Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20678 болып тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрі
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ 134 бұйрығына
қосымша

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымы:

      бірыңғай оператор - Заңның 50-1-бабының 1-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

2-тарау. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу тәртібі

      3. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын Заңның 50-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық көмек берушінің ерік-жігерін сақтау;

      2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;

      3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

      4) қайырымдылық көмектің оң әсер ету қағидаттары негізінде бөледі.

      4. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар бірыңғай оператордың атына осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде қайырымдылық көмек беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) жібереді.

      Құжаттарды шет тілінде ұсынған жағдайда қоса берілген құжаттардың аудармасының дұрыстығын куәландыру "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі № 155 Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Заңды және жеке тұлғалардан түскен өтінішті бірыңғай оператор өтініш берілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, бірыңғай оператор 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде заңды немесе жеке тұлғалардың ескертулерді жойғаны туралы хабарлама жібереді.

      7. Ескертулер жойылмаған жағдайда, бірыңғай оператор 10 (он) жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлайды.

      8. Заңды немесе жеке тұлға ескертулерді жойған кезде өтініш 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      9. Бірыңғай оператор құжаттардың толық пакетімен өтінішті қабылдағаннан және қарағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және шығындар есебін бекітеді.

      10. Бірыңғай оператор шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде мүдделі тұлғаларға бірыңғай оператор шешімінің көшірмесін ұсынады.

      11. Оң шешім негізінде бірыңғай оператор заңды немесе жеке тұлғамен шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде шарт жасасады.

      12. Қажет болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғалар шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізу үшін бірыңғай операторға қайта жүгінеді.

      13. Бекітілген шығындардың есептемелеріне өзгерістер кредиторлық берешекті, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы), өткен жылдардағы әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты өзгерістерді қоспағанда, растайтын құжаттардың тиісті негіздемесі болған кезде енгізіледі.

      14. Заңды немесе жеке тұлғаның шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізуге қайта өтініш беруі түзетілетін кезеңнің екінші айының 20-күнінен кешіктірмей тоқсанына бір реттен аспай жүргізіледі.

      15. Заңды немесе жеке тұлға шығындарының бекітілген есептеріне өзгерістер енгізу туралы қайталама өтінішті қарау мерзімі растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      16. Бірыңғай оператор қажет болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғадан шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат пен растайтын құжаттарды сұратады.

      17. Өзге баптарға шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді:

      1) ағымдағы жыл ішінде алушының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болған немесе пайда болған жағдайда;

      2) ағымдағы жыл ішінде еңбекақы төлеу қоры және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша берешегі болған немесе пайда болған жағдайда.

      18. Бірыңғай оператор растайтын құжаттар мен есеп айырысулар болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғаның шығындардың бекітілген есеп айырысуларына өзгерістер енгізуге өтінішін қарайды және шығындардың есеп айырысуларын нақтылай отырып шешім қабылдайды.

      19. Заңды немесе жеке тұлғалар қайырымдылық көмекті алғаннан кейін тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде бірыңғай операторға Заңның 50-1-бабының 7-тармағына сәйкес көзделген бюджеттен тыс ақша қаражатын мақсатты пайдалану туралы есеп береді.

  Дене шынықтыру мен
спортты дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақша қаражатын
бөлу жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
  Кімге_______________________
(дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақша қаражатын
бөлу жөніндегі бірыңғай
оператор басшысының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Кімнен______________________
(заңды немесе жеке тұлғаның)
____________________________
(мекен-жайы, телефоны,
электрондық поштасы)

Қайырымдылық көмек көрсетуге өтініш

      Сізден қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      (қайырымдылық көмек алу мақсаты, қайырымдылық көмектің сұратылған

      ________________________________________________________________________________

      сомасы, күтілетін нәтижелер, бюджеттен тыс ақша қаражатын игеру мерзімі

      _______________________________________________________________________________,

      20 __ жылғы __ тоқсанда).

      Осы арқылы тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, дене шынықтыру мен

      спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөнінде таныстым және

      келісімімді растаймын.

      Қосымша: ___ парақта.

      ___________ _______________________________________________________________

      (қолы)                  (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның басшысының тегі,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөрге арналған орын________ (болған жағдайда)

      Өтініш күні 20__ жылғы "____" ____________

  Дене шынықтыру мен
спортты дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақша қаражатын
бөлу жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

Құжаттар тізімі

      1) заңды тұлғалар үшін:

      банк деректемелері;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      өзгерістер мен толықтырулары бар жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды сақтай отырып, түсіндірме жазбасы, талдамалары және әрбір баптың растайтын құжаттары бар шығыстар сметасы;

      спорттық жарыстың (іс-шараның) ережесі (регламенті) (болған жағдайда);

      тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жеткізушілерден кемінде екі баға ұсынысы;

      шарттардың, оның ішінде еңбек шарттардың, шот-фактуралардың, төлеуге арналған шоттың, бұйрықтардың және басқа да растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      арнайы банктік шот ашылғанын (бар болуын) растайтын екінші деңгейдегі банктен анықтама;

      түгендеу тізімдемесі (болған жағдайда);

      2) жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      спортшыны спортшы айналысатын және (немесе) тізімге кіретін дене шынықтыру-спорттық ұйымға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, дене шынықтыру және спортпен айналысатын жеке тұлғаның спорттық-бұқаралық іс-шараларға (жарыстарға) қатысуын растайтын спорттық жарыстардың хаттамасы, спортшыны тіркеу туралы куәлік;

      дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғалар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары) үшін - түсіндірме жазба және өтінішті негіздеу үшін растайтын құжаттар;

      арнайы банктік шоттың ашылғанын (бар болуын) растайтын екінші деңгейдегі банктен анықтама.

On approval of the Rules for Allocation of Extrabudgetary Funds for the Development of Physical Culture and Sport

Order No. 134 of the Minister of Culture and Sport of the Republic of Kazakhstan dated May 20, 2020. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on 20 May 2020 under No. 20678

      Unofficial translation

      In obedience to sub-paragraph 65-4) of Article 7 of the Law of the Republic of Kazakhstan of 3 July 2014 “On Physical Culture and Sports” I HEREBY ORDER:

      1. That the attached Rules for Allocation of Extrabudgetary Funds for the Development of Physical Culture and Sport shall be approved.

      2. That to the extent permitted under applicable law, the Committee for Sports and Physical Culture of the Ministry of Culture and Sports of the Republic of Kazakhstan shall ensure:

      1) state registration hereof with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) posting this order on the web-site of the Ministry of Culture and Sports of the Republic of Kazakhstan;

      3) within two business days after the execution of the measures provided by this order, submission to the Legal Service Department of the Ministry of Culture and Sports of the Republic of Kazakhstan of the information on the execution of these measures.

      3. That the supervising Vice-Minister of Culture and Sports of the Republic of Kazakhstan shall be in charge of controlling the execution hereof.

      4. That this order shall be enacted upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Minister of Culture and Sport
of the Republic of Kazakhstan
A. Raimkulova

  Annex
to order of the Minister
of Culture and Sport of the
Republic of Kazakhstan
No. 134 dated May 20, 2020

Rules for Allocation of Extrabudgetary Funds for the Development of Physical Culture and Sport

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for Allocation of Extrabudgetary Funds for the Development of Physical Culture and Sport (hereinafter - the Rules), have been developed in obedience to sub-paragraph 65-4) of Article 7 of the Law of the Republic of Kazakhstan of July 3, 2014 “On Physical Culture and Sports” (hereinafter - the Law) and determine the procedure for distribution of extrabudgetary funds aimed at the development of physical culture and sports.

      2. The basic concept used in these Rules:

      a single operator - a non-profit organisation in the form of a corporate fund, determined by the authorised body in the field of physical culture and sport, carrying out activities on the allocation of extrabudgetary funds aimed at the development of physical culture and sport in compliance with paragraph 1 of article 50-1 of the Law.

Chapter 2. Procedure for the allocation of extrabudgetary funds for the development of physical education and sport

      3. The single operator shall administer extra-budgetary funds for the development of physical education and sport in compliance with paragraph 2 of Article 50-1 of the Law based on the principles of:

      1) compliance with the will of the benefactor for the distribution of the charitable aid to the users;

      2) the effectiveness of measures for providing charitable aid;

      3) ensuring that the funds allocated as part of the charitable donation are spent in a targeted way

      4) the positive impact of charitable assistance.

      4. In order to receive extra-budgetary funds aimed at the development of physical culture and sport, legal entities or natural persons shall send to the single operator an application for charitable assistance in hard copy (hereinafter - the application) in the form according to Annex 1 with the attachment of documents pursuant to the list specified in Annex 2 of these Rules.

      In case the documents are submitted in a foreign language, the authenticity of translation of the attached documents shall be verified in conformity with Article 80 of the Law of the Republic of Kazakhstan No. 155 of July 14, 1997 “On Notaries”.

      5. An application from legal entities and natural persons shall be considered by a single operator within a period not exceeding 20 (twenty) business days from the date of application submission.

      6. In case of non-compliance of submitted documents, the single operator shall send notifications on rectification of the deficiencies by legal entities or natural persons within 5 (five) working days.

      7. If the deficiencies are not rectified, the single operator shall notify the rejection of the application within ten (10) working days.

      8. If the legal entity or natural person rectifies the deficiencies, the application shall be considered within ten (10) working days.

      9. After accepting and reviewing the application with a complete set of documents the single operator shall take a decision and approve the calculation of costs within 10 (ten) business days.

      10. Within 5 (five) business days from the date of the decision, the single operator shall provide the interested parties with the extract from the decision of the single operator.

      11. Based on the positive decision, the single operator shall conclude an agreement with the legal entity or an individual within 7 (seven) business days from the date of the decision.

      12. In case of necessity the legal entities or private natural persons shall reapply to the single operator for amending the approved cost calculations.

      13. Amendments to the approved cost calculations shall be made upon availability of an appropriate justification, supporting documents, except for the amendments concerning the payment of accounts payable, forfeits (fines, penalties), administrative fines of previous years.

      14. A legal or natural person shall re-apply an application for amendments to the approved cost calculations not more than once per quarter, not later than on the 20th day of the second month of the period to be adjusted.

      15. The time period for consideration of the repeated application for amendments to the approved cost calculations of the legal entity or a natural person shall not exceed 10 (ten) business days from the date of submission of supporting documents.

      16. If necessary, the single operator shall request additional information and supporting documents from the legal entity or the natural person required to make a decision on amending the approved cost calculations.

      17. It shall be prohibited to amend the approved cost calculations for other items:

      1) if the recipient has or has become in arrears in taxes and other compulsory payments to the budget during the current year;

      2) in the presence or formation during the current year of arrears on payroll and civil contracts.

      18. Upon availability of supporting documents and calculations, the single operator shall consider the application of the legal entity or natural person for amending the approved cost calculations and make a decision specifying the cost calculations.

      19. After receiving the charitable donations, the legal entities or natural persons shall submit quarterly, semi-annual and annual reports to the single operator on the purposeful use of the extra-budgetary funds stipulated in paragraph 7 of Article 50-1 of the Law.

Rules for Allocation of Extrabudgetary Funds for the Development of Physical Culture and Sport

  Annex 1
Rules for Allocation of
Extrabudgetary
Funds for the Development
of Physical Culture and Sport
To:_______________________
(position, full name of the head
of the single operator
on the allocation of extrabudgetary
funds for the development of
physical culture and sport
from:_______________________
(a legal entity or a natural person)
____________________________
(address, phone number, e-mail)

Application for charitable aid

      I hereby ask you to consider providing charitable aid:

      ____________________________________________________________________

      (the purpose of the charity, the amount requested

      ____________________________________________________________________

      charitable aid, expected results, with a timetable for implementation

      ____________________________________________________________________

      of extrabudgetary funds in the ___ quarter of 20__).

      I hereby confirm that I have read and agree to the distribution of extrabudgetary funds for the development of physical education and sport, attaching the documents in pursuance of the list.

      Annex: on ___ sheets.

      ___________ ________________________________________________________

      (Signature)             (first name, surname and patronymic of the head (if any))

                  of a legal entity or a natural person)

      Stamp here________ (if available)

      Application date"____" ____________ 20__

  Annex 2
Rules for Allocation of
Extrabudgetary
Funds for the Development
of Physical Culture and Sport

List of documents

      1) for legal entities:

      bank details;

      a certificate of state incorporation (certificate of incorporation on re-registration) of the legal entity;

      a notarised copy of the Articles of Association as amended;

      a copy of the memorandum of association (if any);

      an estimate of expenses with explanatory note, transcripts and supporting documents of each item in compliance with the rules established by the legislation of the Republic of Kazakhstan;

      regulations of the sports competition (event) (if any);

      not less than two quotations from suppliers for the purchase of goods, works and services;

      copies of contracts, including employment contracts, invoices, invoices for payment, orders and other supporting documents (if any);

      at least two quotations from suppliers for goods, works and services;

      copies of contracts, including employment contracts, invoices, invoices for payment, orders and other supporting documents (if available);

      certificate from the second-tier bank confirming the opening (existence) of a special bank account;

      inventory list (if any);

      2) for natural persons:

      a copy of an identity document;

      a copy of the order of enrollment of an athlete of the physical culture and sports organization, where the athlete is engaged and (or) is listed, the protocol of sports competitions, confirming the participation of a physical person engaged in sports and sports activities (competitions), certificate of registration of the athlete;

      for natural persons engaged in physical education, athletes, teams (sports teams) – an explanatory note and supporting documents to substantiate the application ;

      a certificate from a second-tier bank confirming the opening (existence) of a special bank account.