"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20763 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациалар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 520 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын этил спирті және/немесе шарап материалы, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беру тәртібін айқындайды.

      2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және/немесе шарап материалы, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) этил спирті және/немесе шарап материалына:

      этил спирті және/немесе шарап материалдарының өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спирті және/немесе шарап материалдарына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтінішті береді;

      2) алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа):

      "Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.

      5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады, және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші дербес сәйкестендіру нөмір-кодының беруін мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      2) этил спиртіне және/немесе шарап материалына, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      8. Осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.

      9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш

  ____________________бойынша
(облыс/қала)
Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
____________________________
20__ жылғы "____" __________

      Субъектінің атауы:

      Субъектінің жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Субект типі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

р/с №

Өндірушінің (импорттаушының) атауы

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

1

2

3

4





      Басшы ____________________________________      ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)            (қолы)

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1)этил спирті және/немесе шарап материалына:
этил спирті және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш;
2) алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа):
есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
2) этил спиртіне және/немесе шарап материалына, алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан (қажеттінің астын сызу керек):

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      этил спиртіне және/немесе шарап материалына, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)….

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________________

      (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Алдым:

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы

      Дербес сәйкестендіру нөмірін -кодтарының құрылымы мынадай схемада көрсетіледі:



      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - этил спиртін және/немесе шарап материалын, алкоголь өнімін (сыра және сыра сусынынан басқа) өндіретін (импорттайтын) заңды (жеке) тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі саннан) - өнімнің түрі.

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) - өнімнің атауы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) - қолданылатын ыдыстың көлемі.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 "Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 520. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2020 года № 20763

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 "Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12615, опубликован 2 февраля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 8-2) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 26 мая 2020 года № 520
  Утвержден приказом Министра
финансов Республики Казахстан
от 10 декабря 2015 года № 646

Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-2) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на производимые и импортируемые этиловый спирт и/или виноматериал, алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      2. Персональные идентификационные номера-кода присваиваются производителям и импортерам этилового спирта и/или виноматериала, алкогольной продукции (кроме пива и пивного напитка), производимого в Республике Казахстан или ввозимого на территорию Республики Казахстан (далее – услугополучатели).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      3. Государственная услуга "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" в части присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, которые оказываются территориальными органами Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Нур-Султану, Алматы и Шымкенту (далее – услугодатель) через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

      4. Услугополучатели через Государственную корпорацию представляют услугодателю:

      1) на этиловый спирт и/или виноматериал:

      заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или виноматериал по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, не позднее, чем за 5 (пять) рабочих дней до начала осуществления производства и/или импорта этилового спирта и/или виноматериала;

      2) на алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка):

      заявление на получение учетно-контрольных марок по форме согласно приложениям 4 или 5 к Правилам получения, учета, хранения, выдачи акцизных и учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета импортеров о целевом использовании учетно-контрольных марок при импорте алкогольной продукции в Республику Казахстан, утвержденным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 "Об утверждении Правил получения, учета, хранения, выдачи акцизных и учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета импортеров о целевом использовании учетно-контрольных марок при импорте алкогольной продукции в Республику Казахстан, а также учета и размера обеспечения такого обязательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16437).

      5. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в форме стандарта государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      6. Прием заявлений через Государственную корпорацию осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту регистрации услугополучателя без ускоренного обслуживания, возможно посредством бронирования электронной очереди.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      В случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов, предусмотренных настоящими Правилами, работник Государственной корпорации отказывает в приеме и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      В случае предоставления услугополучателем полного пакета документов через Государственную корпорацию, услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов. Документы, принятые Государственной корпорацией, направляются услугодателю через курьерскую связь. При этом день принятия Государственной корпорацией документов на бумажном носителе не входит в срок оказания государственной услуги.

      Структурное подразделение услугодателя, ответственное за прием документов, в день поступления документов осуществляет прием, и регистрацию (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      Работник ответственного структурного подразделения уполномоченного органа рассматривает документы, указанные в пункте 4 настоящих Правил, на соответствие требованиям настоящих Правил.

      Работник, ответственный за обработку документов, вводит документы и обрабатывает в информационной системе "Контроль, учет и выдача учетно-контрольных марок, акцизных марок и другой печатной продукции Республиканского государственного предприятие "Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан" в течение 2 (двух) рабочих дней с даты получения документов и результат государственной услуги направляет в Государственную корпорацию.

      В Государственной корпорации выдача готовых документов осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении удостоверения личности (либо его представителя, действующего на основании документа, выданного в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, в которой указываются соответствующие полномочия представителя).

      Государственная корпорация обеспечивает хранение документов в течение 1 (одного) месяца, после чего передает их услугодателю для дальнейшего хранения.

      При обращении услугополучателя по истечении 1 (одного) месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение 1 (одного) рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.

      7. Услугодатель отказывает в присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в следующих случаях:

      1) отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      2) наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или виноматериал, алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      8. При получении отказа в присвоении персонального идентификационного номера-кода в случаях, предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил, услугополучатель повторно подает заявление на присвоение персонального идентификационного номера-кода в порядке, установленном настоящими Правилами.

      9. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона, услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации.

      10. При построении присвоении персональных идентификационных номераов-кодов в информационной системе используется структура фасетной системы кодирования по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц, Государственной корпорации и (или) их работников по вопросам оказания государственных услуг

      11. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучателем подается жалоба на решение, действия (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг в соответствии с Законом:

      на имя руководителя услугодателя;

      на имя руководителя уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет;

      в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      При этом жалоба на действия (бездействие) работников Государственной корпорации при оказании государственных услуг через Государственную корпорацию подается на имя руководителя Государственной корпорации либо в уполномоченный орган в сфере информатизации.

      12. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, Государственной корпорации, непосредственно оказывающих государственные услуги, подлежит рассмотрению в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      13. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучатель вправе обратиться в суд в соответствии с Гражданским процессуальным кодексом Республики Казахстан от 31 октября 2015 года.

  Приложение 1 к Правилам
присвоения персональных
идентификационных
номеров-кодов
  форма

Заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или виноматериал

  Руководителю органа
государственных доходов
по ____________________________
  (области/городу)
от ____________________________
"____" ______________ 20__ года

      Наименование субъекта:

      Индивидуальный идентификационный/бизнес-идентификационный номер субъекта:

      Тип субъекта (производитель и или импортер):

№ п/п

Наименование производителя (импортера)

Вид продукции

Наименование продукции

1

2

3

4





      Руководитель __________________________________________________ ___________
                        фамилия, имя, отчество (при его наличии)       (подпись)

  Приложение 2 к Правилам
присвоения персональных
идентификационных
номеров-кодов"

Стандарт государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута"

1

Наименование услугодателя

Территориальные органы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Нур-Султану, Алматы и Шымкенту.

2

Способы предоставления государственной услуги

некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

3

Срок оказания государственной услуги

в течение 2 (двух) рабочих дней;

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизирована) и (или) бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

присвоенный персональный идентификационный номер-код по форме согласно приложению 4 или мотивированный отказ.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам.

7

График работы

1) услугодатели – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Предварительная запись для получения государственной услуги не требуется, ускоренное обслуживание не предусмотрено;
2) Государственная корпорация – с понедельника по субботу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 часов до 20.00 часов без перерыва на обед, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству.
Прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту регистрации услугополучателя без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди.

8

Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги

1) на этиловый спирт и/или виноматериал:
заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или виноматериал;
2) на алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка):
заявление на получение учетно-контрольных марок.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

Услугодатель отказывает в присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в следующих случаях:
1) отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан
от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);
2) наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или виноматериал, алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучателям, имеющим в установленном Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" полную или частичную утрату способности или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться, прием документов для оказания государственной услуги производится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 777 (при оказании услуги через Государственную корпорацию).

  Приложение 3 к Правилам
присвоения персональных
идентификационных
номеров-кодов"
  форма
  ____________________________
(наименование услугополучателя)
  ____________________________
(адрес услугополучателя)

                        Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", отдел №__ филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) (указать адрес) отказывает в приеме документов на оказание государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" ввиду (необходимое подчеркнуть):

      отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или виноматериал, алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      Наименование отсутствующих документов:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      Настоящая расписка составлена в 2 экземплярах, по одному для каждой стороны.

      Фамилия, имя и отчество (при его наличии)
работника Государственной корпорации _______________
                                    (подпись)
Исполнитель: _______________________________________________________________
                        фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Телефон __________
Получил: __________________________________________________________________
            фамилия, имя и отчество (при его наличии) / подпись услугополучателя
"___" _________ 20__ год

  Приложение 4 к Правилам
присвоения персональных
идентификационных
номеров-кодов"
  форма

            Структура персональных идентификационных номеров-кодов

      Структура персональных идентификационных номеров-кодов представлена следующей схемой:

      XXXX ХХ XXXX XX

     


      Первый фасет (первая группа из четырех цифр) – код юридического (физического) лица, производящего (импортирующего) этиловый спирт и/или виноматериал, алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      Второй фасет (вторая группа из двух чисел) – вид продукции.

      Третий фасет (третья группа из четырех цифр) – наименование продукции.

      Четвертый фасет (четвертая группа из двух чисел) – объем используемой тары.