Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабынының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 3 ақпанында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 6-қосымшасы осы бұйрыққа Қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Ж. АСАНОВ |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 14 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау Қағидаларына 6-қосымша |
Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі*
Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар | Бағалаудың 5 балдық шкала бойынша балдар |
90 - 100 | Өте жақсы (5) |
75 - 89 | Жақсы (4) |
60 - 74 | Қанағаттанарлық (3) |
0 - 59 | Қанағаттанарлықсыз (2) |
* Шет тілі бойынша 0-ден 29-ға дейін балл "қанағаттанарлықсыз" деген бағаға сәйкес