Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20769 болып тіркелді. Бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2021 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.09.2020 № 64 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 42 Бұйрықпен бекітілді

Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 124-6-бабының 10-1) тармақшасына, "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мыналардың:

      1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының (бұдан әрі - Оператор);

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторының пайдасына Ұлттық жүк тасымалдаушының теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) босату бағасы - қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін пайдаланатын баға;

      2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF) - Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалдарын қолдауға бағытталған шығыстары;

      3) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF1) - жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

      4) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF2) - Ұлттық инфрақұрылым операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

      5) уәкілетті органның ведомствосы - қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және теміржол көлігі салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу тәртібі

      3. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) сомасын айқындауға арналған материалдар мен есептеулерді Оператор уәкілетті органның ведомствосына жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны келісуге арналған ақпаратпен бір уақытта ұсынады.

      4. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) Заңның 14-бабы 2-тармағының 33-2) тармақшасына сәйкес бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне және Заңның 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларына сәйкес Оператордың залалдарын/шығындарын субсидиялау көлемі анықталғаннан кейін айқындалады.

      Жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны келісуге ұсынылған ақпаратты қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан мемлекеттік бюджет қаражатынан жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы ақпаратты сұратады. Теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган сұратылған ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынады.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) Оператордың шығыстары туралы жиынтық деректерге сәйкес, Оператор шығындарының жылдық жалпы сомасы негізге алына отырып айқындалады.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) мына формула бойынша есептеледі:

      BF1 = (C + IP + LP) - (I + S),

      мұндағы:

      С - Оператордың шығыстары туралы жиынтық деректерге сәйкес Оператордың шығыстары;

      IP - жаңа активтерді құруға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған инвестициялық бағдарлама (жоба);

      LP - өтеуге, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін тартылған қарыздар бойынша негізгі қарыздың сомасы;

      I - локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне босату бағалары бойынша Оператордың болжамды кірісінің сомасы;

      S - мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидиялар сомасы.

      Жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне босату бағасы өзгерген жағдайда уәкілетті органның ведомствосы уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF1) сомасын түзетеді.

      5. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF2) сомасы магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер шегінде, соңғы 5 жылдағы Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістерінің орташа нақты сомасын есептеумен айқындалады.

      6. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде локомотивтік тартқыштың реттеліп көрсетілетін қызметімен байланысты шығындар, оның ішінде:

      тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар;

      жалпы және әкімшілік шығыстар;

      сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) (бұдан әрі - Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған;

      негізгі борышты өтеуге арналған шығындар ескеріледі.

      7. Оператор шығыстары сомасын айқындауды қалыптастыру кезінде Оператордың шығындары қабылданады.

      Бұл ретте Оператордың шығыстары сметасы Баға белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

3-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын төлеу тәртібі

      8. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) төлеудің көзі Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтен алатын кірісі болып табылады.

      9. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) төлеуге жоспарланған сомасын Ұлттық жүк тасымалдаушы бір жыл ішінде тең көлемде айларға бөледі.

      10. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) Операторға және Ұлттық инфрақұрылым операторына төлеуді Ұлттық жүк тасымалдаушы ай сайын 10-ына дейінгі мерзімде жүргізеді.

Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 42. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2020 года № 20769. Срок действия приказа - до 1 января 2021 года

      Примечание ИЗПИ!
      Срок действия приказа - до 01.01.2021 (п.4 приказа).
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.12.2020 и действует до 01.01.2021.

      В соответствии с подпунктом 10-1) статьи 124-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 декабря 2020 года и действует до 1 января 2021 года.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 23.09.2020 № 64 (вводится в действие с 01.07.2020).

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
от 26 мая 2020 года № 42

Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-1) статьи 124-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года (далее – Кодекс), пунктом 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" (далее – Закон) и определяют порядок расчета и выплаты балансирующей платы Национальным перевозчиком грузов в пользу:

      1) оператора локомотивной тяги в пассажирском движении (далее – Оператор);

      2) Национального оператора инфраструктуры.

      2. Основные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах:

      1) отпускная цена – цена товара (работы, услуги), применяемая субъектом общественного значимого рынка для его производства и (или) реализации;

      2) временная балансирующая плата (BF) – расходы Национального перевозчика грузов, направленные на поддержку пассажирских перевозок;

      3) временная балансирующая плата (BF1) – временная балансирующая плата, направляемая оператору локомотивной тяги в пассажирском движении;

      4) временная балансирующая плата (BF2) – временная балансирующая плата, направляемая Национальному оператору инфраструктуры;

      5) ведомство уполномоченного органа – ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах общественно значимых рынков.

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сферах естественных монополий и железнодорожного транспорта.

Глава 2. Порядок расчета временной балансирующей платы

      3. Материалы и расчеты для определения суммы временной балансирующей платы (BF) предоставляются Оператором в ведомство уполномоченного органа одновременно с информацией на согласование предельной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении.

      4. Сумма временной балансирующей платы (BF1) определяется после определения объемов субсидирования убытков/затрат Оператора в соответствии с Методикой определения объемов долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям, утверждаемой в соответствии с подпунктом 33-2) пункта 2 статьи 14 Закона и Правилами долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 33-1) пункта 2 статьи 14 Закона.

      При рассмотрении представленной информации на согласование предельной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении ведомство уполномоченного органа запрашивает у государственного органа, осуществляющего руководство в сфере железнодорожного транспорта, информацию о долгосрочном субсидировании оператора локомотивной тяги в пассажирском движении из средств государственного бюджета. Государственный орган, осуществляющий руководство в сфере железнодорожного транспорта, предоставляет запрашиваемую информацию в ведомство уполномоченного органа в течение 5 (пяти) календарных дней со дня получения запроса.

      Сумма временной балансирующей платы (BF1) определяется исходя из общей годовой суммы затрат Оператора согласно сводным данным о расходах Оператора.

      Сумма временной балансирующей платы (BF1) рассчитывается по формуле:

      BF1 = (C + IP + LP) – (I + S),

      где:

      C – расходы Оператора согласно сводным данным о расходах Оператора;

      IP – инвестиционная программа (проект), направленная на создание новых активов, расширение, обновление, реконструкцию и техническое перевооружение существующих активов;

      LP – сумма основного долга по займам, привлеченным для реализации инвестиционной программы, к погашению;

      I – сумма прогнозируемых доходов Оператора по отпускным ценам на услуги локомотивной тяги;

      S – сумма субсидий из государственного бюджета.

      В случае изменения отпускной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении, ведомство уполномоченного органа корректирует сумму временной балансирующей платы (BF1).

      5. Сумма временной балансирующей платы (BF2) определяется из расчета средней фактической суммы доходов Национального оператора инфраструктуры от пассажирских перевозок за последние 5 лет, в пределах доходов, предусмотренных в утвержденной тарифной смете на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети.

      6. При формировании временной балансирующей платы учитываются затраты, связанные с регулируемой услугой локомотивной тяги, в том числе:

      затраты на производство товаров и предоставление услуг;

      общие и административные расходы;

      расходы на выплату вознаграждений;

      на реализацию инвестиционной программы, согласованной в установленном порядке в соответствии с Правилами ценообразования на общественно значимых рынках, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14778) (далее – Правила ценообразования);

      на погашение основного долга.

      7. При формировании определении суммы расходов Оператора принимаются затраты Оператора.

      При этом смета расходов Оператора формируется в соответствии с Правилами ценообразования.

Глава 3. Порядок выплаты временной балансирующей платы

      8. Источником выплаты временной балансирующей платы (BF) являются доходы Национального перевозчика грузов от деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом в транзитном сообщении через территорию Республики Казахстан.

      9. Планируемые к выплате суммы временной балансирующей платы (BF) распределяются Национальным перевозчиком грузов помесячно в течение года в равном объеме.

      10. Выплата временной балансирующей платы (BF) производится Оператору и Национальному оператору инфраструктуры Национальным перевозчиком грузов ежемесячно в срок до 10 числа.