"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 мамырда № 20631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабынының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 3 ақпанында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 6-қосымшасы осы бұйрыққа Қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж. АСАНОВ

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2020 жылғы 4 мамырдағы № 14
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
6-қосымша

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі*

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

Бағалаудың 5 балдық шкала бойынша балдар

90 - 100

Өте жақсы (5)

75 - 89

Жақсы (4)

60 - 74

Қанағаттанарлық (3)

0 - 59

Қанағаттанарлықсыз (2)

      * Шет тілі бойынша 0-ден 29-ға дейін балл "қанағаттанарлықсыз" деген бағаға сәйкес

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады