ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 42 бұйрығына (Норматитік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20769 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларында:
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі