      5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар спортшының жеке картасын;

      6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).

      18. Орталықта мүгедектігі бар спортшыны дайындауға тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.

      19. Мүгедектігі бар спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:

      1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;

      2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;

      3) тыйым салынған субстанциялар мен әдістер құралдарды қолдануына;

      4) Орталықтың еңбек тәртібін бұзуына байланысты.

      20. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша төрағасынан және мүшелерінен тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады. Жаттықтырушылар кеңесінің мүшелері жаттықтырушылардан тағайындалады. Орталықтың спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.

      Жаттықтырушылар кеңесінің отырысына қатысу үшін Орталықтың мүдделі мамандары және мүдделі ұйымдар тартылады.

      21. Жаттықтырушылар кеңесі Орталықтың мүгедектігі бар спортшыларының, жаттықтырушыларының және басқа мамандарының спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына қатысты мәселелерді қарастырады.

      22. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі.

      23. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді және оған жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қол қояды. Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      24. Мүгедектігі бар спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру процесін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.

      25. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде мүгедектігі бар спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар мүгедектігі бар адамдар-спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.

      26. Орталықтың мүгедектігі бар спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық ұйымдарда тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.

      27. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалары болады:

      1) Орталықтың жылдық жоспары;

      2) жылдық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;

      3) жарыс хаттамалары мен Орталық мүгедектігі бар спортшыларының қатысуының талдамалары;

      4) мүгедектігі бар спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;

      5) мүгедектігі бар спортшының, жаттықтырушының жеке карточкалары;

      6) мүгедектігі бар спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;

      7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.

  Спорт резервін және жоғары
дәрежелі мүгедектігі бар
спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесін
жүзеге асырылатын дене
мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға арналған спорттық
даярлау орталығының қызметі
қағидаларына қосымша
Нысан

СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

      Фото

      1. Тегі _____________________________________________________

      2. Аты_____________________________________________________

      3. Әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________________

      4. Туған күні________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      5. Туған жері________________________________________________

      (облыс, қала)

      6. Білімі____________________________________________________

      (білім деңгейі, оқу орнының атауы)

7.

Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________

13.

Спортшының антропометрлік деректері:


Бойы___сантиметр, салмағы __ килограмм
Спорттық санаты_________

8.

Жеке сәйкестендіру нөмірі_____


Костюмінің мөлшері ___________

9.

Спорттық атағы _______________


Бас киімінің мөлшері ________

10.

Жеке жаттықтырушысы ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


Аяқ киімінің мөлшері ________

11.

Тілдерді меңгеруі ____________


Тұрақты тұратын жері ________

12.

Байланыс телефоны:____________

14.

Спорт түрі ___________________

      Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы

Р/С №

Жарыстың атауы

Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша)

Жоспарланған
нәтиже

Көрсеткен нәтижесі

1





2





      Спортшының жеке қолы ____________

      Жаттықтырушының қолы ______________

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібін, шарттарын анықтайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аға сыныптаушы – мүгедектігі бар спортшыны бағалаудың халықаралық стандарттары мен Наразылықтар мен апелляциялар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес нақты жарыс кезінде аталған спорт түрінде сыныптау мәселелеріне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) жаттықтырушы – спорттық кәсіпби білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

      3) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тiршiлiгінің шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарларынан, кемiстiктерден ағза функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;

      4) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшылардың функционалдық мүмкіндіктері ұқсас деңгейдегі басқа спортшылармен бірдей шарттарда жарысқа түсуіне мүмкіндік жасау мақсатында мүгедектігі бар спортшылардың сыныбын (сыныптау санатын) сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының анықтау үдерісі;

      5) сынып (сыныптау санаты) – мүгедектігі бар спортшының алған зақымының нәтижесінде оның белсенділігінің шектелу деңгейін анықтайтын санат (бұдан әрі - сынып);

      6) сыныптаушы – функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізуді жүзеге асыратын, бұған жарыстарды ұйымдастырушылар уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнайы дайындықтан өткен жеке тұлға;

      7) сыныптаушылар тобы – сыныпты анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда аға сыныптаушы тобына біріктірілген бірнеше сыныптаушылар; спортшылардың спорттық сыныбы мен спорттық сынып дәрежесін анықтайтын сыныптаушылар тобы.

2-тарау. Сыныптау жүргізудің тәртібі

      3. Сыныптауды жүргізу параолимпиадалық, сурдоолимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктер берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.

      4. Сыныптау келесі рәсімдерді қамтиды:

      1) сыныптауға дайындалу;

      2) тестілеу жүргізу;

      3) сыныптау туралы есеп жасау және оған қол қою.

      5. Мүгедектігі бар спортшыларда сыныптаудан өту кезінде мыналар болу керек:

      1) тиісті спорттық киім;

      2) науқасы (диагнозы) туралы тиісті ақпарат;

      3) рентгенограмма;

      4) жарыс уақытында пайдаланылатын құралдар (техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдар; жарыстарға немесе күнделікті пайдалануға арналған арба; жарыстарға және/немесе күнделікті пайдалануға арналған протездер мен ортопедиялық аппараттар; көру қабілеттерін түзету үшін пайдаланатын көзілдіріктер немесе жанама линзалары және басқалар);

      6. Сыныптауға дайындалу келесіні қамтиды:

      1) аға сыныптаушының спорт түрі бойынша сыныптаушыны бекітуі;

      2) мүгедектігі бар спортшы туралы ақпаратты жинау және сақтау;

      3) мүгедектігі бар спортшының жеке мәліметтері және функционалды мүмкіндіктерін зерттеу;

      4) мүгедектігі бар спортшыны оған мәртебе бере отырып сыныптау жүргізу қажеттігін анықтау;

      5) мүгедектігі бар спортшыға тестілеу жүргізу күнін, уақытын анықтау және бұл туралы жарыс басталғанға дейін мүгедектігі бар спортшыға хабарлау.

      7. Сыныптаудан өту қажеттілігін анықтау үшін келесілер анықталады:

      1) мүгедектігі бар спортшының сыныптаудан өткен-өтпегендігі;

      2) денсаулық жағдайының өзгеруіне байланысты уақытша анықталған сыныбының болуы;

      3) тұрақты анықталған сыныбының болуы.

      Мүгедектігі бар спортшы сыныптаудан өтпеген жағдайда оған жаңа "N" сыныбы мәртебесі беріледі.

      Уақытша анықталған сыныбы бар болған жағдайда мүгедектігі бар спортшыларға "R" спорттық сыныбы мәртебесі беріледі.

      Тұрақты анықталған сыныбының бар болған жағдайда мүгедектігі бар спортшыларға "C" сыныбы мәртебесі беріледі.

      8. Тестілеу Қағидаға қосымшаға сәйкес имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді орындау процесінде мүгедектігі бар спортшыны бақылауды және спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу үшін сыныптарын (сыныптау санаттарын) анықтауды қамтиды. Имитациялық спорттық жарыстық іс-әрекеттерді сыныптаушы жасайды.

      Мүгедектігі бар спортшыны тестілеу басталмас бұрын сыныптаушы мүгедектігі бар спортшы мен оның жаттықтырушысын сыныптаудан өту тәртібімен таныстырады.

      Тестілеуді сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы өткізеді.

      9. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті сынып анықталады. Нәтижелері мүгедектігі бар спортшыны тестілеу жөніндегі хаттамамен рәсімделеді, оған сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы қол қояды.

      10. Мүгедектігі бар спортшы тестілеуге, сыныптаудан өту кезінде фото- және видео түсірілімдерді пайдалануға сыныптаушымен ынтымақтастық жазбаша келісім береді.

      11. Егер мүгедектігі бар спортшы тестілеуден өтуге кедергі келтіретін ауырлық сезінсе, ерікті түрде тестілеуді өткізуді ауыстыру туралы өтініш береді. Аға сыныптаушы өтінішті қарайды және мүгедектігі бар спортшының денсаулық жағдайына қарай тестілеуді басқа уақытқа тағайындайды.

      12. Сыныптау кезінде бұған мүгедектігі бар спортшының жазбаша келісімі болған жағдайда мүгедектігі бар спортшының дербес деректерін қамтитын электронды ақпараттық ресурстар пайдаланылады.

      13. Сыныптау туралы есепті сыныптаушы немесе сыныптаушылар тобы жасайды және оған аға сыныптаушы қол қояды.

  Мүгедектігі бар спортшыларға
сыныптау жүргізудің
қағидаларына қосымша

Сыныптар (сыныптау санаттары)

Нақты мәліметтері

Функционалдық мүмкіндіктер

Сынып (сыныптау санаттары)

Спорт түрі

1.

Көру қабылеті төмен

Оның болғанына дейін әрбір көзде жарықты сезінудің болмауы

В1

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

2.

Көру қабылеті төмен

2/60 (0,03) көру қабілетінің өткірлігіне дейін және/немесе 5 градустан кем көру өрісіне дейін қолдың кескінін айыру қабілетінің болмауы

В2

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

3.

Көру қабылеті төмен

Көру қабілетінің 2/60 (0,03) аса 6/60 (0,1) дейін өткірлігінің болмауы немесе 5 градустан аса және кем дегенде 20 градус көру өрісінің болуы

В3

Барлық спорт түрлеріне әмбебап

4.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар -спортшылардың санаты )

Тізеден жоғары екі жақты ампутация

LW 1

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

5.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты )

Тізеден жоғары бір жақты ампутация

LW 2

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

6.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Тізеден төмен екі жақты ампутация немесе церебальді сал

LW 3

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

7.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Тізеден төмен бір жақты ампутация

LW 4

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

8.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Қолдың екі жақты ампутациясы

LW 5/7

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

9.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Бір қолдың ампутациясы немесе басқа да зақымдар

LW 6/8

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

10.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (тұра алатын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Бір қол және бір аяқ басының зақымы

LW 9

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

11.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Отырған қалыпта функционалдық тепе-теңдіктің болмауы

LW 10

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

12.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының (аяқтарының) бастары мен денесі зақымданған. Спортшының құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің жоғары бұлшық еттері зақымданған, немесе омыртқаларының (сколиоз) зақымы болғандықтан, қозғалыс қызметтері аздап зақымданған, немесе жұлыны толық зақымданбай аталған сыныптың бағамдарына жауап беретін омыртқалары жоғары деңгейде зақымданған

LW 10,5

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

13.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, жамбас бұлшық еттерімен байланысқанда құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің бұлшық еттері зақымданған спортшылар. Сан бұлшық еттерінің қызметі бұзылған, бөксе сезімталдығы жоқ. Спортшы көлбеу орындықта қолдарының сүйемелдеуінсіз тиісті белбеумен бекітіліп отыра алады және сынақтың кейбір түрлерін орындай алады

LW 11

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

14.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, дене бұлшық еттерінің қызметі қалыптыға жақын, бөксе сезімталдығы мен санның жамбас бөлігі (бөліктері) сезімталдығынан айырылған санның бүгілу қызметі бұзылған спортшылар

LW11,5

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

15.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (отыратын мүгедектігі бар спортшылардың санаты)

Отырған қалыптағы жақсы тепе-теңдік, жарым-жарты параплегия немесе аяқ басының немесе бастарының ампутациясы

LW 12

Тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы және биатлон

16.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (жүре алатын мүгедектігі бар спортшылар), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар, жүгіру түрлерінде, лақтыру мен секіру тәртіпте қатысатын

T42, T43, T44, T45, T46, LAT3 және LAT4, T35, T36, T37, T38, T11, TI2, TI3, T20, F40, F42, F43, F44, F45, F46, LAF4, LAF5 және LAF6, F58 тұрып, F35, F36, F37, F38, F11, F12, F13, F20

Жеңіл атлетика

17.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (арбада отыратын), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар, арбамен жарысқан кезде пайдаланылатын

T51, T52, T53, T54, LAT1 және LAT2, T32, T33, T34

Жеңіл атлетика

18.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (арбада отыратын), көру қабылеті төмен

Шеңберлері зақымданған және/немесе көру қабылеті төмен мүгедектігі бар спортшылар лақтыру кезінде пайдаланатын

F51, F52, F53, F54, F55, F56, F57, F58 және LAF1, LAF2, LAF3, F32, F33, F34

Жеңіл атлетика

19.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған, көру қабылеті төмен

Аяқтарының/қолдарының бастарынан айырылған, церебальді сал болған (үйлестіру және қимыл-қозғалысты шектеу), омыртқаның жарақаты бар (әлсіздік немесе аяқ-қолдардың басына әсер ететін сал), ергежейлілер мүгедектігі бар спортшылар

S1 – S13

Жүзу

20.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Арбасымен қозғалатын тетраплегиялы бар мүгедектігі бар спортшылар жатады

ARW1

Садақ ату

21.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Арбасымен қозғалатын сал болған бар мүгедектігі бар спортшылар жатады

ARW2

Садақ ату

22.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Бұл сыныпқа тұра алатын немесе орындықта отырып ата алатын мүгедектігі бар спортшылар жатады. ARST-C сыныбы ARST сыныбының шеңберіндегі қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған спортшылар ARST-C төменгі сыныбында белгіленуі мүмкін, оларға жеңілдетілген шарттарда жарыстарға қатысуға рұқсат беріледі.

ARST (ARST-C төменгі сыныбымен)

Садақ ату

23.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Тұра алатын және дене бітімінің қызметі қалыпты арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл спортшылар қалауы бойынша тұрып та жарысқа түсе алады

SH1A

Оқпен ату

24.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен жақсы басқара алатын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат беріледі

SH1B

Оқпен ату

25.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған және/немесе әлсіз денесін басқара алмайтын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған орындықта арқалықтың болуына рұқсат беріледі

SH1C

Оқпен ату

26.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Бір қолының басы семіп қалған немесе қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ дене бітімі қалыпты арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл мүгедектігі бар спортшылар қалаулары бойынша түрегеп тұрып жарысқа түсе алады

SH2A

Оқпен ату

27.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен басқару функциясы жақсы арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат етіледі

SH2B

Оқпен ату

28.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының басы айтарлықтай зақымданған, денелерін әлсіз басқаратын/басқара алмайтын арбада отырған мүгедектігі бар спортшылар. Атуға арналған арбада жоғары арқалықтың болуына рұқсат етіледі

SH2C

Оқпен ату

29.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Мүгедектігі бар спортшылар еркектер мен әйелдер үшін жеке анықталатын он салмақ санаттары бойынша жарысады. Әрбір тобық ампутациясына барлық салмақ санаттары үшін кг;
Әрбір тізеден төмен ампутацияға 67 кг-ға дейін 1 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 1 кг; Әрбір тізеден жоғары ампутацияға 67 кг-ға дейін 1 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 2 кг; Әрбір жамбас буыны деңгейінде оның толығымен экзартикуляцияланып ампутациясына 67 кг-ға дейін 2 кг, 67.01 кг және одан артық салмақ үшін 3 кг.

Салмақ санаттары

Пауэрлифтинг

30.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Мүгедектігі бар спортшы жамбас буынында қимыл-қозғалыстың азаюына байланысты денесін тік ұстап отыра алмайды. Жамбас буынының дисплазиясы кейбір жағдайларда бұлшықет күші азайған кезде D ретінде жіктеле ала алмайды.

D

Отырып ойнау волейбол

31.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған

Жамбас буындарының қызметі 90 градустан аспай буынды бұрғанда отырған қалыпта артады. Диагноздар коксартроз, дисплазия, жамбас буынының эндопротезі

MD

Отырып ойнау волейбол

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 258 бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар адамдар, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1.

Мүгедектігі бар адамдарға спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы

Бюджет қаражаты есебінен

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

2.

Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер (дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері)

"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген).

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

  Мәдениет, дене шынықтыру
және спорт салаларындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 259 бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар адамдар, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с Норманың/ нормативтің атауы Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт Норманың/нормативтің мөлшері
1 2 3 4

1.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін концерттік мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

2.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін театрларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

3.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-ойын-сауық мекемелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

4.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кітапханаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

5.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын музейлер және қорық-музейлерге қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

6.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін цирктердің қойылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мәдениет туралы" желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады