"Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20772 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 268 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15459 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 тамызда жарияланған);

      2) "Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 340 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15882 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларынде көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 44 Бұйрықпен бекітілген

"Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіпкерлік субъектілері туралы деректердің негізгі дереккөзі кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы алынған ақпарат негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырған кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - заңды тұлға және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      3) "заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) - бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

      4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) - кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;

      5) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      4. "Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық сұрау салуды (бұдан әрі - сұрау салу) жібереді, ол ЭҮШ арқылы "Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі" электрондық дерекқорына түседі.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮШ жүйесі арқылы алады.

      Сұрау салуды портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат жіберіледі.

      Сұрау салуды өңдеу 15 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама қалыптастырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қымет көрсетунәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабында көрсетілген өлшемдер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен бекітетін Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға санатты заңсыз айқындау туралы мәселені растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып жазбаша түрде жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші сәйкессіздік анықталған жағдайда, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларында көзделген тәртіппен түзетеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін, мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Кәсіпкерлік субъектісінің
санаты туралы ақпарат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1
1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі" мемлекеттік мекемесі

2
2

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" порталы

3
3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) минуттан артық емес

4
4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5
5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

66

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7
7

Жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы
2) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес

8
8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9
9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Қарастырылмаған.

110

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz сайтында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,
8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы, сондай-ақ "1414" 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

  "Кәсіпкерлік субъектісінің
санаты туралы ақпарат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Министерство национальной экономики



 

Ұлттық экономика министрлігі

Кәсіпкерліксубъектісініңсанатытуралыанықтама

      Субъектініңатауы: [субъектініңатауы]

      ЖСН/БСН: [субъектінің ЖСН/БСН]

      Қызметтүрі: [Қызметтүрі]

      Ұйымдық-құқықтықнысаны: [субъектінің ҰҚН]

      Санаты: [субъектініңсанаты]

      Жарамдылығы: [анықтаманыңжарамдылығы]

      [мүдделі тұлға]

Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 44. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2020 года № 20772.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства".

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 268 "Об утверждении Стандарта государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15459, опубликован 16 августа 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан);

      2) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 сентября 2017 года № 340 "Об утверждении Регламента государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15882, опубликован 25 октября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту развития предпринимательства в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

  Утверждены Приказом
от 29 мая 2020 года № 44

Правила оказания государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и определяют порядок оказания государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства".

      2. Основным источником данных о субъектах предпринимательства является реестр субъектов предпринимательства – электронная база данных, содержащая сведения о категориях субъектов предпринимательства, сформированная уполномоченным органом по предпринимательству на основании информации, полученной посредством информационного взаимодействия.

      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) бизнес-идентификационный номер (далее – БИН) – уникальный номер, формируемый для юридического лица и индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде совместного предпринимательства;

      2) индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) – уникальный номер, формируемый для физического лица, в том числе индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде личного предпринимательства;

      3) государственная база данных "юридические лица" (далее – ГБД ЮЛ) – национальный реестр бизнес-идентификационных номеров, информационная система, предназначенная для учета и хранения сведений о созданных и прекративших деятельность юридических лицах (филиалах и представительствах), индивидуальных предпринимателях, осуществляющих деятельность в виде совместного предпринимательства, формирования и хранения сведений о присвоенных бизнес-идентификационных номерах;

      4) реестр субъектов предпринимательства (далее – Реестр) – электронная база данных, содержащая сведения о категориях субъектов предпринимательства;

      5) услугодатель – центральные государственные органы, загранучреждения Республики Казахстан, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимы районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также физические и юридические лица, оказывающие государственные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      6) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) - информационная система, представляющая собой "единое окно" доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме;

      7) шлюз "электронного правительства" (далее – ШЭП) – информационная система, предназначенная для интеграции объектов информатизации "электронного правительства" с иными объектами информатизации;

      8) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

      4. Государственная услуга "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства" (далее – государственная услуга) оказывается Министерством национальной экономики Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через портал.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      5. Для получения государственной услуги, услугополучатели направляют в портал электронный запрос (далее – запрос), удостоверенный электронно-цифровой подписью, который поступает через ШЭП в электронную базу данных "Реестр субъектов предпринимательства".

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через систему ШЭП.

      При направлении запроса через портал в "личный кабинет" направляется информация о статусе рассмотрения запроса на оказание государственной услуги.

      Обработка запроса осуществляется не более 15 минут, по итогам формируется справка о категории субъекта предпринимательства.

      Результат оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" услугополучателя на портале в форме электронного документа с использованием ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в стандарте государственной услуги, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах".

      6. Определение категории субъектов предпринимательства осуществляется в соответствии с критериями и их пороговыми значениями, указанными в статье 24 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, а также Правилами расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства, утверждаемыми Правительством Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1128.

      При обращения заявителя в уполномоченный орган по предпринимательству вопроса о неправомерном определении категории в письменном виде с обязательным приложением копий подтверждающих документов, услугодатель, в случае выявления несоответствия, корректирует сведения в порядке, предусмотренном Правилами ведения и использования реестра субъектов предпринимательства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1091.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      7. Жалоба на решение, действие (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг, подается на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес государственного органа, непосредственно оказывающего государственную услугу, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      8. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

  Приложение 1 к Правилам
оказания государственной услуги
"Предоставление информации о
категории субъекта
предпринимательства"

Стандарт государственной услуги "Предоставление информации о категории субъекта предпринимательства"

1
1

Наименование услугодателя

Государственное учреждение "Министерство национальной экономики Республики Казахстан".

2
2

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги

Веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz

33

Срок оказания государственной услуги

Не более 15 (пятнадцати) минут.

44

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная).

55

Результат оказания государственной услуги

Справка о категории субъекта предпринимательства в электронном виде по форме, согласно приложению 2 к Правилам.
На портале результат оказания государственной услуги направляется и хранится в "личном кабинете" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

66

Размер оплаты, взимаемый с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается бесплатно физическим и юридическим лицам.

7
77

График работы

1) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ;
2) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, с перерывом на обед.

88

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

Электронный запрос, удостоверенный ЭЦП услугополучателя.

99

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

Не предусмотрены.

110

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Контактные телефоны справочных служб услугодателя размещены на сайте Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.economy.gov.kz
Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке оказания государственной услуги посредством справочных служб услугодателя, а также в режиме удаленного доступа посредством Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.

  Приложение 2 к Правилам
оказания государственной услуги
"Предоставление информации о
категории субъекта
предпринимательства"
  Форма